Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау,
білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік
кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72
бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 9 желтоқсанда № 9946
тіркелді
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу
туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-
тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау,
білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Өңірлік саясат және жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту департаменті
(С.Тұңғышбеков):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелуін және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат
құралдарында жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми
интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-
министрі Қ.А. Өскенбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі.
Министр Е. Досаев
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 6 қарашадағы
№ 72 бұйрығымен бекітілген
Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген
денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидалары
1. Осы Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау,
бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидалары (бұдан әрi –
Қағидалар) «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу
туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) және
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әзiрлендi, ауылдық елдi мекендерге
жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк
қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға (бұдан
әрі – мамандар) бюджет қаражаты есебінен көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға
немесе салуға бюджеттік кредит түрiнде әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну шарттары мен
тәртiбiн айқындайды.
2. Заңның 18-бабының 8-тармағында көрсетілген мамандарға көтерме жәрдемақы және
тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
3. Бюджеттік кредиттер облыстардың жергілікті атқарушы органдарына мынадай
талаптарда:
ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм
беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
мамандардың тұрғын үй сатып алуы немесе салуы үшiн оларға кейіннен теңгемен 15 (он бес)
жылға дейінгі мерзiмге жылдық 0,01 % мөлшерiндегі сыйақы мөлшерлемесі бойынша бере
отырып кредиттiк шарттар жасасу арқылы беріледі;
кредиттерді игеру кезеңі кредитордың шотынан кредиттер аударылған сәттен бастап
есептеледі және 22 (жиырма екі) айды құрайды.
4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi өкiлдi органы (мәслихат),
аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi мәлiмдеген денсаулық сақтау, бiлiм беру,
әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
мамандарға қажеттiлiктi ескере отырып, жыл сайын мамандарға көтерме жәрдемақы және
тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бюджеттік кредит беру туралы шешiм қабылдайды.
5. Мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін
аудан (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі аудандық (облыстық маңызы бар қалалық)
мәслихаттың депутаттарынан, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органдарының
және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен тұратын, тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі
– комиссия) құрады.
Комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай шақырылады және құрамына кіретін
мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, жиналыс заңды болып саналады.
6. Ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі аудандық (облыстық маңызы бар қалалық)
уәкілетті орган комиссияның жұмыс органы болып табылады (бұдан әрі – Әкімші).
7. Денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және
агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандар үшiн тұрғын үй сатып алуға немесе салуға
бюджеттік кредит беру сенiм бiлдiрiлген өкiлмен (агентпен) шарт болған жағдайда жүзеге
асырылады.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн кредит беру жөнiндегi бюджеттiк
бағдарламаны iске асыру бойынша сенiм бiлдiрiлген өкiлмен (агентпен) тапсырыс шартын
жасасады.
Бюджеттік заңнамаға сәйкес сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агенттiң) мамандарға тұрғын
үй сатып алу немесе салу үшiн кредит беру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаны iске асыру
бойынша операциялық қызметтеріне арналған шығындарды өтеу үшiн қаражат жалпы
сипаттағы трансферттер және/немесе жергілікті бюджет шеңберінде көзделедi.
8. Әлеуметтiк қолдау шараларын алу үшiн маман әкiмшiге мынадай құжаттарды ұсынады:
1) көтерме жәрдемақы алған кезде:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәлеметтер;
тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;
2) көтерме жәрдемақыны және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде;
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;
көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәлеметтер;
тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;
неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);
аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын
мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама;
3) көтерме жәрдемақы және тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәлеметтер;
тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;
неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);
аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын
мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама;
маманның атына тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акт;
кепілге қойылған мүлікті бағалау актісі;
кепілге қойылған мүлікті сақтандыру шарты;
берілетін кредит мөлшерінен асатын тұрғын үй құрылысы бөлігін бірлесіп
қаржыландыруға жазбаша келісім.
Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада және көшiрме түрiнде ұсынылады, содан кейiн
құжаттардың түпнұсқасы маманға қайтарылады.
Осы Қағидаларда көзделмеген басқа да құжаттарды ұсынуды талап етуге жол
берiлмейдi.
9. Әкімші әлеуметтік қолдау шараларын алуға үміткер мамандардың құжаттарын
қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді,
қаржы қаражатының қажеттілігін есептеуді жүргізеді және құжаттарды қабылдаған күннен
бастап бес күнтізбелік күн ішінде комиссияға жібереді.
10. Комиссия Әкімшіден құжаттардың келіп түскен күнінен бастап он күнтізбелік
күннің ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және аудан (облыстық маңызы бар қала)
әкімдігіне маманға әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуге ұсыным жасайды.
Әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан бас тартылған жағдайда, Әкімші үш жұмыс күні
ішінде маманға дәлелді жауап жолдайды.
Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды дұрыс немесе толық топтамасын
ұсыну фактісі, сондай-ақ маманның осы Қағидалардың 2-тармағының талаптарға сәйкес
келмеуі бас тарту үшін негіздеме болып табылады.
11. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі комиссияның ұсынымы келіп түскен
сәттен бастап он күнтізбелік күннің ішінде мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну
туралы қаулы қабылдайды.
12. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген қаулы қабылданғаннан кейін жеті
күнтізбелік күннің ішінде Әкімші, маман және сенім білдірілген өкіл (агент) арасында осы
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын
ұсыну туралы келісім жасалады.
13. Келісім жасалғаннан кейін:
1) Әкімші жеті күнтізбелік күннің ішінде көтерме жәрдемақысының сомасын
мамандардың жеке есеп шоттарына аударады;
2) сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) отыз жұмыс күнi iшiнде Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен маманға тұрғын үй сатып алуға немесе
салуға кредит бередi.
14. Маманның кредит бойынша мiндеттемелерді орындауы:
1) ол сатып алған тұрғын үйді кепілге қоюмен;
2) салынған тұрғын үйді кейіннен кепілге қоюмен өзге жылжымайтын өтімді мүлікпен
қамтамасыз етiледi.
15. Тұрғын үйді сатып алу және салу үшін бюджеттік кредиттерді беру, өтеу және
қызмет көрсету бойынша қосымша шарттар кредиттік шартта белгіленеді.
16. Қайталама нарықта тұрғын үйді сатып алу-сату шарты немесе салынған тұрғын үйді
пайдалануға беру актісі тұрғын үй сатып алуға немесе салуға арналған бюджеттік кредит
сомасын мақсатты пайдалануды растау болып табылады.
17. Бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылау Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
18. Тұрғын үй салу үшін бюджеттік кредит беруге маман әлеуметтік қолдау шараларын
ұсыну туралы өтінішпен және осы Қағидалардың 8-тармағының талаптарына сәйкес құжаттардың
толық тізбесімен Әкімшіге жүгінеді.
19. Маманның тұрғын үй салу үшін бюджеттік кредит беру туралы өтінішін қарау
тәртібі осы Қағидалардың 9-10-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
20. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі комиссиядан ұсыным келіп түскен
сәттен бастап күнтізбелік 7 күн ішінде маманға мынадай шарттарды ескере отырып, тұрғын
үйлердің үлгілік жобаларының нұсқаларын ұсынады:
1) тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны қырық алты айлық есептік көрсеткіштен
аспауға тиіс;
2) тұрғын үй құрылысының жалпы сметалық құны берілетін кредиттің екі еселік
мөлшерінен аспауға тиіс;
3) тұрғын үй құрылысының ең ұзақ мерзімі кредит берген сәттен бастап он екі айдан
аспауға тиіс.
21. Маман үлгілік жобалардың ұсынылған нұсқаларымен жазбаша түрде келіскен
жағдайда аудан әкімдігі (облыстық маңызы бар қала) келісім алған сәттен бастап
күнтізбелік он күн ішінде тұрғын үй салуға бюджеттік кредит беру туралы қаулы
қабылдайды.
22. Осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген қаулы қабылданғаннан кейін
күнтізбелік 7 күннің ішінде Әкімші, маман және сенім белдірілген өкіл (агент) арасында
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тұрғын үй салу үшін бюджеттік кредит
беру туралы келісім жасалады.
23. Тұрғын үй салу үшін бюджеттік кредит беру осы Қағидалардың 13-15-тармақтарына
сәйкес жүзеге асырылады.
24. Сома банктік шотқа аударылғаннан кейін маман кемінде он жұмыс күнінен
бұрын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, мемлекеттік сәулет-
құрылыс бақылауды жүзеге асыратын органдарға тұрғын үй құрылысының басталғаны туралы
хабарлайды.
25. Құрылыс аяқталғаннан кейін маман Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасына сәйкес тұрғын үйді пайдалануға беруді жүзеге асырады.
26. Маман салған тұрғын үй пайдалануға берілгеннен және оны ғимараттарды,
құрылыстар мен (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық тексеруді жүзеге
асыратын ұйымға тіркелгеннен кейін тараптардың келісімі бойынша салынған тұрғын үйге
бұрын берілген кепілді ауыстыру мүмкін.
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу
және тұру үшін келген денсаулық
сақтау, білім беру, әлеуметтік
қамсыздандыру, мәдениет, спорт және
агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
мамандарға әлеуметтік қолдау
шараларын ұсыну қағидаларына
1-қосымша
_________________________ облысы
______________________ ауданының
(облыстық маңызы бар қаланың) әкiмi
________________________________
тегi, аты-жөнi
________________________________
мекенжайы бойынша тұратын өтiнiш
берушiнiң
________________________________
тегi, аты, әкесiнiң аты
________________________________
жұмыс орны, лауазымы
Нысан
Өтініш
Сiзден Келiсiмнiң (қоса берiледі) мөлшерiнде және шарттарында
маған көтерме жәрдемақы төлеуiңiздi және/немесе тұрғын үй сатып
алуға/салуға (қажеттісін сызу) бюджеттiк кредит ресiмдеуге құқық
беруiңiздi сұраймын.
__________ ____________
күнi қолы
Құжаттар қабылданды:
20__ жылғы «___» _______
_______ _____________________________________________________________
қолы құжаттарды қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.
_____________________________________________________________________
(кесу сызығы)
Өзгерiстер туындаған жағдайда, олар туралы 15 жұмыс күн iшiнде
хабарлауға мiндеттенемiн. Дұрыс емес мәлiметтер мен жасанды құжаттар
бергенiм үшiн жауапкершiлiк туралы ескертiлдiм.
Азамат ____________ өтiнiшi қоса берiлген саны ________ дана
құжаттармен бiрге 20__ жылғы «__» _______________________ қабылданды.
____________ ________________________________________________________
қолы құжаттарды қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу
және тұру үшін келген денсаулық
сақтау, білім беру, әлеуметтік
қамсыздандыру, мәдениет, спорт және
агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
мамандарға әлеуметтік қолдау
шараларын ұсыну қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Ауылдық елді мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген
денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына
әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы
келiсiм
Елдi мекен _________ 20 ___ жылғы «__» ______________ Бұдан әрі
«Әкiмшi» деп аталатын «__________________» мемлекеттiк мекемесi
атынан басшы ________________________ бiр тараптан, бұдан әрi «Алушы»
деп аталатын әлеуметтiк көмек алушы _________________________, басқа
тараптан және бұдан әрi «Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)» деп аталатын
________________________________________ үшiншi тараптан төмендегiлер
туралы осы өзара мiндеттемелер келiсiмiн жасасты:
1. Келiсiмнiң мәні
Тараптар өзара жауапкершiлiктi және келiсiмдi ескере отырып,
ешқандай тараптан мәжбүр етiлмей тараптар толық көлемде орындауы тиiс
мiндеттемелер қабылдайды, атап айтқанда:
1. Әкiмшi, _______________________________________ мәслихатының
(20 ___ жылғы «__» _______ №______) шешiмiнiң негiзiнде өзiне мынадай
түрдегi әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мiндеттемелерін қабылдайды:
1) ______________________________________________________ теңге
мөлшерiнде көтерме жәрдемақы;
2) ___ жыл мерзiмге ___________________________________________
теңге сомасында тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттiк кредит.
2. Алушы өзiне жоғарыда көрсетiлген әлеуметтiк қолдау шараларын
алған кезде ___________ ауылдық елдi мекенiнде орналасқан (денсаулық
сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт,
агроөнеркәсіптік кешен) ұйымында кемiнде үш жыл қызмет iстеуге
мiндеттеме қабылдайды.
3. Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) өзiне тапсырма шарты
негiзiнде әкiмшiнiң атынан және оның есебiнен және оның нұсқауына
сәйкес бюджеттiк кредит беруге байланысты белгiлi бiр тапсырмаларды
орындауға мiндеттеме қабылдайды.
2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерi
1. Әкiмшi:
1) алушыдан осы Келiсiмге сәйкес өзiне алған мiндеттемелердi адал және тиiсiнше
орындауды талап етуге құқылы.
2. Әкiмшi:
1) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiнiң қаулысы қабылданғаннан кейiн он
жұмыс күнi iшiнде және осы Келiсiм негiзiнде көтерме жәрдемақысының тағайындалған
сомасын алушының жеке есеп шотына аударуға мiндеттi.
3. Алушының:
1) комиссияның жұмыс органының талабы бойынша қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде
әлеуметтiк қолдау шараларын ерiктi түрде таңдауға;
2) үш жыл мерзiм өткенге дейiн, өндiрiстiк жағдайларға немесе әкiмшiлiктiң
бастамасына байланысты басқа ауылдық елдi мекендерге жұмысқа ауысқан кезде алынған
әлеуметтiк қолдау шараларына құқығын сақтауға құқығы бар.
4. Алушы:
1) әлеуметтiк қолдау шараларын алған күннен бастап 60 жұмыс күні iшiнде
комиссияның жұмыс органына бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылғаны туралы растау
құжаттарын беруге;
2) меншiгiне сатып алынған/салынған жылжымайтын мүлiктi әдiлет органдарында
тiркегеннен кейiн сенiм бiлдiрiлген өкiлге (агентке) тұрғын үйге арналған құжаттардың
түпнұсқаларын осы Келiсiмдi кемiнде үш жыл мерзiмге қамтамасыз ету жөнiндегi кепiл
ретiнде беруге;
3) жұмыс органына тоқсан сайын жұмыс орнынан анықтама ұсынуға;
4) жыл сайын ХҚКО жұмыс органына мекенжай анықтамасын ұсынуға;
5) осы Келiсiмнiң шарттары орындалмаған жағдайда әлеуметтiк қолдау шаралары
ретiнде алынған бюджет қаражатын толық көлемде қайтаруды қамтамасыз етуге мiндеттi.
5. Сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агент):
1) алушымен есеп айырысуды жүргiзуге;
2) алушының қаржылық жағдайына мониторинг жүргiзуге құқығы бар.
6. Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент):
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бюджеттiк кредитке
қызмет көрсетуге;
2) кредиттiк шарт бойынша әлеуметтiк қолдау шараларын алған маман
мiндеттемелерiнiң орындалуына мониторинг жүргiзуге;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес алушылардан берешектi
өндiрiп алуды жүзеге асыруға мiндеттi.
3. Дауларды шешу
1) Осы Келiсiмдi орындау кезiнде туындауы мүмкiн барлық мәселелер мен
келiспеушiлiктер мүмкiндiгiне қарай тараптардың арасында келiссөздер жолымен шешiлетiн
болады.
2) Егер даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер жолымен реттелмейтiн болса, олар
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртiбiмен шешiлуге тиiс.
4. Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi
1) Осы Келiсiм тараптар оған қол қойған күннен бастап күшiне енедi.
Келiсiм 20___ жылғы «__» _________________ бастап қолданылады.
2) Келiсiм бiрдей заң күшi бар үш данада жасалды.
5. Тараптардың заңды мекенжайлары
Әкiмшi Алушы Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)
____________________ ________________ _______________________________
____________________ ________________ _______________________________
____________________ ________________ _______________________________
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ
РМК
Достарыңызбен бөлісу: |