«Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» кәсіптік стандарты



жүктеу 311,14 Kb.
Дата14.01.2018
өлшемі311,14 Kb.
#7531


Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 752 бұйрығымен бекітілген
«Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және

пайдалану» кәсіптік стандарты


  1. Жалпы ережелер

1. Кәсіби стандарт:

еңбек нарығының қазіргі заман қажеттілігіне жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға, кәсіби қызметтің мазмұнына бірыңғай талаптарды анықтауға;

қызметкерлерді басқару саласында кең шеңбердегі міндеттерді шешуге;

білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сонымен қатар тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;

кәсіби даярлықтарын бағалауды жүргізуге және мамандардың біліктілік сәйкестігін растауға арналған;

2. Кәсіби стандарттардың негізгі қолданушылары:

білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;

ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, ұйымдардың қызметкерлерді басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

кәсіптік даярлықтарын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы мамандар.

3. Кәсіби стандарттардың негізінде қызметтің, лауазымның, біліктілікті арттырудың, қызметкерлерді аттестаттаудың, еңбекті ынталандыру жүйесінің және т.б. функционалдық модельдеріне қатысты ішкі, корпоративтік стандарттары әзірленуі мүмкін.

4. Осы кәсіби стандартта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір қызмет түрі шеңберінде еңбек міндеттерін сапалы орындауға дайын болуы;

2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметінің стандарттан басқа болуы, жауапкершілігі және дербестігі бойынша сараланатын қызметкерлер құзыреттілігіне қатысты талаптар жиынтығы.

3) еңбек қызметінің түрі – кәсіптік қызметтің негізгі және қосалқы функцияларды іске асыруды көздейтін құрамдас бөлігі;

4) еңбек функциясы – еңбек үдерісінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы;

5) еңбек мәні - белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;

6) еңбек құралы – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;

7) жұмыс (кәсіп) тобы – жұмыстың ұқсас түрлерін біріктіретін кәсіби жұмыстар саласы;

8) кәсіптік қызмет саласы – біріккен ортақ негізі бар және оларды орындау үшін ұқсас құзыреттер жинағы бар сала қызметі түрлерінің жиынтығы негізгі және қосалқы функцияларды іске асыруды көздейтін сала қызметінің бір бөлігі;

9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

10) кәсіптік стандарт бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасынан тұратын кәсіптік стандарттың құрылымдық элементі;

11) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қаблеті;

12) лауазым – ұйымның ұйымдастырушылық-әкімшілік жүйесіндегі функционалдық орын;

13) міндет – нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;

14) сала - бір типті өнім құруда, өндіріс технологиясы, жұмыс істейтіндердің негізгі қорлары мен кәсіптік дағдыларында ортақ мақсаты бар кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы;

15) салалық біліктілік шеңбері – салада құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

16) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

17) функционалдық карта – әр түрлі кәсіптік қызметтер саласында немесе шеңберінде белгіленген, қызметкер орындайтын қызмет түрлерінің, атқарымдары мен міндеттерінің құрылымданған сипаттамасы.

5. Осы кәсіби стандартта мынадай қысқартулар пайдаланылады:

КҚ – кәсіптік қызмет;

ҚТ – қызмет түрі;

КС – кәсіби стандарт;

ҰБШ – Ұлттық біліктілік шеңбері;

СБШ – Салалық біліктілік шеңбері;

БТБА – Жұмыс және жұмысшылар кәсіптерінің Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамасы;

ҚР МЖ 01-99 – «Қызметтердің жіктеуіші» 01-99 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеуіші;

ҮБС - Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілері лауазымдарының Үлгілік біліктілік сипаттамалары;

Ф – функциялар;

М – Міндеттер.

  1. Кәсіптік стандарттың паспорты

6. Экономикалық қызметтің түрі (кәсіптік қызмет саласы): Көлік және жинақтау.

7. Экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты: тасымалдарды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару.

Кәсіби стандарт «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» кәсіптік қызмет саласында еңбек мазмұнына, сапасына, жағдайына, қызметкердің біліктілігі мен құзыреттеріне қойылатын талаптарды айқындайды.

8. Еңбек қызметінің түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері осы КС 1 Қосымшасында көрсетілді.

Стандарт талаптары осы саланың мынадай қызмет түрлері мен кәсіптеріне қатысты қолданылады: автокөлік жүргізуші және автокөліктерді жөндеу жөніндегі сілесір.



  1. Еңбек қызмет түрлерінің (кәсіп) карточкасы


Параграф 1. Автокөлік жүргізуші

9. СБШ – 2-4 бойынша біліктілік деңгейі.

10. Мүмкін болатын лауазым атауы: автокөлік жүргізуші.

11. «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» кәсібі субъектіні автокөлік құралын басқару сияқты негізгі функцияларды жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және істей алуға міндеттейді.

Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 2 Қосымшасының 1 кестесінде көрсетілді.

12. Автокөлік жүргізушіның еңбек жағдайына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 2 Қосымшасының 2 кестесінде көрсетілді.

13. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі осы КС 2 Қосымшасының 3 кестесінде көрсетілді.

14. Автокөлік жүргізушіның орындайтын еңбек іс-әрекеттері және кәсіби стандарттың бірлігін сипаттайтын функционалдық картасы осы КС 2 Қосымшасының 4 кестесінде көрсетілді.

15. Автокөлік жүргізушіның құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 2 Қосымшасының 5, 6 және 7 кестелеріңде көрсетілді.
Параграф 2. Автокөліктерді жөндеу жөніндегі сілесір
15. СБШ – 2-4 бойынша біліктілік деңгейі.

16. Мүмкін болатын лауазым атауы: автокөліктерді жөндеу жөніндегі сілесір.

17. «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» кәсібі субъектіні автокөлік жөндеу басқару сияқты негізгі функцияларды жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және істей алуға міндеттейді.

Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 2 Қосымшасының 1 кестесінде көрсетілді.

18. Автокөліктерді жөндеу жөніндегі сілесіріның еңбек жағдайына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 2 Қосымшасының 2 кестесінде көрсетілді.

19. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі осы КС 2 Қосымшасының 3 кестесінде көрсетілді.

20. Автокөліктерді жөндеу жөніндегі сілесіріның орындайтын еңбек іс-әрекеттері және кәсіби стандарттың бірлігін сипаттайтын функционалдық картасы осы КС 2 Қосымшасының 4 кестесінде көрсетілді.

21. Автокөліктерді жөндеу жөніндегі сілесіріның құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 2 Қосымшасының 5, 6 және 7 кестелеріңде көрсетілді.

Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету,

жөндеу және пайдалану

кәсіби стандартына 1 Қосымша
Кесте. Еңбек қызметінің түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері


Реттік №

Қызмет түрінің атауы

Еңбек нарығының бағыттары ескерілген кәсіп атауы

01-2005 ҚР МС сәйкес кәсіп атауы





СБШ сәйкес біліктілік деңгейі

1

Әр түрлі үлгідегі және маркадағы жеңіл және жүк автокөліктерін басқару

Автомобиль жүргізушісі

Жүргізуші

2-4

2

Автокөліктерге слесарлық техникалық қызмет жасау және жөндеу жұмыстары

Автомобиль жөндеу жөніндегі слесарь


Автомобиль жөндеу жөніндегі слесарь

2-4

Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету,

жөндеу және пайдалану

кәсіби стандартына 2 Қосымша


1 Кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы




«Қызметтердің жіктеуіші» 01-99 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеуіші (ҚР МЖ 01-99)

Базалық топ

8322

ҚР Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (БТБА)

БТБА шығарылымы, тарауы

52-шығарылым «Автомобиль және қалалық электр көлігі» бөлімі

БТБА бойынша мамандық

Автомобиль жүргізушісі

СБШ біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разрядтар

2.1, 2.2

2

3.1, 3.2

3-4

4.1, 4.2

5-8


2 Кесте. Еңбек жағдайына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар





Кәсібі бойынша болуы мүмкін жұмыс орындары

Жабдықталған және аттестатталған жұмыс орындары

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы

Ауыр көтеру, жоғары немесе төмен ауа температурасы, зиянды заттардың немесе газдардың ШРК ықтимал артуы.

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары

ҚР Заңнамасына сәйкес

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі


Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

2.1, 2.2

Жалпы орта білімі бар болғанда автомектепте ұйымдастырылған курстар немесе тиісті лицензиясыбар арнайы оқу орнында оқыту

Талап етілмейді

3.1, 3.2

Техникалық және кәсіптік білімнің белгіленген деңгейі және практикалық жұмыс тәжірибесінемесе практикалық жұмыс тәжірибесінсіз, техникалық немесе кәсіптік білімнің жоғарылатылған деңгейі

2-деңгейде 1 жыл

4.1, 4.2

Техникалық немесе кәсіптік білімнің жоғарылатылған деңгейіжәне практикалық жұмыс тәжірибесінемесе немесе практикалық жұмыс тәжірибесінсіз орта буын маманының біліктілігі

3-деңгейде 2 жыл


3 Кесте. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі

(кәсіптің еңбек функциялары)





Еңбек функциясының №

Еңбек функциясының атауы

(кәсіби стандарттың бірлігі)



1

Атокөлікті рейске шығар алдында техникалық байқаудан өткізу

2

Автокөлік құралын басқару

3

Орындалған жұмыстардың сапасын тексеру


4 Кесте. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі

(функционалдық карта)





Еңбек функциясының №

Еңбек мәні

Еңбек құралдары

Міндеттер (еңбек іс-әрекеттері)




1




Көтергіш, қарау алаңы, көзбен шолып қарау

1-1) Тежегіш жүйесін тексеру: педальдардың еркін басылуы, тежегіш сұйықтығының деңгейі, саңылаусыздығы, тежегіштердің жұмысы; су бөлгіштен және ауа баллондарынан конленсатты төгу; көтергіштегі автокөлікті – рульмен басқаруды; жүріс бөлігін; аспаны ; сұйықтықтың ағуын және т.б. болмауын қарап тексеру. Автокөлікке жанармай құю

Медициналық қызметкердің жүргізушінің сыртқы түріне қарап тексеруі.Қан қысымын тексеретін аспаптар және басқалары

Медициналық пункт (медициналық мекеме)

1-2) Жүргізуші денсаулығының физикалық жағдайын тексеру.





Жол қағаздарының бланкілері, тауарлық-көліктік жүкқұжаттар және өзге де құжаттар

Нормативтік – техникалық құжаттама

1-3) Рейске шығатын құжаттарды дайындау: жол қағазы, тапсырма алу, тауар-көліктік жүкқағазды және т.б. құжаттарды алу

2

Автокөлік құралы (автомобиль)

Автокөлік құралын басқару тетігі (руль, ажырату муфтасының педалі, тежегіш, акселлератор, жылдамдық корапшасын, қол тежегішін басқа жылдамдыққа іске қосу). Фара жарығының ретеуіштері, бұрылыс айырып-қосқыштары, терезе тазартқыштар, аспаптар тақтасының көрсеткіштері, борттық компьютердің сигланизаторлары. Слесарлық және доңғалақ жөндеу құралы, сүйретуге арналған құралдар, өрт сөндіруге арналған қозғалмалы құралдар (өрт сөндіргіш), жүргізушінің дәрі қорабы.

2-1) Белгіленген бағдар бойынша жолға шығу, автокөлікті жүк тиеуге дұрыс қою, жүктің дұрыс тиелуін және жүктің автокөлікке дұрыс бекітілуін бақылау

2-2) Автокөлікті белгіленген бағыттағы жолмен жүргізу, жол жүру ережелерін сақтау; қозғалмалы құрамның құрамдас бөліктерін бөлшектеуді талап етпейтін туындаған ақауларын жол үстінде жою

2-3) Жүкті тапсырыс берушіге жеткізу және тапсыру. Тапсыру-қабылдау құжаттарын ресімдеу. Автокөлік кәсіпорнына қайту және автомобильді тұраққа қою

3

Көзбен шолу. Автокөлікке жүкті орналастыру сызбасына және бекітпесіне сай. Автокөліктің салмағын өлшеу және жүк салмағын осі бойынша тексеру.

Бекіту арқандары және темір арқандар, тенттелген кузовтар немесе жүкті жапқышпен жабу. Автокөлік таразысы.

3-1) Жүктің автокөлікке дұрыс тиелуін және дұрыс бекітілуін тексеру, жүктің жолда түгелдігін және сақталуын бақылау.

Жүгі бар автокөлік құралы (автокөлік).

Автокөлік құралын басқару тетіктері, қадағалау аспаптары, жол жүру ережесі.

3-2) Автокөлікті жол үтсінде өздігінен бақылау және автокөліктің дұрыс басқарылуын өздігінен талдау (жол жағдайына және табиғат жағдайына қарай қозғалыс жылдамдығын және жұмыс режимін таңдау), жол жүру ережесін бұзбау және басқалары

Жүктің тұтынушысымен (тапсырыс берушімен) жасалатын шарт; тауралық-көліктік жүкқағаздар және басқа да құжаттар


Орындалған жұмыс актісіне және басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға қол қою.

3-3) Жүкті тапсырыс берушіге шартта көрсетілген мерзімде түгел және бұзбай жеткізу. Тапсырыс беруші тарабынан шағым болмауы.



5 Кесте. СБШ 2-деңгейі автомобиль жүргізушісінің құзыретіне қойылатын талаптар





Міндет

шифры


Жеке және кәсіптік құзыреттері

Дағдылары мен біліктері

Білімі

1-1)

Жолға шығар алдында автокөлік құралының тежегіш жүйесін, рульмен басқару жүйесін, жүріс бөлігін, аспаны, сұйықтықтың ағуының болмауын тексеру барысындағы шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін болжамдайтын, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Жолға шығар алдында автокөлік құралының тежегіш жүйесін, рульмен басқару жүйесін, жүріс бөлігін, аспа және т.б. өмірлік маңызды тораптарын және бөлшектерін тексере білу. Автокөлікке жанармай, май, салқындатқыш сұйықтық және басқаларын құя білу.

Автокөліктің, оның тораптарының және агрегаттарының құрылысын, автокөлік құралын басқару қауіпсіздігіне және жұмысқа жарамдылығына әсерін білу

2-1)

Белгіленген бағдар бойынша жолға шығу, автокөлікті жүк тиеуге дұрыс қою барысындағы шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін болжамдайтын, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Автокөлік құралының жүк жеткізетін орынға жүру бағытын сақтай білу. Автокөлікке жүкті дұрыс орналастыру және бекіте білу

Автокөлік құралының жүк түсіретін орынға баратын жол бағытын білу. Автокөлікке жүк тиеу, орналастыру және оны бекіту ережесін білу

3-1)

Шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін болжамдайтын, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Жүкті автокөлікке тиеу, орналастыру және бекіту дағдысын білу. Жүктің жолда түгел болуын және бұзылмауын бақылау дағдысын білу

Жүкті автокөлікке тиеу, орналастыру және бекіту ережесін; жүктің жолда түгел болуын және бұзылмауын бақылау ережесін білу


6 Кесте. СБШ 3-деңгейі автомобиль жүргізушісінің құзыретіне қойылатын талаптар


Міндет

шифры


Жеке және кәсіптік құзыреттері

Дағдылары мен біліктері

Білімі

1-2)

Жүргізушінің физикалық денсаулық жағдайын тексеру үшін жауапкершілікті, өз еркімен жоспарлауды көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Өз ағзасын «өмір сүруге қабілетті» етіп (сау, жұмысқа жарамды күйде) ұстау, салауатты өмір салтын ұстану. Өзіне және айналасындағыларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету білу.

Медицина негіздерін білу, ағзаны сау, жұмысқа жарамды күйде ұстау, өзіне және айналасындағыларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдері мен амалдарын білу

2-2)

Автокөлікті басқару үшін жауапкершілікті, өз еркімен жоспарлауды көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Автокөлік құралын қауіпсіз басқару дағдыларын білу, автокөлік жолдары және жергілікті жер бойынша оңтайлы жол бағытын анықтай алу. Жол жүру ережелерін қолдана білу. Жолда туындаған ақауларды жоя білу

Автокөлік құралын қауіпсіз басқару тәсілдері мен амалдарын білу, соңғы белгіленген пунктқа бару ағытын білу. Жол жүру ережесін мүлтіксіз білу. Бөлшектеуді талап етпейтін ақауларды жою тәсілдері мен амалдарын білу

3-2)

Автокөлікті жол үтсінде өздігінен бақылау және автокөліктің дұрыс басқарылуын өздігінен талдауүшін жауапкершілікті, өз еркімен жоспарлауды көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Әр түрлі табиғат жағдайында тұман, көктайғақ, жауын-шашын, қар және т.б.) және әр түрлі төсемесі бар жолдарда қозғалу дағдысын білу

Әр түрлі табиғат жағдайында және әр түрлі төсемесі бар жолдарда қозғалу ережесін білу


7 Кесте. СБШ 4-деңгейі автомобиль жүргізушісінің құзыретіне қойылатын талаптар



Міндет

шифры


Жеке және кәсіптік құзыреттері

Дағдылары мен біліктері

Білімі

1-3)

Бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын, рейске шығу құжаттарын дайындау үшін жауапкершілікті көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет

Нормативтік-техникалық құжаттаманы толтыра білу және олардың толтырылуын тексеру және олар бойынша есептілік жүргізу.

Құжат жүргізу негіздерін білу, нормативтік-техникалық құжаттаманы және олар бойынша есептілікті білу

2-3)

Бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын, жүкті тапсырыс берушіге жеткізу және тапсыру, автокөлікті тұраққа қою үшін жауапкершілікті көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет

Жүкті тапсырыс берушіге жеткізген кезде тапсыру-қабылдау және басқа да құжаттарды ресімдеу дағдысын білу

Жүкті тапсырыс берушіге жеткізген кезде тапсыру-қабылдау және басқа да құжаттарды ресімдеу ережесін білу

3-3)

Бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын, жүкті тапсырыс берушіге шартта көрсетілген мерзімде түгел және бұзбай жеткізу үшін жауапкершілікті көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет

Көлік қызметтеріне тапсырыс берушілермен қарым-қатынас жасай білу, тапсыру-қабылдау құжаттарын, жүкті жеткізу бойынша орындалған жұмыстар актісін ресімдей алу

Тапсыру-қабылдау құжаттарын, орындалған жұмыс актісін, көлік қызметтерін көрсету бойынша шарттарды жасау бойынша ережелер мен нұсқаулықтарды білу







Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету,

жөндеу және пайдалану



кәсіби стандартына 3 Қосымша



1 Кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы

«Қызметтердің жіктеуіші» 01-99 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеуіші (ҚР МЖ 01-99)

Базалық топ

7231

ҚР Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (БТБА)

БТБА шығарылымы, тарауы

2-шығарылым, «Слесарлық және слесарлық-құрастыру жұмыстары»

БТБА бойынша мамандық

Автомобиль жөндеу жөніндегі слесарь

СБШ біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разрядтар

2.1, 2.2

1-2

3.1, 3.2

3-4

4.1, 4.2

5-6


2 Кесте. Еңбек жағдайына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар





Кәсібі бойынша болуы мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Жабдықталған және аттестатталған жұмыс орындары

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы

Автокөлік көтергішінің астында жұмыс істеу, компьютерлік диагностикалық стендтермен жұмыс істеу, зиянды заттардың немесе газдың ШРК ықтимал артуы

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше шарты

ҚР Заңнамасына сәйкес

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптікбілімалужәнеоқытудеңгейі


Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

2.1, 2.2

Техникалық және кәсіптік білімнің белгіленген деңгейі

Талап етілмейді

3.1, 3.2

Техникалық және кәсіптік білімнің белгіленген деңгейі және практикалық жұмыс тәжірибесінемесе практикалық жұмыс тәжірибесінсіз техникалық немесе кәсіптік білімнің жоғарылатылған деңгейі

2-деңгейде 1 жыл

4.1, 4.2

Техникалық немесе кәсіптік білімнің жоғарылатылған деңгейіжәне практикалық жұмыс тәжірибесінемесе немесе практикалық жұмыс тәжірибесінсіз орта буын маманының біліктілігі

3-деңгейде 2 жыл


3 Кесте. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі

(кәсіптің еңбек функциялары)





Еңбек функциясының №

Еңбек функциясының атауы

(кәсіби стандарттың бірлігі)



1

Жұмыс орнын, көтергіш-көліктік және бақылау-сынау жабдықтары дайындау,

2

Автокөлікті жөндеу

3

Орындалған жұмыстардың сапасын бақылау


4 Кесте. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі

(функционалдық карта)



Еңбек функциясының №

Еңбек мәні

Еңбек құралдары

Міндеттер (еңбек іс-әрекеттері)




1

Техникалық бұзылған автокөлік, жеке қорғаныс заттары

Жуу және тазарту құралдары, қауіпсіз жарықтандыру құрылғылары

1-1). Құралдар мен аспаптарды іріктеу және дайындау

Жүк көтергішетр және стенділер

Нұсқаулықтар, ережелер, режимдер

1-2) жабдықтың (стенділердің) оңтайлы жұмыс істеу режимін іріктеу, орнату және пайдалану (стендов)

Электр және пневмо құрал, арнайы құралдар

Құрал-саймандар

1-3) жабдықтың ақауларын жою

2

Автокөліктің ұсақ жөндеуі

Автокөтергіш, слесарлық құралдар жинағы

2-1) автокөлікті көзбен шолып тексеру. Жуу және тазалау, тәжірибелі маманның бақылауымен қарапайым жұмыстарды және т ехникалық қызметтерді орындау

Автокөліктің орташа жөндеуі

Автокөтергіш, арнайы слесарлық құралдар жинағы

2-2) автокөлік тораптары мен агрегаттарына компьютерлік диагностика жасау. Тозған детальдар мен тораптарды алмастыру

Автокөліктің күрделі жөндеуі

Автокөтергіш, арнайы слесарлық құралдар жинағы, стендтер

2-3) автокөлік тораптары мен агрегаттарына компьютерлік диагностика жасау. Тораптар мен агрегаттарды бөлшеутеу, кемшіліктерін анықтау және жөндеу. Автокөлікті жинау

3

Автокөлікктің детальдары және тораптары

Бақылау-өлшеу аспаптары және құралдар

3-1) бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен жұмыстарды сыртқы түрі бойынша тексеру

Автокөліктің тораптары мен агрегаттары

Диагностикалық және сынақ стенділері, бақылау өлшеу аспаптары

3-2) компьютерлердің және бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен стендідегі жұмыстарды тексеру.

Жиналған автокөлік




3-3) автокөлікті бос жүріспен және стендідегі жұмыс режимінде тексеру


5 Кесте. СБШ 2-деңгейі автомобиль жөндеу жөніндегі слесарьдың құзыретіне қойылатын талаптар





Міндет

шифры


Жеке және кәсіптік құзыреттері

Дағдылары мен біліктері

Білімі

1-1)

Материалды таңдау және дайындау барысындағы шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін болжамдайтын, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Техникалық талаптарға сәйкес автокөліктің техникалық күйін тексере білу, нәтижелері туралы баяндау

Автокөлік құрылысы туралы негізгі мәліметтер; өңделетін материалдардың негізгі механикалық ерекшеліктері. Әмбебап және арнайы құрал-саймандардың, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылысы

2-1)

Автокөлікті көзбен шолып тексеру, жуу және тазалау кезіндегі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін болжамдайтын, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Кабина, кузов, жүріс бөлігі және аспаның дұрыстығын тексеру. Қарапайым агрегаттар, тораптар және детальдардың ТҚ. Қарапайым ақауларды жоюға байланысты бекіту жұмыстары. Электр жабдықтарының қарапайым аспаптарын жөндеу және ТҚ, 4-7 дәлдік класымен (слесарлық аспаптарды және бақылау-өлшеу аспаптарын қолдана отырып) слесарлық өңдеу автокөлікке ТҚ кезінде қарапайым жабдықты және бақылау-өлшеу аспаптарын қолдану

Автокөлік құрылысын білу, автокөліктердің ТО-1 және ТО-2 ауқымында жұмыстарды орындау тәсілдерін, күрделілігі орташа арнайы құралдар мен құрал-саймандарды, бақылау-өлшеу аспаптарын қолдану ережесін, өңделетін материалдардың ерекшеліктерін білу. Салқындатқыш сұйықтықтар, майлар және отынның міндеті және қолданылу ережесі, электр техникасы және электроника бойынша негізгі мәліметтер, металл технологиясы

3-1)

Қарапайым жөндеу жұмыстарын және ТҚ жүргізу кезіндегі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін болжамдайтын, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен орындалған жұмыстардың сапасын тексере білу

Автокөлікке қарапайым жөндеу жұмыстарын жүргізу және техникалық қызмет жасаудың техникалық шарттарын және талаптарын, бақылау-өлшеу аспаптарын білу

6 Кесте. СБШ 3-деңгейі автомобиль жөндеу жөніндегі слесарьдың құзыретіне қойылатын талаптар


Міндет

шифры


Жеке және кәсіптік құзыреттері

Дағдылары мен біліктері

Білімі

1-2)

Жабдық жұмысының тиімді режімдерін, таңдау, орнату және пайдалану үшін жауапкершілікті, өз бетінше жоспарлауды болжамдайтын, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Техникалық талаптарға сәйкес автокөліктің техникалық күйін тексере білу, нәтижелері туралы баяндау

.Автокөлік құрылысы туралы негізгі мәліметтер; өңделетін материалдардың негізгі механикалық ерекшеліктері. Әмбебап және арнайы құрал-саймандардың, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылысы

2-2)

Автокөлік тораптары мен агрегаттарына компьютерлік диагностика жасауүшін жауапкершілікті, өз бетінше жоспарлауды болжамдайтын, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Автокөлік құрылысын, автокөлікке техникалық қызмет жасау әдістері мен тәсілдерін, пайдалану материалдарын, автокөліктердің электроника негіздері бар электр жабдықтарын, диагностика жасау құралдары мен технологиясын білу

Қозғалтқыштың және қоректендіру жүйесінің, тарнсмиссияның тораптары мен агрегаттарының, рульмен басқарудың және тежегіштің жай-күйін тексеру. Жауапты агрегаттар, тораптар және аспаптарды бөлшектеу, жөндеу және жинау. Күрделілігі орташа агрегаттар, тораптар және детальдарға ТҚ. Қарапайым агрегаттар, тораптар мен аспаптарды сынақтан өткізу. 3-4 дәлдік класымен слесарлық өңдеу жасау. Күрделілігі орташа автокөліктерге ТҚ жасау үшін компьтерлік диагностика және жабдық қолдану

3-2)

Автокөліктің тораптары мен агрегаттарына компьютерлік диагностика көмегімен жүргізілген жөндеу жұмыстарын тексеру үшін жауапкершілікті, өз бетінше жоспарлауды болжамдайтын, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Бақылау стендтері мен аспаптардың

көмегімен орындалған жұмыстардың сапасын тексере білу.



Автокөліктің тораптары мен агрегаттарына жөндеу жүргізудің техникалық шарттары мен талаптарын, компьютерлік диагностика тәсілдерін білу

7 Кесте. СБШ 4-деңгейі автомобиль жөндеу жөніндегі слесарьдың құзыретіне қойылатын талаптар




Міндет

шифры


Жеке және кәсіптік құзыреттері

Дағдылары мен біліктері

Білімі

1-3)

Диагностикалық, бақылау-өлшеу жабдығын баптау үшін бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауы үшін жауапкершілікті көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет

Диагностикалық, бақылау-өлшеу және жөндеу жабдығының жұмысындағы ақауларын уақтылы жоя білу

Диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптарының міндеті мен құрылысын білу және олардың жұмысындағы ақауларды жою әдістері

2-3)

Тораптар мен агрегаттарды бөлшектеу, ақауларын анықтау және жөндеу үшін бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауы үшін жауапкершілікті көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет

Диагностика жүргізу және ІЖҚ, электр жабдық жүйелерінің, қоректендіру, жабдықтау жүйелерінің анықталған ақауларын жою. Автокөліктің жүріс бөлігіне диагностика жасау және анықталған ақауларын жою. Диагностика және автокөлік кузовының анықталған ақауларын жою. Компьютерлік диагностикалық стенділер мен кешендерді БҚ (бағдарламалық қамсыздандыру) қамтамасыз ету. Алынған нәтижелерді түсіндіру және техникалық сипаттау

Күрделілігі орташа тораптар мен агрегаттардың құрылысын, жұмыс істеу қағидатын, міндетін; автокөліктерді жинау, детальдарды, тораптарды, агрегаттар мен аспаптарды жөндеу ережесін, бөлшектеу және жинаудың негізгі амалдарын, жауапты реттеуші және бекітуші жұмыстарды, металдың негізгі қасиеттерін, детальдарды термоөңдеу міндеттерін, әмбебап және арнайы құрал-саймандардың құрылысын, компьютерлік диагностика стенділерін және бақылау-өлшеу аспаптарын білу

3-3)

Автокөлікке компьютерлік диагностика және бақылау-өлшеу стендтердің көмегімен күрделі жөндеу жүргізуүшін бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауы үшін жауапкершілікті көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет

Бақылау сынау стендтері мен компьютерлік бағдарламалардың көмегімен күрделі жөндеуден өткен, жиналған автокөлікке кешенді тексеру жүргізе білу

Автокөлікке күрделі жөндеу жүргізудің техникалық шарттары мен талаптарын білу, компьютерлік диагностика жабдықтарын мүлтіксіз білу



  1. Осы кәсіби стандарт негізінде берілетін сертификаттар түрлері

5. Кәсіби стандартты әзірлеушілер

PRC «Career-Holdings»


6. Келісу парағы





Ұйым атауы

Келісілген күні

Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар министрлігінің техникалық және кәсіптік білімді және кадрлар даярлауды дамыту бойынша салалық кеңес



7. Кәсіптік стандарттың сараптамасы және тіркелуі




Осы кәсіптік стандарт ____________________ бекітілді және тіркелді.

Кәсіптік стандарттар тізіліміне енгізілді. Тіркеу № ___________



Хат (хаттама) № ___________ Күні__________________



жүктеу 311,14 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау