«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



Pdf просмотр
бет31/33
Дата20.11.2018
өлшемі1 Mb.
#21907
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

123
7
«Мен жастарға сенемін»
1
Ізденіс сабақ
8
«Өткен күн»
1
Дәстүрлі сабақ
9
«Айға» (көркем сөз айшықтарын 
табу) 
1
Пікір алмасу
ІІ  тоқсан, 7 сағат
10
«Жазды күні қалада»
1
Шығармашылық
11
«Тәңірі»
1
Пікір алмасу
12
 «Күншығыс»
1
Талдау, шығар-қ
13
«Алыстағы бауырыма»
1
Мәнерлеп оқу
14
«От»
1
Талдау
15
«Орал тауы» (үзінді жаттау)
1
Талдау
16
Мағжан – жыр жұлдызы 
(поэзиялық  семинар)
1
Қорытынды
ІІІ тоқсан, 10 сағат
17
«Осы күнгі күй»
1
Түсіндірмелі оқу
18
«Айда атыңды, Сәрсембай»
1
Талдау, ізденіс
19
«Батқан күн, атқан таңның жыры»
1
Түсіндіру, 
талдау
20
«Қараңғы, дауылды түн»
1
Түсіндіру, 
талдау
21
«Хакім Абайға»
1
Талдау, шығар-қ
22
«Тұтқын», «М.Д. абақтыдан 
шыққанда»
1
Дәстүрлі
23
«Ана»,  «Анама»
1
Ізденіс сабағы
Табиғат – тал бесігің
24
«Жұмбақ», «Жиіленді қара орман», 
«Қараңғылық  қоюланып келеді»
1
Салыстыру
25
«Жазғы таң», «Жаз келеді»
1
Шығарма-
шылық
26
«Мағжан оқулары» байқауы
1
Шығарма-
шылық,
сайыс
ІV  тоқсан, 8 сағат
                                   Ақын сатира саласында
27
«Төбет», «Бір биге», «Заманымыздың 
ақыны»
1
Дәстүрлі сабақ
28
Мысалдан алар өнеге. «Мысық пен 
ет» 
1
талдау


124
                                      Ақын  аудармалары
29
«Күннің батуы» (Генрих Гейнеден 
аударған)
Шығарма-
шылық
30
«Сарғайып келген егін толқынданса» 
(Лермонтовтан)
1
Шығарма-
шылық
31
Ақынның поэмалары
Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт
1
Оқу, талдау
32
«Қорқыт» поэмасы
1
Зерттеу сабағы
33
Жұлдыздай аққан жыр-ғұмыр
1
Конференция 
сабақ
34
Жылдық  қайталау
1
Тест жұмысы
Бағдарламаның 
мақсаты: 
Мағжан 
Жұмабаев 
шығармаларын  тереңдете  оқыту.  Сыршыл  ақынның  әрбір 
туындысын талдап, сөз құдіретін танытудағы өзіндік шеберлік 
өрнегін ашу, әңгімелеу.
Мағжан Жұмабаевтың ақындығы, қоғам қайраткері екендігі, 
өскен  ортасы,  ақын  шығармаларының  тақырыбы,  мазмұны, 
өзіне  тән  қайталанбас  сөз  саптаулары,  тіл  көркемдігі  туралы 
түсінік беру.
Ақын шығармаларын оқыта отырып, ауызша, жазбаша ойын 
еркін жеткізе білуді меңгерту.
Міндеті:  1)  суреткердің  не  айтқысы  келгенін,  қандай 
көркемдегіш құралдарды қолданғанын, соған орай шығарманы 
оқығанда нені айқындау керек екенін шәкірт санасына жеткізу; 
2)  шығармада  айтылғанның  бәрін  жарқын  елестетуге  сүйене 
отырып, ондағы суреттеулерге, кейіпкерлер әлеміне көз жіберу; 
3)  туындыны  оқи  отырып,  оқушының  алған  әсері,    сезімін 
анықтауға көмек беру.
Білім, икем дағдыларына қойылатын талаптар:
1. Лирика түрлерінің ерекшелігіне қарай поэтикалық талдау 
жасай алуға бейімдеу: а) идеялық-философиялық  мәселелері; 
ә)  лирикалық  қаһарман; б) тіл бедері, айшықты көркемдегіш 
құралдары,  ақынның  осы  мәселедегі  жаңашылдығы;  в)  өлең 
құрылысы, ақынның өлең құрылысын дамытудағы жетістіктері.
2. Ғылыми-зерттеу жұмысына  жұмылдыру.
Күтілетін  нәтиже


125
Ақын    шығармаларын  оқи  отырып  елжандылыққа, 
ұлтжандылыққа,  жауапкершілікке  тәрбиеленеді.  Шығарма 
авторына  деген  құрмет  сезімі  нығаяды.  Сөйлеу  мәдениеті, 
логикалық    ойлау  дағдысы    дамиды.    Ақынның  үздік 
шығармаларын  оқып,  жетістікке  жету  жолдарының  сырын 
ашады.  Бағдарлама  бойынша  жүйелі  жұмыс  жүргізе  отырып, 
әдебиетке, ақындық өнерге деген сүйіспеншілігі  оянады. 
«Жақсыдан 
– 
үйреніп,  жаманнан 
– 
жирену»  арқылы                 
ұнамды қасиеттерді бойына жинайды.
Өлеңнің  теориясы,  құрылысы,  техникасы  жайында    толық 
мәлімет алады.
Өз  пікірін  еркін  жеткізуге,  талдауға,  пікір  алмасуларға 
қатысуға қалыптасады.
Ұйымдастыру  формалары:    дәстүрлі  сабақ,  талдау, 
мәнерлеп  оқу,  салыстыру,  зерттеу,  ізденіс сабақ, пікір алмасу, 
сыр-толғау,  лекция  сабақ,  поэзиялық  семинар.  Курстың 
аяқталу формасы: поэзиялық   семинар, «Мағжан оқулары» 
байқауы,  конференция  сабақ,  тест  жұмысы  Пәнаралық 
байланыс:      тарих,  әдебиет,  қазақ  тілі,  сурет,  музыка, 
жаратылыстану.  Көрнекілік:    буклет,  альбом,  дәйектеме 
сөздер, сөзтізбектер, баспасөз деректері, ақынның  шығармалар 
жинағы, кеспе қағаздар.
Нормативті бөлім.
«Мағжантану»  курсына  арналған  бағдарлама  6-сынып 
оқушыларының  білім  деңгейіне  лайықталып    жасалынған.  
Мұнда  ақиық    ақын  Мағжан  Жұмабаевтың  мектеп 
бағдарламасында  өтілмейтін  шығармалары  қамтылған. 
Бағдарлама 5 бөлімнен тұрады. 
1. Өмір – ақын көзімен.
2. Табиғат – тал бесігің.
3. Ақын – сатира саласында.
4. Ақын аудармалары.
5. Ақынның поэмалары.
1. «Өмір – ақын көзімен» бөлімінде Мағжанның әлеуметтік 
тақырыптағы  туындылары  енгізілген.    Ақынның  ана  жайлы, 


126
Отан  туралы,  өмір  туралы  үздік  шығармаларын  оқыту 
көзделген. Бұл шығармаларды оқыту барысында оқушыларды 
отансүйгіштік  қасиетке,  адамгершілікке  баулуға  мүмкіндік 
жасалады.  Өлеңдерін  оқу  барысында  поэзия  тілін  меңгеруге 
бағыт алады.
2.  «Табиғат  –  тал  бесігің»  бөлімінде  ақынның  табиғат 
лирикасына  арналған  туындылары  оқытылады.      Ақын 
шығармаларын  өту  барысында  әдебиет  сабағынан  мектеп 
бағдарламасында  өтілген  тақырыптармен  байланыстыра 
жүргізу  көзделген.  Мағжан  шығармасын  өзге  ақындар 
өлеңдерімен  салыстыра  отырып  меңгерту  оқушының  талғам-
таразысына айырықша әсер береді.
3.  «Ақын  сатира  саласында»  бөлімінде  сатира,  мысал 
жанрындағы туындылары  қамтылған.  Сатира мен мысал  жанры 
туралы әдебиет теориясынан алған білімдері тереңдетіледі.
4.  Ақын  аудармаларын  өте  отырып,  ақынның  аударма 
саласындағы еңбегі мен тіл шеберлігіне тоқталу көзделген. 
5.  Ақынның  поэма  жазудағы  шеберлігіне  де  тоқталып, 
сынып  оқушыларының  жас  ерекшелігіне  лайықталып                               
«Қорқыт» поэмасынан үзінді оқытылады. 
Ақын  өлеңдерін  өте  отырып  қосымша    мәлімет  ретінде 
өлеңнің  теориясы,  құрылысы,  техникасы    жайында  мәлімет 
беріледі. Шығармадан көркемдеуіш сөздерді табуға төселеді.
Ақын  шығармаларын  терең  меңгеріп,  жан-жақты  талдауға 
қалыптасуға мүмкіндік жасалады.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) «Қазақ тілі мен әдебиеті» 
журналы, 2001-2012 жылдар; 2) Мағжан Жұмабаевтың өлеңдер 
жинағы.  1-2-томдар.  А.,  «Жазушы»,  2008  ж.;  3)  Баспасөз 
деректері; 4) Ш.Елеукенов. «Мағжан Жұмабаев». А., «Білім», 
1990  ж.;  5)  Мағжан  Жұмабаев.  «Таңдамалы».  А.,  «Ғылым», 
1992.
Күнтізбелік  жоспарға  лайықталған  «Мағжантану» 
таңдау  курсына  арналған  жұмыс  дәптері  жұрналдың 
«Көмекші  құрал»  айдарында  №11  санынан  бастап 
жарияланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау