Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2015 жылғы «___»__________
№_____қаулысымен бекітілген
«Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік
сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілетін қызметті берушісі аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) болып табылады.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
2) көрсетілетін қызметті беруші;
3) тұрғылықты жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші болмаған жағдайда кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша iс-қимылды бастауға көрсетілетін қызметті алушының (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін ұсынуы негiз болып табылады.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн рәсімдердің (іс-қимылдардың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1-іс-қимыл – өтінішті және құжаттарды қабылдау, Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім алу. Орындалу ұзақтығы – 30 минут;
2-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші маманының құжаттарды қалыптастыруы және тіркеуі, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беруі. Орындалу ұзақтығы – 1 жұмыс күні;
3-іс-қимыл – бұрыштама қою және жауапты маманды анықтау. Орындалу ұзақтығы – 1 жұмыс күні;
4-іс-қимыл – хабарлама дайындау. Орындалу ұзақтығы – 5 жұмыс күні;
5-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші басшысының хабарламаға қол қоюы. Орындалу ұзақтығы – 1 жұмыс күні;
6-іс-қимыл – хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберу. Орындалу ұзақтығы – 2 жұмыс күні.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тіркеген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні.
6. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 1-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің нәтижесi құжаттарды қабылдау болып табылады, ол 2-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің нәтижесi құжаттарды тіркеу болып табылады, ол 3-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің нәтижесi көрсетілетін қызмет беруші басшысының бұрыштама қоюы және көрсетілетін қызмет берушінің жауапты маманын анықтау болып табылады, ол 4-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің нәтижесi хабарлама дайындау болып табылады, ол 5-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің нәтижесi көрсетілетін қызметті беруші басшысының әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарламаға қол қоюы болып табылады, ол 6-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 6-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің нәтижесi хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға жіберу болып табылады.
Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетілетін қызметті берушiнің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:
1) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің маманы;
3) жауапты маман.
8. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) сипаттамасы:
1 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім ұсынумен стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін ұсынып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді. Орындалу ұзақтығы – 30 минут;
2 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің маманы көрсетілетін қызмет алушыдан қабылдаған құжаттарды қалыптастырады, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қою үшін береді. Орындалу ұзақтығы – 1 жұмыс күні;
3 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұрыштама қояды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманын анықтайды. Орындалу ұзақтығы – 1 жұмыс күні;
4 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің маманы көрсетілетін қызметті алушыға әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарлама дайындайды және оны қарау және қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді. Орындалу ұзақтығы – 5 жұмыс күні;
5 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы хабарламаны қарайды және әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарламаға қол қояды. Орындалу ұзақтығы – 1 жұмыс күні;
6 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің маманы әлеуметтік көмек тағайындау туралы қол қойылған хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жібереді. Орындалу ұзақтығы – 2 жұмыс күні.
Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,
сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ХҚО–ға немесе ауылдық округ әкіміне жүгінуге құқылы, стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар ұсынады.
ХҚО-мен өзара iс-қимылдың, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша көрсетілетін қызметті берушiлердiң сұранымдарын қалыптастыру және жолдау рәсiмiнің (іс-қимылының) реттiлiгi мен мерзiмдерi:
1-іс-қимыл - көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін, стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттармен ХҚО-ға жүгінеді. ХҚО қызметкері заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады, құжаттарын одан әрі тексереді. Орындалу ұзақтығы – 15 минут;
1-шарт - көрсетілетін қызметті алушы құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда ХҚО қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
2-іс-қимыл – ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттар пакетін көрсетілетін қызметті берушіге қарау үшін жолдайды. Орындалу ұзақтығы – 1 жұмыс күні;
3-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің маманы ХҚО-дан қабылданған құжаттарды қалыптастырады, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қою үшін береді. Орындалу ұзақтығы – 1 жұмыс күні;
4-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұрыштама қояды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманын анықтайды. Орындалу ұзақтығы – 1 жұмыс күні;
5-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің маманы көрсетілетін қызметті алушыға әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарлама дайындайды және хабарламаны қарап, қол қоюы үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді. Орындалу ұзақтығы – 4 жұмыс күні;
6-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарламаны қарайды және қол қояды. Орындалу ұзақтығы – 1 жұмыс күні;
7-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің маманы әлеуметтік көмек тағайындау туралы қол қойылған хабарламаны ХҚО-ға пошта арқылы жібереді. Орындалу ұзақтығы – 1 жұмыс күні;
8-іс-қимыл – ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарлама береді. Орындалу ұзақтығы – 1 жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар пакетін ХҚО-ға тіркеген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті берушінің сұранымын жолдауға уәкілетті құрылымдық бөлімшелер немесе лауазымды тұлғалар:
ХҚО қызметкері;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
көрсетілетін қызметті берушінің маманы.
10. Ауылдық округ әкімімен өзара іс-қимыл, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша көрсетілетін қызметті берушiлердiң сұранымдарын қалыптастыру және жолдау рәсiмiнің (iс-қимылының) реттiлiгi мен мерзiмдерi:
1-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) қызметті алу үшін ауылдық округ әкіміне жүгінеді және стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады. Орындалу ұзақтығы – 30 минут;
2-іс-қимыл – ауылдық округ әкімінің маманы көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге қарау үшін жібереді. Орындалу ұзақтығы – 3 жұмыс күні;
3-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің маманы ауылдық округ әкімінен қабылданған құжаттарды қалыптастырады, тіркейді және бұрыштама қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді. Орындалу ұзақтығы – 1 жұмыс күні;
4-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұрыштама қояды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманын анықтайды. Орындалу ұзақтығы – 1 жұмыс күні;
5-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің маманы көрсетілетін қызметті алушыға әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарлама дайындайды және хабарламаны қарап, қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді. Орындалу ұзақтығы – 5 жұмыс күні;
6-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарламаны қарайды және қол қояды. Орындалу ұзақтығы – 1 жұмыс күні;
7-іс-қимыл – пошта арқылы ауылдық округ әкіміне хабарлама жіберу. Орындалу ұзақтығы – 3 жұмыс күні;
8-іс-қимыл – ауылдық округ әкімі көрсетілетін қызметті алушыға әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарлама береді. Орындалу ұзақтығы – 1 жұмыс күні.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкіміне құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО, ауылдық округ әкімі арқылы алу процесі:
1) 1-тәсіл - көрсетілетін қызметті беруші арқылы, орындалу ұзақтығы – 10 жұмыс күні;
2) 2-тәсіл – ХҚО арқылы, орындалу ұзақтығы – 10 жұмыс күні;
3) 3-тәсіл – ауылдық округ әкімі арқылы, орындалу ұзақтығы – 15 жұмыс күні.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сонымен қатар өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылған мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
«Ауылдық елді мекендерде тұратын
және жұмыс істейтін әлеуметтік сала
мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1 қосымша
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі бизнес-процестердің анықтамалығы
Достарыңызбен бөлісу: |