«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет18/34
Дата14.05.2018
өлшемі1,08 Mb.
#12315
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34

68

69

қалыптастыруды  көздесе,    ана  тілі  осы  үлкен  міндеттің  жүзеге 



асуының  бірден-бір  құралы  болуға  тиіс.  Туған  өлкенің  жайын 

танып  өскен  шәкірттердің  еліне,  жеріне  қамқор  болып  өсетініне 

сенемін.

І. Лексика (3 сағат)

І деңгейлік тапсырма. 

Бұқар жырау жырларынан үзінді.

1. Төмендегі өлең шумағының мағынасын түсініп, жаттап ал. 

Синоним, омоним, антоним сөздерді   тап.

                                          Ежелгі дос жау болмас,

                                          Шірне үстінде хаты бар.

                                          Ежелгі дұшпан ел болмас,

                                          Көңілінде кір, даты бар.

                                          Ежелгі дос жау болмас,

                                          Айтысқан оның серті бар.

                                          Ежелгі дұшпан ел болмас,

                                          Көңілінде тұтқыр керті бар.

2. Өлеңді оқып, мазмұнын өз сөзіңмен айт. Бұқар жырау туралы 

және оның шығармашылығы туралы не білесің?

ІІ деңгейлік тапсырма. 

1. Өлеңнен синонимдерді теріп жаз, сөйлем құрастыр.

2.  Өлең  шумағынан  ауыспалы  мағынада  қолданылып  тұрған 

сөздерді, сөз тіркестерін тауып, астын сызыңдар.

     3. Ел сөзіне лексикалық талдау жаса.

ІІІ деңгейлік тапсырма.                                     



Ежелгі дос жау болмас,

Айтысқан  оның  серті  бар...  өлең  тармағын  өз  ойыңмен 

жалғастыр.

Фразеологизмдер.

І  деңгейлік тапсырма.  

Дихан  Әбілев,  «Сұлтанмахмұт»  роман-трилогия  II  кітаптың 

соңы.


1. Мәтінді оқы.

 Қысқы жолда көз ұшында жалғыз ноқаттай бұлдырап шаналы 

жолаушы  кетіп  барады.  Танаудан  буы  бұрқырап  еті  қызған  пар 

ат жортады...  Қарлы жолмен шана зулайды... Бағыты Баянауыл! 

Шана  төрінде  совет  сайлаушысы  Сұлтанмахмұт!  Өзі  жолда 

болғанымен қиялы әлдеқашан елге жетіп, ревком сайлауын өткізіп 

жатқан тәрізді сезімде кетіп барады.

         Тағдыр алда тағы нелер дайындап тұр? 

2. Мәтінді ары қарай өз қалауың бойынша жаз.

ІІ  деңгейлік тапсырма. 

1. Мәтіннен тұрақты тіркестерді теріп жазыңдар.

2. Қиялы сөзіне лексикалық сатылай кешенді талдау жасаңдар.

ІІІ деңгейлік тапсырма. 

Өз  досыңа  немесе  әдеби  шығармадағы  бір  кейіпкерге 

фразеологиялық  тіркестерді  пайдалана  отырып,  мінездеме 

жазыңдар.

Мақал-мәтелдер.  МәшҺүр  Жүсіп.  Қазақ  фольклоры. 

«Таңдамалы» 3,4-том. Торайғырдың тағы бір сөзі. 

І деңгейлік тапсырма. 

1. Төмендегі өлең шумағының мағынасын түсініп, жаттап ал. 

Абай - Ділда:- Қалған сөзді қайта қозғамай, -дегенде, Торайғырдың 

айтқаны:- Баялышты құба жон,



           Кетпен шотпен шапқанмен, сай болмас.

           Өз ақылымен ер жігіт

          Бұлғақтағанмен, бай болмас.

          Құс төресі аққуды,

          О да жалғыз оттамас.

         Қас патшаның белгісі-

         Қара дауды пұттамас.

         Батыры бар- жаудан қорықпайды,

         Шешені  бар даудан қорықпайды, -деген.

2. Шешендік сөзді оқып, мазмұнын өз сөзіңмен айт. МәшҺүр 

Жүсіп туралы және оның шығармашылығы туралы не білесің?

ІІ деңгейлік тапсырма.

1.  Мәтіннен  мақал  тәріздес  қанатты  сөздерді  тауып,  көшіріп 

жазыңдар.

 2. Мына мақал-мәтелдерді аяқтаңдар:

 Ағайын бар болсаң,...

 Жоқ болсаң,...

 Адам тілі ...,




70

71

 Тас жармас...



Ақыл -

Білім -


Жау жағадан алғанда,

Бөрі -


Жуас түйе...

3.  Жалғыз  сөзіне  лексикалық  сатылай  кешенді  талдау                               

жасаңдар.                             

ІІІ деңгейлік тапсырма.   

     Құс төресі аққуды,

     О да жалғыз оттамас... мақалды  жалғастыр.

Фонетика. (3 сағат)

Сұлтанмахмұт  Торайғыров  «Алаш  ұраны»  таңдамалы 

шығармалар.

І деңгейлік тапсырма. 

1.  «Көңілім,  неге  жасайсың»  өлеңін  мәнерлеп  оқып  шығып, 

мазмұнын өз сөзіңмен айтып бер.

                                 Көңілім неге жасайсың,

                                 Миым неге ашисың!

                                 Ой түбіне жете алмай,

                                 Жүректі тырнап қасисың.

                                 Көзім, неге таласың,

                                 Үмітсіз қарап барасың!

                                 Түтінің жоқ, отың жоқ,

                                 Тұңшығып кеудем, жанасың.

2. Өлеңнен  дауысты дыбыстарды теріп алып, оларды мына үлгі 

бойынша толтырыңдар.

Тілдің қатынасына қарай 

        Жақтың қатынасына қарай 

Ерін мен езудің қатынасына қарай

жуан   жіңішке 

ашық  қысаң  еріндік        езулік

ІІ деңгейлік тапсырма. 

1.  Е  дыбысынан  басталатын    Павлодар  жеріндегі  жер-су 

аттарын теріп жаз.

2.  Жүректі  деген  сөзге  дыбыстық  сатылай  кешенді  талдау              

жасаңдар.                                 

ІІІ деңгейлік тапсырма. 

Өлең шумағын жалғастыр.

                                    Түтінің жоқ, отың жоқ,



                                    Тұншығып кеудем, жанасың...

Фонетика. (2 сағат)

Жүсіпбек Аймауытовтың  «Қартқожа» романынан үзінді.                                  

І деңгейлік тапсырма. 

1. Мәтінді оқып шығып, үзіндіге мазмұнына лайықты ат қой.

 Ер жетіп, ес білген сайын, Қартқожа өмірде талай әлсіздіктерді 

көре берді. Өз басын құрбы-құрдастары талай кемсітіп, мазақ етіп 

қорлағаны, зорлық көрсеткені бар. Қаржасбайдың шалдуар баласы 

бір  күні  қарындашын  тартып  алып,  бермей  қойды.  Жалынды, 

жалпайды,  болмады.  Әбден  ыза  болған  соң,  бай  баласының 

қағазын тартып қалып, жыртып тастады. Бай баласы және екі –үш 

бала  жабыла  ұрып,  мұрнынан  қанын  ағызады.  Қартқожа  көрген 

қорлығын  жылап  келіп,  әкесіне  айтты.  Әкесі  Жұман  назаланып, 

атына мініп, Қаржасбайдікіне барды. Байға мән-жайын түсіндіріп 

айтып  еді,  баласына  ұрысып,  қарындашын  алып  бергені  сол, 

«балаға ара түсесің» деп, Жұманның өзін сөкетті қылды.

2. Мәтіннен екпін ерекше түсетін сөздерді анықтаңдар. 

 Мәтіндегі адам есімдері таныс па? Ойыңды дәлелдеңдер.

3.  Әлсіздіктерді  деген  сөзге  фонетикалық  сатылай  кешенді 

талдау жасаңдар.                        

ІІ деңгейлік тапсырма. 

1.  Мәтіннен  дауыссыз  дыбыстардың  үндестігін  көрсететін 

сөздерді  тауып,  айтылуы  мен  жазылуын  сызықша  арқылы  қатар 

жазып, салыстырыңдар.

 2. Өлең шумағын дұрыс жаз. Кезекті әріптерді қой.

Арту-арту б...л  келсе,

                                          Ат...н тарт...р бүгіл....п.

Алыст...н  қара  көр...нсе,

                                          Арғын... шеб..р тігіл...п.

 Алыст..., жанжал сөз келс...,

                                          А...ұлы сөйлер ж...гініп.

3.  Айтылуда  кейінді,  ілгерінді  ықпал  құбылысы  байқалатын 

сөздерді көшіріп жазындар.

ІІІ деңгейлік тапсырма. 

      Қартқожаға хат жазу.

Сөзжасам. (4 сағат)




жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау