Қазақ тіл білімі тарихы алматы, 2016



жүктеу 350,49 Kb.
бет25/46
Дата11.01.2022
өлшемі350,49 Kb.
#32175
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46
Қазақ тіл білімі тарихы

МАРХАБАТ ТОМАНОВ

 

А. Вамбериден басталатын әлемдік түркітану ілімінің салыстырмалы-тарихи тұрғыдан зерттелуінің үлкен бір саласы  ХХ ғасырдағы Н.А. Баскаков, И.А. Батманов, А.К. Боровков, Н.К. Дмитриев, Ф.Г. Исхаков, А.А. Пальмбах, А.Н. Кононов, Э. Наджип, Э.Р. Тенишев,  С. Аманжолов, С.Е. Малов, К.М. Мусаев, А.М. Щербак, А. Аманжолов еңбектері арқылы, кеңестік түркітану ғылымы ретінде танылды. Бұдан өзге жеке түркі тілдерінің өз ішінде де түркітану ілімі жақсы зерттелді, ғылыми сала ретінде қалыптасып дамыды, түркі тілдерінің салыстырмалы­­тарихи даму жүйесі диахрониялық және синхрониялық бағытта зерделеніп, салыстырылып, салғастырылып, ғылыми­теориялық тұрғыдан нақты ғылыми деректердің негізінде анықталды. Бастысы, бағытталған ғылыми жүйе болды, ол жүйенің арасында жақсы байланыс, ғылыми қарым­қатынас қалыптасты. Әрине, Түркиядағы түркітану мен Ауропа, АҚШ-­тағы түркітану жайында мағлұмат мардымсыз болғанына қарамастан, кеңестік түркітану ғылымының әлемдік деңгейдегі өзіндік ғылыми орнының болғанын, ғылыми­-теориялық деңгейінің жоғарылығын ешкім жоққа шығара алмасы шындық. Әлемдік ғалымдар күні бүгінге дейін С.Е. Малов зерттеулері арқылы көне түркі жазбаларын танитынын, түсінетінін, Н.А. Баскаковтың салыстырмалы грамматикасына сүйенетінін, Э.Р. Тенишевтің басшылығымен жасалған «Древнетюркский  словарь» бойынша сөз мағынасын нақтылайтынын айтсақ та жеткілікті.



Осы кеңестік түркітану ғылымында Қазақ жұртынан шыққан бірнеше біртуар ғалымдар зерттеулері арқылы әлемдік түркітану ғылымына өз есімдерін мәңгілікке жазды. Солардың бірі –филология ғылымдарының докторы, профессор М. Томанов. «Кеңестік жылымық» атанған өткен ғасырдың 70-80 жылдары қазақ өнері мен мәдениетінде қазақ тарихына қатысты, елдің кешегі өткен сүрлеу жолынан тағылым іздеуде көптеген іргелі ізденістер болғаны белгілі.

Танып­­біліп, өзімізді өзгеден,

Көшеміз біз өзімізді бетке алып, –

деп Олжас ақын «АзиЯ» арқылы әлемдік түркітану ғылымына олжа салды, Ә. Марғұлан көшпенділер мәдениетінің бастапқы іздерін жер қойнауынан тапты, І. Есенберлин, Ә. Әлімжанов қолы жеткен мұражайлардағы мұрағаттарды сарыла қарап, «кеңес кезінде ғана көзін ашқан кезбе қырғыз­­қайсақтың» шын тағылымды тарихының бар екенін, ел екенін, жеке ұланғайыр мемлекет болғанын, кәрі тарихтың қатпар­­қатпар сырларынан көркемдік тауып, шалқар шабытты қаламымен халықты тарихтың нұрлы шуағымен жылытты.

Дәл осы тұста тіл­­теңіздің тереңінен тарих сілемдерін тап бастырмай тауып, оған жіті қарап, терең зерттеп, тілде өзгеріссіз сақталған жеке тұлғалар мен қасиетті қара сөзге сіңген қазақ тарихының қасиетін таныған, танытқан ғалым профессор М. Томанов болды. Тіл – таза нақты ғылым. Мұнда жалаң сөзге, қыздырманың қызыл сөзіне, боямаға орын жоқ. Тіл ғылымы нақты тілдік деректерге ғана сүйенеді. Ал тіл тарихына қатысты зерттеуде  сақталған көне мұрағаттар бетіндегі тұлғалар ғана сөйлейді. Біртоға мінезді, артық сөзден гөрі іске біртабан жақын, ғылымда өзіндік ғылыми жолын қалыптастырған профессор М. Томанов зерттеулері осындай көне мұралар тіліндегі тілдік бірліктердің тарихи сипатын ашып, зерделеп, әр таңбадан тарих ізін шолып, бағалап, текті сөздің төркінінен текті қазақтың тарихын аршыған ғылыми зерттеулер қатарында. Ғалымның “Қазақ тілі тарихи грамматикасының мәселелері” (1974), “Түбірлердің дамуы туралы мәселеге” (1974), “Үстеулердің тарихынан” (1975), “Тарихи грамматика мәселелері” (1975 ж.– Т. Қордабаевпен бірге),  “Көне түркі жазуының (Орхон-Енисей) ескерткіштері” (1963), “Махмуд Қашғари (ХІ ғ.)”, “Махмуд Қашғари түркі тілдерінің фонетикалық құрылымы туралы” (1971), “Тарихи морфологияны зерттеуде көне мұраларды пайдаланудың принциптері туралы” (1976), “Көне түркі жазба ескерткіштері – қазақ тілі морфологиясының тарихын зерттеудің көзі болып табылады” (1977) сияқты туындылары әрқайсысы өз алдына бір күрделі мәселенің ауыр жүгін арқалап тұр. “Қазақ лексикографиясының алғашқы нұсқасы” (1968) деп аталатын тарихи  сөздіктануға арнап жазған мақаласынан бастап, М. Томанов орысша-қазақша сөздіктерді құрастыруға  атсалысты (1959, 1960, 1962 т.б.). Олардың ішінде екі тілді құрылыс, архитектура, физика, астрология, заң, педагогика, психология салаларына арналған салалық терминдер сөздігі бар. Көптеген терминдік сөздіктерге алғысөздер жазып, батасын беріп, басылып шығуына мұрындық болды.

Ұстазы профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент мүшесі М.Балақаевтың жетекшілігімен “Қазақ тіліндегі мезгіл мәнді сөз тіркестері“ деген кандидаттық диссертация қорғағаннан кейін, осы жолмен синхрониялық аспектідегі синтаксистің мәселелерін тереңдете зерттеп жүре берсе де М.Томановтың ғылым докторы болуы мүмкін еді. Бірақ, өз заманының  жылы лебін сезінген ғалым, аға ұрпақ айта-айта, бірақ жаза алмай кеткен түркі тілдерінің терең тарихына барлау жасауды өзінің қасиетті борышы сезінгендей. Сондықтан да қазақ мәдениетінің, білімінің қара шаңырағы ҚазМУ-де алғаш рет “Қазақ тілінің тарихи грамматикасы” деген пәннен дәріс оқуға белін бекем буады. Он екіде бір нұсқасы жоқ тіл білімінің бұл саласынан алғаш бағдарлама жасайды, оқу құралдарын жазады. Кейін Республикадағы барлық жоғары оқу орындарына арнап оқу құралын жазып шығады. Сөйтіп, әр жерде айтылып жүрген қазақ тілінің тарихи даму жолдары мен қалыптасуы туралы ойды, жүйелі түрде тиянақтап, оқушы қауымның қолына ұстатады.

Кей ғалымдар қазақ әдеби тілінің бастауы Кеңес өкіметі тұсында ғана болған деген “әләуләйлімді” айтып жүргенде, М.Томанов тілдің тарихын ежелгі дәуірде жазылған тарихи мұралар тілімен салыстыра отырып зерделеп, оның көне бастауын алғаш рет классификацияға түсіріп берген еді.

Ғалым өзінің докторлық диссертациясын 1975 жылы “Қазақ тілі тарихи морфологиясының негізгі мәселелері” деген тақырыпта қорғайды. Айтушылардың сөзіне қарағанда, алты сағатқа созылған ғылыми айтыста өзім дегендерінің өзі өзекке тепкендей болса да, ғалымдық қарымдылық пен белсенді біліктілік жеңіп шыққан көрінеді. Тілдің дамуындағы жүйелі құбылыстарды дәлелдеудің бұлтартпас дәлелдері оның құрылымдық жүйесінде. Сөз құрамы үнемі өзгеріске түсіп отырады, ал морфологиялық құрылымның өзгерісі тек генетикалық-тарихи сипат алады. Осы реттен де М.Томанов тарихи фонетика мен тарихи морфологияны негізгі зерттеу нысаны ретінде таңдап алады да, оның қалыптасу жолын ежелгі Орхон-Енесай мұрағаттарымен салыстыра зерделейді, ХІ ғасырдағы түркі ғұламасы Махмут Қашқари еңбектеріне сүйене отырып, талдау жасайды. Ғалым Махмут Қашқариды өзіне пір тұтқандай көрінеді бізге. Сондықтан да болар, орта ғасыр ғұламасының еңбектеріне алғаш ғылыми баға береді, оның салыстырмалы тіл білімінң атасы болатынын, алғашқы түркі карта жасаушысы екенін тәптіштеп жазады.

М.Т.Томанов түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасын жазуға да түркі тіл білімі ғалымдарының көбінен бұрын кіріседі. Түркітануда мұндай салыстырмалы грамматикалар санаулы. Әрі олардың негізгілері, басты-бастылары – орыс ғалымдарының қаламынан шыққан. Сондықтан да М.Томановтың осы еңбегі арқылы да қазақ тіл білімі түркітануда туыс тілдестерінің қатарында оқ бойы озық тұрады.

Көне түркі жазбаларының тінін ақтарып, оның қазақ тілімен ұқсастығын, айырмасын аңғарып, тіл дамуындағы басты ерекшеліктерді, негізгі заңдылықтарды анықтауға арналған М. Томановтың ғылыми зерттеулерін саралаудың ғылыми­теориялық өзектілігін айтпағанда, бүгінгі түркі жұртының ортақ тарихи даму, қалыптасу жолын анықтаудың ең басты факторы саналатын тіл тарихын зерделеуі – бүгінгі ұрпақтың өзін өзі тануы үшін, түркілік мәдениетті дұрыс танып, сусындауы үшін де маңызды. Ғалым түркі тілінің фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік жүйесіндегі дамудың теориялық негізін салды, өзіне дейін жазылған ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, оны кешенді түрде зерделеді. Басты ғылыми ұстанымы – фонетиканы лексикологиядан, лексикологияны морфологиядан, оны синтаксистен бөліп қарауға болмайтындығы еді. Ұсынған ғылыми теорияларын көне түркілік мұралар мен М. Қашқари еңбектерінен келтірілетін деректер арқылы әдіптеген ғалым зерттеулерінің деңгейі – биік, теориясы тұшымды. Қазіргі күнге дейін ғалым жазған “Қазақ тілінің тарихи грамматикасының” қайта жазылмай отырған себебі де оның бірегей ғылыми туынды болғандығынан.

Бүгінгі Қазақ сөзінің тарихи қалыптасып, мағыналық, тұлғалық және қызметтік тұрғыдан дамуы, ең алдымен, тіл құрамындағы есім сөздер мен  қимыл мәнді атаулардың жіктелуімен байланысты. Осы жіктелудің ең негізгі себебін анықтаған ғалым М. Томанов “фонетикалық ұқсас негіздердің тарихи дамуы барысында жасалған” деп бағамдайды. Сондықтан да бір-біріне ұқсас сөздер ежелгі заманда дербес, бір-бірінен бөлек сөздер болмаған, тек контекст құрамында ғана бір-бірінен ерекшеленген синтаксистік элементтер болған дейді. Ғалым есім түбірлердің табиғатын анықтап қана қоймай, олардың даму жүйесін, грамматикалық категорияларының  қалыптасу жолдарын да түсіндіріп береді. Әсіресе, сын есім мен сан есім, есімдіктердің даму, қалыптасу жолдарын жақсы саралап көрсетіп, синкретикалық түбірлер құрамындағы болатын  дыбыстық өзгерістерді терең талдайды. Түбірлердің нағыз табиғатын тануда басты назар аударатын нәрсе – олардың өзара семантикалық байланыстары деп атап көрсетеді.  Мәселен, ауыр  сөзінен сол процестің нәтижесі саналатын ұғым атауы ауыру есімі келіп шығатынын, немесе, тоң қимылы мен тоң есімі, той  сөзі мен той, тоқ,  ысы – ыстық, сен – сенім, бықсы – бықсық, нан – наным есімдері арасындағы мағыналық байланыстың тарихи себебін анықтап, олардың арасындағы себептілік байланысты көрсетеді.

М.Томанов алтаистикада, түркі тілінде қалыптасқан ғылыми ойларға, тұжырымдарға сүйене отырып, бірінші рет қазақ тілінің тарихи грамматикасын жазды. Бұл күні бүгінге дейін бірегей еңбек әрі дара оқулық ретінде танылып отыр. Оқулықта қазақ тілі тарихын зерттеудің негізгі әдістері, кезеңге бөлу мәселесі, қазақ тілінің түркі тілдері жүйесіндегі орны бірінші рет ғылыми негізде сараланды. Тарихи фонетика мен тарихи морфологияның негізгі теориялық мәселелері кешенді түрде жинақталып, бай тілдік деректер арқылы зерделенді. Тілдің қазіргі морфологиялық құрылымын оның динамикалық дамуының жемісі ретінде таныған автор тілдік деректерді тарихи ескерткіштер фактілерімен салыстырып, түбір ретінде танылып жүрген көптеген сөздерді алғашқы түбірі мен қосымшаға ажыратады. Бастысы, тіл дамуындағы морфологиялық даму заңдылықтарын  жүйелеп көрсетіп берді. Түркітанудағы айтылған ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, бір буынды түбірлердің өзгеруіндегі басты ерекшеліктерді  анықтады. Сөйтіп ғалым қазақ тіл біліміндегі тарихи морфология мен тарихи фонетика саласын толық қалыптастырды.

Қазақ тілінің тарихи грамматикасы – қазіргі қазақ тілінің тарихи бастаулары мен қайнар көзін анықтап, өзге түркі тілдерімен салыстыра отырып, олардың арасындағы байланысты, сабақтастықты терең зерделейтін, көне түркі жазба мұраларының тіліндегі тілдік бірліктерді талдап, олардың бүгінгі тіліміздегі көріністерін саралайтын, қазіргі тіліміздегі қолданыстағы кез келген тілдік форманың тарихи сипаттамасын ашып көрсететін ерекше пән. Профессорлар М. Томанов пен Ғ. Қалиев алғаш осы пәнді негіздеп, жүйелеп, оның типтік бағдарламасы мен оқулығын жазып Қазақ ғылымында тарихи грамматиканың негізін қалаушылардың бірі болды. Кеңес заманында Жоғарғы оқу орындарында орыс тілінің тарихи грамматикасымен қатар қазақ тілінің тарихи грамматикасы Республика көлемінде іргелі пән ретінде күні кешеге дейін осы авторлардың бағдарламаларымен, оқулығымен оқытылды. Бір өкініштісі, осындай іргелі пән қазіргі қазақ филологиясы кафедрасының басшылығының «арқасында» республикалық деңгейдегі оқу стандартынан шығарылып, оның орнына сол «апайымыздың» маманданған пәні оқытыла бастады. Уақытша болса да, бұл  ертеңгі қазақстандық түркітану ғылымының дамуына тұсау болары анық.

Ғалымның 60 жылдық мерейтойында досы профессор Қайырболат Есенов “Ғалым мерейі” атты мақала жазып, мынадай пікір айтқан екен: “Профессор М. Томанов еңбектерінің күре тамыры қазақ тілі грамматикасы мәселелерін зерттеуде жатыр. Оның өзінде де алғашқы ізденістері тіліміздің синтаксистік құрылысын қарастырудан басталған. … Ғалымның өзге еңбектері өз алдына бір төбе болса, тарихи грамматика жайындағы зерттеулері өз алдына шоқтығы биік жеке бір төбе болатынын ашық айтуымыз қажет. Мұнда қазақ тілінің фонетикалық жүйесі мен жеке сөз таптары тарихи тұрғыдан жан­жақты сөз болады. Бұл ретте грамматикалық категориялардың қалыптасуы мен даму жолдары белгілі бір формалардың тарихи заңдылықтары негізінде туыстар тілдермен салғастырыла қарастырылады” [Тіл тарихы туралы зерттеулер. 591-бет]. Бұдан байқалатыны, замандастары, қаламдас ғалымдар М. Томановты тарихшы ғалым ретінде жоғары бағалаған. Оның қаламынан туындаған ғылыми зерттеулердің тереңдігі мен ғылыми бағасының жоғарылығын білген, мойындаған.

М. Томанов —  түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасын жазып, түркітануға үлкен үлес қосты. Ежелгі деректерді кешенді, жан-жақты салыстыра зерттеу арқылы түркі тілдерінің фонетикалық және морфологиялық құрылысының басты ерекшеліктерін ашып көрсетті.     Түркі тілдерінің негізгі жүйелілік ерекшеліктерін анықтап,  оларға тән ортақ  белгілерді көрсетіп берді. Әлеуметтік, экономикалық, тарих ерекшеліктеріне сәйкес қазіргі түркі халықтарының тарихи этногенездік тұрғыдан әр диалектіде сөйлеген тайпалардан құралғанын ескере отырып, әдеби тілді қалыптастырған негізгі арнаны тауып, тілдегі басты заңдылықтарды анықтады. Соңғы мың жарым жыл бойында түркі халықтары басқа халықтармен жиі қарым-қатынасқа түсіп, өте кең көлемді мекенді жайлап, түркі тектес емес тайпалардың тілдерін ассимиляциялап, түркілік сипат бергенін дәлелдеді.

Морфемалардың бір-бірінен жігі айқын ашылып тұратындығы, түбір морфеманың семантикалық және грамматикалық жағынан дербес қолданылатындығы, әрбір морфема сөз құрамында белгілі  бір семантикаға ие болатындығы М.Томанов еңбектерінде тарихи тұрғыдан дәлелденіп, ғылыми-теориялық бағасын алды. Қай уақытта болса да тіл тарихын, мәдениет тарихын, әдебиет тарихын жүйелеу, белгілі кезеңдерге бөлу маңызды саналады. Халықтың қалыптасу тарихымен біте қайнасып, ұласа дамып жатқан қазақ тілінің өзіндік даму, қалыптасу жолы бар десек те, ол елдің даму бағытымен тұтасып, халықтың даму жолымен бірге қарастырылуы қажет. Тіл білімінде түркі тілдерінің, соның ішінде қазақ тілінің даму және қалыптасу жолдарын анықтап, зерделеген ғалымдар көп емес. Кей ғалымдар тілдің даму жолын ғылыми болжамдармен ғана пайымдап көрсетіп, оның қалыптасу сипатын тек ойша жасалған гипотеза арқылы айтуға талаптанады.

Қазақ тілі – түркі тілдер тобындағы біршама жас тіл ретінде де таныла бастағаны белгілі. Оның дамудың күрделі процестерінен өткен өзіндік граматикалық құрылымы, қалыптасу тарихы бар тіл екеніне қарамастан, Кеңес заманындағы түркітану ғылымының аса білімпазы саналған үлкен ғалым, беделді ғалым С. Малов қазақ тілін  ең жас тілдердің қатарына жатқызады. Қай кезде де беделді ғалымдардың айтқан пікіріне қарсы дау айтып, жаңа ерекше көзқарас білдіру оңай болмаған ғой. Қазақ тілінің  өзге түркі тілдерінің қай­қайсысымен салыстырғанда да, бастау бұлағы – ортақ, даму жолы ­ бір, сондықтан оның кейін шыққан жас тіл бола алмайтындығын терең ғылыми пайымдаулармен, тарихи деректермен дәлелдеген ғалым да М. Томанов еді. Тіліміздегі сөз басында қатаң дыбыстардың мол айтылатынын тілге тиек еткен ғалым, қатаң дыбыстардың тарихи көне процесс екенін алға ұстай отырып, қазақ тілі жас тіл деген ғылыми пікірге дау айтады. С. Маловтың  пікіріне қосыла алмайтынын жасырмай, ойын былайша тұжырымдайды: “…қазақ тілінде ұяңдар мен қатаңдардың арақатынасы да шамалас, рт, лт, нт тәрізді көне дыбыс тіркестері де екі буынды сөздер құрамында сақталған. Бірақ бұл соңғы ерекшеліктер қазақ тілінің де пәлендей жаңа емес, оның қалыптаса бастауы да сол көне дәуірлерде болғандығының дәлелі бола алады”. Қоғамдық сананың, ойлаудың логика-прагматикалық түрi күшейiп, мифологиялық, дiни сана түрлерiн ығыстырып шығарумен байланысты халықтық тілдің тарихын жүйелеуге де ерекше көзқарас қажет екені анықталуда. Осы ретте профессор М. Томановтың зерттеулерінің маңызы артады, тіл тарихын жүйелеуде  автор ұстанған өзіндік принциптің мәні қазіргі таңда ерекше бағалауға лайық. Яғни тіл тарихы мен оны жасаушы халық тарихын бір-бірінен бөлек қарастыруға болмайды. Сондықтан автор Қазақ тілінің тарихын “қазақ” этнонимі шыққан кезеңнен бастап жүйелеуді, ал оның бастапқы бастау көздерін көне заманнан бастау керектігін ұсынады.

Профессор М. Томанов көне түркі ескерткіштерін тек лингвистикалық тұрғыдан ғана зерттеп қоймай, сонымен бірге әдеби де, тарихи да, археологиялық та мұра ретінде қарастыруды жақтайды. Қазіргі зерттеу жұмыстарында бұл мәселе осындай күрделі аспектіде жан­жақты әрі кешенді  түрде қарастырылуда. Мәселен, Х­ХҮ­ғасырларда жазылған зерттеулерді жүйелеу барысында ғалым мынадай пайымдаулар айтады: “Бұл заманда қазақтың бай ауыз әдебиеті туды, авторлық әдебиет ­ жазба әдебиет пайда бола бастады”. Яки ғалым жазба әдебиет пен ауыз әдебиетін қатар қарастыра отырып, олардың орны мен өзіндік ерекшеліктерін үнемі айқындап отырады. Бұндай ойлар кейінгі зерттеушілердің фольклорға қатысты  өздерінің қатынасын қалыптастыруға итермелейді, жетелейді. Ауызекі тілде жасалған туындылар да тіл тарихын анықтауда өзіндік мәнге ие болады. Ғалымның тіл тарихына қатысты жазғандары білім көкжиегінің кеңдігін, арналы білігін танытады. Қазақ тіліндегі, көне не орта түрік тіліндегі сөздер мен сөзтұлғаларды ғана сөйлетіп қоймай, тілдік деректерді ареальдық бағытта, алтаистикалық деңгейде салыстыра, салғастыра зерттеді. М. Томанов М. Қашқаридың “Дивани лұғат­‑ит түрк” атты еңбегін ауызекі сөйлеу тілінің жинағы ретінде көрсетеді. Біздің пайымдауымызша, бұл берілген баға ­ дұрыс баға еді. Қашқари еңбегінде берілетін мысалдар ретінде алынатын мақалдар мен мәтелдер, аңыздар ауызекі сөйлеу тілінің бірліктері екені анық. Ғалым М. Қашқари еңбегін терең зерттеу арқылы мынадай тұжырым айтады: “Қашқари кітабында берілген қыпшақ материалдары бүгінгі қазақ тілінің алғашқы сипатын танытады”. Өз кезі үшін бұл өте батыл пікір болатын.



Филология ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық түркология комитетінің мүшесі М.Т.Томановтың ғылыми еңбектері сан-салалы, жан-жақты. Егер санамалап көрсетер болсақ, ол қалам тартпаған тіл білімінің саласы жоқтың қасы. Сірә, бұл ғалымның қарымдылығы, білім тереңділігі болса керек. Сірә, бұл өз кезеңінде ғылымда туындап жатқан сан түрлі қажеттіліктердің үдесінен шығуды көздеген еңбекқорлық болса керек. Сірә, бұл ғылымға деген, қазақ тіліне деген шексіз құрметтен туындаса керек.  Ғалым қазіргі қазақ тілінің синтаксисі, стилистикасы, морфологиясы, қазақ әдеби тілі, диалектологиясы, қазақ тілінің тарихи грамматикасы, ежелгі жазба мұрағаттар тілі, тарихи фонетика, түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы сияқты күрделі мәселер жөнінде терең теориялық мәні бар үлкен-үлкен ғылыми еңбектер арнапты. Құны атан түйеге бергісіз сүбелі ғылыми туындылар бүгінгі тәуелсіз Қазақ елінің мемлекеттік тілі саналатын қазақ тілінің болашақтағы ғылыми­­теориялық тұрғыдан дамуына да талай уақыт қызмет ете берері даусыз.

 


жүктеу 350,49 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау