Пайдалынатын сызықтық жəне бұрыштық өлшемділіктердің түрлері. AutoCAD жүйесінде сызықтық жəне бұрыштық өлшемдердің нақты көрсетілуі ақпараттың сандық пішімдерінде сияқты үтірден кейін тұрған таңба саны арқылы анықталады (сегіз таңбадан артық емес).
Сызбаны баспаға шығару кезде немесе дайын блоктарды кезекті бейнеге қосу сызықтық шамалардың өлшемділігін көрсетеді. AutoCAD жүйесінде қолданылатын өлшемділік түрлері тізімінен таңдауға болады: өлшемсіз, дюйм, микродюйм, фут, миля, ангстрем, нанометр, микрон, миллиметр, сантиметр, дециметр, метр, километр, декаметр, гектометр, гигаметр, ярд, рықтық жыл, парсек.
Графикалық мүмкіндіктер. AutoCAD графикалық жүйесі конструкторға келесі əрекеттерді жасауға мүмкіндік береді:
объектілердің иерархиялық модельдерін жасауға (саралау мүмкіндігін қамтамасыз ету) жəне иерархия деңгейлерінің саны шексіз болуы мүмкін. Сегменттердің масшабтары, бұрулы бұрыштары, айналық бейнелеуі əр түрлі болуы мүмкін.
атрибуттардың дамыған жүйесі арқылы объектінің графикалық модельдерін графикалық емес ақпаратпен толықтыру. Мысалы, резистордың құрамалы сызбадағы графикалық бейнесін графикалық емес ақпаратпен толықтыру: оның номиналы, түрі, МЕМСТ, жеткізуші кəсіпорын туралы деректер жəне т.б. Сонда графикалық емес ақпарат сызбада мəтін ретінде шығарылуы, немесе көрінбейтін болуы мүмкін;
тегіс (екі өлшемді) жəне көлемді (үш өлшемді) графикамен жұмыс істеу. Сонда екі өлшемді жобалау кезінде декарттық жəне полярлық координаталар жүйелерін қолдануға болады.
Үш өлшемді жобалау кезінде тегіс проекцияларды, қималарды, көзқарас бағытының түрлерін көруге болады. Ол архитектуралық сызбаларда кеңінен қолданылады:
сызбаларды түрлі-түсті бейнелеудің кең спектрін қолдану, яғни жеті негізгі түс жəне 256 дейін түс реңктерін;
жүйемен жұмыс істеу үшін жаңа мəзірді жасау жəне өзгерту;
əмбебап примитивті - полисызықты (сынық сызықты) - қолдану. Сонда полисызық сегменттері кесінді немесе доға ретінде болуы мүмкін жəне олардың еңі əр түрлі болып, оның бұрыштары берілген жұмырлық радиусымен жұмырлануы мүмкін.
көптеген түрлі, орыс тіліндегі, қаріптерді пайдалану. Оған қоса жүйе ішінде бар қаріптерге қосымша жаңа қаріптерді жасау мүмкіндігі бар жəне кез келген қаріпті түрлендірілген түрде (биіктік, еңі жəне көлбелену бұрышы қатынасы əр түрлі болуы мүмкін) шығаруға болады. Стандартты қаріптерде машина жасау жəне архитектуралық сызбаларда қолданылатын арнайы таңбалар бар (диаметр, параллельділік, бірөстілік, шектер жəне т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |