Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен



жүктеу 203,85 Kb.
Дата21.05.2018
өлшемі203,85 Kb.
#15536



Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 275 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 сәуірде № 10805 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.06.2016 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.06.2016 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік саясат және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



      Министрінің міндетін атқарушы

М. Құсайынов



 

Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 275 бұйрығымен
бекітілген

"Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарттың жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 07.12.2017 № 396 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған немесе олар Мемлекеттік корпорациядан түскен сәттен бастап:

      көтерме жәрдемақы төлеу – 27 (жиырма жеті) жұмыс күні ішінде;

      тұрғын үй сатып алу немесе салуға бюджеттік кредит беру – 47 (қырық жеті) жұмыс күні ішінде.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді;

      2) көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты көрсетілетін қызметті берушіде – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 20 минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз жүзінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) жасасу немесе "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 19-1 тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту немесе есепке және кезектілікке қою туралы дәлелді жазбаша жауап болып табылады;

      2) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге (мекенжайы және байланыс деректері көрсетілген) Келісім жасасу үшін жүгінуі қажет екені туралы хабарлама немесе Заңның 19-1 тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту немесе есепке және кезектілікке қою туралы дәлелді жазбаша жауап болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз жүзінде.

      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      2) Мемлекеттік корпорацияның – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, "электрондық" кезек тәртібінде көрсетіледі, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) көтерме жәрдемақы алған кезде:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

      жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

      бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi;

      көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;

      тұрғылықты жерінен тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын мекенжай анықтамасы (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мәліметтер болмаған жағдайда);

      2) көтерме жәрдемақыны және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

      жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

      бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi;

      сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;

      көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;

      тұрғылықты жерінен тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын мекенжай анықтамасы (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мәліметтер болмаған жағдайда);

      неке туралы куәліктің көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін) (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мәліметтер болмаған жағдайда);

      аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мәліметтер болмаған жағдайда);

      3) көтерме жәрдемақы және тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

      жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

      бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi;

      көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;

      тұрғылықты жерінен тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын мекенжай анықтамасы (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мәліметтер болмаған жағдайда);

      неке туралы куәліктің көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін) (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мәліметтер болмаған жағдайда);

      аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мәліметтер болмаған жағдайда);

      маманның атына тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акт;

      кепілге қойылған мүлікті бағалау актісі;

      кепілге қойылған мүлікті сақтандыру шарты;

      берілетін кредит мөлшерінен асатын тұрғын үй құрылысы бөлігін бірлесіп қаржыландыруға жазбаша келісім;

      Мемлекеттік корпорацияға:

      1) көтерме жәрдемақы алған кезде:

      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

      бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi;

      көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;

      2) көтерме жәрдемақыны және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:

      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

      бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi;

      сатып алатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;

      көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;

      неке туралы куәліктің көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін) (2008 жылға дейін некеге тұрған жағдайда);

      3) көтерме жәрдемақы және тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:

      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

      бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi;

      көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;

      неке туралы куәліктің көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін) (2008 жылға дейін некеге тұрған жағдайда);

      маманның атына тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акт;

      кепілге қойылған мүлікті бағалау актісі;

      кепілге қойылған мүлікті сақтандыру шарты;

      берілетін кредит мөлшерінен асатын тұрғын үй құрылысы бөлігін бірлесіп қаржыландыруға жазбаша келісім.

      Құжаттар салыстырып тексеру үшін төлнұсқада және көшірмелерімен ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға өтініш берілген күні қайтарылады.

      Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы, телефон нөмірі, өтініш берген күні көрсетілген және өтінішті қабылдаған адамның қолы қойылған қолхат көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қабылдауды растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы, неке туралы куәлік (2008 жылға дейін некеге тұрған жағдайда), көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы, аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтаманың мәліметтерін Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері және көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжат (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) ұсынылған кезде тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация нәтиженің бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның сұранымы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат (бұдан әрі – Қолхат) береді.

      Қолхат Тараптардың әрқайсысы үшін бір данадан екі данада жасалады.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын және (немесе) оларда қамтылған деректерді (мәліметтерді) дұрыс және (немесе) толық ұсынбаған, сонымен қатар көрсетілетін қызметті алушы "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабы 8-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      Әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуден бас тартылған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуден бас тарту туралы:

      маманға (егер көрсетілетін қызметті алушы құжаттарын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырса);

      Мемлекеттік корпорацияға (егер көрсетілетін қызметті алушы құжаттарын Мемлекеттік корпорация арқылы тапсырса) дәлелді жауап жолдайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін бюджет қаражаты жетіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті алуға үміткерлер қатарынан көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш берген күні бойынша кезектілікті қалыптастырады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың жұмыскерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің, Министрлік басшысының атына не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда жасалады. Шағымда тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы, телефон нөмірі, шағымды берген күні көрсетіледі және шағым берген адамның қолы қойылады.

      Шағым жазбаша нысанда почта бойынша, "электрондық үкімет" веб порталы арқылы (бұдан әрі – портал) не жұмыс күндері кеңсе арқылы қолма-қол қабылданады.

      Қолма-қол, сол сияқты поштамен келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға оның шағымының қабылданғандығын растау туралы шағымның көшірмесіне кіріс нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері, тиісті кеңсенің байланыс телефоны көрсетілген мөртабан қойылады.

      Шағымды қарау нәтижелері туралы көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып тұрады.

      Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорацияның басшысына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар және телефондар бойынша жолданады.

      Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол, сол сияқты почтамен түскен шағымның қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сотқа жүгіну құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      12. Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне өзі қызмет көрсетуді, өз бетімен қозғалуды, бағдаралуды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін кызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шығумен жүргізеді.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінің "Өңірлік саясат саласындағы мемлекеттік қызметтер" кіші бөлімінде;

      2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналасқан.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.economy.gov.kz, Бірыңғай байланыс орталығы – 1414, 8 800 080 7777.


 

"Ауылдық елді мекендерге
жұмыс істеуге және тұруға
келген денсаулық сақтау, білім
беру, әлеуметтік
қамсыздандыру, мәдениет, спорт
және агроөнеркәсіптік кешен
мамандарына әлеуметтік қолдау
шараларын ұсыну" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша

 

Нысан

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету туралы келісім

      Елдi мекен _________ 20 ___ жылғы "__" __________

      Бұдан әрі "Әкiмшi" деп аталатын "__________________" мемлекеттiк мекемесi атынан басшы ________________________________ бiр тараптан, бұдан әрi "Алушы" деп аталатын әлеуметтiк көмек алушы _________________________, екінші тараптан және бұдан әрi "Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)" деп аталатын ____________________________ үшiншi тараптан төмендегiлер туралы осы Өзара мiндеттемелер келiсiмiн жасасты:

1. Келiсiмнiң мәні

      Тараптар өзара жауапкершiлiктi және келiсiмдi ескере отырып, ешқандай тараптан мәжбүр етiлмей тараптар толық көлемде орындауы тиiс мiндеттемелер қабылдайды, атап айтқанда:

      1.1 Әкiмшi, ________________________________ мәслихатының (20 ___ жылғы "__" _______ №_____) шешiмiнiң негiзiнде өзiне мынадай:

      1) _____________________________________ теңге мөлшерiнде көтерме жәрдемақы;

      2) ___ жыл мерзiмге ___________________________________ теңге сомасында тұрғын үй сатып алуға/салуға бюджеттiк кредит түріндегi әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мiндеттемелерін қабылдайды.

      1.2 Алушы өзiне жоғарыда көрсетiлген әлеуметтiк қолдау шараларын алған кезде ___________ ауылдық елдi мекенiнде орналасқан (денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен) ұйымында кемiнде үш жыл қызмет iстеуге мiндеттемелер қабылдайды.

      1.3 Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) өзiне тапсырма шарты негiзiнде әкiмшiнiң атынан және оның есебiнен және оның нұсқауларына сәйкес бюджеттiк кредит беруге байланысты белгiлi бiр тапсырмаларды орындауға мiндеттеме қабылдайды.

2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      2.1 Әкiмшi:

      1) алушыдан осы Келiсiмге сәйкес өзiне алған мiндеттемелердi адал және тиiсiнше орындауды талап етуге құқылы.

      2.2 Әкiмшi:

      1) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiнiң қаулысы қабылданғаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде және осы Келiсiм негiзiнде көтерме жәрдемақысының тағайындалған сомасын алушының жеке есеп шотына аударуға мiндеттi.

      2.3 Алушының:

      1) қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде әлеуметтiк қолдау шараларын ерiктi түрде таңдауға;

      2) үш жылдық мерзiм өткенге дейiн, өндiрiстiк жағдайларға немесе әкiмшiлiктiң бастамасына байланысты басқа ауылдық елдi мекендерге (немесе бір ауылдық елді мекеннің шегінде) жұмысқа ауысқан кезде, қосымша келісім бойынша міндеттемелер қабылдай отырып, алынған әлеуметтiк қолдау шараларына құқығын сақтауға құқығы бар.

      2.4 Алушы:

      1) тұрғын үй сатып алуға/салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтiк қолдау шараларын алған күннен бастап 60 жұмыс күні iшiнде комиссияның Әкімшіге бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылғаны туралы растау құжаттарын беруге;

      2) меншiгiне сатып алынған/салынған жылжымайтын мүлiктi әдiлет органдарында тiркегеннен кейiн Әкімшіге тұрғын үй құжаттарының түпнұсқаларын алған бюджеттік кредитті толық өтегенге дейін осы Келiсiмдi кемiнде үш жыл мерзiмге қамтамасыз ету жөнiндегi кепiл ретiнде беруге;

      3) Әкімшіге тоқсан сайын жұмыс орнынан анықтама ұсынуға;

      4) жыл сайын Әкімшіге мекенжай анықтамасын ұсынуға;

      5) осы Келiсiмнiң шарттары орындалмаған жағдайда әлеуметтiк қолдау шаралары ретiнде алынған бюджет қаражатын толық көлемде қайтаруды қамтамасыз етуге мiндеттi.

      2.5 Сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агент):

      1) алушымен есеп айырысуды жүргiзуге;

      2) алушының қаржылық жағдайына мониторинг жүргiзуге құқығы бар.

      2.6 Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент):

      1) Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес бюджеттiк кредитке қызмет көрсетуге;

      2) кредиттiк шарт бойынша әлеуметтiк қолдау шараларын алған маман мiндеттемелерiнiң орындалуына мониторинг жүргiзуге;

      3) Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес осы Келiсiмнiң шарттары орындалмаған және орындаудан бас тартылған жағдайда алушыдан берешектi өндiрiп алуды жүзеге асыруға мiндеттi.

3. Дауларды шешу

      3.1 Осы Келiсiмдi орындау кезiнде туындауы мүмкiн барлық мәселелер мен келiспеушiлiктер мүмкiндiгiне қарай Тараптардың арасында келiссөздер жолымен шешiлетiн болады.

      3.2 Егер даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер жолымен реттелмейтiн болса, олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртiбiмен шешiлуге тиiс.

4. Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi

      4.1 Осы Келiсiм тараптар қол қойған күннен бастап күшiне енедi.

      Келiсiм 20___ жылғы "__"____________ бастап қолданылады.

      4.2 Келiсiм әр тарап үшін бiрдей заң күшi бар үш данада жасалды.

5. Тараптардың заңды мекенжайлары

      Әкiмшi                                     Алушы                   Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)

      __________________       _______________       __________________________

      __________________       _______________       __________________________

      __________________       _______________       __________________________


 

"Ауылдық елді мекендерге
жұмыс істеуге және тұруға
келген денсаулық сақтау, білім
беру, әлеуметтік
қамсыздандыру, мәдениет, спорт
және агроөнеркәсіптік кешен
мамандарына әлеуметтік қолдау
шараларын ұсыну" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша 

 

Нысан

 

____________________________
облысы
_________________________
ауданының (облыстық маңызы
бар қаланың) әкiмi
____________________________
тегi, аты-жөнi
____________________________
мекенжайы бойынша тұратын
____________________________
жұмыс орны, лауазымы
____________________________
өтiнiш берушiнiң тегi, аты,
әкесiнiң аты (болған жағдайда)
(бұдан әрі –Т.А.Ә.)

Өтініш

      Сiзден Келiсiмде (қоса берiледі) көрсетілген мөлшерде және шарттарда маған көтерме жәрдемақы төлеуiңiздi және/немесе тұрғын үй сатып алуға/салуға (қажеттісін сызу) бюджеттiк кредит ресiмдеуге құқық беруiңiздi сұраймын.

      __________ ____________

      күнi қолы

      Құжаттар қабылданды:

      20__ жылғы "___" _______

      ________ ____________________________________________________

      қолы             құжаттарды қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.

      ____________________________________________________________________

      (кесу сызығы)

      Өзгерiстер туындаған жағдайда, олар туралы 15 жұмыс күн iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн. Дұрыс емес мәлiметтер және/немесе жасанды құжаттар бергенiм үшiн жауапкершiлiк туралы ескертiлдiм.

      Азамат ____________ өтiнiшi қоса берiлген саны ________ дана құжаттармен бiрге 20__жылғы "__"_________________ қабылданды.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      ________ ___________________________________________________

      қолы             құжаттарды қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.


 

"Ауылдық елді мекендерге
жұмыс істеуге және тұруға
келген денсаулық сақтау, білім
беру, әлеуметтік
қамсыздандыру, мәдениет, спорт
және агроөнеркәсіптік кешен
мамандарына әлеуметтік қолдау
шараларын ұсыну" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына 3-қосымша 

 

Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, _____________________________________ облысы _________________________ ауданының (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмдігi / Мемлекеттік корпорация ________________________ (мекенжайын көрсету керек), Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты, __________________________ мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) ______________________;

      2) ______________________;

      3) ….

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден екі данада құрастырылған.

      _____________________________                        _____________

      (Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің)                        (қолы)

      тегі,аты,әкесінің аты (болған жағдайда)                              

      (бұдан әрі – Т.А.Ә.)

      Орындаушы: Т.А.Ә.____________

      Телефон нөмірі____________

      Қабылдадым: Т.А.Ә. / қызметті алушының қолы



      "___" ___________ 20__ ж.

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
жүктеу 203,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау