46
47
одағайдың түріне осы одағайдың атауын алу қате болмас еді
Ал «Жекіру одағайын» - «Қатынас одағайы» деп атау
дұрыс болмақ. Себебі «жә» деген одағайды айту барысында
жекіріп ғана айтылмай, жай тыйым салу үшін де айтылатынын
жадымызда ұстағанымыз жөн болмақ. [5; 126-б]
Қ.Жұбановтың «Қазақ тілінің грамматикасы» еңбегіндегі
«Сөйлем мүшелері» атты мақаласындағы ғалымның
зерттеулері мектеп оқулықтарына сұранып-ақ тұрғандай.
Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған
оқулықтың «Баяндауыш» тақырыбында баяндауыштың
құрылысына қарай қалай жіктелетіндігі, баяндауыш болатын
сөз таптары туралы мағлұмат берілген.
[8, 53-б.]
Баяндауыш
болатын
сөз таптары
Сөйлемдер
Етістіктер
Мен өте қуандым.
Сен қайда жүрсің?
Сын есімдер
Бәріміз бір кісінің баласындай
татумыз.Ел тоқ.
Зат есімдер
Сендер бақытты адамсыңдар.
Ат-көлік, қамшы-қару.
Сан есімдер
Ер кезегі-үш. Үш жердегі үш-
тоғыз.
Есімдіктер
Медеуі – мен. Өтегені – өзі.
Көмекші етістік пен еліктеуіш
Сөз
От жылт етті. Мылтық тарс
етті.
Сонымен бірге оқулықта «Баяндауыш сөйлемді аяқтап,
ойды тиянақтайды» деген түсініктеме берілген. Егер «Мен
жазбаймын өлеңді ермек үшін» (Абай) деген сөйлем берілсе,
баяндауыш «ермек үшін» болмақ па?
Қ.Жұбановтың еңбегінде «Ескерту» деген белгімен
мынадай ескертулер жасайды.
Ескерту: І. Баяндауыш сөйлемнің соңында келмейтін
екі жері бар: Бірі- ұран сөздерде; бірі- төл сөзге жалғаса, деу
сөзі баяндауыш болған жерде.
1.Ұрандарда «жасасын!», «жоғалсын!» сияқты сөздер
баяндауыш болғанда, күшейту үшін, бұлар сөйлемнің
басына қойылады.
Мысалы: Жасасын кеңес үкіметі!
Бітсін байлар!
2.Баяндауыш «де» сөзі боғанда («де» естістігі) басқа
мүшелердің алдына шығарылады.
-Құжырайған шал ғой не хабар біледі дейсің,- дейді бір
келіншек (Бейімбет).
Мұнда баяндауыш – дейді.
-Ондай ойы барларын осы бастан ашып айтыңдар?- дейді
Жарықпас, қалың топты көзімен бір шолып өтіп (Бейімбет).
Мұнда баяндауыш- деді.
Ескерту: ІІ. Өлең сөздерде өлеңнің ұйқасы үшін сөз орны
алмасып тұра береді. Соның ішінде, баяндауыш та орнынан
ығысып кете береді.
Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман (Абай).
Арман ұлғайды десе, өлең ұйқаспайтын болған соң,
ұлғайды деген баяндауышты арман дегеннің алдында
шығарған. Еріксіз алған баурап шалдың күйі,
Жырлаған дертті жүрек, улы миы. (Ілияс).
Сөз-сөзді өз орнына қойса, «Шалдың күйі еріксіз баурап
алған. Дертті жүрек, улы миы жырлаған» болар еді. Баурап
алған, жырлаған деген баяндауыштар өлеңнің ұйқасы үшін
орындарынан қозғалған. [5, 155-б.]
«Бастауыш» тақырыбында бастауыштың сұрақтары
«Кім? Не?»деген сұрақтарға жауап береді деумен шектелген.
Ал Қ.Жұбановтың еңбегінде «Баяндауыштың алдына кім?
не? деген сұрауларды қойып, бастауышты тауып алуға
болады»,-деп бастауышты қалай табуға болатынына сілтеме
жасаған. Сонымен бірге ескерту жасап, «Бастауыштың
сұрауы кейде қайсысы?қандайы? қаншасы? дегендер болып
келеді. Мектебіміздегі екі жүз оқушының биыл жиырма бесі
бітіріп шықты.
48
49
Қаншасы бітіріп шықты? - Жиырма бесі. Бастауыш –
Жиырма бес»,- деп анықтама беріп, содан соң сөйлемдерге
талдау жасап, түсініктеме берген
Сонымен қатар, «Сөйлем мүшелері» тақырыбын
оқытуда Қ.Жұбанов «Баяндауыш » тақырыбын «Бастауыш»
тақырыбынан бұрын қойған. Жалпы бүгінгі бағдарламадағы
«Бастауышты» бұрын қойған кезде бірінші баяндауышты
табуға тапсырма берілсе де оқушылар бастауышты бірінші
тауып, қателесіп жатады.
Сөйлем мүшелеріне талдауда тек мектеп оқушылары ғана
емес жас мұғалімдердің де қиналатынын, тіпті қателесетіні
тәжірибеде кездестіріледі. Сондықтан оқушының теориялық
білімін жетілдіру үшін жоғарыда айтылған ескертулердің
оқулыққа енуі оқушы үшін де мұғалім үшін де тиімді болмақ.
Қ.Жұбанов оқушыға тілдің теориялық білімін терең
меңгерту үшін оқу бағдарламасында «Жай сөйлемге » - 18
сағат, ал «Құрмалас сөйлемге» 32 сағат бөлген. Қазіргі оқу
бағдарламасында «Жай сөйлемге » - 7 сағат, ал «Құрмалас
сөйлемге» - 20 сағат қана бөлінген. Бұл тараудағы әр
тақырыпқа бір сағаттан ғана келсе, оқушының тілдік
құрамды зерделей меңгеруіне қиындық туғызуда. Тілді білу
сол тілде сөйлеумен ғана шектелмейтінін ескерсек, бүгінгі
тіл сағаттарынан берілетін білімдердің оқушы сұранысын
қанағаттандыруда аздық ететіні ескерілуі қажет.
Ғалымның ұзақ жылдар бойы тер төккен еңбектерін,
артында қалдырған мол мұрасын сақтаудың тиімді жолы
- мектеп оқулықтарына енгізу. Сонда ғана еңбектерінің
ғылыми құндылықтары артып, өміршеңдігі дами түспек.
Жұбановтың бойындағы көрегендік қасиет - оның
көп тілді білуі. Ғалым туралы А.Жұбановтың естелігінде
жапон тілін зерттеу арқылы қытай тіліндегі қазақ туралы
жазылғандарды оқуды мақсат еткенін білуге болады.
Қ.Жұбановтың көп тіл білуге деген көз қарасы – бүгінгі
жастарымызға үлгі-өнеге.
1929 жылы Қызылорда қаласында өткен конференцияда
қазақ тілін латын жазуына лайықтауды жетілдіруге
ұсыныстарын жасаса, сол ұсыныстардың мейілінше
өміршеңдігін бүгінгі күннің проблемасымен үндескенінен
аңғарылады. Сондықтан Мемлекетіміз латын жазуына
көшкен кезде Жұбанов мұралары тағы да ой сүзгісінен өтері
сөзсіз.
Қорыта келе, Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың
барлық ғұмыры қазақ даласындағы тіл, әдебиет ғылымын
жетілдіруге арналды. Уақыт өте келе оның еңбектеріне
деген сұраныс заман талабымен өзі-ақ келді. Сондықтан
болашақта ғалымның есімі өзінің барлық қажыр-қайратын
жұмсаған ұлт өкілдерінің арасында шамшырақтай жарқырай
түспек.
Әдебиеттер:
1 Құрастырған А.Жұбанов. Құдайберген Жұбанов
(Естеліктер). «Өнер»., -Алматы. 1990.
2 Меңдекеев Ә. «Қазақ әдебиеті» газеті., 1989 ж.
3 Сыздықова Р. Уақыт ақтаған азамат. «Ақтөбе»
газеті, 1989ж.
4 Профессор Қ.Жұбанов және ХХІ ғасыр. К.Кенжебаев
«Ақтөбе» газеті. 2004ж.
5 Жұбанов Қ. «Қазақ тілі» жөніндегі зерттеулер
-Алматы, 2010 ж.
6 Оразалин С., Назбиев Ж. Құдайберген Жұбановтың
қазақ тіл білімі жайлы ойлары «Қазақ тілі мен әдебиеті»
журналы, 1999 ж.
7 6-сыныпқа арналған оқулық. «Қазақ тілі»
|Г.Т.Тұрсынова, А.А.Қасымова.
8 Аманжолов С., Аманжолова А., Қосымова Г. «Қазақ
тілі», 8-сынып.