«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 0,72 Mb.
Pdf просмотр
бет8/34
Дата19.11.2018
өлшемі0,72 Mb.
#20547
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34

26

27

қажет»,  –  деп  ел  Президенті  атап  көрсеткендей,  оқытудың 



жаңаша 

әдіс-тәсілдерін, 

ақпараттық-коммуникативтік 

технологияларды  мектеп  өміріне  кеңінен  енгізу  –  жаңаша 

білім берудің бірден-бір шарты.

Оқыту технологиясы – бұл, бір жағынан, оқу ақпаратын 

дайындау, өңдеу, әдіс-тәсілдерінің жиынтығы болса, екінші 

жағынан,  ұстаздың  шәкіртіне  оқыту  үдерісінде  қажетті 

технологиялық және ақпараттандыру құралдарын пайдалана 

отырып ықпал ету тәсілдері.

Оқыту  үрдісін  оңтайландыру,  соның  ішінде  қазақ  тілін 

оқыту жұмыстарын жандандыру – ұдайы жалғасып, дамып 

отыратын  жұмыс.  Қазіргідей  ақпараттық  технологиялар 

мейлінше  қарыштап  дамыған  тұста,  оның  озық  үлгілерін 

қазақ  тілін  оқыту  барысында  да  тиімді  пайдаланудың 

маңызы  орасан  зор.  Сондықтан  қазақ  тілін  оқытуда  тек 

жазба мәтіндермен шектеліп қалуға болмайды. 

Өкінішке қарай, біздің бұрынғы тәжірибемізде тыңдалым 

дағдысына жеткілікті мән берілмейді. Вокзалда, әуежайда, кез 

келген  мекемеде  радиорубкамен  айтылған  хабарландыруға 

көпшілік  өз  көзімен  көріп  немесе  оқымайынша  сене 

бермейді. Берілген хабарламаны бір-бірінен қайталап сұрап, 

нақтылығына  көз  жеткізіп  жататыны  жиі  байқалады.  Сол 

себепті  қазіргі  білім  саласында,  әсіресе  тілдік  пәндерді 

оқытуда «тыңдалым» дағдысына баса назар аударылып отыр. 

Тыңдалым,  яғни,  аудирование  –  соңғы  жылдары  көп 

сөз  болып  жүрген  және  оқу  үдерісінде  кеңінен  орын 

алған  маңызды  сөйлесім  әрекетінің  бірі.  Тыңдалым  – 

«аудирование»  деген  терминнің  білдіретін  мағынасы  – 

«есту арқылы түсіну». Бұл термин айтылған не техникалық 

аппараттарға жазылған аудиомәтіндегі сөздерді, сөйлемдерді 

тыңдай  білудің  нәтижесінде  қабылдау  және  түсіну  деген 

ұғымды білдіреді.

Біз тыңдау арқылы қоршаған ортада орын алып жатқан 

оқиғалар жайында ақпарат  алу мен  бірге,  дүниетанымымызды, 

тілдік қорымызды байытып, қабылданған ақпаратқа талдау 

жасап, өз пікірімізді білдіреміз. Сол себепті де тіл үйренушіге 

тыңдау  арқылы  тіл  үйретудің  тиімділігі  зор.  Тыңдалым 

оқушының сөйлеу әрекетінің дамуына серпін бере отырып 

оқытуды қамтамасыз етеді. Оқушы тыңдалым арқылы жаңа 

тілдік, сөйлеу және елтанымдық материалдармен танысып, 

сөйлеу  әрекетінің  барлық  түрлеріне  қатысты  дағдысы 

мен  шеберлігін  дамытады.  Тыңдалым  дағдысы  арқылы 

оқушының  белгілі  мәтіндегі  негізгі  ойды  түсіне  білуі, 

ақпараттың  маңызы  мен  мағынасын  анықтай  білуі  және 

түсінгенін іс жүзінде қолдана алуы бағаланады.

Тілді оқытудағы тыңдалым дағдысының басты мақсаты 

аудиожазбаның  мазмұнын  түсінуге,  белгілі  бір  ақпаратты 

қабылдауға, мәтін бөлімдерін түсінуге, айтылған ойды толық 

түсінуге, сөйлеушінің сөзін еш қиындықсыз ұғынуға, БАҚ 

пен теле-радио бағдарламаларын еркін түсініп қабылдауға, 

таныс және беймәлім тақырыптағы сөйлесімнің негізгі ойын 

түсінуге, т.б. үйрету болып табылады. 

Өз  тәжірибемізде  тыңдалым  дағдысына  арналған 

төмендегі белсенді жұмыс түрлерін жиі пайдаланғандықтан, 

Назарбаев  Зияткерлік  мектептерінде  қазақ  тілін  оқытуда 

олардың өте тиімді әрі нәтижелі екеніне көз жеткіздік.

1.  «Айқайлап  диктант  оқу».  Сынып  оқушылары  екі 

топқа  бөлінеді.  Бірінші  топ  оқушылары  мәтінді  айқайлап 

оқиды.  Екінші  топ  оқушылары  өзіне  қарама-қарсы  тұрған 

оқушыны  тыңдап,  диктант  жазуға  тырысады.  Осы  арқылы 

оқушылар  ерікті  зейінді  қалыптастырады,  әрі  өмірге 

бейімделеді. 



2.  Суреттеу.  Оқушылар  аудиожазбаны  (сөздік,  диктант) 

тыңдай  отырып,  мағынасына  қарай  сөзді  суретпен 

бейнелейді.  Осы  арқылы  оқушылардың  зат  пен  атауды 

байланыстыра алу қабілеті қалыптасады.




28

29

3.  «Дұрыс  –  бұрыс»  әдісі.  Оқушылар  аудиожазбаны 

тыңдап, өздеріне ұсынылған пікірлердің дұрыс-бұрыстығын 

анықтайды. Осы арқылы оқушының тыңдалым дағдысы мен 

өзіндік көзқарасы қалыптасады. 

Аудио     

тұжырымы

     А


Оқиға жаз 

мезгілінде 

болды

     Б


      В

Оқушы 


пікірі

    +


     -

     -


4.  «Сәйкестендіру»  әдісі.  Оқушылар  мәтінді  екі  рет 

тыңдайды.  Олардың  алдына  жазбадағы  сөйлеушілердің 

айтқан  пікірлері  таратылады.  Оқушылар  сөйлеуші  мен 

оның сөзін сәйкестендірулері керек. Бұл әдістің белгілі бір 

ақпаратты қабылдау дағдысын дамытудағы маңызы үлкен.

Пікірлер реті

№1 тыңдалым материалы



2

5.  Синонимдерді  тап.  Оқушыларға  бірнеше  сөздер 

ұсынылады.  Олар  тыңдалған  мәтіндегі  осы  сөздердің 

синонимдерін  тауып,  жауап  парағына  белгілеулері  керек. 

Осы арқылы оқушылардың тыңдау әрекеті мен сөздік қоры 

дамиды. Айталық, мәтінде «жанар» деген сөз болуы мүмкін, 

сіз  тапсырманы  бергенде  мәтіннен  «көз»  сөзіне  синоним 

табуын сұрайсыз. 

6. Болжау стратегиясы. Тапсырма: «Алдар Көсе – өнер 

күші»  мультфильмінің  бастапқы  бөлігін  көріп,  аяқталуын 

өздеріңіз болжап, ерекшелігін кестеге толтырыңыздар. 

Болжау кестесі:

Мәтін бөлімдері

Қандай 


мәселе 

көтеріледі?

 (не болады)?

Ш ы н д ы ғ ы н д а 

қандай 

мәселе 


көтерілді? 

(не болды?)

2 сөйлемнен кем 

емес болжау

2 сөйлемнен кем 

емес ақпарат



7. «Төрт сөйлем» тәсілі. Белгілі бір тақырыпқа мәтін 

тыңдап, топтар төмендегі 4 тапсырманы орындаулары 

тиіс: 

1.  Пікір.  Тыңдаған  мәтін  бойынша  өзіндік 



пікірлеріңізді бір сөйлеммен жазыңыздар. 

2. Дәлел. Пікірлеріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіздер. 

3.  Мысал.  Оны  өмірмен  байланыстырып,  мысал 

келтіріңіздер. 

4.  Қорытынды.  Тақырып  бойынша  қорытынды 

шығарыңыздар. 



8.  «ПОПС»  формуласы.  Мысалы,  белгілі  бір 

тақырыптағы  мәтінді  тыңдағаннан  кейін,  оқушылар 

өздерінің ойларын жүйелі жеткізіп, пікір айтып, бірін-

бірі бағалайды.

«ПОПС» формуласы 

•    Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, ... » 

•  Екінші  сөйлем:  «Себебі,  мен  оны  былай 

түсіндіремін...» 

•    Үшінші  сөйлем:  «Оны  мен  мына  фактілермен, 

мысалдармен дәлелдей аламын...» 

•     Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай 

қорытынды шешімге келдім...» 

Енді  өзіміздің  іс-тәжірибемізде  қолданған  сабақ 

мазмұнына  қысқаша    шолу  жасап  көрейік.  Назарбаев 

Зияткерлік мектептеріндегі 7-сыныптың қазақ тілі пәні 

оқытылатын  топтарында  «Адамның  сырт  келбеті  мен 

мінезі» деген тақырып бойынша тыңдалым дағдысын 

анықтау үшін мынадай тапсырма түрлерін қолдандық. 

Тақырып бойынша күтілетін нәтиже:

1) қазақтың ұлттық киімдері туралы түсінік алады;

2) адамның жақсы, жаман қасиеттерін ажыратады;



жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау