«Қазақ мұнайының а р дақтылары»



жүктеу 53,32 Mb.
бет32/47
Дата13.11.2017
өлшемі53,32 Mb.
#35
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   47
***

215


Шахмардан ағаның кісілігі мен көсемдігін, білімі мен шешендігін досы да, қасы да, барша замандастары мойындаған адам. Оның бағы мен тағы, білігі мен көркі көрген жанды қызықтырмай қоймайтын. Тағдыры- ма ризамын, жас кезімде бір кездестіріп, ұмытылмастай тұлғасымен көңілімде қалды. Есейіп, ер жеттік, яғни, 1964-1969 жыл аралығында Қазақ политехникалық институтын ойдағыдай аяқтап, ректор шешімімен инженер-құрылыс факультетіне мұғалім болып қалдым.

Содан біраз жыл өткен соң маған институт саяжай салуға жер береді. Көршім, институтта электротехникадан сабақ берген Псарев деген ұстазым, зейнеткер саяжайын сатып, оны Есенов алмасы бар ма. Содан, құдай қосқан көрші болдық та шықтық. Шахаң да, жеңгей Кәмила да «көрші қақысы-құдай қақысы» дегенді молынан түсінетін жандар екен. Екеуі де жайдары, қарапайым, мейірбанды. Мен «министр, президент» болып едім деген кеуде Шахаңда жоқ, қарапайым, көңілі жарқын. Қаншама жас кіші мені «Сәке!» деп, өзімді де, көңілімді де көтеріп қояды. Шахаңның әдемі, орынды қалжыңы таусылмайтын. Отырған жерінде әзілін де, аталы сөзін де айтып, айналасын шаттыққа толтырып, тамаша бір мереке жасап отыратын. Бір күні маған:

Сәке, Сіз бен біз қалада көп тұрып қазақтың ұлттық дәстүрін ұмытып қалыппыз-ау! Осы «ерулік» дегенді бұрыннан отырған үй беруші ме еді, жоқ әлде көшіп келген үй беруші ме еді? – деді, түк білмегенсіп. Айналамызда тыңдап отырған адамдар орынды қалжыңға, дөп айтылған әдемі әзілге жамырай күлісті.

Шаха, Сіздей адамды дайындықсыз шақыруға бола ма? – деп алдым да, Біз бір ай дайындалдық, енді дайындық та аяқталды, қозы да пісті! Ерулік келесі жетінің жексенбісінде! – дедім.

Кәмила, онда екеуміз қонақ болуға дайындалатын болдық қой, Батыр, дайындалуға бір жеті жете ме? – деді, жарқылдай күліп.

Інішектерді ұмытып кетпеңіз, бәріңізді шақырамыз! – дедім, ер жетіп қалған ұлдарының да келгенін қалап.

Бауырым-ау! Мынауың ерулік емес, той болды ғой, деді тағы да күліп.

Шаха! Сізді Маңғыстаудан танитынымды, енді көрші болып жатқанымызды айтып, бір ай болды достарыма мақтанғаныма... енді, оларды таныстырайын деп едім...

216 Шахмардан Есенов
А, қалай, біз таныс па едік? – деді Шахаң.

Мен Шахаңа, баяғы 1962 жылғы Өзен барлау экспедициясына барған сапары туралы айтып бердім...

Ол бір заман екен-ау! Біздер демалыс күндерімізді көбіне саяжайда өткізетінбіз. Шахаңдар да жиі келетін. Кездесіп қалса болды, «жүр, Кәмиланың шәйін ішелік» деп, ылғи үйіне алып келетін. Шеті жоқ әңгімелер айтатынбыз. Көбіне көп ашылған кен орындары, Маң- ғыстау туралы, Жетібай мен Өзен мұнайын өндіру төңірегінде сөз қозғайтын.

Саясат туралы да, өз жұмысының төмендетілуі туралы да естелік айтуға құмар еместігін байқап мен де ештеңе сұрамайтынмын. Шахаңның Димекең, Дінмұхамед Қонаев туралы пікірі өте жоғары болатын. Бірде: «Димекеңдей азаматты өкпеге қиюға болмайды ғой» дегені әлі есімде.

Шахаңның айтқан бір естелігі есімде қалыпты. Бұл Кеңес Үкіметінің ең жоғары билігінің басында болған Леонид Ильич Брежневтің Қазақстанға келіп-кеткен бір бейресми сапары туралы әңгіме еді. Шахаң:

«Менің Ғылым Академиясының президенті кезім. Ол кезде академияның беделі жоғары, дәрежесі де жоғары болатын. Ұмытпасам, Қазақстандағы ең жоғары айлық-жалақы менікі болатын. Бірақ, шетелдің өзіммен дәрежелес бір қонағы келгенде сол айлық құрмет көрсетуге жетпей жататын.

Америкаға барғанда ол елдің Ғылым Академиясының маған көрсеткен құрметі туралы айтып, сөзбен жеткізу қиын. Басқасын айт- пағанда, жарқыраған аппақ кемемен мұхитқа алып шығып көрсеткен кереметтері, табиғат көріністері, небір құрметтеу шаралары мәртебеңді өсіріп, көңіліңді көтереді. Біздер қаншама жерден тыраштанғанмен, ондай құрмет пен қошеметті көрсете алмаймыз. Олар алдында кедейлігіңді амалсыз мойындайсың, сосын намыстанасың. Тіптен өзіміздің «Волга» автомашинасына екі бүктетіліп мініп-түсудің өзі ұят. Жеріміз бай, бірақ шетімізден кедейміз...

Қойшы, содан, бір күні Орталық Комиттетің бір жауапты қызметкері өзіне шақырып, маған өте құпиялы түрде, бүгін Мәскеуден Леонид Ильич ұшып келетінін, Қонаев дачасында қабылданатынын, соған тек менің ғана шақырылып отырғанымды айтты. Қасыңызға ешкімді ерітпеңіз деп ескертті.

Адамның қасиеті өзінде емес сөзінде!

217


Дәл уақытында Димекеңнің дачасында болдым. Бір кезде Димекең мен Брежнев, мәртебелі қонағымыз да келді. Амандық-саулық сұрасып дегендей, біршама уақыт өткізіп, дастарханға отырдық. Бес кісіміз: екі көсем, екі көмекші және мен. Дәмді тамақтар, ләззатты шараптар, әзіл әңгімелер... Уақыт өтіп жатты. Қонағымыз аздап қыза бастады. Біз де көңілдіміз...

Даяшы қыз тағы бір дәмді тамағын алып келді. Леонид Ильичтің назары даяшы қыздың көрікті көркін көріп, байқап қалған секілді. Ол басын шайқап: «какая красавица!» деді де, көмекшісіне қарады. Сол-ақ екен көмекшісі бір қобдишаның аузын ашып, алдына тоса қалды. Іші толған алтын сағат. Ол асықпай қарап, ішінен әдемі деген бір алтын сағатты алып даяшы қызға ұсына тұрып: «На! Носи себе на здоровье!» (Шахаң, Брежневтің дауысын айнытпай салып айтты С.Н.) деді. Отырыс созыла түсті. Бір заманда әлгі оқиға сол күйінде қайталанды. Кезекті тағы бір тамақ келді. Лекеңнің көзі әлгі қызға тағы да түсті. Лекең көмекшісіне қарайды, көмекшісі қызға қарайды, қобдишаның қақпағы ашылады, тағы бір сағат қызға тағылады (Шахаң, мәз болып күліп алды – С.Н.). Екінші рет қызға алтын сағат бергелі жатқанда мен: «жаңа бергенсіз» деп, ескерткелі аузымды аша бергенімде Димекең ажырая бір қарап, тоқтатып тастады. Сол күні сол даяшы қыз үш алтын сағатқа ие болды.

Ал менің бұл құпия отырысқа не үшін шақырылғаным келесі күні белгілі болды. Келесі күні Орталық Комитеттің жігіттері шақырып, кешегі «көңілді» кештің шығындарын өтеу керек еді деп, есеп-қисапты қолыма ұстатты. «Отыз жеті мың сом!» Менің дауысым қаттырақ шығып кеткен болуы керек, жігіттер таң қалып қарады да, «төлейсіз» деді. Төлемеуге себеп-салдар іздеп, біраз күн жүрдім де, болмайтын болған соң төлеп құтылдым».

Тағы бірде Шахаң шақырып жатыр деген соң үйіне келдім. Бір кісімен таныстырды, құдам деді. Сөйтсем, құдасы қазақтың зиялы бір азаматы Ықсанов Мұстахим Біләлұлы екен. Дастархан жайылып, үйден пісіріліп әкелген, мұздатылған тұтас қой саны мен төстігін қойды ортаға. Әркім өз пышағымен қалаған жерінен кертіп жеп отыр. Шәй ішіліп болған соң Шахаң: «Сайын, проферанс ойнаушы ма едің, қол қарауға қалайсың», – деді. Кәмила жеңгей болса: «айналайын, Сайынжан! Бұларға жолама, ұтылып қаласың...» деп шырылдап жатыр. Онша жанға батпайтындай ұтылдым-ау деймін, есімде қалмағанына қарағанда.

218 Шахмардан Есенов
Шахаңның құдасы, Мәкең (Ықсанов) елімізге еңбегі сіңген, ұзақ жылдар билік басында болған, көпті көрген, көп нәрсені ойға түйген ақсақал екен. Екеуі бір-біріне биязы мінезімен, асықпай сөйлейтін сабырлылығымен, батыр тұлғасымен қатты ұқсайтын. Мәкең Шахаңның үлкен ұлы Махсұттың жары Гүлнардың әкесі екен.

Ойыма Шахаңды алсам, ортаншы ұлы Ескендірі түседі. Ол Черно- быльдағы атом реакторы апатқа ұшыраған кезде алғашқылардың бірі болып көмекке кетіпті. Кейде-кейде Ескендір сол Чернобыльға бірге барған төрт-бес достарымен саяжайға келіп, от жағып, гитараға қосылып ән айтып, ұзақ-ұзақ отыратын. Олардың әндері шетінен мұңды, сазды келетін. Жас жігіттер болашақ тағдырларын толық сезінетіндей көрінетін маған, сол кезде. Жас өмірлерінің қиылып бара жатқанын сезіп, жүрегім сыздайтын. Шахаң баласын алып қалудың есебін таппаған-ау деп, өкінетінмін...

Шахаң туралы ойлағанда, ол кісінің Маңғыстауға, оның халқына сіңірген еңбегі еріксіз еске түседі. Ол Маңғыстау мұнайы жөнінде ойлана сөйлеп, қинала айтатын:

«Маңғыстаудың мол мұнайын игеруге өзіміз аздық еттік, жергілікті ұлт кадрлар жетіспеді. Мұнай факультеті ашылғанмен, бітіріп үлгере алмай жатыр. Содан, мұнайшы мамандарды басқа жақтан шақыруға тура келді. Мемлекет Маңғыстауға мол қаражат бөлмек. Сол қаражатты өз халқым, қазағым игілігін көрсе екен деген ой Шахаңа маза бермепті. Жоғарғы жақтағы басшылармен келіспей-ақ, өзі Түркіменстанға адам жіберіп, ол мұнайшылармен, жай халық өкілдерімен кездеседі. Маңғыстауға қоныс аударуға үгіттейді, қаржылай көмек көрсетуге уәде береді. Халық біртіндеп туған жерге орала бастайды. Бір күні жедел Шахаңды Мәскеуге шақыртады, Орталық Комитет қатаң талап қояды, «Түркіменстаннан бір үй көшіріп алатын болсаң, партбилетті столға қоясың!» дейді олар...

Шахаң осы естелігін қинала отырып, көпке берген уәделерін орындай алмағандарына ренжи отырып еске алғаны менің де дәл кешегідей есімде.

Ақыры, олардың орнын, елден-жұрттан қашқан қашқындар мен оңай олжа тапқысы келген келімсектер Маңғыстауды жаулап алды емес пе?! Сол кезден бастап Маңғыстау өзінің маң тіршілігінен, ізгілігі мен бір-біріне деген қайырымы мол «мінезінен» айырылып, өзгере бастады, бұзылды. Мұнай Маңғыстау өндірісін дамытуға

Адамның қасиеті өзінде емес сөзінде!

219


қанша пайдасын тигізсе, соншалықты зиянын он алты республика- дан келген «көмекшілер» түрлі жаман нәрселерді көрсетіп, бізді оған

«тәрбиелеп» те кетті.

Кейіннен бәрібір түркімендегі қазақтар біреуі мәшинемен, бірі түйемен, екіншісі атпен болса да, Маңғыстауға көпшілігі көшіп келеді. Көштің басын туған жерге түзеп, астыртын адам жіберіп:

«Маңғыстауға оралыңдар!» деп, шақыртқаны үшін ғана Шахмардан

Есеновты халық ұлық тұтып еді.

Қазақ халқы, Маңғыстау елі Есенов Шахмардан секілді ел үшін еңбек еткен, қазағының қамын жеген Ұлы ұлын ұмытқан жоқ! Оны мәңгілік есте қалдыру мақсатында Ақтау қаласындағы ең жоғары оқу орнына Шахмардан Есенов есімі берілді.


С. Шалабаев, еңбек ардагері

жүктеу 53,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау