«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



Pdf просмотр
бет22/33
Дата20.11.2018
өлшемі1 Mb.
#21907
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33

86
әңгімелерімен қазақ әдебиетіне жаңа леп, көркемдік өрнек 
әкелді.  Оның  Аналары  қайсар,  төзімді,  қажыр-қайратты 
мінезімен оқырман есінде ұмытылмастай орын алуда.
Ардақты  ана,  абзал  арулар  туралы  күн  сайын  қаншама 
жаңа  жырлар,  әсем  әндер  өмірге  келуде.  Ана  туралы 
толғанбаған  ақын-жазушылар  болмас.  Қайраткер  аналар 
қатарынағы  Төле  бидің  келіні  Данагүлді,  Шыңғыстың       
анасы Айғанымды бүкіл қазақ елі үлгі тұтқан.
Сонымен  қатар,  әдебиет  айдынындағы  мынадай 
аналар  бейнесін,  олардың  баласына  деген  махаббатын 
қаламгерлеріміз былай сомдаған.
«...Ал, қазақ, мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, 
бесігіңді түзе! Оны түзейін десең, әйелдің халін түзе!»      
Мұхтар Әуезов. «Адамдық негізі – әйел».
«Мәңгүрт болса да – перзентім»
Шыңғыс Айтматов. «Найман-Ана».
«Қазір, ботам... Мінеки, таң атады...
Қазір, ботам, аққумен ұшықтаймын.
Жазыласың, құлыным, балапаным!»
Мұқағали Мақатаев. «Аққулар ұйықтағанда»
«Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын?»
Міржақып Дулатов. «Шешенің балаларын сүюі».
Иә, Ана тақырыбы – ғасырдан ғасырға жалғаса беретін 
сарқылмайтын бұлақ. Әркім өз қалауынша жазбақ.
Әңгіменің  тақырыбы:  ана  махаббатының  жеңімпаз 
күш-қуаты.  Идеясы:  адамдықты,  әділдікті,  рақымды, 
бейбітшілікті сүю.
XI. Бағалау.
XII.  Үйге  тапсырма:  Ғабит  Мүсіреповтің  ана 
тақырыбындағы  басқа  да  әңгімелерін  оқу,  олардың  ортақ 
идеясын  табу; осы әңгімемен салыстыру.


87
Надежда АМАНШАҚЫЗЫ,
Батыс Қазақстан облысының
Қаратөбе ауданындағы
«Егіндікөл» жалпы орта білім 
беретін мектебінің мұғалімі.
ДЖЕК ЛОНДОН.                             
«МЕКСИКА ҰЛЫ»
(6-сынып)
Сабақтың мақсаты: білімділік – жазушының өмірінен 
мәлімет беру, әлем әдебиетінен білімдерін кеңейтуге ықпал 
ету, әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу; дамытушылық 
 өз бетімен ізденіс жұмыстарын жасауға баулу, өз пікірлерін 
айтуға дағдыландару,  ойлау, жүйелі салыстыру қабілеттерін, 
шеберліктерін  жетілдіру; 
тәрбиелік  –  басты  кейіпкердің 
еліне деген шексіз махаббатынан үлгі алуға, адамгершілікке, 
адамдық  сүйіспеншілікке,  салауатты  өмір  салтын  ұстануға 
баулу,  азаматтық,  гуманистік  қасиеттерді  дарыту,  халқына 
адал  қызмет  етуге  тәрбиелеу. 
Түрі:  сыни  тұрғыдан  ойлау. 
Типі:  жаңа  материалды  меңгерту.  Әдісі:  талдау,  түсіндіру, 
жинақтау. 
Көрнекілігі:  интерактивті  тақта,  слайд, 
компьютер.
Күтілетін  нәтиже.  Джек  Лондонның  шығармасы 
туралы  толық  мағлұмат  алады.  Отансүйгіш,  патриоттық 
рухы  биік  тұлға  қалыптасады.  Спорт  саңлақтарынан  үлгі 
алып,  салауатты  өмір  салтын  ұстанады.  Адами  қасиеттері 
қалыптасады.
Сабақ барысы.
І. Қызығушылықты ояту. Көңіл ашар.
Күлімдеп күн бүгін, 
Қарады маған да.


88
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады саған  да. 
Шуақпен нұр төгіп,
Көңілді кетті көтеріп.  (қайталайды) 
Рахмет. (3 рет қол шапалақтау).
Үй 
тапсырмасы. 
«Жуан-жіңішке 
сұрақтар» 
стратегиясы:
1. Манас жырындағы Қазан дәудің мінген аты (Қарагер).
2. Көп нүктенің орынына тиісті сөздерді қойыңыз:
Құлағы темір....... ...................
 
Құтан дәу
Маңдайы темір ......................
 
Мәңкүш дәу
Кіндігі темір  .........................   Кітен дәу   
Қарагер мінген......................     Қазан дәу
Қайшы құлақ............................
 
Қабан дәу
3.  Жырдағы  Жақып  пен  Ақбалта  образдарына 
салыстырмалы мінездеме беріңдер. 
4.  Манас  жырын  кімдер  зерттеген?  (Шоқан  Уәлиханов 
пен Мұхтар Әуезов).
ІІ. Мағынаны тану. Сабақ эпиграфы.
Ұлттық  намыс  –  ұлттың  бойындағы  қасиеті  және 
бұлжымайтын  қағидасы.  Өз  ұлтын  құрметтей  білмеген, 
оны  мақсат  ете  алмаған    адам  –  сөз  жоқ  тексіз,  бұралқы 
адам.  Патриотизм  –  Отанға  деген  сүйіспеншілік,  өзінің   
мемлекетіне  тәуелділігін  түсіну,  «мемлекеттің  нығаюы  – 
жеке адамның да нығаюы» екенін мойындау. 
                                        Бауыржан Момышұлы.
Көрнекілік стратегиясы. 
(Экраннан бокс қолғабы, жалаудың суреттері шығады).
- Балалар, мына  суреттерден сіздер не көріп отырсыздар? 
Бүгінгі  сабаққа  қандай  қатысы  бар  деп  ойлайсыздар?  Осы 
суреттерге қарай отырып мәтін құрастырамыз. 
Бүгінгі біздің тақырыбымыз бокс туралы болмақ. 


89
Бокс туралы түсінік беру.
Топтастыру
                         Матрос               Консерві жасау
                                                             фабрикасының 
                                                                       жұмысшысы
От жағушы                                                    Үтікші
Американдық 
жазушы                                             Газет таратушы
Джек  Лондон  барлық  шығармаларында    жеңіл  олжаға 
құнығушылықты, тек ақшаға ғана табынатын буржуазиялық 
қоғам  салтын  әңгімелеген,  ондағы  адами  құндылықтар 
бағаланбайтындығын  жіті  аңғарған.  Онда  тек  адамдар 
«жеушілер  мен  желінушілер»  деп  бөлінетін  хайуандық 
заңдар  үстемдік  ететіндігін  өзінің  шығармаларында  арқау 
еткен.
Экранға  назар  аударайық.  Бүгінгі  өтетін  тақырыбымыз 
Мексика  еліне  тығыз  байланысты  болғандықтан,  ең  
алдымен, ол ел туралы тарихи мәлімет алайық. 
Жоспар:
Тарихи шолу: «Мексика елі».
Бөрі ауызына тасталған жетім лақ. 
Жаңа сабақ кезеңге бөлініп түсіндіріледі. 
Бағытталған оқу. «Болжалдық» стратегиясы.  
Электронды оқулықпен жұмыс
Композициялық жоспар
Р/
с
Әңгіменің 
композициялық
элементтері
Композициялық 
жоспар
Әңгіменің 
көркемдік 
әдіс-тәсілі
1
Оқиғаның 
басталуы.
Мексика елінің ауыр 
тұрмысы
Ривераның жетім 
қалуы, ерлікке деген 
ұмтылыс.
Баяндау, 
суреттеу.
 
Джек Лондон 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау