Қосымша (қ)
1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990
2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.
3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.
4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.
5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. І. Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы
2. «Көшпенділер» трилогиясы
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Әбдіжәміл Нұрпейісов «Курляндия» романы
Әбдіжәміл Нұрпейісов 1924 жылы 22 қазанда Қызылорда облысы, Арал ауданының Құланды ауылдық кеңесіне қарасты Үшкөң деген жерде дүниеге келген. 1942-1945 жж. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1956 жылы М.Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген, 1962-1964 жж. "Жұлдыз" журналының бас редакторы болды. Қазір халықаралық Қазақ ПЕН клубының президенті. Әдебиет әлеміне Әбдіжәміл майданнан келді. Тұңғыш шығармасы - Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған "Курляндия" романы 1950 жылы жарық көрді. Бұл шығармасы үшін жазушыға Жамбыл атындағы республикалық сыйлық берілді. "Курляндия" романын кейіннен өңдеп, толықтырып, 1958 жылы "Күткен күн" деген атпен қайта жариялады. "Қан мен тер" трилогиясы (1-кітап - "Ымырт", 1961; 2-кітап - "Сергелдең", 1964; 3-кітап - "Күйреу", 1970) және "Сең" (1983), "Соңғы парыз" (1999) романдары дүние жүзі халықтарының көптеген тілдеріне аударылған."Қан мен тер" романы бойынша жасалған инсценировкасы М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының (1974 жылдан) репертуарынан тұрақты орын алды, экранға шығарылды. Таңдамалы әдеби-сын мақалалары "Толғау" (кейіннен "Жүрегі толы жыр еді") деген атпен қазақ және орыс тілдерінде жеке кітап боп шықты (1972). 1985 жылы "Ақбидай туралы аңыз" атты очерктер жинағы жарық көрді.А.П.Чеховтың, А.М.Горькийдің, Назым Хикметтің, испан жазушысы А.Кэсоның шығармаларын қазақ тіліне аударған.КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974). 2001 жылы Мәскеудегі Халықаралық Әдеби қордың "За честь и достоинство", 2003 жылы Халықаралық М.Шолохов атындағы сыйлықтардың лауреаты атанды. Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет Белгісі" ордендерімен және медальдармен, РСФСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет Грамотасымен марапатталған. 1985 жылы Қазақ КСР Халық жазушысы.
Майданнан келген, сұр шинелі иығынан түспей жатып жазылған тұңғыш туынды- «Курляндияда» («Күткен күн») жас офицер әлі көз алдында тұрған соғыстың азапты ауыр жолынан өтіп, қалың елді қайғы – қасіретке тұншықтырған тажалды жеңген адам рухын бейнеледі.
А.П.Чеховтың «Алтыншы палатасы», «Ит жетектеген әйел», «Бақытсыздық», М.Горькийдің әңгімелер жинағы, испан драматургі А.Кэсонның «Ағаштар тұрып өледі», Назым Хикметтің «Соқыр патшасы» деген Әбдіжәмілдің аудармалары оқушы қолына тиді. Жазушының әдеби-сын кітабында И.С.Тургенев, Ф.М.Достоевский, М.О.Әуезовке арналған мақалалары да шықты. «Қан мен тер» трилогиясы қаламгер есімін кеңінен танытты. Кейінгі жылдары «Соңғы парыз» атты кітабы жарық көрді. Басты шығармасы – «Қан мен тер». Қазан төңкерісі, әлеуметтік тартысқа түскен образдар галереясы сол тұстағы қазақ қоғамының сипатын ашады. Үстем тап өкілдері Қаратаз, Тәңірберген, Федоровтар мен Еламан, Кәлен, Мөңкелер арасындағы кекті тартыс – үш тағанның негізгі сюжеттік арқауы. Еламанның Федоровты өлтіруі – бірінші кітаптың әрі шарықтау шегі, әрі келешекте тартыстың алды – үстем таптың уақытша белең алып кетуіне байланысты коллизияның сәл саябырлауы. Әлеуметтік екі таптың қарым-қатынасын ашатын негізгі екі желі бар. Ол екі түрлі көзқарас, екі тағдыр-мінез иесі – Еламан мен Тәңірберген желісі. Бір қауымның өзгешелігін бойына сыйдырған Тәңірберген тартқан желі күні өткен сайын құлдырап, ақыры күйреп, тозып құриды да, Еламан арнасы бәсеңдеу басталып, өрістей береді.
Ерлер бейнесі, негізінен, әлеуметтік арнада ашылатын болса, әйелдер шаңырақ айналасында табиғи қалпымен көрінеді. Ақкемпір мен Қаракемпір, Әлиза мен Ақбала, Айғанша мен Бөбек, Қарақатын мен Кенжекей – запыранды заман құрбаны.
Әбдіжәміл Нұрпейісовтың кейіпкеріне жедел көтерілу тән емес, барлық дүниетанымы, түсінік сезімі аспандамай, табиғи қалпын өзгертпей (әіресе сырт өзгертпей), іштей булыға түлейді. Еламан, Ақбала, Мөңке, Айғаншалардың жан толғанысы ауыр кәсібімен астасып жатады. Мөңкенің сабырлы мінезінен, Еламанның ізденісінен, Райдың жастығынан, Айғаншаның ақ көңілінен албырт жандардың ажары анық көрінеді.
Күреске келер жолдар қым-қиғаш. Біреуді аз өмір соқпағы әкелсе, енді біреуге дос-жарңның септігі тиеді.
«Қан мен тердегі» тағдырлар толқынынан аумалы – төкпелі кездегі тарих сапарын көреміз. Үш томды көктеп өтіп, негізгі идея- мақсатты айқындайтын қаһарман, әрине, Еламан. Федоровтың өмірін үзген, сүйменді көтерткен – іш күйдірген кек еді. Ұстамды жігіт көпе – көрінеу қорлыққа шыдамай, шарт сынды – көзсіз ерлік аяқты шынжырлатып, сонау Сібірден бір-ақ шығартты- ел көрді, жер көрді, оңы мен солын тани бастады. Ер жігіт Кәленге Құдайменде болысқа қара пышық қадатқан да – кек пен намыс.
Әуел бастан –ақ тұйық мінезді балықшы Еламан («Ымырт») бойынан ақыл мен адамгершілік байқалған-ды. Әуел бастан-ақ Қаратаз, Шодыр, Тәңірбергеннің кедей-кепшіктің бітіспес жауы екендігі осы Еламан арқылы сезілетін. Теңізден қайтқан Еламанның есік алдында байлаулы тұрған Тәңірбергеннің бәйге күреңін көріп, алдын тағы да ораған бай ауылдың сылқым мырзасының бұл жүрісін ұнатпай, іші күйікке толып тұрып қалатын кезі бар: «Еламанның жаны аяғының басына кетіп, жар кемердің басында сілейіп қалды. Сол сәтте әлдеқайдан сары қаншық жүгіріп кеп, балық иісі шыққан киімін иіскеді. Оның сары қаншық мұп-мұздай тұмсығымен бұның қолын жалап алды. Еламан бойын жиып ала қойды. Өз үйіне өзі әзер кірді және кірер жерде күйбектеп жөтелді». Жазушы Еламанның Тәңірбергенді іштей жек көретінін де, ыңғайсыз халін де, ашуды ақылға жеңдіре білетін ұстамдылығын да айқын аңғартып тұр. Сырттай момын, өмірді ой таразысына салып көп өлшейтін Еламан бойында от бар. «Қаратаз қой баға білді. Бірақ халық қой емес еді ғой»,-деп, ұстамды жігіт көкірегіндегі сезімді ызымен бір серпіп тастайды.
Ауыл адамында еңбек сүтін емген жігіттің өмірден көрген бар қызығы – теңізден тапқан ырыздығы мен сүйікті жары Ақбала: басқа бақытты дәметпейді де. Бірақ заман тісін батырып, жұлмалап жатса, қалай шыдарсың? Тнетек Шодыр балықшыларды мұзы сөгілгелі тұрған ашық теңізге айдап шығады. Артта қалған шиеттей балалардың тағдыры озбыр байға шыбын өліміндей ғана. Қарапайым жігіттің күрес жолына бел бууы осылай баяндалады. Жаратылысының бұйығы, ақ пейіл жан кісімен бет жыртысуға құмар емес-ті. Табан астынан дауыл тұрды, бұрауы жетіп, ширыққан ыза шарт үзілді, Еламан тентек Шодырды өлтіріп, Сібір айдалды. Қатыгез тағдыр жалғыз інісі Райды да көп көрді.
Қан мен тер сіңген сұрғылт солдат шинелін шешпестен, Қазан төңкерісінің қызу күндерінде туған жеріне оралды – бұл бұрынғы Еламан емес, түйгені мол жігіт ағасы. Рас, ол әлі мынау дүрбелең заманның қыры мен сырын түгел түсіне бермейді. Бірақ тепкіде өткен көп күннен, күресте өткен аз күн көкжиегін ашып-ақ тастағандай еді. «Ел болып еңсеңді көтере алмай-ақ, кез- келгеннің табаны астында тапталып кете берер ме екенсің?»,- дейді Еламан күрсініп.
Екінші кітап «Сергелдеңде» бұл бейне толыса береді (Еламан монологтері, Ақбала, Айғаншамен кездесуі), кей сәтте жібі босаңдау көрінген жігітте жаңа ширығулар пайда болады.
Туған халқының трагедиялы тағдырының себебін таба алмай шарқ ұрады. Тұйықтан шығарар жол да беймәлім. Осылай қысылғанда, жігіт ойына достасқан орыс жұмысшыларының ұйымшылдығы, жалынды сөздері түседі.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.
2. Шығармасымен танысу, оқып мазмұнын айту.
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
2. І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасау.
3. Шығармасын оқып талдау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;
Ә) сұрақтарға жауап беру;
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Әбдіжәміл Нұрпейісов «Курляндия» романы
22-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: «Қан мен тер» трилогиясы
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
Оқыту: жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өмірі мен шығармашылығынан оқушыларға хабар беру. «Курляндия» романы мен «Қан мен тер» трилогиясын оқып, мазмұндап, шығарманы талдау, білімдерін тексеру, шығарманы жан –жақты талдауға және шығармашылықпен жұмыс жасай алуға үйрету;
Тәрбиелік: қазақтың ақын- жазушыларын біліп, құрметтеуге, отансүйгіштікке, елін, жерін қадірлеуге, өзгеге қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Дамыту: шығармаға жан –жақты талдау жасау арқылы оқушылардың сөздік қорын байыту, дамыту, дүниетанымдарын кеңейту, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, тест тапсырмалары
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.
Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.
Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.
Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.
Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.
Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.
Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.
Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001
Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.
1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990
2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.
3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.
4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.
5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру:14 мин (15%)
1. І. Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы
2. «Көшпенділер» трилогиясы
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
«Қан мен тер» трилогиясы
«Қан мен тердегі» тағдырлар толқынынан аумалы – төкпелі кездегі тарих сапарын көреміз. Үш томды көктеп өтіп, негізгі идея- мақсатты айқындайтын қаһарман, әрине, Еламан. Федоровтың өмірін үзген, сүйменді көтерткен – іш күйдірген кек еді. Ұстамды жігіт көпе – көрінеу қорлыққа шыдамай, шарт сынды – көзсіз ерлік аяқты шынжырлатып, сонау Сібірден бір-ақ шығартты- ел көрді, жер көрді, оңы мен солын тани бастады. Ер жігіт Кәленге Құдайменде болысқа қара пышық қадатқан да – кек пен намыс.
Әуел бастан –ақ тұйық мінезді балықшы Еламан («Ымырт») бойынан ақыл мен адамгершілік байқалған-ды. Әуел бастан-ақ Қаратаз, Шодыр, Тәңірбергеннің кедей-кепшіктің бітіспес жауы екендігі осы Еламан арқылы сезілетін. Теңізден қайтқан Еламанның есік алдында байлаулы тұрған Тәңірбергеннің бәйге күреңін көріп, алдын тағы да ораған бай ауылдың сылқым мырзасының бұл жүрісін ұнатпай, іші күйікке толып тұрып қалатын кезі бар: «Еламанның жаны аяғының басына кетіп, жар кемердің басында сілейіп қалды. Сол сәтте әлдеқайдан сары қаншық жүгіріп кеп, балық иісі шыққан киімін иіскеді. Оның сары қаншық мұп-мұздай тұмсығымен бұның қолын жалап алды. Еламан бойын жиып ала қойды. Өз үйіне өзі әзер кірді және кірер жерде күйбектеп жөтелді». Жазушы Еламанның Тәңірбергенді іштей жек көретінін де, ыңғайсыз халін де, ашуды ақылға жеңдіре білетін ұстамдылығын да айқын аңғартып тұр. Сырттай момын, өмірді ой таразысына салып көп өлшейтін Еламан бойында от бар. «Қаратаз қой баға білді. Бірақ халық қой емес еді ғой»,-деп, ұстамды жігіт көкірегіндегі сезімді ызымен бір серпіп тастайды.
Ауыл адамында еңбек сүтін емген жігіттің өмірден көрген бар қызығы – теңізден тапқан ырыздығы мен сүйікті жары Ақбала: басқа бақытты дәметпейді де. Бірақ заман тісін батырып, жұлмалап жатса, қалай шыдарсың? Тнетек Шодыр балықшыларды мұзы сөгілгелі тұрған ашық теңізге айдап шығады. Артта қалған шиеттей балалардың тағдыры озбыр байға шыбын өліміндей ғана. Қарапайым жігіттің күрес жолына бел бууы осылай баяндалады. Жаратылысының бұйығы, ақ пейіл жан кісімен бет жыртысуға құмар емес-ті. Табан астынан дауыл тұрды, бұрауы жетіп, ширыққан ыза шарт үзілді, Еламан тентек Шодырды өлтіріп, Сібір айдалды. Қатыгез тағдыр жалғыз інісі Райды да көп көрді.
Қан мен тер сіңген сұрғылт солдат шинелін шешпестен, Қазан төңкерісінің қызу күндерінде туған жеріне оралды – бұл бұрынғы Еламан емес, түйгені мол жігіт ағасы. Рас, ол әлі мынау дүрбелең заманның қыры мен сырын түгел түсіне бермейді. Бірақ тепкіде өткен көп күннен, күресте өткен аз күн көкжиегін ашып-ақ тастағандай еді. «Ел болып еңсеңді көтере алмай-ақ, кез- келгеннің табаны астында тапталып кете берер ме екенсің?»,- дейді Еламан күрсініп.
Екінші кітап «Сергелдеңде» бұл бейне толыса береді (Еламан монологтері, Ақбала, Айғаншамен кездесуі), кей сәтте жібі босаңдау көрінген жігітте жаңа ширығулар пайда болады.
Туған халқының трагедиялы тағдырының себебін таба алмай шарқ ұрады. Тұйықтан шығарар жол да беймәлім. Осылай қысылғанда, жігіт ойына достасқан орыс жұмысшыларының ұйымшылдығы, жалынды сөздері түседі.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.
2. Шығармасымен танысу, оқып мазмұнын айту.
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
2. І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасау.
3. Шығармасын оқып талдау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;
Ә) сұрақтарға жауап беру;
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
«Қан мен тер» трилогиясы
23-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Қазақ жері», «Үш бақытым»
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
Оқыту: ақиық ақынның өміріне шолу жасау, сөзімен өлең өрген жыр пырағы туралы түсініктерін ашу;
Тәрбиелік: ақын жырларынан үлгі алып, өз Отанын сүюге, халқын құрметтеп, қонақжайлық, сыйластық, адамгершілік пен мейірімділік қасиеттерін бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу.
Дамыту: оқушының сөйлеу тілін ұштау, өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге дағдыландыру, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, шығармашылық қабілетін дамыту.
5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.
Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.
Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.
Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.
Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.
Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.
Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.
Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001
Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.
1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990
2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.
3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.
4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.
5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. Ә.Нұрпейісовтың өмірі мен шығармашылығы
2. «Курляндия», «Қан мен тер» романдары
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Мұқағали Мақатаев «Қазақ жері», «Үш бақытым»
Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді.
Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали өлеңді он-он бір жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген Мұқағали шығармалары 1960-1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады.
Шет тілдері институтында оқыған. Қазақ радиосында, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында қызмет істеген. Ең алғашқы кітабы «Ильич» поэмасы 1964 жылы жарық көрді.
Ақын тұрмыс тауқыметін тарта жүріп, әпербақан сынға ұшырағанда да "Ақынның ақындығы атақта емес, арда ғана" деген байламды берік ұстап, шен-шекпенге де, лауазым-атаққа да қызықпаған.
М.Мақатаев қаламынан "Қарлығашым, келдің бе?", "Дариға жүрек", "Аққулар ұйықтағанда", "Шуағым менің", "Өмір-дастан" т.б. жыр жинақтары туған. Қырық бес жасында қайтыс болған соң, Мұқағалидың екінші өмірі - өлмес ғұмыры басталды. Ақынның артында қалған мол мұрасы: "Соғады жүрек", "Шолпан", "Жырлайды жүрек", "Өмір-өзен" т.б. жыр кітаптары, "Қош, махаббат!" атты прозалық кітабы оқырманның қолдан-қолға түспей, іздеп жүріп оқитын шығармаларына айналды.
Өмірді сүюдің ғажайып үлгісін көрсеткен ақын Мұқағали "Жан азасы" (реквием) поэмасында өмір туралы әнұранын туғызды. "Аққулар ұйықтағанда" поэмасында ел наным-сенімін қастерлеу, сұлулық үндестігін жыр етсе, "Райымбек, Райымбек!" дастанында ел тарихын, ел басына қатер төнгенде қолына ту алып, жауына қарсы аттанған Райымбек Хангелдіұлының ерлігін суреттейді.
М.Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласкан, кең, ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдыры, өмір мен өлім, ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі т.б. тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық
сипатта, ұлттық зермен кестеленген.
Ақын мұрасы сан салалы, алуан қырлы. Жалынды жырдың құдіретін танытатын арна қашанда шулы, дүбірлі замана ағымы бәріміздің көкірегімізді тілгілейтін тынымсыз сезім әлемі. Ақын поэзиясы ақ пейіл азаматтың жұртымен «бір тонның ішкі бауындай» ауыз бірлігі ғана емес, мұң – зарының да ортақ екенін еселей қайталап, есімізге салғандай. Шалғайда жатқан қауым сізге етбауыр туыстай жақын, көптен сыр мінез, сыйлас жандар тәрізді.
Әсіресе әлемге әділет рухын сепкен таланттар тағдыры қашанда еншілес, мұрат-мүддесі ортақ, өйткені, олар жер бетіндегі ақиқат үстемдігі үшін нәзік жүрегінен жыр төгеді, бір сезіммен тыныстайды. Ия, егіздің сыңарындай ақ ниетті жандарды бөліп тастар тасбауыр күш табылмас. Мұқағалидың «Чили, шуағым менің» поэмасы тағдырлас жандар сезімін асыл ойдың айдынында сараптап, тұтас тұлғаға айналдырады. Жалынды Пабло Неруданың бейнесі қатал уақыт қыспағына түскен жанның сырын шертеді. Ол қып-қызыл өрт ішінде өртеніп емес, шомылып тұрғандай. Халық деп соққан ғазиз жүрегінің отымен алаулап барады. Қиналыс шексіз болса да, қатыгез тағдырға мойынсұна алмайды. Ақын кескінінде кею жоқ, еңсесін биік ұстатқан – оның азаматтық ары, парасат жігері.
Ақын салған өрнекті жырды жаңғырта оқыған сайын Чилидің адал перзенті Пабло Неруданың азаматтық бейнесі көз алдыңыздан кетпейді – нар кеуделі ақын Мұқағалиды да қатар көріп тұрғандаймыз.
Жыр қос ағындала тереңдеп, айдыны кеңіп, нөсерге айналады. Енді ақын – Отанын жаяу кезіп, ақ бесікте жебеп жұбатады. Бұлтсыз күні атылған «найзағайдың» астында иілместен шалқып, тасып жыр оқып тұр. Бақыт – халқының қаймағы шайқалмаған дәурені. Жеке бастың желігі, өзіндік күйкі тіршіліктің құлы болып жүз жыл өмір сүргеннен, жан ұшыра ерлік істеген жалғыз сәттік азалы өлім әлдеқайда ардақты.
Жоқ, айта көрмеңіз. Неруда әлі тірі, ол жалынды жырын мұзбалақ қырандай саңқылдаған қазбауыр бұлттың астында оқып тұр. Айырмашылығы – бұрын өз елінің тағдырын егіле сөз етсе, енді бүкіл әлемге адалдық пен адамзат баласының мәңгі бақыты жайлы сыр шерткен дауысы жан-жүйеңді босатқандай.
Саулығын Паблоның біліп қайт деп,
Ақындық рухымды аттандырғам.
Ақындық рух – азаматтық үлкен түйсік. Егер М.Мақатаев өзі күйзелгендей күй кешпесе, бойында қуатты сезім болмаса, осынша тоғанып, ақ жүрегімен ақтарыла алар ма еді?! Адамзат баласын өз бауырындай сезінбейінше, бүкіл дүниежүзілік уақиғаға үн қосуың мүмкін емес қой. Оқушы сезімін баурап алып, өмірге жасын жыр әкелген ақын Мұқағалидың құдіреті – осы ағынан жарыла ақтарылар табиғатынан, қашанда адамымен де, заманымен де сырлас, мұңдас болуынан. Ақын көңілінде иненің жасуындай сыр қалдырмай, жырын табиғаттың өзіндей ақтара өрнектейді.
«Реквием», «Чили, шуағым менің» тәрізді асқақ жырында Мұқағали халқына еңбек еткен ақын рухы мәңгі жасайды деп көкірегінде күн боп туған мақсатын әйгілеген. Ақын сөзі – ақын жүрегі. Жүрегін алақанына салып отырып ақтарған сыры. «Чили, шуағым менің» поэмасын оқығанда, бір ғажабы – Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыздың» қобыз сарыны құлағымыздан кетпейді.
Дариға-жүрек қашанда замана сырын шертеді, өмір-тарихты сарапқа салады. Мұқағали әйгілі «Ару - ана» поэмасында адамды туған заманымен қоса өрімдеп, іштей байланыстыра, қатар тарта бейнелейді. Күрделі өмірден күрделі сыр шертеді. Адам өмірінің бел-белесі, сан алуан өзгерісі – қоғам құбылысы поэмада жіті аңғарылып, рухани ойға бай мәнді қорытынды жасалынды. Ақын ағынан жарылады. «Жатқанның жанын, жаяудың таяғын алған» замана зар еңіреткен Құрбан енді аяулы Отаны үшін соғыста жанын берді.
Ақын мұрасында асыл жырлар теңіз толқынындай сапырылысып жатыр. Мұқағалидың барлық жыры ақаусыз болмас, бірақ жыл құсындай төрт тағандап көгілдір жолдары көмкерген тылсым ойлар бәрінен де табылады. М.Мақатав – ұрпақтар легін, өмірдег сол адамдардың орнын тебірене-толғана өлмес өлеңге айналдырған ақын.
Ол адамның дүниеге босқа келіп, босқа кетпеуі үшін ұрпақ өсіру, ізгі істер атқару – қуанышы да, қызығы да мол өмір сүруін, сол ұрпағы арқылы адамзаттың игілікті мақсатын жалғастыруды мұрат тұтуы керектігін жақсы түсінген.
Ет жүректі пенденің өкініші аз болған ба? Кешегі сағым кешкен сары дала, от жалында құлындаған, дауысы шыға жар салған лирикалық кейіпкердің бүгінгі биігінен өткенге ой жүгірткен тебіренісі қандай терең, ой көзі қандай өткір!
М.Мақатаев ішкі иірімінің терң түкпірінен шымырлата сүзіп, шара толы ойнақы, отты өлең жолын мөлдірете ұсынады. Шумақтағы дыбыс бірін-бірі демей қозғап, жыр табиғатына әдемі әуен, ырғақты үндестік беріп тұр. Ақын сөзі жүрегің арқылы барлық қантамырыңды қуалап, сұлулық симфониясын шертеді.
Тысқа шықсам,
Күн шыңылтыр, қар жауған,
Ызғар, аяз атырылып бар маңнан.
Асып анау асқар-асқар таулардан,
Қыс жетіпті тонын теріс аударған.
Ақын жырының ішкі байланысы құйып қойғандай жарасымды да ажарлы, үйлесімді, тосын да әсерлі бейне кесек оймен келісім тауып жатады. Қыстың қаһарлы келбеті қаз қалпында кестеленгенімен қатар, арқаңызды қарып түсер аязды сезінбейсіз де. Адам мен табиғат арасынан желі тартып, жақындастырған.
Ақынның артында мол мұра қалды. 1976 жылы 26 наурызда бұрын еш жерде жарияланбаған бір топ өлеңін жастар газеті Ә.Тәжібаевтың мақаласымен басты. Аға ақын М.Мақатаевтың:
Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер ер тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрианы.
Жазылар естеліктер нешелеген,
Көреміз бәрін оның пешенеден.
Әйтеуір, білетінім бір-ақ нәрсе,
Көшеді өлең немесе өшеді өлең, -
деген жолдарға талдау жасай келіп: «Айдай анық ақиқат та осы. Мақатаев атты ақынның жарқын жүзіне миллион адам миллион түрлі пікір пайымдаса да, желмен желпіп қаншама жылдар өтсе де, ешбір көлеңке түспей, келешекке қарай келісті керуен түзеп көше бермек».
М.Мақатаев жыры – парасат жыры. Қазақ поэзиясында ежелден кәдеге айналған дәстүр болғанымен, бұл – қоры тауысуға келмейтін ортақ еншімізге айналған қымбат мұра.
Достарыңызбен бөлісу: |