60
61
Сайыс сабақ
З.ИМАНБАЕВА,
Көктөбе жалпы орта білім беретін мектебі.
Павлодар облысы, Май ауданы
БІЛІМ ШЫҢЫ
(Интеллектуалды сайыс)
Мақсаты: оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой-өрісін
дамыту, ұшқырлық, ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен
нақтылыққа бейімдеу.
Әдісі: сайыс сабақ.
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд, қима қағаздар.
Пәнаралық байланыс: ауыз әдебиеті, шет тілі, өнер, халық
педагогикасы.
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
2) Әділқазылар алқасын сайлау.
3) Сайыстың мақсатымен таныстыру.
4) Топтардың аттарымен, ұранымен, таңбасымен танысу.
1-жүргізуші. Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,
Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.
С.Торайғыров.
Тіл - өте маңызды құрал. Тіл болмаса, адам өз ойын біреуге
жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет-
ғұрыптары, дәстүрлері бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі
өте бай әрі көркем тілдердің бірі. ҚР-ның мемлекеттік тілі - қазақ
тілі. Мемлекеттік тілді меңгеру- ҚР азаматының парызы.
6 Ата-аналарға
арналған
психологиялық
тренингтер
Ата-ананың
психологиялық
құзыреттілігі.
Отбасы. Бала.
ой қозғау,
тренинг
2
Девиантное поведение у подростков и методы их
исправления
Это программа по исправлению девиантного поведения
среди детей и подростков.
Ключевые слова: девиантное поведение, авторская
программа, дети-подростки.
Devianted behavior for teenaqers and methods of their
coorrection
In is the program on the correction of devianted behavior
among children and teenaqers.
Key words: devianted behavior, authorial program, children
and teenaqers.
62
63
Жүргізуші.
Ана тілім- өмірдегі тірегім,
«Тілім» дейді жұдырықтай жүрегім.
Болса екен арыстандай айбарлы
Бойымдағы күш-қайратым, білегім!
- Қош келдіңіздер, құрметті оқушылар мен ұстаздар! Қазір
сіздердің алдыңызға «Білім шыңы» атты интеллектуалдық шоудың
қатысушыларын шақырамыз. Қошемет етіңіздер!
І топтың аты - «Тұлпар», ұраны - «Жүзден жүйрік, мыңнан
тұлпар», таңбасы - аттың суреті.
ІІ топтың аты - «Домбыра», ұраны - «Бабамның үні, бабамның
тілі - домбыра», таңбасы - домбыра суреті. (Қатысушылар өздерін
таныстырады.) Әділқазылармен танысу.....
Жүргізуші. Бүгінгі сайыс бес асудан тұрады.
1-кезең: Бәйге.
2-кезең: Полиглот.
3-кезең: Алты жұмбақ.
4-кезең: Ғажайып алаң.
5-кезең: Жекпе-жек.
Ойында барлықтарыңа сәттілік тілей отырып, 1-кезең -
Бәйгені бастаймыз. Бастамас бұрын ойынның шартын мұқият
тыңдаңыздар. Бұл кезеңде қазақ тілі пәніне қатысты 20 сұрақ
қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
І кезең. «Бәйге»
(Оқушылар қойылған сұрақтарға 1 минут ішінде тез жауап
беруі тиіс.)
«Тұлпар» тобына сұрақтар:
1. «Термин» қай тілдің сөзі? (латын тілі)
2. Қазақ тіліндегі тыйым салуға қатысты сөздер қай терминге
жатады? (табу)
3. Сөз мағынасын не зерттейді? (лексика)
4. «Фразеология» сөзінің баламасын табыңыз. (тұрақты тіркес)
5. Тілдің ең кіші бөлшегі не? (дыбыс)
6. Жалғаудың түрлерін ата. (көптік, тәуелдік, септік, жіктік)
7. Неше септік жалғауы бар? (7)
8. «Ақ киізге көтерді» мағынасы не? (хан сайлады)
9. Зат есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? (дара, күрделі)
10. Дыбысты немен таңбалайды? (әріп)
11. 42 әріптің жүйелі тізбегі қалай аталады? (әліпби)
12. Қазақ әліпбиінде қанша дыбыс бар? (42)
13. «Ерінбесең - емерсің» тақырыбы не? (еңбек ету)
14. Қосарлы дыбыстардың саны нешеу? (3)
15. «Әліпби» сөзі қай тілден енген? (араб тілі)
16. Дауысты дыбыс тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді?
(жуан, жіңішке)
17. Дауысты дыбыс жақтың қатысына қарай нешеге бөлінеді?
(ашық, қысаң)
18. Дауыссыз дыбыстың түрлерін ата. (қатаң, ұяң, үнді)
19. Әліпбидегі алғашқы 7 дауыссыз қалай аталады? (ұяң)
20.Дауыссыздар ненің қатысына қарай 3-ке бөлінеді? (салдыр
мен үн)
«Домбыра» тобына сұрақтар:
1. Екпін түрі нешеу? (4)
2. Үндестік заңы нешеу? (2)
3. Қосымшаны тіл білімінің қай саласы зерттейді? (морфология)
4.«Лексика» сөзі қай тілден енген? (латын тілінен)
5. Тыныс белгісін не зерттейді? (пунктуация)
6. Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)
7. Пәлеқор сөзі буын үндестігіне бағына ма? (жоқ)
8. Көзқарас қандай сөз? (біріккен)
9. Дыбыс үндестігінің түрлерін ата. (ілгерінді, кейінді)
10. Орфография нені зерттейді? (дұрыс жазылуын)
11. «Жаны зәр түбіне кету» мағынасы не? (қорқу)
12. «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» тақырыбы не?
(дос)
13. Дауысты дыбыс еріннің қатысына қарай нешеге бөлінеді?