11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.
2. Өлеңдерімен танысу, оқу
3. Өлеңдерін талдау
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
2. Т. Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасау.
3. Өлеңдерін оқып талдау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;
Ә) сұрақтарға жауап беру;
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Тұманбай Молдағалиев
28-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: «Қайта оралды тырналар», «Түскиіз»
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
Оқыту: оқушыларға Тұманбай Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығын түсіндіре отырып «Қайта оралды тырналар», «Түскиіз» өлеңдеріне тоқталу;
Тәрбиелік: туған жерін қадірлеу, халқына қызмет ету, ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, адамгершілік пен адамдық қасиетке тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру..
Дамыту: оқушыларды түсіне оқу, тақырыпты қорыта алу, пікір білдіру дағдыларын қалыптастыру, қорытынды ой түю, есте сақтау қабілетін, оқу дағдысын қалыптастыру, жүйелі, шешен сөйлеуге дағдыландыру;
5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.
Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.
Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.
Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.
Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.
Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.
Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.
Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001
Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.
1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990
2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.
3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.
4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.
5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. Қ. Мырзалиевтің өмірі мен шығармашылығы
2. «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» т.б. өлеңдері
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Тұс киіз
Аңқаулықты, аяулым, қара біздің,
Ұшықыр екен қиялы анамыздың.
Қалай ғана көшірген тұс киізге
Өзендерін, көлдерін даламыздың
Даласына ғашық боп басында өзі
Бәрін көріп анаың асыл көзі.
Тұс киізге жайнатып түсіріпті-ау,
Туған жердің жайнатып жасыл кезін.
Тұс киізге күн шуақ төкті күліп,
Баратқандай бейне бір от жүгіріп.
Балам туған даласын ұмытпасын
Деп тұсыма анашым кетті ме іліп?!
Қайта орлады тырналар
Өзен болып өрекпиді жылғалар,
Айтар жандай жақсылықтан бір хабар.
Тойға асыққан салт аттылар секілді,
Топ жазбастан келеді ұшып тырналар.
Тырна даусын жатырқамай, жатсынбай,
Тыңдайды ұйып биік құздар, ақ шыңдар.
Көктем келді, көкірегімнің құстары,
Қиқуламай неғып ұйықтап жатсыңдар?
Ояныңдар, қанат жайып көріңдер,
Қалықтаңдар қиялымның өрінде.
Мен де қырға желмен бірге ұшайын,
Бір ұшатын кезім келді менің де.
Әлім бітіп, әнім қашан таусылды,
Тынғаным ба, тұнжырасым тау сынды.
Үміт барда, жуықтар ма сұм ажал,
Ұмытқандар бір естісін даусымды.
Көңіліме кім үңілсе жақын кеп,
Біз солармен сырлас та едік, тату да ек.
Мені көріп қуанатын бар ма ешкім,
Көктемінен кетпепті ғой ақын деп
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.
2. Өлеңдерімен танысу, оқу
3. Өлеңдерін талдау
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
2. Т. Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасау.
3. Өлеңдерін оқып талдау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;
Ә) сұрақтарға жауап беру;
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
«Қайта оралды тырналар», «Түскиіз»
29-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов «Соңғы көш» трилогиясы
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
Оқыту: жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы шығарманың мазмұны, тақырыбы мен идеясын ашу;
Тәрбиелік: туған жерін қадірлеу, халқына қызмет ету, ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, адамгершілік пен адамдық қасиетке тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру..
Дамыту: шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойларын нақты, дәл жеткізе білуге, сөйлеу тіліне, сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу, дүниетанымын кеңейту, пәнаралық байланыс арқылы пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.
5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, тест тапсырмалары
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.
Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.
Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.
Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.
Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.
Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.
Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.
Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001
Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.
1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990
2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.
3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.
4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.
5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. Т. Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығы
2. «Қайта оралды тырналар», «Түскиіз» т.б. өлеңдері
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Қабдеш Жұмаділов «Соңғы көш» трилогиясы
Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген. Ауылда бастауыш білім алып, кейін Шәуешек гимназиясын бітіреді. 1956 жылы Қытай үкіметінің жолдамасымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсті. Алайда университеттің екінші курсынан кейін екі ел арасындағы саяси жағдайға байланысты кері шақырылып, 1958-1962 жылдар аралығындағы Қытайда қуғын-сүргінге ұшырады. 1962 жылы империя шекарасын бұзып өткен қазақ көшімен бірге атамекенге қайтып оралып, ҚазМУ-дегі аяқталмай калған оқуын қайта жалғап, 1965 жылы бітіріп шықты. "Қазақ әдебиеті" газетінде (1965-1967), "Жазушы" баспасында (1967-1976), Мемлекеттік баспалар комитетінде (1976-1981) жауапты қызметтер атқарды. 1981 жылдан бірыңғай шығармашылық жұмыстар атқарады.
Жазушының әдеби қызметі Шәуешек гимназиясында оқып жүргенде басталған. Алғашқы өлең, әңгімелері Шыңжаң өлкесіндегі 1954 жылы «Шыңжаң» газеті мен «Шұғыла» журналында жарық көрді. "Жамал" атты тырнақалды әңгімесі 1956 жылы "Шұғыла" журналында жарық көрді.
Жастық шақта жазылған өлеңдері 1967 жылы "Жас дәурен" деген атпен жеке жинақ болып шықты. Осыдан кейін жазушы бірыңғай проза жазуға ойысқан. "Қаздар қайтып барады" атты алғашқы әңгімелер жинағы 1968 жылы, "Көкейкесті" романы 1969 жылы жарық көрді. Содан бері жазушы қаламынан көптеген әңгіме, хикаяттар, он шақты роман туды. Романдарының дені тарихи тақырыпқа арналған. Оның екі кітаптан тұратын "Соңғы көш" (1974-1981), "Атамекен" (1985), "Тағдыр" (1988) романдары Шыңжаң қазақтарының өмірінен жазылған. "Соңғы көш" дилогиясына 1983 жылы М.Әуезов атындағы әдеби сыйлық, "Тағдыр" романына 1990 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілді.
Қос томды "Дарабоз" (1996) романы тарихи тақырыпқа, "Саржайлау", "Сөйгүліктер", "Бір қапаның тұрғындары", "Бір түп тораңғы" атты шығармалары бүгінгі заман тақырыбына арналса, "Қылкөпір" романы (2003) мен соңғы жылдары жазылған бір топ әңгімелерінде тәуелсіздіктен кейінгі өтпелі дәуір шындығы көрініс тапқан. Жазушы "Таңғажайып дүние" атты ғұмырнамалық романында (1999) өзі өмір сүрген орта мен замандастары жайында сыр шертеді.
"Көкейкесті", "Соңғы көш", "Атамекен" романдары мен хикаяттар топтамасы орыс тіліне аударылып басылған. Жекелеген әңгіме, хикаяттары қырғыз, өзбек, ұйғыр, украин, белорус, грузин тілдерінде, "Соңғы көш" романы түрік тілінде жарық көрді. Бүгінге дейін отызға тарта кітабы шықты. Негізгі еңбектері 2003-2004 жылдары "Қазығұрт" баспасынан шыққан "Он екі томдық" шығармалар жинағына топтастырылған.
Қ.Жұмаділовтің «Соңғы көш» романында Шығыс Түркістан халқының тарихындағы ең бір аласапыран, алмағайып кезеңнің шындығы суреттелген. Кейіпкерлерге тілдік мінездеме, даралық сипат беруге қабілетті екенін автор шығарманың бастапқы тұсында-ақ байқатады. Кең ойлайтын Қанағат би, көрші ауылдан зәбір көріп көшкен, аз атадан шыққан тапқыр тілді Төлеубай, күлдіргі күйеу Ұзақ бейнелері олардың сөз саптауларынан – ақ саралан түседі. Мәселен, Төлеубай Қанағат биге өзінің қоныс аудару себебін былайша түсіндіреді: «Көрінген жерге күл төге берген жақсылық емес. Бірақ мен де қайбір жетіскеннен көшіп жүр дейсің. Басқа түскен пәледен қоян құсап қашып құтылатын халықпыз ғой ежелден... тіршіліктің түбіне жетем деп жүргенде өзімнің зауал шағыма жетіппін. Өлсем де орнықты жерге барып өлейін деген оймен кәрі кеудемді сүйретіп қасыңа келіп отырмын, қарағым », - дейді.
Асылы Қ.Жұмаділов жеке көріністер арқылы салдарлы,жалпы мәні бар құбылыстарды аңғартуға ұста. Аталас екі ру Қараменде мен Жұмық тоғыс арасындағы жанжал сахарада бейғам отырған елді дүрбелеңге салады. Осы тұста бірталай мінездер байқалады. Сондай-ақ, қала маңында емханаға дайындалып жүрген Жолбарыс пен Естайдың өзара сөздерінен көп нәрсе аңғарылып қалады. Шығыс Түркістан елінің бұдан былай тәуелсіздіктен айырылатыны екі жасқа да жат шешімдей естіледі. Әсіресе, Шығыс Түркістанның азаттық үшін айқасына тікелей араласқан Жолбарысқа бұл хабар ауыр тиеді. Ол Естай досына жүрекжарды арманын, өкінішін ашып айтады.
Шығармада аса мәнді оқиға – Шығыс Түркістан халықтарының өміріндегі үлкен бір кезең, олардың Қытай халық республикасы құрамына қамтылуы, бұның жүзеге асырылуы жолдары, түрлі қайшылықтар, армандар, байланыстар, тағдырлар тізбегі көрсетілген. Романның айтпақ аңсары мен көрсетпек қаһармандары көп болуы осыған байланысты. Шәуешекке Қытай Халық Армиясының келуі жергілікті халықтың бұған дейінгі өмір қалпын енді қайта оралмайтынының ұқтырады. Өзара дауласып, шаһарға шапқыласып келген Төрт ауылдың екі рулы ел адамдары да мына өзгерісті айтпай сезіп, аласапыран, үкімет ауысып жатқан кезде дауларын тыңдатарға кісі таппай, ақыры мәмлеге келіп тынады. Олардың ауыл арасындағы шағын дауы мынадай тосын, тоғысу таласында тым елеусіз екені рас еді.
Романның екінші тарауында кейбір тұлғалар тереңдей түседі. Нұрбектердің сонау бір қиын жылдарда Қытайға ауып келу, жолда азап көру оқиғасы әңгімеленеді. Бұл тұста да Қанағат бидің торыққандар мен тарыққандарға қамқорлық істері айтылады. Ауылдағы күнделікті өмір көріністері, Ұзақтың күлкілі мінездері келтіріледі. Қытайдың Шығыс Түркістанды жаулап алу тарихынан да мағлұматтар бар. Автордың суреттеп отырған ел өмірі мен салт-санасын білетіндігі әрдайым байқалады.
Шығарманың бұдан былайғы өрістеуі автордың дала өмірін кезектестіріп көрсету мақсатына орай. Тарбағатай елінің жаз жайлау суреттері үлкен сүйіспеншілікпен берілген. Қаладан қайтқан Естай, Жолбарыстар көштің, меймандостықтың, жайлаудың, алтыбақанның қызығын көреді, іңкәрлік сезімдеріне қорек іздейді. Кейіпкерлер мінез сыналар күрделі тартысқа кездеспейді, бейбіт өмірдің алаңсыз көріністері, жайлап аққан өзеннің тыныш қозғалысы секілді тіршілік таныстырылады. Ұзақтың бақсы туралы айтқан әңгімесі тұсында шығармаға жүрдек серпін бітеді. Бұл тұста Нұрбектің бақсының өтірік айласын әшкерелеген бір әрекеті ғана еске алынған. Естай мен Дүрия, Жолбарыс пен Зина араларындағы сырласулар кең баяндалған.
Дала қазағы осындай жайбарақат тіршілік кешіп жатқанда, аймақ орталығында күшті өзгерістер жоспарланып қояды. Оның жүргізушісі саяси басқарманың бастығы Лан-ке болады. Ол аймақтың партия комитетінің хатшысы, коммунистік идеялар үшін адал күрескер болуды көздейтін, бірақ иі жұмсақ Ли-хұнды айтқанына көндіріп, шұғыл шараларға кіріседі. Күні кеше азаттық күресіне қатысқандардың қаруын жинап алу, гоминданға қарсы соғыстың ерлерін жинап, суретке түсіріп, өмірбаяндарын тигізу секілді астары көрініп тұрған әрекеттер күн тәртібіне қойылады. Бұл, әрине, үлкен мәні бар, езілген ұлттар тағдырына тікелей қатысты оқиға. Жергілікті ұлттардың сеніміне ие болу, оларды бірте-бірте жалпы қытайлық саясат деңгейіне тарту жолын ұстайтын Ли-хұндар аз елдерге онша мәймөңкелеуді жаратпайтын, күштілігін іркіп тұрмайтын шовинист Лан-келердің озбырлық қиянатын тоқтата алмайды. Сонымен, Тарбағатай елінде өте тосын істер жүргізілгенін, төрт-бес жыл бұрын ғана гоминданды қуған қарудың жиылып алына бастағанын көреміз. Бұл –халыққа оңай түсіндіре алмастықтай, қалай сыпайыласаң да,түбі аңғарылып тұрған шешім еді.Жұртшылықтың бұл саясатты қинала қабылдап,амалсыз көнгені нанымды сипатталған.Коммунистерге шындап іш тартатын Нұрбек те,бай Жасыбай да,батыр Нартай да мұндай сезімді бастан кешіреді.Нұрбектер Қытайдың жаңа басшылығының адалдығына иланып,іске кірісіп те кетеді,жомарт мінезді Жақсыбай барлық малын беруге де ризашылық білдіреді.Бірақ өмір қалпының күрт өзгеруі отаншыл азаматтарға жаңа басшылықтың түптің түбінде салқын қарайтындығының тықыры таянғаны Нартай сынды хас батырларға күрт әсер етеді.Ол «әліптің артын бақпай »,өр Алтайдағы Оспан батырдың тәуелсіз жасағына тартып отырады.
Романда бірнеше кейіпкердің келбеті мейлінше анық және тың болып елестейді.Шығыс Түркістанның бүкіл-қытайлық құрамға қосылуы,бұл елде социалистік өзгерістер жүргізу шаралары қат-қабат қайшылықтар туғызады.Пайдакүнем,арамза күштер,өмір бойы еңбекшіні сорып келгендер жаңа тәртіпке жедел икемделіп,адал адамдардың сорын қайната бастайды.Бұрын Кеңес елінен қашып кеткен,Шығыс Түркістанда дүрілдеп бай болған Нұғыман енді Шәуешек аймағындағы саяси басқарманың жансызына айналады,жаңа үкіметтің сеніміне кіреді. Міне, осы сайсағынан қаны сорғалаған мүттәйім ары таза, намысты, қайратты жандардың жендетіне айналады. Ол өзім деп имандай сеніп жүрген аңғал батыр Нартайды ұстап береді. Осы мысалдың өзі-ақ Қытай революциясының ішкі қайшылықтарының хабар бергендей. Аймақтың басшылық ісін өз қолына алған Лан-ке сөз жүзінде «халықтар достығы», «социализм» дегенімен, шынтуайттап келгенде, нағыз шовинистік астам қатал саясат жүргізеді. Отаншылдық сезімі мен ісі байқалған адамдар шеттетіліп, Нұғыман бай, оның күйеу баласы Ермек, бұрынғы саудагер Шөншік, мансапқор Хамитов сияқтылар өрге жүзген кездің көп нақтылы көріністері романда кестелі тілмен сенімді суреттелген. Әсіресе, Нұғыман, Лан-ке тұлғалары қапысыз, шебер жасалған. Шығарманың өн бойында елес беріп отыратын Қанағат, Ұзақ бейнелері де көрнекті көркемдік жинақтаулар.
Сонымен, «Соңғы көш» романы өте мәнді тақырыпқа, Шығыс Түркістан елінің басындағы жолайрық, тарихи белес оқиғаларға, халықтың тағдырына өшпес із қалдырған шындыққа құрылған. өзімізге көрші отырған, әлеуметтік, ұлттық кіріптарлықтың неше түрін көріп жүрген қазақтардың өмірінің мағлұмат беретін еңбектерді жоққа тән екенін еске алсақ, «Соңғы көштің» танытқыштық, тәрбиелік мәні де арта түседі.
Медальдармен, Қазақ КСРО Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 1998 жылы " Қазақстанның Халық жазушысы" деген атақ берілді. Тарбағатай және Үржар аудандарының құрметті азаматы.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.
2. Әңгімелерімен танысу, оқу
3. Трилогиясын талдау
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
2. Қ. Жұмаділовтың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасау.
3. Әңгімелерін оқып талдау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;
Ә) сұрақтарға жауап беру;
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Қабдеш Жұмаділов «Соңғы көш» трилогиясы
30-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: «Қаздар қайтып барады» әңгімесі
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
Оқыту: жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы шығарманың мазмұны, тақырыбы мен идеясын ашу;
Тәрбиелік: туған жерін қадірлеу, халқына қызмет ету, ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, адамгершілік пен адамдық қасиетке тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру..
Дамыту: шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойларын нақты, дәл жеткізе білуге, сөйлеу тіліне, сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу, дүниетанымын кеңейту, пәнаралық байланыс арқылы пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.
5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, тест тапсырмалары
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.
Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.
Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.
Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.
Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.
Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.
Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.
Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001
Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.
1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990
2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.
3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.
4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.
5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. Т. Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығы
2. «Қайта оралды тырналар», «Түскиіз» т.б. өлеңдері
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
«Қаздар қайтып барады»
Жазушы Қабдеш Жұмаділовтің 1963 жылы жазылған «Қаздар қайтып барады» деген әнгімесі ұлт тағдыры туралы сәулелі терең ойлардың алғашқы қарлығашы іспетті. Бұл әңгімеде тебеннің көзіндей тесіктен тауды жарып, тасты бұзып ағатын шырдақ судай болашақ тасқынды туындыларда айтылатын қордалы ойдың ұшығы меңзеледі. Бұл әңгіме – ұлы даланың тереңдегі қат-қабат сырын сыртқа шығаратын қара дауылдың бет қаратпас жылдамдығымен, аса ауқымды романдар сериясының алдын-ала жеткен екпіні іспетті. Шағын әңгіменің өзінен-ақ үлкен-үлкен үш түрлі ой аңғарамыз. Біріншіден, Абылайхан заманынан кейін қазақ қоғамында пайда болған алауыздықты пайдаланып оның ұлан- ғайыр жеріне сұғын қадаған көрші империялар түрік тұқымдас тайпалар арасындағы отты көсеп, бірін-біріне айдап салғаны тарихтан мағлұм ғой. Әсіресе дала жорығына мейлінше жетілген жауынгер қазақ пен қалмақ арасындағы шайқастың өзі осындай екі жағын бір-біріне шағыстырудың нәтижесінде екі жағы да әбден әлсіремеді ме? Міне, сол тұста қалтарыста жатқан иесі жоқ ауылды талағандай, тілін, дінін, түрін білмейтін ірі империялар қазақ ұлысының ірі көлемдегі атақонысын өгіздің терісін бөлгендей екі-үшке бөле салғаны, жазушының жан жүрегінде дірілдеп тұрғандай... Осы бір үлкен түйін кейін келе жазушының өмірлік ұстанымы болғанға ұқсайды. Екіншіден, «аш бала тоқ баламен ойнамайды» дегендей үстемдік еткен ұлт бағынышты ұлттың қабағына, мұрат-мүддесіне үнемі қарай бере алмайтыны да шындық. Сондықтан орысқа қараған қазақтар мен қытайға қараған қазақтардың басынан кешкен тағдыры ортақ. Өйткені ондағы көшпенділерді отырықшы елге айналдыру деген үлкен өзгерістер ілгерінді-кейінді арасы 30-40 ж. мөлшерінде жүзеге асқанымен оның сипаты тәсілі, мақсатында бәлендей айырма жоқ еді. Мысалы, Қазақстандағы кәмпеске, қуғын-сүргін т.б. ұлттық нышандарды жоюға бағытталған зобалаңды қытайдағы қазақтар да басынан кешірген болатын.
Үшіншіден, осы уақытқа дейін жаратылысқа кеңес өкіметі ілімі бойынша зорлық жасалып келді. Бір-екі қарыс балық та ішіндегі уылдырығын өзі туған түбекке әкеп төгіп өледі екен. Ат екеш ат та туған жерін сағынады. Хайуанға да тән осы инстинктің адам басында қаншалықты күшті болатынын жазушы өз шығармаларында басын ашып берді.
Ал Қ.Жұмаділов шығармалары жарық көрген тұспен салыстырсақ, тоталитарлық жүйенің диктовкасынан шығып, жалпы адамзатқа тән, ұлтқа тән қасиеттерді жазып көрсете білудің өзі автордың азаматтық ұстанымын көрсетпей ме? Мысалы, тұмардан шыққан топырақ қанша нәрсені меңзейді. Туған жерден жат өлкеге аттанарда осыдан жарты ғасыр бұрын түйіп алған бір шөкім топырақты тұмар ғып сақтаған Байтас шөп басып жермен-жексен болған ескі қыстаудың орнына қайта төккенде ғана шал мойнынан үлкен жүк түскендей сезінеді. Осы сәтте туған жер, қасиетті атамекен оның торқадай топырағы, адасқан ұл, ел шеті, екі дүние, арман, серт, аманат деген ұғымдарға жан бітеді. «...бүгін алсаң да разымын!»-деді шал тәңірге жалбарынып. Дәл осы кезде тайыншадай овчарканы алдарына салып, екі шекарашы шал жатқан жерге қарай түсіп келе жатты деп аяқталады әңгіме.
Достарыңызбен бөлісу: |