4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Дағдылар тобы
|
Ойлау дағдылары
ның деңгейі
|
Сипаттама
|
Сұрақтар түрі
|
Тыңдалым мен айтылым
|
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
|
мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтайды;
мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала, бейнебаян) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдайды;
тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық (отандық) мәселелермен байланыстыра білу, салыстыру, факті мен көзқарасты ажыратады;
мәтінде көтерілген мәселені, автор позициясын (қоғамдық-саяси, ғылыми) талдай отырып, негізгі ойды анықтайды;
мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастырады және сыни тұрғыда бағалайды;
коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлейді, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлейді.
|
Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Оқылым және әдеби тіл нормалары
|
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
|
әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтайды;
таза ғылыми стильді тілдік құралдар арқылы таниды (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы);
таза ғылыми стильдегі дәріс, интервью, мақала, баяндама, тезис, аннотация, рецензияның құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдайды;
әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды;
мәтіндегі негізгі ойды анықтайды, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтырады;
белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолданады;
БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасайды, дәйексөз келтіру жолдарын біледі.
|
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Жазылым және әдеби тіл нормалары
|
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
|
жоспар түрлерін құрайды (күрделі, тезистік, тірек-схема түріндегі жоспар);
таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, интервью, тезис, аннотация, рецензия жазу;
мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау;
қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе, аргументативті эссе);
оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу;
әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу;
жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау);
мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу;
сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану;
белгілі бір тақырып аясында тілдегі көркемдік құралдарды орынды пайдалану: көркемдеу, айшықтау, дəлелдеу, сөздерді сұрыптайбілу (образды-эстетикалық);
мәтін нормаларын сақтап жазу (мәтін құрылымы, абзац, мәтін бөліктері, тақырып);
мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу.
|
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Достарыңызбен бөлісу: |