ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІН ОҚЫТУДА
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ АРҚЫЛЫ БІЛІМ
БЕРУ САПАСЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ
А.Б.Нүритденова
БҚО, Зеленов ауданы
Білім беруді ақпараттандыру–жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара
тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады. «Қазіргі заманда балаларға ақпараттық
технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»-, деп Елбасы
атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны, яғни компьютерді оқу
үрдісінде кеңінен қолданудың маңызы зор.
Ақпараттық–коммуникациялық технология ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге, оқу
барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны
қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Ақпараттық–коммуникациялық технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер
әрі талантты, шығармашылығы мол,еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай
жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Ақпараттық–коммуникациялық технология–мұғалім жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру
түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқушылардың жеке қабілетін дамытуға, оқудағы пәнаралық байланысты
күшейтуге, оқу үрдісін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегенiмiз – бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм
алушыға беру үрдісі болып табылады. Ақпараттық технологияның негізгі талабы-жас ұрпаққа қоғамға
лайықты ақпараттық білім негіздерін бере отырып, олардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды
пайдалана отырып, оларды компьютердің, интерактивті тақтаның көмегімен жүзеге асырса,
оқушылардың қызығушылығы, ынта-жігері арта түсері анық.
Жаңа сабақты түсіндіру барысында сабақтың мазмұнын дайын күйінде бермеу керек.
Оқушылардың өздігінен танып–білу дағдыларын қалыптастыра отырып, жаңа тақырып бойынша
анықтама, ережелерді өздері құрастырып тұжырымдай білуіне жетелеу керек. Ол үшін оқытудың
мынадай әдіс–тәсілдерін сабақта қолдануға болады: жеке шығармашылық тапсырмалар, жобалар,
тірек–сызба, көрнекіліктер және анықтама құралдары, ойын арқылы оқыту, сөзжұмбақ, бейнесөздер,
логикалық тапсырмалар мен деңгейлік жаттығулар, тестілеу және бақылау.
Әр ұстаз өз бетінше топпен жұмыстың жаңа түрлерін ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне
сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісі сабақтарда жиі
қолданылады.
Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың
танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен
жұмыс істеуге жағдай жасайды. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу
материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге
зор ықпал етеді. Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын
алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жұмыстар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған
тақырып бойынша жаттығулар мен тапсырмаларды орындап, тестілер шешіп, семантикалық карталар
және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады. Электронды оқулықтың ең қажет мүмкіндігі -
аудиохабарлар. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка
тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі
әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа
деген оқушының құштарлығы оянады деп ойлаймын.
Электронды оқулықтар оқушының бiлiм сапасын бақылау жүйесiн өзгертуге мүмкiндiк жасайды.
Кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың
тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет ақпарға сiлтемелер берiп отырады. Бұл оқушы үшiн,
бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден, сол материалды автоматты түрде бақылап,
әдiл бағасын беруге, оқушыға қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлiмет алуға
мүмкiндiк жасайды.
Электронды оқулықтар оқушылардың
- бiлiм деңгейiн тереңдетуге;
- ауызекi тiлде сөйлей бiлу дағдыларын қалыптастыруға;
- өз бетiнше iздену қабiлетiн қалыптастыруға;
- ойларын дамытуға;
- оқушылардың сөздiк қорының молаюына;
- тілге деген ынтасы мен қызығушылығының артуына;
- сабақта өзiн еркiн ұстап, өз мүмкiншiлiгiн кеңiнен пайдалана алуына;
- өз iсiне талдау жасай алуға көптен-көп көмегiн тигiзедi.
Өз тәжірибемде акпараттық-коммуникациялық әдістерді қолданып жүрмін, атап айтсам, 7-
кластың «Қазақ әдебиеті» пәнінен өткен С.Мұратбековтың «Жусан иісі» шығармасын оқыған кезде,
проектордың көмегімен сын-тұрғысынан ойлаудың әдістерін қолдандым. Топтастыру, Венн
диаграммасы, мәтінмен жұмыс түрлерін қолдандым. Тақырыптан соң ұстазға немесе авторға хат
жаздырдым. Мұндағы мақсат-сабақта сөйлеу тілін дамыту, жазбаша сауаттылыққа үйрету. Кейіпкерге
мінездеме беру де оқушы ойын дамытудың бірден бір көзі. М. Әуезовтың «Көксерек» әңгімесін оқыған
кезде интерактивті тақтаның көмегімен мынадай тапсырмалар бердім. Мысалы, монолог құрастыруға
тақырыптар беру.
Мен-Құрмаш
Мен-Көксерек
Мен-Қасен
Мен-Аққасқа
Монолог -оқушының өз ойын жеткізудің бір тәсілі. Оқушының ойын анық айта алатын тәсіл.
«Егер сен жазушы болсаң, Құрмаш тағдырын қалай шешер едің?» деген ойлантатын сауал
тастап, баланың ойы мен тілдік шеберлігін байқауға болады. Баланы шығармашылыққа баулуда
сыныпта шығарамашылық көңіл-күй тудыру керек. Ол үшін бала назарын бір нәрсеге аударту,
бағыттау керек.
Яғни оқушы назарына шығармашылық тапсырма, жаттығу, ойын түрлерін ұсынған жөн. Әрбір
шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне,
қызығушылықтарына үйлесуі керек. Оқушының шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ
үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу керек. Осы орайда «Көксерек» кинофильмінен үзінді көрсетіледі.
Бұл балалардың ойын ұшқырлай түсері сөзсіз.
Қазақ тілі сабағында ақпараттық–коммуникациялық технология құралдары оқушыларға жаңа
ақпарат көздеріне жол ашады, жеке жұмыс пен білім алудың нәтижелілігін, тиімділігін көтереді.
6-кластың «Қазақ тілі» пәнінен «Салт және сабақты етістіктер» тақырыбын өткен кезде Бірнеше ойын
түрлерін, семантикалық кестелер мен тапсырмаларды орындатып, уақытты ұтымды пайдаландым.
Мысалы: сабақты етістіктерді орналастыру, егер дұрыс қойылмаса, сөздер орнына тұрмай, түсіп кете
береді. Бұл баланың қызығушылығын тудырады әрі түсінуіне үлкен көмек болады
5-класта «Қазақ әдебиеті» пәнінен С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңін оқыған кезде,
электронды оқулықтың көмегімен бейне көрініс көрсетіліп, Әртүрлі танымдық, деңгейлік тапсырмалар
беріліп, оқушылардың белсінділігі байқалды. Үй тапсырмасына «Табиғат аясында» немесе «Табиғатым
–талбесігім» тақырыбында шығарма жазуды тапсырып, оларға «Табиғаттан қуат алу» тренингін
өткіздім. Мұнда оқушы біріншіден табиғаттағы құстардың, судың сыбдырын естіп дем алса, екіншіден
шығармашылық шабыт, толғаныс турдырады.
10-класта «Қазақ әдебиеті» пәнінен Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасын
өткенде,интерактивті тақтаның көмегімен топтастыру, кейіпкерлерді сөйлету сияқты әдістерді
қолдандым. Электронды оқулықтан «Еңлік-Кебек» поэмасы туралы аудиобаян тыңдатып, «Жазушы
болсаң Еңлік пен Кебек тағдырын қалай шешкен болар едің?» немесе «Ақын қазіргі күнде арамызда
жүрген болса, қандай тақырыпта шығармалар жазған болар еді?»деген сауалдар арқылы оқушының
өзіндік пікірін айтып, тұжырымдайды. Бұл сабақта балалар өз ойларын ортаға салып, бүгінгі күннің
өзекті мәселесі болып отырған тақырыптар аясында пікірлерін білдіріп, ой–толғау жазды.
Оқу үрдiсiнде электронды оқулықты қолданудың маңызы өте зор. Заман талабына сай жас
ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану–оқытудың жаңа
технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады .
Әрбір мұғалім шығармашылықпен жұмыс істеген жағдайда ғана еліміздің саналы, дарынды
азаматтарын тәрбиелеп шығуға мүмкіндік бар.
Шығармашылықпен іздену ұстаздың еңбегіне, ой-өрісінің толысуына көп көмегін тигізеді.
Бүгінгі күн ұстаздардың алдында тұрған басты міндет-оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыра
білу, сол арқылы әр тақырыпты олардың санасына жеткізе түсіндіру.
Қазақ тілі, әдебиеті сабақтарында ақпараттық және коммуникациялық технологиялар
мүмкіндіктерін қолдану төмендегідей нәтиже беруде:
Сабақтарымда жаңа ақпараттық технологияның әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай тиімді
жақтары бар екеніне көз жеткіздім:
- Оқушының оқуға деген ынтасы артады;
- Әр оқушының жеке қабілеті айқындалады;
- Үлгерімі нашар оқушыға көңіл бөліп, оларға көмектесу мүмкіндігі туады;
- Жақсы оқитын оқушының тереңірек білім алуына жағдай туады;
- Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;
- Оқушы өз білімін бағалай білуіне мүмкіндік туады.
Оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны
көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы
қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас
ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз. Бұл жолға жетуге ақпараттық құралдардың тигізер пайдасы орасан
зор. Демек, жаңа ақпараттық –коммуникациялық технологияларды пайдалану- білім сапасын
арттырудың бірден–бір жолы. Оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға, белсенділігін
арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар.
Қазақ тілі, әдебиеті пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте
зор. Бұл-заман талабы.
Әдебиеттер
1. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі мен технологиясы. Алматы: Мектеп, 200.3
2. Қазақ тілі мен әдебиеті. 2012.№11
3. Қазақ тілі мен әдебиеті .2011. №3