«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



Pdf просмотр
бет19/33
Дата20.11.2018
өлшемі1 Mb.
#21907
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33

74
шымыр болсын десеңдер – спортты сүюлерің керек. 
«Қаласын кездім талай дүниенің,
Таныттым мен туған қазақ елін.
Үстімнен жүкті автобус жүрген уақытта,
Сонда  да  қайыспаған  қайран  белім»  дегендей,  өмірде 
белдерің  қайыспайтын  батыл,шымыр,еліміздің  ертеңінің 
тірегі бола біліңдер.
V.  Үйге  тапсырма:  а)  «Қажымұқан»әңгімесінен  теңеу-
лерді теру; ә) Қажымұқан бейнесін жазу.
Рита СЕЙІТМАҒАМБЕТОВА, 
Ақтөбе облысының 
Шалқар ауданының
«Шілікті» ауылындағы
«Тоғыз» орта мектебінің мұғалімі.
МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫ. 
«ТАРЛАНЫМ»
Сабақтың 
мақсаты: 
Махамбет 
Өтемісұлы 
шығармашылығы  мен  өмірбаянына  тоқтала  отырып, 
«Тарланым»  өлеңін  меңгерту; 
Міндеттері:  1)  Махамбет 
өлеңдерінің  тақырыбы,  жанры  және  маңызы  жайында 
айту. Исатай бейнесін таныту; 2) патриоттық тақырыптағы 
өлеңдерді  нақышына  келтіріп  мәнерлеп  оқу,  өлеңдердегі 
айтпақ  ойды  табу;  3)  елін,  жерін  сүюге,  патриот  болуға 
шақыру.
Көрнекілігі:  тұсаукесерлік  слайдтар,  көркем  әде-
биеттер,  газет-жұрнал  материалдары,  үнтаспа.  Типі:  жаңа 


75
материалдарды  меңгерту.  Түрі:  кіріктірілген  сабақ.  Әдісі: 
мәнерлеп оқу, сабақтастық, ой тастау, ойланту технологиясы. 
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка,биология.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру. 1. Амандасу. 2. Біздің ұстаным: «Кімде-
кім өзінің ана тілін, әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны 
сауатты,  мәдениетті  адам  деп  санауға  болмайды».  Мұхтар 
Әуезов сөзін хормен айту.
Сабақ ерекшелігін атап өту.
Қызығушылығын ояту.
-  Балалар,  биылғы  жыл  біздің  еліміз  үшін  несімен  
қымбат? Оған байланысты қандай игі істер атқарылуда? 
Жадыны жаңғырту
Сұрақ-жауап  әдісі  бойынша  Махамбет  туралы  не 
білітіндіктерін сұраймын. 
5-сыныпта өткен өлеңдерін еске түсірту.
Жаңа сабақ. Махамбет. «Тарланым».
1. Оқушылар назары ақынның суретіне аударылды.
-  Балалар,  өршіл  ақын  Махамбет  Өтемісұлының  суреті 
сақталмаған. Белгілі антрополог-мүсінші Ноэль Шаяхметов 
1967  жылы  ақынның  бас  сүйегі  бойынша  оның  бет-
әлпетін қалпына келтіріп, мүсінін сомдапты. Осы қалпына 
келтірілген  мүсіндік  бюст  негізінде  кентаулық  әуесқой 
суретші  М.Сариев  ақынның  портретін  жасапты.  Суреттің 
дәлдігін  мүсінші  Ноэль  Шаяхметов  портретке  жазған  
пікірінде растапты. Сол кезден бастап бұл сурет 
– 
көпшілік 
назарында.
2.  1836-1841  жылдары  Батыс  Қазақстандағы  Бөкей 
ордасында  болған  шаруалар  көтерілісі  туралы  тарихшы 
мұғалім мағлұмат айта келе, мынадай деректер келтірді:
1837  жылы  15-қарашада  Нарын  құмының  Тастөбе 
мекенінде подполковник Гекке отрядымен Исатай, Махамбет 


76
сарбаздарының  қиян-кескі  шайқасы  басталады.  Геккенің 
400 солдаты, қару-жарағы мол болады. Исатай жасағы көп 
қырғынға  ұшырайды.  Исатай-Махамбеттің  60  сарбазы,  бір 
баласы, келіні оққа ұшады.Көптеген мал-мүлік патша әскері 
мен хан жасағының олжасына айналады. Ерсары, Қалдыбай 
деген батырлар қаза болады. Осы шайқаста Исатай да қаза 
болады. Бұл өлең сондай жағдайға байланысты туса керек:
1) Өлеңді мәнерлеп оқып беру;
2) Өлеңнің тақырыбын анықтау;
3) 
Өлең 
авторына,кейіпкеріне 
тоқталу. 
Ақын 
шығармасында  Исатай  бейнесі  қалай  сомдалғандығы 
жөнінде айту (тұсаукесерлік слайдтар).
Оқулықпен  жұмыс:білім  алушылардың  өздеріне 
мәнерлетіп оқыту.Өзіндік пікірлерін тыңдау.
Сөздікпен жұмыс:
Кермиық,  кербез  –  паң,  сұлу.  Керіскедей  –  келіскен,  көз 
тартатын, үлкен. Шандоз – асыл, ардақты. Жебе – садақ 
оғы. Сусар – аң. Адырна – садақтың жебесін тіреп ататын 
тарамысы.
Өлеңнің негізгі стилі – монолог, арнау.
Ақынның ішкі сезіміне, толғанысына құрылған.
Өлеңнің стильдік ерекшеліктері: лепті, көтеріңкі, шалқи 
айтылған тұстары мол.
Бейнелегіш сөздер, айшықты сөздер байлығы:
Мысалы, кермиығым кербезім…
Өлеңдегі  көтеріңкі  көңіл  күй,  өршілдік,  биік  арман, 
даналық, ұлылық, ізгілікке үндеу.
Өлең негізіндегі ойлар, көтерген проблематикасы.
Исатай  бейнесін  жоғары  бағалау,  ел  үшін  туған  ер 
екендігін паш ету.
Жырдың  көркемдік  ерекшелігі.  «Семантикалық               
карта» кестесін толтыру.


77
Мәтіннен үзінді
Теңе
у
Пор
трет
Рит
орик
а-
лық сұра
у
Аллитерация
А
ссонанс
Керіскедей шандозым,
Құландай ащы дауыстым,
Құлжадай айбар мүйіздім!
Тереңнен көзін ойдырған,
Сұр жебелі оғына
Тауықтың жүнін қойдырған.
Маңдайын сары сусар бөрік 
басқан,
Жауырынына күшіген... оқ 
шанышқан.
Садағына сары жебені 
салдырған,
Садағының кірісін
Сары алтынға малдырған.
Таудан мұнартып ұшқан, 
тарланым, Саған ұсынсам қолым 
– жетер ме? Арызым айтсам –
өтер ме?
Айғайласа белдік байланған,
Астана жұртын айналған,
Атына тұрман болсам деп,
Жұртына құрбан болсам деп...
Шығармашылық тапсырма (мүсіндеу). Махамбет пен 
Исатай  бейнесіне  мүсін  орнату.  «Әдебиет  –  лото»  ойыны.
Төмендегі  сөздерді  пайдаланып,  тақырыпқа  байланысты 
әңгіме құрастыру.
Исатай,  Махамбет,  соғыс,  мақсат,  жау  қарасы, 
дайындық, қамал, жүрегін оятты, қайсар батыр.
                            МАХАМБЕТ
 ӘНДЕРІ                                                     КҮЙЛЕРІ
«Бес тайпа»                             «Өкініш», «Қайран, Нарын»,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау