Ұзақтығы: 40 минут
Оқылым – 15 минут
Жазылым – 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі – тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі – оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма
|
Қамтылатын мақсаттар
|
Тапсырмалар түрлері
|
*Тапсырмалар сипаттамасы
|
*Орындау уақыты, мин
|
Балл
|
1-4
|
11.1.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау
11.1.3.3 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық (отандық) мәселелермен байланыстыра білу, салыстыру
|
Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға 250-300 сөзден аспайтын бір тақырыпқа жазылған мәтіндер беріледі (Тоқсанда өткен әр тақырып бойынша екі мәтін ұсынылу керек (барлығы – 4 мәтін). Оқушылар мәтінді тыңдап болғаннан соң, бірі екінші оқушыға өз мәтінінің тақырыбын, идеясын, онда көтерілген мәселені, астарлы ойды баяндайды (екі минуттан артық емес), бұл уақытта 2-оқушы тыңдайды. 2-оқушы 1-оқушыға мәтінінің тақырыбына, идеясына, онда көтерілген мәселеге, астарлы ойға, мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын қояды және сыни тұрғыдан бағалайды. Талқылау кезінде оқушылар өзара, сонымен бірге мұғаліммен де бірге байланыста болуы қажет.
|
Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі).
|
10
|
1-5
|
11.2.2.1 таза ғылыми стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы)
11.2.3.1 таза ғылыми стильдегі дәрістің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау
|
Көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 300 сөзден тұратын мәтінді оқиды. Бірінші тапсырмада оқушылар мәтінді оқып, тілдік құралдар арқылы оның стилін анықтайды, дәлелдер келтіреді. Екінші тапсырмада мәтіннен тақырыпқа қатысты терминдер мен ұғымдарды теріп жазады. Үшінші және төртінші тапсырмаларда мәтіннің синтаксистік құрылымына талдау жасайды. Бесінші тапсырмада мәтіндегі ғылыми стильге тән шартты белгілерді тауып, белгілейді.
|
15
|
10
|
1
|
11.3.4.1 қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе)
11.3.6.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу
11.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу
|
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Оқушылар ұсынылған төрт тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Жазылым жұмысында берілген тақырып бойынша оқушылар көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар орындайды. Оқушының жазылым барысында жанрлық, стильдік ерекшеліктерді ұстануы, тілдік құралдарды орынды қолдануы, берілген жанрды талапқа сай жазуы бағаланады.
|
25
|
10
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |