Сабақ мақсаттары
Өлеңнен үзінді тыңдау арқылы шығарманың тақырыбы мен
идеясын анықтау.
Қажетті мәліметтерді жинақтап, эсседе тиімді қолдану.
Құндылықтарды дарыту Жауапкершілік. Адалдық .
Пәнаралық байланыс
Тарих
АКТ қолдану дағдылары Оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа
қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді
тақтаны қолданады.
Бастапқы білім
Сауда жасай білесің бе?
Тірек сөздер
кіріс-шығыс, табыс, төлем, сапа, сатылым, сауда-саттық,
анда-санда,
сауаттылық, арзан, бағалы, ұтымды, тәуекел
Қажетті ресурстар
Фотосуреттер, А4 парағы, маркерлер
Сабақтың жүргізілу барысы
1-тапсырма. Берілген суреттердің бір-бірімен байланысын тауып, сынып алдында ой
бөліс.
2-тапсырма. Сабақтың тірек сөздерін пайдаланып, сұрақтарға жауап бер.
1. Сауда-саттық туралы қандай шығармаларды білесің?
2. Сауда жасай білуді өнер деуге бола ма?
3. Сауда жасай білесің бе?
4. Сіз үшін тауардың сапасы маңызды ма, әлде бағасы маңызды ма?
5. Сауда сауаттылықты, ептілікті талап ете ме?
3-тапсырма. Орта көлемді поэзиялық шығармадан үзінді тыңдап, тақырыбын анықта.
4-тапсырма. «
Базарға, қарап тұрсам, әркім барар» өлеңінің мазмұнын, идеясын талда.
Жұмысты постер түрінде ұсын.
Жазылым тапсырмалары
1-тапсырма. «Галереяға саяхат» әдісін қолдана отырып, өлең мазмұны бойынша сурет
сал. Салған суретіңді сынып қабырғаларына іл. Өзің және өзгенің суреттерін тамашалап,
әр суретке тақырып қой. Өлеңдегі негізгі ойды анықтап, келесі тапсырмаға дайындал.
2-тапсырма. Өлеңде көтерілген мәселені қозғай отырып, эссе жаз. Тақырып бойынша
жинақтаған материалдарыңды эсседе орынды қолдан. Эссе тақырыбы: «Сауда жасауда
Ж
адалдық пен сенімділікті ұштастыра білуі, уақыт талабымен санаса алуы, сатып
алушыларына мейірімді болуы, олармен әдепті қарым-қатынас жасауы – саудагердің
берекесін келтіреді» деген тұжырыммен келісесің бе?» Сөз көлемі 140-180.
Бағалау. Жұбыңның жұмысымен танысып шық.
«Блоб ағашы» әдісі арқылы бағала.
2-бөлім: Сауда жасай білесің бе?
2.3 Сабақтың тақырыбы: Адал сауда – ардың ісі.
Оқу мақсаттары
8.Т6. Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде
деректерді
келтіре отырып, дәлелді жауап беру.
А3. Ауызша мәтіндер құрауда сөз ішіндегі және сөз
аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал
заңдылықтарын ескеріп айту.
Сабақ мақсаттары
Тыңдалым мәтіні негізінде деректерді қолданады, дәлелді
жауап береді.
Ауызша мәтін құрауда сөз ішіндегі және сөз аралығындағы
ықпал заңдылықтарын ескеріп айтады.
Құндылықтарды
дарыту
Өмір бойы білім алу. Адалдық.
Пәнаралық байланыс
Тарих
АКТ қолдану
дағдылары
Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан
тақырыпқа
қатысты
көрнекі
құралдарды
пайдаланып,
интербелсенді тақтаны қолданады.
Бастапқы білім
Абай Құнанбаев «Базарға қарап тұрсам, әркім барар» өлеңі
Тірек сөздер
Адал, адал сауда,
ардың ісі, адалдық таныту, нәсіп, несібе,
ризық, салым, ырыс.
Қажетті ресурстар
«Иман айнасы». Адал сауда – ардың ісі
http://kaztrk.kz/video/adal-sauda-ardyn-isi-3484
Бағалау критерийі
Дескриптор
Т4.
Поэзиялық
шығармадан
үзінді
тыңдайды,
тақырыбы
мен
идеясын
талдайды.
Ж4.
Тақырып бойынша ақпараттарды
жинақтайды, жазба жұмысында орынды
қолданады.
сұрақтарға жауап береді;
үзіндіде берілген ойды меңгереді;
өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтайды;
өлең мазмұны
бойынша сурет салады;
эсседе өзекті мәселені көрсетеді;
тұжырыммен келісетін-келіспейтіндігіне
талдау жасайды.
Сөйлемнің синтаксистік ерекшелігіне қарай тыныс белгілері деген не?
Тыныс белгілері сөйлемнің құрылысына, түріне, жасалу жолдарына қарай
сөйлемнің синтаксистік ерекшелігіне байланысты қойылу деп аталады.
Құрамына қарай сөйлем, негізінен, екіге бөлінеді: жай сөйлем, құрмалас сөйлем.
Бұлардың өзі бірнеше түрге бөлініп, алуан түрлі жолдармен жасалады. Міне,
осымен байланысты сөйлемнің ерекшеліктеріне қарай, қолдану сипатына қарай
әртүрлі тыныс белгілер қойылады. Мәселен, хабарлы сөйлемнен соң нүкте
қойылады, сондай-ақ сұраулы сөйлемнең соң сұрау белгісі,
лепті сөйлемнен соң
леп белгісі
қойылады.