2-тарау. Ауыл шаруашылық дақылдарындағы және жерлеріндегі зиянкестерді есепке алу, анықтау және болжау әдісі
4. Сарышұнақтарды (кіші сарышұнақ, балпақ сарышұнақ, қызылұрт сарышұнақ, зорман) есепке алуды және анықтауды жүргізу әдісі келесі тәртіп бойынша жүзеге асырылады:
1) сарышұнақтармен күресудің ұйымдық шараларын дұрыс жоспарлау үшін олардың қоныстанған жерлерін зерттеу қажет, бұл алаңды да және қоныстанудың орташа тығыздығын да анықтауға мүмкіндік береді;
2) өздерінің аумақтарында сарышұнақтар мекендейтін шаруашылық субъектілерінің сарышұнақтармен қоныстанған алаңдар және олардың тығыздығы көрсетілген танаптардың картасы болады;
3) сарышұнақтар қоныстанған ауыл шаруашылығы жерлері маршруттары немесе «алаңдары» іннің санын есептеу арқылы анықталады. Әрбір тексерілетін жерлерде ұзындығы 500 метрден кем емес 2 маршрут белгіленеді. Тың жерлерде және көп жылдық шөп егістіктерінде, ені 5 метр жолақта жаңа тік және қиғаш қазылған індердің саны есептелінеді. Қалың шөпті учаскелердегі есепке алу жолақтары 2 метрден аспауы керек;
4) зерттеуді сарышұнақтар қыстап шыққаннан кейін көктемде және жас сарышұнақтар таралғаннан кейін жазда (маусым) жүргізеді. Маршрут әртүрлі учаскелерді – жерлердің төбелерін, сайларын, шеттерін, ортасын және т.б. кесіп өтеді. Есепке алудың қорытындысы осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес енгізіледі;
5) жаңадан қазылған індердің айырмашылығы өрмекші торының жоқтығы, жаңадан қалған көңі, зәрімен анықталады; тігінен қазылған індер – тереңге кетеді, көбінесе именіп тұрған бұталардың арасында жасырын көрінбейді. Қиғаш індер алдында жаңадан қазылған топырақ жатады. Тік індердің тереңдігін өлшеу үшін иілгіш шыбық немесе сым темір қолданылады;
6) Есепке алу мына формула бойынша анықталады:
Есепке алу алаңы (гектар) – бағыт ұзындығы (километр)х бағыт ені (метр)
10
7) Анықтау мөлшері - 500 гектарға 0,5 гектардан кем емес;
8) Жаңа қазылған (тұрғын) іннің саны ешқашан кеміргіштердің санымен сәйкес келмейді. Тегінде індердің саны сарышұнақтардан қарағанда 2-3 есе көп болады. Саршұнақтардың есебін жүргізуге негізінен «Крыльцов қақпағы» жиі қолданылады, ол екі дөңгеленген қаңылтырдан немесе басқа заттан жалғанған ұзындығы 30 сантиметр сымтемір шанақ сияқты болып келеді. Олардың ортасы арқылы диаметрі 3 сантиметр болатын төменгі дөңгелек қозғалмайтындай етіп бекітіледі. Қақпақтың төменгі жағы інге бойлата қойылады, ал жоғарғы дөңгелегі сыртқы жағынан саршұнақ інге кірмеу үшін сенімді түрде жолын жабады;
9) кез-келген мөлшердегі алаңдағы таңертең (немесе кеш алдында) тік қазылған індер қақпақпен жабылады. Кешке дейін ашылған індердің саны алаңдағы белсенді сарышұнақтардың санына сәйкес келеді;
10) егістіктердегі сарышұнақтардың саны агротехникаға байланысты өзгеріп отырады;
11) жоғарыда аталған әдістер кіші сарышұнақты, балпақ сарышұнақты, қызылұрт сарышұнақты есепке алуға жарамды. Зорманның санын есепке алу кезінде негізінен маршруттық әдісті пайдаланады;
12) көктемгі өңдеулерді бірінші кезекте ауыл шаруашылығы дақылдарының егістіктеріне жапсарлас орналасқан және өткен жылы зақымлауы болған тың жерлерде жоспарлау керек. Ауыл шаруашылығы дақылдарына жапсарлас аймақтарда, ені 300 метрден кем емес еркекшөп егістіктерінде, егістіктер мен сарышұнақтар шоғырланған орылған жерлерде,
бос жерлерде және жыртылған жерлер арасындағы жіңішке тың жолақтарда өңдеу міндетті түрде жүргізіледі;
13) сарышұнақтың ең жоғарғы сандық шегі ауылшаруашылық алқаптарында және 300 метрлік аймақта - 1 гектар жерге 5 аңнан. Тыңайған жерлердің 2 километр жолақтарында және осы алқапқа жапсарлас жатқан егістік жерлерге 1 гектар жерге 15-20 аңнан жоғары;
14) қоныстанған алаңдар туралы мәліметтердің, жүргізілген жою іс-шараларының тиімділігі мен көлемінің және келесі жылға сарышұнақтардың көбею болжамы негізінде сарышұнақтармен күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары 2-қосымшада келтірілген.
Ауыл шаруашылығы жерлеріне сарышұнақтардың көктемгі және жазғы қоныстануын зерттеу ақпараты осы Әдістемеге 3 және 4-қосымшаларға сәйкес енгізіледі;
5. Тышқан тәріздес кеміргіштерді (үй тышқаны, орман тышқаны, дала тышқаны, сүйірбасты тоқал тіс, кәдімгі тоқалтіс, құм тышқаны, үлкен құм тышқаны) есепке алуды және анықтауды жүргізу әдісі келесі тәртіп бойынша жүзеге асырылады:
1) бір жыл ішінде аумақты 2 рет күзде және көктемде тексеріп, зерттеу ұсынылады. Көктемгі тексеру – қыстап шыққан аңдары есепке алу үшін;
2) тышқан тектес кеміргіштердің саны егістіктің жақын маңында шоғырлану мүмкіндігіне қарай есептеледі: орманда, бұта, қурайларда, орылмаған шөптерде, жайылымда, бақшада. Шілде айында егістіктерде есепке алу жүргізіледі. Тышқан тектес кеміргіштердің санын есепке алу қорытындысы осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес енгізіледі;
3) тышқан тектес кеміргіштерді есепке алудың үш жолы ұсынылады: маршруттық-мекендік, маршруттық және қақпанмен (тұзақ қысқышпен) аулау;
ұзындығы 2 километр және ені 5 метр болатын түзу сызық бойымен маршруттық-мекендік тәсілмен есепке алу кезінде кеміргіштердің барлық (жан-ұя індері) есептелінеді, осылайша анықтай отырып, олардың 1 гектарға санын анықтайды. Одан кейін 1 гектарда (100х100) барлық шығатын тесіктерді жабады, оларды бір тәуліктен кейін тексереді, тұратын іңдердің пайызын шығарады. Бұдан соң, әрбір түрі, әзіресе зиянкес кеміргіштер үшін 5-тен кем емес жәй мекеннің көлемі бойынша және ұстап алынған аңдардың саны бойынша барлық мекендердегі олардың жалпы санын анықтайды. Іңдерді қазу өте қиын болса да, бұл нақты нәтиже береді;
кеміргіштердің саны туралы жалпы мағлұмат беру үшін, егер мекендердің шекарасы көрінбесе немесе үлкен алаңдарды зерттеу қажеттілігі туындаса маршрутты тәсіл қолданылады. Есептеуші түзу сызық бойымен ені 2 метр жолақпен барлық шығатын іңдердің тесіктерін есептейді (жаппай есеп жүргізу кезінде әр жерде 1 километр ұзындық бағыт жеткілікті). Содан кейін 0,25 гектар егістік аумағындағы барлық шығатын індер саналады, қазу жұмыстары жүргізіледі, аңдары ауланады, 1 гектарға қайтадан есептелінеді. Осындай қазба жұмыстары егістіктерде және ормансыз жерлерде кеміргіштердің абсолюттік санын анықтау үшін жүргізіледі;
онда мекендердің байқалуы қиын өсімдігі қалың, сондай-ақ орманды жерлерде кеміргіштердің інін табу мүмкін емес жерлерде, шөп жиналған орындар мен сабанда және олардың жанында Геро үлгісіндегі қақпанға түскен тышқандар мен кәдімгі тоқалтістердің санын пайыз бойынша есепке алу қолданылады. Олардың тұтқасының көлемі 6/6 сантиметр болатын, қақпандардың орташа және үлкен өлшемдерін және серіппесінің мықтысын алу керек. Әркез күнбағыс майы жағылған қара нан үзімінен жасалған жаңа алдауыштарды орналастырады. Қақпандарды тышқандардың індері немесе кеміргіштердің болуының басқа да белгісіне қарамастан, тік немесе қисық сызық бойымен бір-бірінен 5 метр арақашықтықта орналастырады. Алдауыштары бар қақпандарды түнге (20-50 немесе 100 дана) қояды. Оларды таңертең тексереді. Кеміргіштердің қақпанға түскендері, сондай-ақ аяқтары, терісінің шеттері құйрықтары қалса ұсталынған болып есептелінеді. Егер алдауыштар желінген болса да, түсірілген қақпанның тұтқасы есепке алынбайды. Бұл есептеу әдісі кеңінен таралған және әр жерде тышқантектес кеміргіштердің орналасуы туралы, сондай-ақ олардың түр құрамдары туралы жалпы мәлімет береді;
4) маяларда арнайы жасалған ойықшаларда, екі деңгейде 2 метрлік арақашықтығымен маяның төмен жағында және 1 метр биіктікке қояды. Қоймаларда, көшетханаларда, жылыжайларда 10 шаршы метр алаңға бір тұзақ есебімен әр нысанаға 3-тен кем емес орналыстырады;
5) жас жеміс бақтарында қыркүйек айында тексеру жүргізіледі, ал сәуір айында ауылшаруашылығы дақылдары егістіктерінің маңайындағы кеміргіштердің шоғырлану орындарына тексеру жүргізіледі. Жасы 10-12 жылдық бақтар сұртышқандардың бар болуына тексеру жүргізіледі. Тығыз және биік шөп өскен бақтарға түнде 25-50 қақпан қою керек. Сұртышқан және олардың тұратын індері (мекендері) кездескен жағдайда оларды өңдеуге қазан айының соңына дейін өндеу үшін дабыл болып табылады;
6) көктемде ауылшаруашылығы дақылдары егістіктерінің маңайындағы орманқорғау жолағы, қурай қоспасы, және тал-шілік тексеріледі. Түнде бір сызықтың бойында 5 метр сайын 25 қақпан (тұзақ қысқыш) қойылады. 25 қақпанға 3- кеміргішті ұстап алу көрсеткіші өңдеуге дабыл болып саналады;
7) келесі жылы тышқан тектес кеміргіштермен күрес күзгі тексерулер негізінде жоспарланады, олар күзгі-қысқы маусым кезеңіндегі қорғау іс-шараларын жүргізу үшін негіз болып табылады. Көктемгі зерттеулер көктемгі маусымдағы жою қорғаныс жұмыстарының жоспарын нақтылауға және бүкіл маусымға қажетті агротехникалық іс-шараларды белгілеп қоюға жағдай туғызады. Оған қоса олар күзге қарай кеміргіштердің санының өзгеру тенденциясы мүмкіндігін бағалауға мүмкіндік береді.
8) өткен маусымдағы табиғи және шаруашылық жағдайларды жан-жақты ескере отырып, кеміргіштердің және олардың жерлерге таралуының анықталған саны алдағы жылы кеміргіштердің даму динамикасын күні бұрын білуге мүмкіндік береді. Шаруашылық жағдайлары көпжылдық орташа мәліметтерге сәйкес ескеріледі. Әдетінше соңғы жағдай үлкен қателіктерге әкеп соқпайды, кеміргіштердің қарқынды дамуына шешуші ықпал ететін өткен маусымдардың жағдайлары.
Ауыл шаруашылығы жерлерін тышқан тәріздес кеміргіштердің қоныстануына көктемгі және жазғы зерттеу ақпараты осы Әдістемеге 6 және 7-қосымшаларға сәйкес енгізіледі.
6. Шегіртке тектес зиянкестерді (мароккалық шегіртке, итальяндық шегіртке, азиалық шегіртке, атбасарлық саяқ шегіртке, айшықты зиянды шегіртке, сібірлік саяқ шегіртке, қара қанатты саяқ шегіртке, ақ жолақты немесе мүсінді саяқ шегіртке, айқышты саяқ шегіртке, фишер саяқ шегірткесі, қара жолақты саяқ шегіртке, қанатсыз саяқ шегірткелер) есепке алуды және анықтауды жүргізу әдісі келесі тәртіп бойынша жүзеге асырылады:
1) шегіртке тектес зиянкестерді, әсіресе бұрын тексерілмеген жерлерде анықтау, мерзімді жүргізілетін маршруттық зерттеулер жолымен жүргізіледі. Осы зерттеулердің уақыты, тәртібі және маршруттары осы мекендегі зиянкестердің түрлерінің құрамымен және әрбір түрдің биологиялық ерекшеліктерімен анықталады;
2) зиянкестердің санын, олардың даму ошақтары алаңдарын және қорғаныс іс-шараларын жүргізу қажеттігін анықтау мақсатында шегірткелерлің өмір сүру орындарына зерттеу жүргізіледі;
3) онда өткен жылдарда үйірлі шегірткелердің ошақтары анықталған, тұрақты мекендейтін орындарда және аудандарда саны аз болған жылдарда 2 түрлі зерттеу жүргізіледі:
қанатталған шегірткелердің шағылысуы мен жұмыртқалау кезеңіндегі жаздық зерттеу;
күбіршек салу кезінде күздік зерттеу;
4) шегірткелердің саны көбейген жылдары 4 түрлі зерттеу жүргізіледі:
күбіршіктер бойынша көктемгі бақылау зерттеу;
балаңқұрт бойынша көктемгі-жазғы зерттеу;
қанатталған шегірткелердің шағылысу және жұмыртқа салу кезеңіндегі жаздық зерттеу;
күбіршек салу кезінде күздік зерттеу;
5) күбіршіктер бойынша көктемгі бақылау зерттеулері. Мақсаты - қыстап шыққан күбіршектердің ішіндегі жұмыртқаларының өлгенін немесе өмір сүруге қабілеттілігін және балаңқұртқа айналу уақытын анықтау; көктемде қар еріп, жер кепкенде жүргізіледі. Күбіршіктері бар былтырғы жер телімдері таңдамалы (жалпы көлемінің 10%) түрде тексеріледі. Белгіленген маршруттар бойынша әрбір 100 метрден кейін топырақ үлгілері алынады 0,5×0,5 (0,25 метр квадрат). Үлгі (10 гектарға 1 үлгі) алынатын орында 5-8 сантиметр тереңдікте топырақтың беткі қабатын күрекпен ойып алады. Қазылған топырақты ұсақтайды, електен өткізеді, мұқият қарастырады және жұмыртқалардың (тірілерін және өлілерін санайды) жағдайын анықтайды. Күбіршік телімдері анықталған жерлерді арнайы белгілермен (қазықшалар, жалаулар) белгілейді және GPS навигатормен географиялық координатасын анықтайды; жұмыс аяқталғаннан кейін жиналған күбіршектерді арнайы қапшықтарға немесе пакеттерге салады, орынын, жинау күнін және зерттеушінің аты-жөнін көрсете отырып этикеткалайды.
Шегіртке тектес зиянкестердің күбіршіктерін есепке алу қорытындысы осы Әдістемеге 8-қосымшаға сәйкес актіге енгізіледі, күбіршіктер бойынша көктемгі және күзгі зерттеулер ақпараты осы Әдістемеге 9-қосымшаға сәйкес толтырылады;
6) көктемгі зерттеу нәтижелері бойынша шегіртке тектес зиянкестерге қарсы қорғаныс іс-шаралардың көлемі нақтыланады; балаңқұрттар бойынша көктемгі-жазғы зерттеу. Мақсаты – балаңқұрттардың орындарын және туылу уақытын анықтау, шегірткелердің қоныстану ауданын, қорғаныс іс-шараларын жүргізу уақыты мен көлемін нақтылау;
өткен жылғы күзгі зерттеу және көктемгі бақылау зерттеулері кезінде күбіршектердің жоғары саны кездескен жерлер бірінші кезекте зерттеледі. Бұл жұмыс баланқұртардың пайда болу кезеңінен бастап химиялық өңдеулердің басталуына дейін жалғасады; тексерілген аумақтың көлеміне және зиянкестердің таралу ерекшеліктеріне байланысты арнайы тексеру бағыттары әзірленеді. Олармен шегіртке тектес зиянкестердің негізгі өмір сүру жерлерін қамтуы тиіс. Маршруттардың ара қашықтығы 100-ден 300 метрге дейін. Баланқұттардың санын есептеуді әрбір 100 метр сайын 1шаршы метрде көз мөлшерімен немесе рамалық әдіспен жүргізу керек. Егер рамалық әдіс қолданылатын болса, онда баланқұрттарды есептеу рама қойылғаннан кейін 2 сағаттан соң есеп жүргізу керек: балаңқұрттар қимылы аз кезде, таңертең және кешке. Балаңқұрттардың санын есепке алу қорытындысы осы Әдістемеге 10-қосымшаға сәйкес актіге енгізіледі; шегіртке зиянкестерінің шоғырын табу үшін ұшақ, тік ұшақ және дельтапланды пайдалануға болады. Балаңқұрттардың шоғыры жақын биіктіктен жақсы көрінеді; жұмыс аяқталғаннан кейін орташа тығыздығы (дарақ/шаршы метр) анықталады, шегірткелермен қоныстанған алаңдарды жалпы карта схемасында белгілейді. Алынған мәліметердің негізінде химиялық өңдеулер жоспарланады және басқа да қорғаныс іс-шаралары жүзеге асырылады;
Балаңқұрттарды анықтауға көктемгі-жазғы зерттеулер бойынша ақпарат осы Әдістеменің 11-қосымшасына сәйкес актіге енгізіледі;
7) қанаттанған шегірткелер бойынша жазғы зерттеулер. Мақсаты – шегірткенің түрінің құрамын белгілеу, қоныстану алаңын және санын анықтау, олардың шағылысуы мен жұмыртқа салу кезеңіндегі шоғырлану орындарын табу, келесі жылға қорғаныс іс-шараларының көлемін жоспарлау;
зерттелетін аймақта зиянкестердің санын анықтау үшін олардың ара қашықтығы 100 метрден 300 метрге дейінгі қашықтықпен арнайы маршруттар таңдалып алынады, ал есептеу алаңқайлары әрбір 100 метр сайын қойылады;
шегірткелердің үлкен дарақтарын есептеу тәсілдері әртүрлі. Оларды 1м² есептеуде көз мөлшерін, көзге түскен барлық дарақтардың рамқалық әдіспен және трансект-маршрутты пайдалануға болады;
1м² есептеу әдісін пайдалану кезінде зерттеушілер елді мекендерден жаяу немесе көлікпен өту кезінде алдын-ала белгіленген маршруттар бойынша белгіленген қашықтықтар арқылы метрлік алаңда секіріп жүрген дарақтарды көз мөлшерімен санайды;
шегірткелердің орташа санын анықталған дарақтардың жалпы санын есепке алу санына бөлу жолымен есептейді. Мысалы, егер 100 есептеу кезінде дарақтардың жалпы саны 500–ді құраса, онда орташа тығыздық 1шаршы метрде 500:100=5.0 дарақтан болады;
зерттелген алаң мына формуламен анықталады:
a x b x c
P= ------------ ,
10000
онда: P – зерттелген алаң, гектар;
а - есептеу алаңының саны;
b- есептеу алаңдары арасының арақашықтығы, метр;
с – маршруттар арасының арақашықтығы, метр;
рамкалық әдіс кезінде, шегірткелерді есептеу раманың ішіндегі 0,5х0,5метр (0,25 шаршы метр) жәндіктерді санау арқылы жүргізіледі. Рамкаларды 2 сағат бұрын санау жүргізу алдында қою керек. Жәндіктердің 1 шаршы метрге орташа санын анықталған дарақтардың ортақ санын бөлу арқылы анықтайды және 4-ке көбейтеді;
зерттеушілер трансект-маршруттарды пайдалану кезінде тоқтамай жүріп бара жатып көзге түскен шегірткелерді санайды. Аласа және сирек өсімдік жабыны бар жерлердегі көзбен көру 4 метрді құрайды, ал биік, жиі өскен өсімдік арасында 1 – 2 метр. Осы әдіспен шегірткелердің санын есептеуді автокөлікте жүргізуге болады;
зерттелген алаңды маршруттың ұзындығы мен оның арасының арақашықтығына көбейту арқылы анықтайды;
шегірткенің 1гектарға орташа санын формула бойынша есептейді:
А×10000
Д = ————
Б×В
онда: Д – үлкен дарақтардың орташа саны, дана/гектар;
А – маршруттарда табылған шегірткелердің жалпы саны, дана.
Б – маршруттардың жалпы ұзындығы, метр;
В – көз көрген алаң ені, метр;
Шағылысу және жұмыртқа салу кезеңіндегі шегірткелердің санын есепке алу қорытындысы осы Әдістеменің 12-қосымшасына сәйкес актіге енгізіледі.
Жазғы зерттеу кезіңде шегірткелердің түрлік құрамына және даму кезеңіне анықтау жүргізіледі. Түрлік құрамын табу үшін олар мекендейтін жерлерде энтомологиялық қаққышпен қағу арқылы зерттеу жүргізіледі, (10 есе қаққышпен ескенде шамамен 20 гектарға есептейді).
Шағылысу және жұмыртқа салу кезеңіндегі шегіртке тектес зиянкестерді жазғы тексеру бойынша ақпарат осы Әдістеменің 13-қосымшасына сәйкес толтырылады.
Жетілу фазасының жағдайын белгілеу үшін әр түрдің 50 еркек және ұрғашы таңдап алынады, олардың әртүрлі дене бөлімдеріне өлшеу жүргізіледі. Одан әрі жетілу фазасының морфологиялық жағдайының көрсеткішін есептейді. Жетілу фазасының жайын анықтау кезінде индекстер пайдаланылады. Шегірткелердің даму фазаларының морфометрикалық көрсеткіштері осы Әдістеменің 14-қосымшасына сәйкес көрсетілген.
Жазғы тексеріс аяқталғаннан кейін шегірткелердің саны жөніндегі мәліметті келесі градация бойынша топтастыру керек: итальяндық прус, мароккалық шегіртке және саяқ шегірткенің түрлері үшін 1 шаршы метрге – 1 данаға дейін, 1-ден 5-данаға дейін, 5-тен 10 данаға және 10-данадан жоғары, азиалық шегіртке үшін 1 гектарға – 100-данаға дейін, 100-ден 500 данаға дейін, 500-ден 1000 данаға дейін және 1000 данадан жоғары.
Саяқ шегіртке тектес зиянкестерді тексеру жөніндегі ақпарат осы Әдістемеге 15,16,17-қосымшаларға сәйкес рәсімделеді.
Саяқ шегіртке тектестерді бірлесіп тексерудегі санын есепке алу қорытындысы осы Әдістемеге 18-қосымшаға сәйкес енгізіледі.
Одан басқа, шегірткелердің үйірінің бар болуын және олардың көлемін, қоныстанған учаскелердің орналасуын схемалық картада көрсетеді.
8) Күбіршектер бойынша күздік зерттеу. Мақсаты – шегірткелердің күбіршегінің саны көп жерін табу, олардың алаңдағы тығыздығын анықтау. Сондай-ақ, күбіршектер бойынша күзгі зерттеуге мәліметтерін келесі жылға қорғаныс іс-шараларын жоспарлау кезінде пайдаланылады. Зерттеулер жұмыртқа салу аяқталғаннан және шегірткелердің қырылуы басталғаннан кейін топырақтың үстіңгі қабаты қатқанға дейін (қыркүйек айының басынан қазан айының ортасына дейін) жүргізіледі.
Күбіршектер қоныстанған алаңды және қоныстанған ошақ аумағын анықтау үшін екі әдіс қолданылады:
біріншісі – ұрғашыларының жұмыртқа салған жерлері белгісіз болған жағдайда. Ондай жағдайда ара қашықтығы 100 метр болатын белгілі бір бағыт қойылады, Әрбір 100 метр сайын топырақтан үлгі алынады;
екіншісі – үлкен дарақтардың белгіленген жиналу және ұрғашыларының жұмыртқа салу орынын есепке алу нәтижесі бойынша. Пробаларды алу келесі әдіс бойынша жүргізіледі. Ұрғашы шегіртке көп жиналған алаң таңдалады. Сол алаңның ортасынан төрт бағытқа қарай әрбір 100 метр сайын күбіршектар жоқ жерге дейін жаңа үлгілер алынады;
9) үлгілерді алу техникасы – күрекпен топырақтың беткі қабатын тереңдігі 5-8 сантиметрге дейін қазады. Қазылған топырақты ұсақтайды, електен өткізеді, күбіршіктерді мұқият қарастырады және олардың санын есептейді. Топырақ үлгілерінің көлемі 0,5×0,5 (0,25 шаршы метр). Ұсынылатын үлгілердің саны: 10 геткарға 8-ге дейін, 50 гектарға 15-ке дейін, 100 гектарға 20-ға дейін, 400 гектарға 40-қа дейін. Шегіртке зиянкестерінің жұмыртқа салуға ыңғайлы жерлері, көбіне ауылшаруашылық дақылдары егілген жерлер, жол жағалаулары, тыңайған жерлер және басқа да стациялар өте мұқият зерттеледі. Күбіршік телімдері анықталған жерлерді арнайы белгілермен (қазықшалар, жалаулар) белгілейді және схематикалық картаға түсіреді және GPS навигатормен географиялық координатасын анықтайды;
10) үйірлі шегірткелердің экономикалық зияндылық шегінен жоғары көрсеткіші 1 шаршы метрде 5 дана немесе одан жоғары, ал саяқ шегірткелерде бұл көрсеткіш 8 дана немесе одан жоғары болады;
11) жоспарлау үшін үлкен шегірткелер бойынша жазғы зерттеулердің, сондай-ақ күбіршектер бойынша күзгі зерттеулердің мәліметтері пайдаланылады. Азиялық шегірткеге қарсы жою шараларын жоспарлаған кезде өртенген қамыс қопалардың және су астында қалған учаскелердің ауданы есептен шығарылады; ал итальяндық прус пен мароккалық шегірткеде – ауыл шаруашылығы дақылдары егілетін танаптардың аумағы мен зиянкестерді механикалық әдіспен жоюға болатын жерлердің ауданы есептелмейді;
12) шегірткелерге қарсы өңдеу жұмыстарының әр түрлі тәсілдері қолданылады: жаппай - зиянкестер қоныстанған аймақ түгел өңделеді; тосқауылды - тосқауыл аралық кеңістік өңделмей қалдырылып, шегірткелердің қозғалыс бағыты бойынша белгілі бір жолақтар өңделеді; оқшаулық - тек дернәсілдердің шоғырлану ошақтары ғана өңделеді; шеттік - ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының айналасы өңделеді.
Шегірткелерге қарсы қорғау шараларының көлемін жоспарлау белгілі бір төмендегі таблицаларда көрсетілген нормалар бойынша 19,20,21 қосымшаларға сәйкес жүргізіледі.
13) 1:1, 1:2, 1:3 сәйкестілік тосқауыл енінің тосқауыларалық кеңістікке қатынасын білдіреді. Тосқауылдың орташа ені 100 метр болғанда, тосқауыл аралық кеңістіктің ең үлкен бола алатын ені 300 метрді құрайды;
14) егер шегірткеге қарсы өңдеу жұмысының бірнеше тәсілін қолдану жоспарланған болса, онда әр бір әдістің көлемі пайыздық ара қатынасына сәйкес анықталады да, барлық әдістердің көлем жиынтығы анықталады.
15) күресу шараларын 2-3 жастағы дернәсілдерге қарсы жоспарлау қажет;
16) шегіртке зиянкестерінің ересегіне (имаго) химиялық өңдеу жұмыстары шегірткелердің тұрақты қоныстанған аумақтарынан басқа көршілес аумақтарға көшкенде, сонымен қатар ауыл шаруашылық дақылдары егістіктеріне ұшуы кезінде жүргізіледі. Салыстырмалы салқын ауа-райында үйірлі шегірткелердің кешке және түнде ұшуы байқалмаған кезде, қанаттанған шегіртке зиянкестеріне күресу шараларын таңертен ерте жүргізеді және күн шыққанда жұмыстар тоқтатылады. Шегірткелердің ересектеріне қары күрес шаралары қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер пайдаланылады.
17) Маршруттық тексеру жүргізу кезіндегі зиянды организмдерді (зиянкестерді) есепке алу жөніндегі ауыл шаруашылығы жерлерін зерттеу қорытындылары осы Әдістеменің 22-қосымшасына сәйкес толтырылады;
7. Үйірлі шегіртке зиянкестерінің түрлеріне зерттеу жүргізуге қолайсыз жерлерде ұшқышсыз ұшу аппараттарының (ҰҰА) көмегімен зерттеу жұмыстарын жүргізудің әдістемелік нұсқамасы келесі тәртіп бойынша жүзеге асырылады:
1) дайындық кезеңі. Дайындық кезеңіне суреттерді және бейнекамераларды, геосілтемелерді үйрену, жерлердегі нүктелерді үйлестіру, әуеден түсірімді есептеу, ұшқышсыз ұшу аппараттарының бағытын жобалау.
2) жазғы түсірілім жұмыстары. Ұшқышсыз ұшу аппараттарының жоспарлық электромагниттік спектрде көренетін әуе түсірілімінде және егістікте шегіртке үйірлерінің географиялық координанттарын қою арқылы эксперттік шифрды ашу жұмыстарынан құралады;
3) камералық жұмыстар. Әуе түсірілімін өңдеу және түсірілген орындардағы шегірткелердің таралуының сандық карталарын құрастыру, сондай-ақ әуе түсірілімін жүргізу және ҰҰА техникалық сипаттамалары 23-қомымшада көрсетілген кестелерде келтірілген.
8. Топырақ мекенді зиянкестерді (шыртылдақ қоңыздар және қара денелілер) есепке алуды және анықтауды жүргізу әдісі келесі тәртіп бойынша жүзеге асырылады:
1) көктемгі тексеру жұмыстары топырақтың үстіңгі 10 сантиметр қабатының 15ºС жеткен кезінен бастап, олардың санын, түр және жас құрамын анықтау үшін жүргізіледі. Көпқоректі қоңыздарды тексеру жұмыстары олардың ересектерін бақылау және топырақ ішіндегі дернәсілдерді есептеу арқылы атқарылады. Ересек бунақденелілерді бақылау олар көктемде ұша бастағанда жүргізіледі. Қоңыздарды жинап, олардың түр құрамы мен топтасқан жерлері анықталады. Көктемгі бақылау-тексеру жұмыстары нәтижесінде олардың қыстап шыққаннан кейінгі жағдайы айқындалады. Шыртылдақ қоңыздар мен қараденелілердің дернәсілдері, мөлшері 50х50 сантиметр (0,25 шаршы метр), тереңдігі 25-30 сантиметр топырақтан алынған үлгі арқылы анықталады. Тексеру жүргізілетін телімнен кемінде 8 үлгі, ал 100 гектардан асатын жерлерден 12-16 үлгі алынады. Үлгілер шахмат сұлбасына сәйкестендіріліп қазылады. Табылған дернәсілдер санын қосып, оны 4-ке көбейтеді және шыққан санды үлгілер санына бөледі. Нәтижесінде сымқұрттардың (жалған сымқұрттардың) 1м² орташа санын көрсетеді. Сымқұрттарды (жалған сымқұрттарды) есепке алу қорытындысы осы Әдістеменің 24-қосымшасына сәйкес енгізіледі;
мысалы, 12-ші үлгіде 30 сымқұрт табылса, онда сол учаскеде зиянкестердің орташа саны 10 дана/шаршы метр болады.
2) сымқұрттардың топырақтағы тығыздығы төмендегі шкала бойынша анықталады: тығыздығы төмен деңгейде - 5-ке дейін; тығыздығы орташа деңгейде - 6-дан 20-ға дейін; тығыздығы жоғары деңгейде - 20 дернәсіл/шаршы метр;
3) жаздық дақылдардың толық өніп шыққан кезеңінде, күздік дәнді дақылдар түптене бастағанда және жүгерінің 2-3 жапырақ кезеңінде егістің зақымдалу дәрежесіне есеп жүргізіледі. Қатарлап егілген егісте 10-15 жарты метрлік кесінділер (егіс қатары бойынша), жүгеріде әр қатардан 10 өсімдіктен 10 сынама алынады. Сынамалар шахмат тәртібімен алынады. Әрбір сынаманың барлық өсімдіктерін мұқият қарап шығады және олардың жалпы санын, соның ішінде өлгендерін де есептейді. Егістіктерді сымқұрттардың сиретуін есепке алу қорытындысы осы Әдістеменің 25-қосымшасына сәйкес енгізіледі;
4) қоңыздар өте көп қоныстанған телімдерге жүгері, картоп және басқа өсімдіктерді, әсіресе сымқұрттар көп зиян келтіретін дақылдарды егуге болмайды;
5) күзде қыстауға кеткен зиянкестердің саны анықталып, олар жоғары дәрежеде қоныстанған телімдер белгіленеді. Тексеру жұмыстары топырақ суғарылғаннан соң, бірақ күн суытқанға дейін жүргізіледі. Тексеру жұмыстарының әдістемесі көктемгі атқарылатын жұмыстардың әдістемесімен бірдей;
6) сымқұрттар мен жалған сымқұрттардың экономикалық зияндылық шегі көрсеткіші 1 шаршы метрге 5-10 дернәсілден.
9. Қабыршаққанаттыларды (күздік көбелек, лепті көбелек, жабайы көбелек, бидайдың жер көбелегі) есепке алуды және анықтауды жүргізу әдісі келесі тәртіп бойынша жүзеге асырылады:
1) күздік көбелек пен басқа кеміргіш көбелектерді бақылау жүйесі көктемгі, жазғы және күзгі тексеріп, анықтау жұмыстарынан тұрады.
2) көктемгі бақылау өткен жылғы күзде күздік көбелектің санының жоғары болған танаптарында жүргізіледі. Ол үшін әдеттегі топырақты тексеру әдісі қолданылады: көлемі 50х50 сантиметр, үлгі алу тереңдігі 15-20 сантиметр. Кеміргіш көбелектерді күзгі және көктемгі зерттеуді есепке алу қорытындысы осы Әдістеменің 26-қосымшасына сәйкес енгізіледі;
3) көбелек жұлдызқұрттарының қуыршақтану және қыстап шыққан ұрпақтың ұшу мерзімін анықтау үшін, көктемде қазу жұмыстары кезінде 50-ден кем емес жұлдызқұрттар жиналады. Оларды түбінде қалыңдығы 5 сантиметр дымқылданған топырақ қабаты бар ыдысқа (садок) орналастырады. Ыдыстағы көбелектердің алғашқылары ұша бастаған сәттен бастап, көбелектердің табиғаттағы ұшу динамикасына бақылау жүргізіледі. Бұл үшін жарық тұтқыш немесе сірнесі бар астауша пайдаланылады. Ұшудың басталуына - астаушаға немесе жарық тұтқышқа бірлі-жарым көбелектің келіп түскен мерзімі жатқызылады, жаппай ұшу кезеңіне - ұсталған көбелектердің (бақылаудың басынан бастап) жалпы санының 20%-дан артық мөлшері түскен мерзімінен басталады, ұшудың аяқталуына - бірлі-жарым көбелектің келіп түсу мерзімі қабылданады. Бақылау өз уақытында басталып, зиянкестер санының жалпы деңгейі ескерілгенде ғана ұшу мерзімі дұрыс анықталады. Кеміргіш көбелектердің ұшу динамикасын есепке алу қорытындысы осы Әдістеменің 27-қосымшасына сәйкес енгізіледі;
4) жазғы тексеру топырақты қазу әдісімен отамалы және көкөніс дақылдарының егісінің 10%-на жуық ауданы қамтылуы тиіс. Бақылаулық тексерулер бір-бірінен егілу мерзімі және ластану дәрежесі бойынша ерекшелінетін әрбір дақылдың екі танабында жүргізіледі. Топырақ сынамасын алу тереңдігі 5 сантиметр. Жұлдызқұрттар мен қуыршақтардың жалпы саны, жұлдызқұрттардың жас ерекшелігі бойынша құрамы және дарақтардың 1 шаршы мерт ауданға келетін орташа саны анықталады. 1 шаршы метр ауданға 0,2 жұлдызқұрттан келсе - егістің ластану деңгейі төмен, 0,4-0,6 болса - орташа, 0,8 және одан көп болған жағдайда жоғары деңгейде деп есептеледі;
5) күздік көбелектердің санын анықтаумен бірге, оның егісті зақымдау дәрежесі де айқындалады. Осы мақсатта 10 топырақ сынамасындағы өсімдіктердің жалпы саны мен зақымдалғандарының саны ескеріледі. Өсімдіктің зақымдалу дәрежесі баллдық шкала бойынша анықталады: 0 - зақымдалмағандар; 1 - аз дәрежеде зақымдалғандар; 2 - жоғары дәрежеде зақымдалғандар (тамыр мойны қатты кемірілген, барлық жапырақтары зақымдалған, бірақ түптену түйіні зақымданбаған); 3 - опат болған өсімдіктер. Кеміргіш көбелектердің санын есепке алу қорытындысы осы Әдістеменің 28-қосымшасына сәйкес енгізіледі;
6) күзгі тексеріп, есептеу жұмыстары қыстап шығатын жұлдызқұрттардың стацияларға қоныстануын анықтау үшін жүргізіледі. Олардың саны, жас құрамы мен физиологиялық жағдайы анықталады. Топырақты тексеріп, есептеудің кәдімгі әдісін пайдалана отырып (0,25 шаршы метр – ден 10-12 үлгіден) зиянкестің тығыздығы мен отамалы дақылдар және картоп егілген танаптағы (үлгінің жыртылмаған егістіктегі алыну тереңдігі – 15 сантиметр, жыртылған егістіктегісі – 20 сантиметр) олардың қоныстану ерекшелігі анықталады. Бұл тексеру жұмысын атқару барысында жұлдызқұрттардың санын анықтаумен қатар олардың жағдайын, сонымен қатар жұлдызқұрттардың тоғышарлармен және аурулармен залалдануын анықтау өте маңызды;
7) күздік көбелектің жұлдыз құрттарының күздік дәндi дақылдардың өскіндеріне қатысты экономикалық зиянды шегі жүгеріге 2-3 дана/шаршы метр, мақта, қант қызылшасы үшін - 0,5-2 дана/шаршы метр; картоп өскiндeрi үшін - 5-10 дана/шаршы метрді құрайды;
8) күздік және басқа кеміргіш көбелектердің санын болжау үшін келесі мәліметтер пайдаланылады:
көбелектердің соңғы ұрпағының ұшу мерзімі, қарқындылығы және олардың өсімталдық деңгейі. Ұшу мерзімі (бірен-саран, басталуы және жаппай ұшуы); жаппай ұшу мерзімінде пайдаланылған бір тұтқышқа түскен көбелектердің орташа және барынша көп саны; жаппай ұшудың ұзақтылығы;
тұтқыш арқылы ұсталған кемінде 20 көбелектің жаппай ұшу кезіндегі орташа және жоғары өсімталдығы (аналығының құрсағын тілу арқылы анықталады);
дақылдардың (көкөніс, картоп, қант қызылшасы) өнімі жиналар алдында тексерілген және олардың зиянкес жұлдызқұрттарымен қоныстанған көлемі; жұлдызқұрттардың 1 шаршы метр жердегі орташа және ең көп саны; өсімдіктіктердің, түйнектердің, тамыржемістердің зақымдалуы (%);
жұлдызқұрттардың қыстауға кетер алдындағы жас құрамы (4-ші жасқа немесе пронимфа фазасына жеткендерінің мерзімі мен дарақтар санының пайызы), жұлдызқұрттардың тоғышарлармен залалданғандары және ауруға шалдыққандарының пайыздық көрсеткіші анықталады;
биологиялық және химиялық инсектицидтердің қолданылған көлемі, олардың биологиялық тиімділігі;
агротехникалық шаралардың көлемі және олардың тиімділігі.
10. Жапырақ кеміргіш көбелектерді (карадрина немесе кіші жер үсті көбелегі, беде көбелегі) есепке алуды және анықтауды жүргізу әдісі келесі тәртіп бойынша жүзеге асырылады:
1) жапырақкеміргіш немесе жер үстілік көбелектердің қыстап шығатын жұлдызқұрттарын, қуыршақтарын күздік көбелекті және басқа кеміргіш көбелектерді тексеріп, есептеу әдістемелеріне сай жүргізеді. Танаптарды карадринаның жұлдызқұрттарымен қоныстануына күзгі және көктемгі есепке алудың қорытындылары осы Әдістеменің 29-қосымшасына сәйкес енгізіледі;
2) карадрина дамуының қысқа мерзімді болжауын жасау үшін зиянкестің көбелегі ұша бастаған кезден оны бақылай бастайды. Көбелектің ұшуын тиімді температуралар жиынтығы есебінің немесе көбелектердің жарықты тұзаққа түсу қарқынына қарап анықтайды. Көбелек 170-1800С тиімді температуралар жиынтығы (төменгі көрсеткіші-100С) жиналғаннан соң ұша бастайды, ал оның жаппай ұшуы 2200С температура жиынтығы толғанына тұспа тұс келеді. Жұлдызқұрттардың шыға бастау мерзімі сол тиімді температуралар жиынтығы арқылы анықталады. Көбелектер жұмыртқаларын ұшып шыққаннан соң көп ұзамай сала бастайды, ал жұмыртқаның дамуына 500С температура жиынтығы қажет болады. Бір ұрпақтың дамуына 3500С тиімді температуралар жиынтығы қажет. Танаптарды карадринаның жұлдызқұрттарымен қоныстануына жазғы тексеруді есепке алудың қорытындылары осы Әдістеменің 30-қосымшасына сәйкес енгізіледі;
3) карадринаның экономикалық зиянды шегі 50% қоныстану кезінде 1-2 жұлдызқұрт немесе 50% өсімдікке қоныстану кезінде 3 жұлдызқұрт.
4) карадринаның санын болжау соңғы ұрпағының дамуы кезіңінде ауа-райының жағдайы бойынша жасалады. Қыстап шығатын қордың саны үсік түскен сәттен бастап қандай стадияда болғанына байланысты болады. Егер өте осал даму фазаларында (көбелектердің ұшу, жұмыртқа салу, жұлдызқұрт фазасы кезінде) түрдің негізгі массасы үсікке ұрынса, онда келесі жылы карадрина депрессияға ұшырайды. Қуыршақ кезінде түрдің негізгі массасының үсікке ұрынуы, зиянкестің қыстап шығатын запасының анғұрлым молдығын білдіреді. Бұл жағдайда келесі жылы карадринаның жаппай дамуын күтуге болады.
5) қуыршақтардың бір бөлігі олар қуыршықтану кезінде үсікке ұрынса (одан кейін тұрақты төменгі температура орнаған кезде) ойдағыдай қыстап шығады. Күзгі үсіктерден кейін күн жылынса көбелектің ұшып шығуы мүмкін.
6) соңғы ұрпағының жаппай қуыршақтану кезеңінде, қыстап шығатын запасының нақты жай-күйін анықтау үшін, карадринамен қатты залалданған учаскелерде тереңдігі 20 сантиметр топырақ қазу жүргізіледі. Әрбір жеке егіс картасында әрқайсысы 50х50 сантиметр алаңда 100 үлгі алынады. Үлгілерде табылған қуыршақтар, қуыршақ терілері және жұлдызқұрттар есепке алынады.
11. Шалғын көбелегін есепке алуды және анықтауды жүргізу әдісі келесі тәртіп бойынша жүзеге асырылады:
1) шалғын көбелегінің санын және таралуын анықтау үшін төмендегідей бақылаулар мен тексерулер жүргізіледі: қыстайтын жұлдызқұрттар санының күзгі есебі; қыстап шыққан жұлдызқұрттардың ерте көктемгі бақылаулық тексеру; көбелектердің ұшуын және олардың жұмыртқа салуын есептеу; өсімдіктердегі жұлдызқұрттардың және олардың зақымдалуын есептеу;
2) күзгі тексеру топырақ сынамасын алу әдісімен жүргізіледі, әрбір стациядан 7 сантиметр тереңдіктен 0,25 шаршы метр (50 х 50) бойынша 8-10 топырақ сынамасы алынады. Топырақтан шалғын көбелегінің теріп алынған жұлдызқұрттары бар пілләларын есептейді. Одан соң пілләларын өткір жіңішке қайшымен жарып, олардағы тірі жұлдызқұрттардың, тоғышарлар зақымдаған, ауру, өлген жұлдызқұрттардың санын есептейді. Қыстауға кететін пілләлардың тығыздығы тірі жұлдызқұрттары бар пілләлар санымен анықталады. Шалған көбелегінің қыстап шыққан және қыстайтын пілләларын есепке алу қорытындысы осы Әдістеменің 31-қосымшасына сәйкес енгізіледі;
3) көктемгі бақылаулық тексеру жұлдызқұрттардың қыстап шығу сипатын түсінуге мүмкіндік береді. Тексеру әдістемесі күздегідей. Күзде анықталған көбелектердің көп қоныстанған орындарынан, әрбір телімнен 50 пілләдан қазып алынады;
4) жазғы тексеру. Көбелектер ұшуының есебі олардың санын және егіс алқабында таралуын анықтау мақсатында жүргізіледі. Ұшудың басталуын және оның барысын анықтау үшін жарық және сірнелі тұтқыш қолданылады. Бақылауды егіс алқабынан жиналған және зертханада өсіріліп жатқан пілләлардан көбелектердің шығу мерзімінен бастайды;
5) көбелектердің әр түрлі алқаптардағы ұшу қарқындылығын және олардың санын есептеу үшін стацияларға бағыттық тексерулері жүргізіледі. Белгілі бір адымда көру аймағында ұшып жүрген көбелектер саны есептеледі. Егер әрбір 50 қадам сайын ұшқан көбелектің саны бір данадан аспаса, онда мұны бірлі-жарым ұшу деп, егер ұшқан көбелектер саны 5-ке дейін болса, аздап ұшу, 6-дан 50-ге дейін болса, мұны орташа, әрбір қадам сайын 1 және одан көп көбелек ұшса, оны жоғары, ал есептеуге келмейтіндей болса, мұны жаппай ұшу деп атайды;
6) ұшудың қарқындылығын бірінші кезекте мәдени дақылдар (қызылша, күнбағыс, жүгері) егісінде, одан соң көпжылдық шөптер алқабында, көкөніс дақылдарының алқабында, сондай-ақ, тоғай маңында, жол шетінде және тың жерлерде анықтайды. Мұндай тексерулер жаппай ұшу кезіндегі ауа-райы жағдайларын ескере отырып химиялық өңдеулердің болжамын жасауға мүмкіндік береді;
7) жұмыртқаларға бес күнде бір рет, ал саны көп болғанда күн сайын есеп жүргізеді. Көбелектер пайда болғаннан 7 күннен кейін жұмыртқа салудың басталу мерзімі мен ұзақтығын белгілейді. Бақылау кезінде жиналған көбелектердің жалпы саны, жыныстарының ара қатынасы, жыныстық жағынан жетілгендерінің саны мен аналықтарының өсімталдығы анықталады. Әрқайсысының бір жұмыртқалық түтікшесіндегі жұмыртқаларының саны есептеледі. Алынған нәтижені 8-ге (жұмыртқалық түтікшелер санына) көбейтеді.
Шалған көбелегінің ұшуын есепке алу қорытындысы осы Әдістеменің 32-қосымшасына сәйкес енгізіледі;
8) өсімдіктердегі шалғын көбелегінің жұлдызқұрттарының санын, көбелектің танаптық жағдайда ұша бастағаннан кейін 10-12 күн өткен соң есептей бастайды. Бақылау барысында жұлдызқұрттардың саны, олардың жұмыртқадан шығу мерзімі, жұмыртқалары салынған өсімдік, жұлдызқұрттардың қуыршақтануға кеткен мерзімі анықталады. Жұлдызқұрттардың жабайы өсімдіктерден мәдени өсімдіктерге ауған мерзімі белгіленді. Олардың санын есептеп, тексеру жұмыстары көлемі 0,25 шаршы метр болатын 8-10 топырақ үлгілерінде жүргізіледі. Шалған көбелегінің жұлдызқұрттарының санын есепке алу қорытындысы осы Әдістеменің 33-қосымшасына сәйкес енгізіледі;
9) жұлдызқұрттардың зияндылығын анықтау үшін 10 өсімдіктен шахматтық ретпен 10 сынама алынады, өсімдіктерді мұқият қарап, жұлдызқұрттар зақымдағандарының орташа пайызы, сондай-ақ, әрбір өсімдіктің зақымдалу дәрежесі анықталады. Зақымдалу дәрежесін көз мөлшермен төмендегі шкала бойынша бағалайды: 1 балл - аз зақымдалған (жапырақ бетінің 25%-ы желінген); 2 балл - орташа (25-тен 50%-ға дейін); 3 балл - қатты (50%-дан астамы желінген).
10) шалғын көбелектің жұлдызқұртына қарсы күрес қауіп барда және көктемде жас өсімдіктер мен көктеу фазасындағы өсімдіктерге біршама зақым келтіргенде 5 – 10 жұлдызқұрт/шаршы метр, жазда – 20 жұлдызқұрттан көп болғанда.
11) шалғын көбелегіне болжам жасау үшін төмендегі көрсеткіштер қажет:
соңғы ұрпақтағы көбелектердің ұшу мерзімі мен қарқындылығы және олардың өсімталдығы.
тексерілген және соңғы ұрпақтағы жұлдызқұрттар қоныстанған аудан, қант қызылшасы, көкөніс дақылдары, бұршақ тұқымдасты көпжылдық шөптесін өсімдіктер егісінің ауданы; жұлдызқұрттардың орташа және мейлінше көп саны; зақымдалған өсімдіктер пайызы және олардың зақымдалу дәрежесі.
жұлдызқұрттардың қысқы ұйқыға (диапаузаға) кетер алдындағы жас ерекшеліктері бойынша құрамы.
үшінші ұрпақтағы көбелектердің ұшуы туралы мәліметтер.
қыстап шыққан жұлдызқұрттар қоныстанған және тексерілген жайылым, көпжылдық шөптесін өсімдіктер егісі, орман-тоғайлы жолақтар, жаңадан жыртылған егіс алқабының ауданы; қыстап шығатын көбелектердің орташа және ең көп саны;
қыстап шығатын жұлдызқұрттардың тоғышарлар залалдаған және ауруға шалдыққандарының пайызы.
химиялық қорғаныс өңдеулер, алдын алу, агротехникалық шараларды қолдану көлемі.
12. Жүгерінің сабақ көбелегін есепке алуды және анықтауды жүргізу әдісі келесі тәртіп бойынша жүзеге асырылады:
1) жүгерінің сабақ көбелегінің дамуы мен санының динамикасын бақылау жүйесі төмендегідей тексерулер мен есептеулерді қарастырады:
жұлдызқұрттардың қуыршақтану мерзімін анықтау үшін көктемгі тексеру;
көбелектердің ұшу және жұмыртқа салу динамикасы;
алдағы жылы зиянкестің санын болжау үшін қыстайтын жұлдызқұрттарды күз мезгілінде тексеру;
зиянкестердің өсімдіктерді зақымдау дәрежесін анықтау;
2) көктемгі тексеріп, есептеу жұмыстары зиянкеске қарсы жүргізілетін жою шараларының мерзімін анықтау үшін атқарылады. Көктемде бақылап, тексеру жұмыстары қыстап шыққан жұлдызқұрттар санын білу үшін жүргізіледі. Жүгерінің сабақ көбелегінің қыстап шыққан жұлдызқұрттарының есебінің қорытындысы осы Әдістеменің 34-қосымшасына сәйкес енгізіледі;
3) көбелектердің жаппай ұшуы егіске химиялық өңдеу жүргізудің дабыл белгісі болып есептеледі. Күзде қыстайтын жұлдызқұрттар табылған орындарды мезгіл-мезгіл (бес күнде бір рет), 50 сабаққа (түбір) дейін қарап, оларды ішкі қуысын жарып қарайды, ондағы қуыршақтанған жұлдызқұрттардың пайызы анықталады. Егер 50%-дан астам жұлдызқұрт қуыршақтанған болса, жазда көбелектердің ұшуына бақылау жүргізіледі. Көбелектердің ұшу қарқыны, оның ұшу динамикасы жарықты тұзақ арқылы анықталады да, ал өсімталдығы 20 аналық көбелектің құрсағын тіліп, ондағы жұмыртқалар саналады. Жүгерінің сабақ көбелегінің қыстап шыққан көбелегінің және жүгерінің сабақ көбелегінің бірінші ұрпағының өсімталдығын және ұшуын есепке алу қорытындысы осы Әдістеменің 35-қосымшасына сәйкес енгізіледі;
4) көбелектердің ұшуы байқалған телімдердегі жұмыртқа салу қарқындылығын анықтау үшін мезгіл-мезгіл есеп жүргізіледі. Алқаптың қиғашы (диагоналы) бойынша 50-100 өсімдік тексеріледі. Жұмыртқадан жұлдызқұрттардың шығу кезі химиялық күрес жүргізудің дабылы болып есептеледі;
5) өсімдіктің зақымдалу дәрежесін анықтау үшін телімде біркелкі орналасқан 10 өсімдіктен 10 сынама алынады. Зақымданған өсімдіктердің пайызы анықталады, олардың зақымдалған бөліктерін белгілейді және зақымданған бір өсімдікке келетін жұлдызқұрттардың орташа саны есептеледі;
6) күзде, жиын-теріннен кейін, шахматтық ретпен орналасқан, өлшемі 0,25 шаршы метр, 8-10 сынақ алаңында сабақтарға талдау жүргізіледі. Жүгері және басқа да, жуан сабақты дақылдар егілген телімдерде барлық алаңнан 100 өсімдіктен біркелкі жиналған сабақтарға талдау жасалады. Сабақтарға талдау жасау үшін оларды өткір пышақпен ұзынынан тіліп, жұлдызқұрттардың өсімдіктерді зақымдау дәрежесі және олардың бір зақымдалған сабаққа келетін саны анықталады. Сабақ көбелегінің қыстайтын жұлдызқұрттарын есепке алу қорытындысы осы Әдістеменің 36-қосымшасына сәйкес енгізіледі;
7) экономикалық зиянды шегі: 1 шаршы метрге 5 жұмыртқа салымы немесе 10 өсімдікке 5 жұмыртқа салымы, өсімдіктің 17-18 пайызына жұмыртқа салынған;
8) сабақ көбелегіне болжам жасау үшін төмендегідей көрсеткіштер қажет:
жұлдызқұрттардың жүгері дақылы жиналып алынған учаскелердегі өсімдік қалдықтары (жиналмаған собықтар) арасындағы саны. Жұлдызқұрттар табылған аңыздың аумағы және 1 шаршы метр жердегі сабақтағы жұлдызқұрттардың орташа саны;
қыстауға кеткен жұлдызқұрттардың денесінің массасы;
олардың ауруға шалдыққандары мен тоғышарлармен залалданған пайыздық мөлшері;
жарықты тұзақ арқылы анықталған әр ұрпақтағы көбелектердің ұшу мерзімі мен қарқыны;
жаппай ұшу мерзімінің ұзақтылығы;
зиянкестің 20 аналығының құрсағын тілу арқылы анықталған орташа және ең көп өсімталдығы;
жүгері мен тары және басқа дақылдар егістігінен табылған зиянкестің жұмыртқа мен жұлдызқұрттарының саны. Әр бір дақыл үшін зиянкестің тексерілген және оның ішінде қоныстанған аумағы, 10 өсімдікке шаққандағы жұмыртқа мен жұлдызқұрттардың орташа саны, өсімдіктердің зақымдалу дәрежесі, әр бір зақымдалған өсімдіктегі жұлдызқұрттардың орташа саны;
зиянкестің әр бір ұрпағына қарсы жүргізілген химиялық өңдеулердің көлемі және оның тиімділігі (орташа, ең азы, ең көбі).
13. Астықтың сұр көбелегін, дәннің кәдімгі көбелегін есепке алуды және анықтауды жүргізу әдісі келесі тәртіп бойынша жүзеге асырылады:
1) күзде (қазан-қарашада) суық түскенге дейін, жұлдызқұрттардың қысқы диапаузаға кетер алдындағы санын анықтау мақсатында тексеру жүргізіледі. Әрбір алқапта қиғашынан (немесе шахматтық ретпен) 0,25 шаршы мтер (50 х 50 сантиметр) өлшеммен 8 топырақ сынамасы тексеріледі.
2) топырақ сынамасын жыртылған жер қабатының тереңдігі бойынша алып, тесіктері 4 миллиметр елеуішпен елейді де, табылған жұлдызқұрттарды санайды. Егістіктен жиналған жұлдызқұрттарды зертханада өлшеп, салмағын анықтайды, сондай-ақ, олардың тоғышарлармен және аурулармен залалдануына талдау жүргізеді. Тексеру қорытындысында 1 шаршы метр жердегі популяция санын және жұлдызқұрттардың физиологиялық жай-күйін анықтап, соның негізінде ұзақ мерзімдік болжам жасалады. Астықтың сұр көбелегінің қыстап шыққан және қыстайтын жұлдызқұрттарын есепке алу қорытындысы осы Әдістеменің 37-қосымшасына сәйкес актіге енгізіледі;
3) көктемгі бақылаулық тексеру қыстап шыққан жұлдызқұрттардың белсенділігі артқан кезеңнен бастап, олардың қуыршақтанғанына дейін, көбелектердің көбеюіне күзде жасалған болжамын нақтылау мақсатында жүргізіледі. Көбелек санын есептеу әдістемесі күзгі тексерудегідей жүргізіледі;
Астықтың сұр көбелегінің қыстап шыққан (қыстайтын жұлдызқұрттары бойынша күзгі) жұлдызқұрттарын көктемгі зерттеу бойынша ақпарат осы Әдістеменің 38-қосымшасына сәйкес толтырылады;
4) дәннің сұр көбелегінің ұшу қарқындылығы мен динамикасын анықтау жазғы тексеру мерзімін белгілеу үшін және жұлдызқұрттардың жаңа ұрпағының санын болжау мақсатында жүргізіледі. Көбелектердің ұшуын бақылау маусым айының 2,3-ші онкүндігінен шілденің аяғына дейін созылады. Көбелектер санын есептеуді күн сайын таңертеңгі мезгілде, жер бетінен 1 метр биіктіктегі таяқшаға бекітілген ашыған еліктіргіш сұйықтық тұтқыш (сыйымдылығы 1 литр банка) көмегімен жүргізеді. Банканың 2/3 бөлігіне дейін 10%-дық қант ерітіндісінің ашытқысын құяды. Ұсталған көбелектің аналықтарының мезгіл-мезгіл құрсағын жарып көріп, жұмыртқасын санайды. Егер бір түнде банкаға өсімталдығы 500 жұмыртқа болатын 50-ден аса аналық сұр көбелек түскен болса және көбелектердің ұшу мерзімі бидайдың масақтануымен дәл келсе, онда көбелектердің, жұлдызқұрттарының жаппай көбею қаупі туады;
5) жазғы тексеру (масақ кесу) жұлдызқұрттардың 1,2 жастағы жаңа ұрпағының жаппай шығу мерзімі кезінде жүргізіледі, бұл уақыт әдетте жаздық бидайдың сүттеніп, дәннің толысу кезеңіне дәл келеді. Тексеруші егіс алқабын қиғаш (диагонал) бойынша жүріп өтіп, мата қапшыққа сыятындай, 200 масақты (20 орыннан 10 масақтан) кесіп алады да, оларға жапсырма (этикетка) жасап, зертханаға жеткізеді. Қапшықтарды желдетіліп тұратын бөлмеге іліп қояды. Масаққа талдау жасауды олар кепкен соң 2 күннен кейін жүргізіп, 100 дәнге келетін жұлдызқұрт санын анықтайды. Одан соң масақтарды қайтадан қапшыққа салып байлайды да, кептіру үшін тағы да 1-2 күн іліп қояды, осыдан кейін қайтадан сілкіп-қағады. Табылған жұлдызқұрт санын бірінші сілкуден кейінгі санға қосады. Астықтың сұр көбелегінің жаңа ұрпағының жұлдызқұрттарының санын есепке алу қорытындысы осы Әдістеменің 39-қосымшасына сәйкес енгізіледі;
6) 100 масаққа келетін жұлдызқұрттар саны төмендегідей анықталады. Айталық, егіс алқабынан 228 масақ алынды делік, ал сілкігеннен кейін барлығы 57 жұлдызқұрт табылсын, сонда 100 масаққа келетін жұлдызқұрт саны 25 дана (57 х 100 : 228 = 25) болады;
Астықтың сұр көбелегінің жаңа ұрпағының жұлдызқұрттарының шығуы кезеңінде бидайдың егістіктерін жазғы зерттеу бойынша ақпарат осы Әдістеменің 40-қосымшасына сәйкес енгізіледі;
7) егіс алқабын өңдеудің қажеттілігі жұлдызқұрттар санымен, ауа-райы жағдайымен және егістің қандай мақсатқа арналғанымен (тауарлық немесе тұқымдық) анықталады.
8) тауарлық бидай егістігінің сүттену кезеңінде химиялық өңдеуге арналған жұлдызқұрттардың экономикалық зиянды шегі салқын ауа-райында 100 масаққа 15 жұлдызқұрттан артығырақ, қалыпты ауа райында - 20, құрғақ ауа райында 30-дан аса болады. Тұқымдық егісінде бұл көрсеткіш 2 есе төмен болады.
9) зиянкестен қорғау мақсатындағы өңдеулердің көлемін ағымдық жоспарлау, егіс алқаптарын жаппай күзгі тексерудің қорытындыларына негізделеді. Бір жылға болжам жасау барысында дәннің сұр көбелегінің популяциясының динамикасы кезеңін, жұлдызқұрттардың қысқы диапаузаға кетер алдындағы физиалогиялық жай-күйі, саны және денесінің салмағы, сонымен қатар, табиғи жаулармен залалдану дәрежесі бойынша ескеріледі. Популяцияның қысқы диапауза кезеңіндегі тіршілікке қабілеттілігі салмағына байланысты: егер жұлдызқұрттың салмағы 200 миллиграммнан кем болса - 10%-дан, ал салмағы 300 миллиграммға дейін болса - 50-60%-дан аспайды. Салмағы 300 миллиграммнан артық жұлдызқұрттар қыстап шыға алады, келесі жылдың жазында көбелектің өсімталдығы 500-1200 жұлдызқұртқа дейін жетеді. Жұлдызқұрттардың табиғи жаулармен қатты залалдануы популяция жай-күйінің нашарлығын білдіреді, сондықтан, гранулезбен залалдану деңгейі 70-80%-дан асқан жағдайда, мұндай егіс алқаптарына келесі жылы міндетті түрде химиялық өңдеулерді жоспарлау тиімсіз болады;
10) күзгі тексеру мәліметтері бойынша қорғау шараларын жоспарлау барысында егіс алқабының 1 шаршы метр ауданында салмағы 300 миллиграммнан артатын, тіршілік етуге қабілетті кемінде 3 жұлдызқұрттың табылуы, көбелек популяция санының тығыздық көрсеткіші осындай болатын ауданда жұлдызқұрттардың жаңа ұрпағына қарсы келесі жылы да міндетті түрде химиялық өңдеу жүргізу қажет. Жасалған болжам көктемде нақтыланады. Көктемгі тексеру мәліметтері бойынша өңдеу жүргізуді жоспарлаудың шарты - 1 шаршы метр ауданға 2 жұлдызқұрттан артық болуы. Мұны көбелектердің ұшуы және дәннің сұр көбелегінің жұмыртқа салуы бойынша мәліметтермен тағы да бір рет нақтыланады.
14. Зиянды бақашық қандаласын және мавр қандаласын, австрия қандаласын есепке алуды және анықтауды жүргізу әдісі келесі тәртіп бойынша жүзеге асырылады:
1) астық дақылдарына қандалалардың бір тобы зиян келтіреді. Олардың ішінде ең қауіптісі зиянды бақашық қандала;
2) сан мөлшерін есепке алу әдістері. Күзде және ерте көктемде зиянкестердің көбеюіне болжам жасау мақсатында, бақашықтардың жай-күйін және санын анықтау үшін, олардың қыстайтын орындарына тексеру жүргізіледі. Қыстап шыққан және қыстайтын зиянды бақашық қандаласының санын есептеу қорытындысы осы Әдістеменің 41-қосымшасына сәйкес актіге енгізіледі;
3) телімнен 0,25 шаршы метр (50 х 50 сантиметр) 20 сынама үлгі алынады. Ормандағы төсеніштерін (көң, сабан) мұқият аударып және 3-5 сантиметр тереңдіктегі топырақты мұқият отырып, сынамадағы барлық қандалаларды тексереді және олардың 1 шаршы метр ауданда орналасу санын анықтайды. Зертханада аталығы мен аналығын 50-ден өлшеп көріп, олардың тіршілікке қабілеттілігн анықтайды;
4) көктемгі тексеру қар кетісімен және ормандағы шөп-шалам төсемдер кебісімен, қандаланың күзде анықталған ең көп орналасқан орындарында жүргізіледі. Олардың қыста қырылғандарының пайызы анықталып, осы мәліметтердің негізінде зиянкестердің санының болжамына түзетулер енгізіледі;
5) көктемде қандалалардың қыстап шыққан орындары айқындалады. 400 гектар ауданнан, арасы бірдей қашықтықтан және әрқайсысының ауданы 0,25 шаршы метрлік тұстан 20 сынама алынады. Тірі қандалалардың санын анықтап, одан соң 1 шаршы метр аудандағы орташа саны есептеледі.
Зиянды бақашық қандаласының қыстап шыққан (күзгі-қыстайтын) ұрпағына көктемгі зерттеу бойынша ақпарат осы Әдістеменің 42-қосымшасына сәйкес енгізіледі;
6) бақашық дернәсілдерінің орналасу тығыздығының ауданы 0,25 шаршы метр сынама алаңшаларында анықталады. Алаңнан барлығы 20 сынама алынады. Сынамада қандалалардың саны, салған жұмыртқалары, дернәсілдері есептеледі. Осыдан кейін 1 шаршы метр аудандағы дернәсілдердің орташа саны анықталады. Зиянды бақашық қандаласының дернәсілдерінің санын есептеу қорытындысы осы Әдістеменің 43-қосымшасына сәйкес енгізіледі, ал зиянды бақашық қандаласының бидай егістігіне қоныстануына жазғы зерттеу бойынша ақпарат осы Әдістеменің 44-қосымшасына сәйкес толтырылады;
7) жұмыртқалардың біраз бөлігін (100-200 дана) бақашық жұмыртқаларының тоғышарлармен, жұмыртқа жегіштермен зақымдану, залалдану дәрежесін анықтау үшін бөлек жинайды;
8) экономикалық зияндылық шегі: жаздық және күздік бидай егісінің 1 шаршы метр ауданына 1-2 қыстап шыққан қандаладан (құрғақ жылдары бұл көрсеткіш 2 есе төмен); гүлдеу кезеңінде - бидайдың толысуының бас кезінде - 1 шаршы метр ауданға 5 дернәсілден; бидай дәнінің сүттену кезеңінде - 1 шаршы метр ауданға 2 дернәсілден;
9) болжамды жасау кезінде бірінші кезекте келесі сәттер ескеріледі:
көп залал келтіретін ошақтардың географиялық аймақтық орналасуы;
егістердегі және қыстап шығу орындарындағы зиянкестің саны;
оның дамуының өте қиын кезеңінде бақашықтардың азықпен қамтамасыз етілуі;
бақашықтардың белсенді өмір сүру кезеңіндегі ағымдағы жылдағы ауа-райының қолайлы деңгейі;
10) зиянды бақашықтың өмір сүруі жағдайына қойылатын келесі негізігі талаптар:
бақашықтардың қыстап шығуына қолайлы, бақашықтың қоректену орындарының маңында, таулы және аңғарлардардың ормандардың (көбінесе емен ағаштары) орман көшеттері алаңдарының көп болуы;
11) қандаланың белсенді өмір сүру кезеңіндегі температураның және ылғалдың қолайлы деңгейі:
көктемде орманнан бақашықтың ұшып шығу кезеңінде – ауа райының орташа температурасы 12-13°-тан және ең жоғарғысы 20°-тан төмен болмауы тиіс;
ұрғашыларының және жұмыртқаларының дамуы кезеңінде – орташа тәулік температурасы 16°-тан жоғары;
дернәсілдік даму кезеңінде - орташа тәулік температурасы 22-24° шамасында;
қанаттану және қоректену (қыстауға ұшар алдында) кезеңінде - орташа тәулік температурасы 24°;
қандаланың көктемгі ұшып шығуы, жұмыртқаларының дамуы және әсіресе дернәсілдерінің дамуы кезеңіндегі аз ылғалды жылы ауа-райы, жас қандалалардың қоректену кезеңінде – ылғал мөлшерінің біркелкілігі ең қолайлы болады.
15. Астық қоңызын (айшықты қоңыз, кузька қоңызы, красун қоңызы) есепке алуды және анықтауды жүргізу әдісі келесі тәртіп бойынша жүзеге асырылады:
1) көктемде қоңыздардың болжамды санын анықтау үшін топырақтағы дернәсілдер санына есеп жүргізіледі. Әрбір 12-16 топырақ сынамасын 0,25 шаршы метр (50 х 50 сантиметр) ауданнан алады. Топырақты 15-20 сантиметр тереңдігіне дейін қазып, табылған дернәсілдерді өлшемдеріне сәйкес I және I жылдық дернәсілдер тобына бөледі де, олардың саны есептеледі, сондай-ақ, 1 шаршы метр аудандағы тығыздығы анықталады. Астық қонызының қыстап шыққан және қыстайтын дернәсілдерінің санын есепке алу қорытындысы осы Әдістеменің 45-қосымшасына сәйкес актіге енгізіледі; Көктемгі зерттеулер бойынша ақпарат осы Әдістеменің 46-қосымшасына сәйкес толтырылады;
2) бірінші жылы I және II жастағы, екінші жылы III жастағы дернәсілдер қыстауға кетеді. Жазда, егістің масақтану-гүлдеу мерзімінде ондағы қоңыздардың саны анықталады. Тексеруші егіс алқабымен жүріп отырып, ені 1 метр, ұзындығы 10 метр жолақта шеткі жолақты қоса есептегенде 10 орындағы масақтарда көзге көрінген барлық қоңызды санайды. Бұл ретте жалпы есептік аудан 100 шаршы метрді құрайды, содан соң 1 шаршы метрге келетін қоңыздардың орташа саны анықталады. Астық қоңызының санын есепке алу қорытындысы осы Әдістеменің 47-қосымшасына сәйкес актіге енгізіледі; Жазғы зерттеулер бойынша ақпарат осы Әдістеменің 48-қосымшасына сәйкес толтырылады;
3) қоңыздардың экономикалық зияндылық шегі - бидайдың гүлдену-дән толыса бастаған кезеңінде - 1 шаршы метр алаңда 3 қоңыздан асқанда;
4) қорғаныс іс –шараларының көлемін болжау үшін күзде (қыркүйек-қазан айларында) қыстауға кететін дернәсілдердің санына есеп жүргізіледі. Есеп I және II жылдық дернәсілдердің санын анықтауға мүмкіндік береді, бұл есептің келесі жылғы қоңыздар санына болжам жасау үшін маңызы зор. Жазда қоңыздар бар деп белгіленген алқаптардың бәрі тексерілуі тиіс. Дәнді дақылдардың, жаңадан егілген алқаптың және күздік егістің шет-шетіне ерекше көңіл бөлу қажет болады.
16. Бидай трипсін есепке алуды және анықтауды жүргізу әдісі келесі тәртіп бойынша жүзеге асырылады:
1) өсімдік қалдықтарында қыстап шыққан дернәсілдерге көктемгі есеп бидай егіліп, өнімі жиналып алынған телімдерде жүргізіледі. Әрбір 50 қадам сайын 0,25 шаршы мерт ауданнан 20 сынама алынады. Әрбір сынамада аңызда қалған барлық өсімдік қалдықтарын (масақтарды) жинап, жеке қалтаға салады. Әрбір сынамадағы бидай сабақтарына қоныстанған дернәсілдерді санап, 1 шаршы метр ауданға келетін орташа саны анықталады. Бидай трипсінің дернәсілдерінің санын есептеу қорытындысы осы Әдістеменің 49-қосымшасына сәйкес енгізіледі;
2) жазғы тексеруді трипсілердің ұшып шығу және жаппай ұшу мерзімдерін анықтау, сондай-ақ, санын шектеу мақсатында өсу кезеңінде жүргізеді. Трипсілердің дәнді стацияларында, сондай-ақ, дәнді дақылдар егісінде пайда болу уақытын, энтомологиялық қаққышпен қағу арқылы анықтайды. Егістегі ересек трипсілерді жинаудың ең нақты әдісі оларды шөптесін өсімдіктерден ұшып шыққан кезде санау болып табылады. Бұл үшін жеңіл де, тығыз материалдан тігілген, өлшемі 20 х 30 сантиметр қапқа бидайдың 50-100 масағын салады. Масақтарды түтіктену, масақтану, гүлдеу, дәннің сүттеніп-балауызданып пісу кезеңінде алады. Бір немесе екі тәуліктен кейін, қаптың ішінен иіс шыға бастаған кезде жиналған сынама жинағын үлкен ақ қағаз парағына төгіп, трипсілерді санайды. Жапсырмада үлгінің нөмірі, жиналған орны мен мерзімі көрсетіледі. Санау барысында мыналар ескерілуі тиіс: 1) әр сынама жинағындағы трипсілер саны; 2) 1 масақтағы трипсілердің орташа тығыздығы, ал егістегі масақ басының жиілігі бойынша 1 шаршы метр аудандағы тығыздығы анықталады. Бидай трипсімен (имагосымен) өсімдіктердің қоныстануын есептеу қорытындысы осы Әдістеменің 50-қосымшасына сәйкес енгізіледі;
3) жұмыртқа салуды бақылау масақтанудан дәннің сүттеніп-пісу кезеңінде басталады. Бақылау жұмыстарының дәл болуы үшін, белгілі бір кезеңде, қандайда бір тәсілмен, 100 үлгі-сабақты бөліп алады. Оларға 2 күн сайын ондағы жұмыртқасалулар мен ондағы жұмыртқалар саны есептеледі. Әрбір өсімдіктің 5-7 жапырағының қынабын, масақ қабыршағының сыртқы және ішкі жағын, масақтың өзегі мен білігін қарап көреді;
4) трипсінің дернәсілдерінің дамуын бақылауды жаздық бидайдың гүлдеу кезеңінен бастап, дәннің толық пісуі кезеңінде аяқтайды. Дернәсілдердің жұмыртқадан шығуы, олардың масақ ішінде орын ауыстыру және олардың масақ ішінде қоныстану ұзақтығы, дернәсілдердің масақтан қыстауға кету уақыты тіркеледі. Бидай масақтарындағы трипсі дернәсілдерінің жағдайы дәннің сүттеніп-балауызданып пісу кезеңінде ескеріледі. Әрбір егістен 50 масақтан, 3 сынама жинағын алып, тығыз қағаздан, не полиэтиленнен жасалған қапшыққа салады. Масақтарға талдау жасау барысында әр масақтағы дәндер мен дернәсілдер саны есептеледі. Одан соң, бидай басы мен дәндегі дернәсілдердің орташа санын, одан әрі, 1 шаршы метр аудандағы масағы мол сабақтардың санын біле отырып, 1 гектар аудандағы дернәсілдер саны анықталады. Балауызданып-толық пісу кезеңіндегі дернәсілдердің зияндылығын анықтау үшін 100 бидай масағын белгілеп алады. Зақымдану дәрежелері аз, орташа, жоғары болып бөлінеді. Бидай трипсінің зияндылығын есептеу қорытындысы осы Әдістеменің 51-қосымшасына сәйкес енгізіледі;
5) 1 шаршы метр аудандағы астықтың шығыны анықталады: бір дернәсілдің орташа салмағы 0,1 миллиграмм; ылғалды ауадағы зияндылық коэффициенті 0,3%ға тең, құрғақ ауа райында - 0,5%-ды құрайды. Дернәсілдердің зияндылығын анықтау үшін олардың 1 м2 аудандағы санын анықтап, алынған санды 0,1-ге, одан соң 0,3 немесе 0,5 пайызға көбейту керек. Осыдан кейін 1 гектар ауданға қайтадан есептеледі. Бітелерге қарсы химиялық күресудің тиімділігін тек тұқымдық телімдерде жүргізген дұрыс;
6) бидайдың түтіктену-масақтанудың бас кезеңінде бидай трипсінің экономикалық зиянды шегінің көрсеткіші - қаққышты 10 рет сермегенде 300 дарақтан, 1 сабақ басына 8-10 бітеден; дәннің толысуы кезеңінде бір масаққа 45-50 дернәсілден келгенде;
7) қорғаныс іс-шараларын болжамдау көлемінің әдістемесі 4-бөлімде көрсетілген.
17. Астық сүлікшесін есепке алуды және анықтауды жүргізу әдісі келесі тәртіп бойынша жүзеге асырылады:
1) сүлікшелер санын дәнді дақылдардың толық түптену кезеңінде есептейді. Арпа, сұлы және жаздық бидайдағы (бидайдың жұмсақ, түкті түрлерінен басқаларына) қоңыздарға есеп жүргізеді. Әр алқаптан шахматтық ретпен орналасқан егіс қатарларындағы жарты метрлік 14-16 кесіндіні қарайды. Әр кесіндідегі қоңыздар мен өсімдіктер саны есептеледі. Одан кейін 1 шаршы мерт ауданға немесе бір өсімдікке келетін қоңыздардың орташа санын шығарады. Қатарлар арасының ені 15 сантиметр болғанда, жарты метрлік 14 кесіндінің ауданы 1 шаршы метр болады. Егер әрбір өсімдіктегі қоңыздар саны орташа есеппен 10-нан артық болған жағдайда зиянкеске қарсы химиялық күрес жүргізу қажет; Астық сүлікшесінің қыстап шыққан қоңыздарының санын есептеу қорытындысы осы Әдістеменің 52-қосымшасына сәйкес енгізіледі;
2) келесі есепті дәннің сабақтана бастаған кезеңінде жүргізеді. Сүлікше дернәсілдерінің саны анықталады. Егіс алқабында біркелкі орналасқан қатарлардың 14 жарты метрлік кесінділеріндегі дернәсілдер саны есептеледі, 1 шаршы метр ауданға немесе бір өсімдікке келетін дернәсілдердің орташа саны анықталады. Өсімдікте 1-ден жоғары дернәсілдің болуы инсектицидтермен өңдеу жүргізу қажеттілігінің дабылы болып табылады. Астық сүлікшесінің дернәсілдерінің санын есепке алу қорытындысы осы Әдістеменің 53-қосымшасына сәйкес енгізіледі;
3) қоңыздар мен дернәсілдердің зияндылық дәрежесін өсімдіктің түтіктену кезеңінің басынан масақтану кезеңіне дейін анықтайды. Өсімдіктің зақымдалу дәрежесі төмендегі шкала бойынша анықталады: 0 - зақымдалмаған; 1 балл - жапырақ беті 5%-ға дейін зақымдалған; 2 балл - 6-дан 25%-ға дейін; 3 балл - 26-дан 50%-ға дейін; 4 балл - 51-ден 75%-ға дейін; 5 балл - 75%-дан жоғары зақымдалған;
астық сүлікшесінің қоңыздарының санын есепке алу қорытындысы осы Әдістеменің 54-қосымшасына сәйкес енгізіледі;
4) күздік дақылдар үшін түптену кезеңіндегі экономикалық зиянды шегі - 1 шаршы метр ауданға 40-50 қоңыздан, жаздықтар үшін - 10-15-тен. Өсімдіктің түтіктену-масақтану кезеңінде сабақ басына 0,5-1,0 дернәсілден келеді;
5) егер 1 шаршы метр аудандағы қоңыздардың жаңа ұрпағының санын есептеу барысында 6-дан артық қоңыз табылған болса, онда келесі жылы сүлікше қоңыз айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін.
18. Астықтың оңтүстік барылдақ қоңызын есепке алуды және анықтауды жүргізу әдісі келесі тәртіп бойынша жүзеге асырылады:
1) қоңыздардың пайда болу мерзімін және олардың егісте таралу есебін жазғы тыныштық мерзімі өткеннен кейін, күзде анықтай бастайды. Зиянкестің саны, қабылданған жалпылама әдістеме бойынша, 0,25 шаршы метр ауданнан 30 сантиметрге дейінгі тереңдіктен топырақ сынамасын алу жолмен есептеледі. Қоңыздардың топырақ бетінде пайда болуының басталуын оларды тұтқыш-банкалармен аулау арқылы анықтауға болады. Бақылау нәтижелері дәл болуы үшін тексеруді барлық алқаптарда жүргізеді, өйткені зиянкестер көршілес алқаптардан қоныс аударуы мүмкін;
2) күзгі тексеруді екі мерзімде жүргізеді: біріншісі - шағылысу мерзімінде, яғни күздік дақылдар егілер алдында және жұмыртқа салу басталғанда (жауын-шашын мөлшері жеткілікті болса тамыздың басында, ал құрғақшылық кезінде - қыркүйектің бірінші онкүндігінде); екінші бақылауды тексеру - дақылдардың өскіндері көктеп шыққанда және I жастағы дернәсілдер шыққанда, оның мерзімі күздегі ауа райына байланысты болады. Бұл тексеру егісті химиялық өңдеулер жүргізудің қажеттілігін айқындауға мүмкіндік береді.
3) көктемгі тексеруді де екі мерзімде жүргізеді: біріншісі - наурыздың басында, егістің зақымдалуын анықтау үшін; екіншісі - қуыршақтар бойынша (шамамен мамырдың 2-3-онкүндігінде). Тексерулердің мақсаты - егісте қоңыздардың пайда болу мерзімдерін және олармен дер кезінде күрес жүргізудің қажеттілігін анықтау. Көктемгі тексеруді, күздегідей, 0,25 шаршы метр ауданнан 40-50 сантиметр тереңдікте топырақ сынамасын алу жолмен жүргізеді. Астықтың барылдақ қоңызының, дернәсілдерінің санын есепке алу қорытындысы осы Әдістеменің 55 және 56-қосымшаларына сәйкес енгізіледі;
4) Барылдақ қоңыздардың экономикалық зиянды шегі көктемде 1 шаршы метр ауданға 3-4 дернәсілден, күзде 2-3 дернәсілден; дәнді дақылдардың сүттеніп-балауызданып пісу кезеңінде 1 шаршы метр ауданға 8-10 қоңыздан келеді;
5) болжам жасау үшін төмендегі ақпараттар қажет:
өткен жылдың күзі мен ағымдағы жылдың көктемінде тексерілген және астықтың барылдақ қоңызы қоныстанған күздік дәнді дақылдар егісінің ауданы;
көбею қарқындылығы мен фенологиясы (өсімталдығы, аналығының негізгі бөлігінің жұмыртқа салу мерзімдері);
қыстап шыққан дернәсілдердің көктемдегі саны (орташа және ең көп), қоңыздар, жұмыртқалар және дернәсілдердің жаз соңындағы саны;
тоғышарлармен және аурулармен залалданған қоңыздар, жұмыртқалар мен дернәсілдердің пайызы;
астықтың барылдақ қоңызының жас ерекшелігі бойынша құрамы;
жүргізілген химиялық өңдеулердің көлемі, олардың өткен жылдың күзіндегі және ағымдағы жылдың көктемі мен күзіндегі тиімділігі.
19. Астықтың жолақ бүргесін есепке алуды және анықтауды жүргізу әдісі келесі тәртіп бойынша жүзеге асырылады:
1) көктемде +10оС температурада тұрақты телімдерде қоңыздардың қысқы ұйқыдан кейінгі пайда болуы белгіленеді. Өсімдіктер толығымен өніп шыққан кезде зиянкестердің егіске қоныстануы мен зияндылығын анықтау үшін есеп жүргізіледі,
2) жазғы тексеру маусымның соңы мен шілденің басында жүргізіледі. Дернәсілдердің жұмыртқадан шығу мерзімі мен саны есепке алынады. Топырақ қазылып, 0,25 шаршы метр аудан бойынша 8 сынама алынады, дернәсілдердің 1 м2 ауданға келетін орташа саны есептеледі. Шілде айында қоңыздың жаңа ұрпағының пайда болу уақытының басталуын энтомологиялық қаққышпен аулау әдісі арқылы анықталады;
3) өсімдіктердің зақымдалуының есебін әрбір алқаптағы 10 орында, 10 өсімдікті қарау әдісімен, бүргелердің жапырақ бетінде жиналу дәрежесін бес баллдық шкала бойынша жүргізеді: 0-ден 5 пайызға дейін - 1 балл; 5 пайыздан 25 пайызға дейін - 2 балл; 50 пайызға дейін 3 балл; 75 пайызға дейін - 4 балл; 100 пайызға дейін - 5 балл. Бүрге санын есептеу стандартты энтомологиялық қаққышпен қағу арқылы, өсу мерзімі ішінде, әрбір 5-6 күн сайын, өнім жиналып алынғанға дейін, желсіз жылы күндері 10 орында, алқаптың қиғашынан (диагоналынан) 10 рет құлаштап қағу әдісімен жүргізіледі. Астық дақылдарындағы Астықтың жолақ бүргесінің санын және зияндылығын есепке алу қорытындысы осы Әдістеменің 57, 58 және 59-қосымшаларына сәйкес енгізіледі;
4) экономикалық зиянды шегі бидайдың өскін кезеңінде, қаққышпен 100 рет қаққанда 300-400 қоңыздан немесе 300-400 қоңыз/ шаршы метр, немесе бір өсімдікке 1 қоңыз;
5) астықтың жолақты бүргесінің алдағы жылдағы санын болжау үшін жаңа ұрпақ қоңыздарының санын (қаққышпен құлаштап 100 рет қағу) жылдар бойынша салыстыру қажет. Барлық телімдер бойынша, шілде айынан өнім жиналғанға дейінгі ең көп және орташа саны салыстырылады. Астықтың жолақты бүргесінің астық дақылдарын егіс алқаптары, шаруашылықтар, сондай-ақ, жылдар бойынша зақымдалу дәрежесінің салыстырмалы мәліметтерін алу үшін зақымдалудың орташа баллы есептеледі;
6) күзде бүргелер қыстауға кеткеннен кейін, танапта тексерулер жүргізіледі. Әдетте, тексерудің бұл түрінде көп мөлшерде бунақденелілер жиналады және олардың белсенділік дәрежесі, жапырақ немесе топырақта және т.б. қоныстану орындарын анықтауға мүмкіндік береді. Бүргелердің көп жиналған орындары анықталады, зиянкестер қоныс тепкен орындарға сипаттама беріледі.
20. Астық биттерін (астық бітесі, үлкен астық бітесі, арпаның астық бітесі) есепке алуды және анықтауды жүргізу әдісі келесі тәртіп бойынша жүзеге асырылады:
1) қыстайтын популяциялардың санына есепті күздік дақылдар егісінде қазан айының соңында және ерте көктемде жүргізеді. Барлық егіс алқаптарынан, олардың ауданына қарамастан, 16 сынамадан алады, бұлардың қосындысы 1 шаршы метр аудандағы өсімдіктердің, оның ішінде қоныстанғандарының саны көрсетіледі.
2) егіс алқабынан сынамалар келесі тәртіппен алынады:
орманды алқаптың ұзына бойынан немесе жел соғатын жағынан (биттер қаптап келуі мүмкін жақтан), танаптың шетінен 15-20 метр қашықтықта алғашқы төрт сынаманы алады;
сегіз сынаманы танаптың қиғашы (диагоналы) бойынша біркелкі жерден алады, қалған 4-уін біріншісіне қарама-қарсы телімнің шет жағынан алады.
3) нәтижесінде, сынамалар алатын бағыттың сызба нұсқасы Z әрпіне ұқсайды. Өсімдіктері бар үлгілерге жапсырмалар (этикеткалар) жапсырып, оларды бөз қапшыққа салады. Талдау жұмыстарын зертханада жүргізеді. Егер күзгі тексеруден кейін күн жылы болса, онда аналықтары жұмыртқа салуды жалғастыра береді. 1 шаршы метр ауданда 5-10 жұмыртқа болса, келесі жылдың көктем мен жазында ауа-райы қолайлы болса зиянкестер жаппай көбейіп, егіске қауіп төнеді;
4) ересек жәндіктердің және дернәсілдердің белсенді қоректену мерзіміндегі санын есептеуді дақылдарға қанатты көшпелі биттердің жаппай қоныстану мерзімінде, екіншісін - біріншіден кейін үш апта өткенде жүргізеді. Астық биттері аз қозғалатын бунақденелілерге жатады. Сондықтан, олардың жіңішке сабақты астық дақылдарына (қарабидай, күздік және жаздық бидай, арпа, сұлы) қоныстануы мен санының динамикасын зерттеуді, өсімдіктерді үнемі тексеріп тұру арқылы жүргізген дұрыс;
5) өсімдіктерді тексеру барысында екі шеткі (танаптың шекарасынан 15-20 метр қашықтықта) және танаптың диагоналы бойынша бір жолақты тексереді, бұл егісті биттердің әркелкі қоныстануына байланысты. Тексеру кезінде биттер қоныстанған өсімдіктер саны мен олардың қоныстану дәрежесі анықталады;
6) қоныстану дәрежесі бес баллдық шкала бойынша есептеледі:
1 балл - бірен-саран дарақтар немесе олардың бірен-саран шоғыры (әр масаққа 3-5 дарақтан);
2 балл - шоғыр (10-15 биттен) масақтың 1/4 бөлігіне қоныстанған;
3 балл - бірнеше шоғыр масақтың жартысына қоныстанады (20-30 дарақ);
4 балл - бір-біріне қосылып кеткен бірнеше шоғыр масақтың 3/4 бөлігін алады (30-50 дарақ);
5 балл - бүкіл масақ битке толады, әр масаққа 50 дарақтар көп келеді;
Астық дақылдарының егістіктеріндегі астық биттерімен қоныстануын есептеу қорытындысы осы Әдістеменің 60-қосымшасына сәйкес енгізіледі;
7) дәнді дақылдар егістігін биттердің қоныстану динамикасына күшейтілген бақылауды, олардың саны күрт көбейетін ылғалды, әрі жылы ауа райында жүргізген дұрыс;
8) экономикалық зиянды шегі - бидайдың түтіктену кезеңі мен масақтануының бас кезіндегі биттердің қоныстануы 10% болғанда, әр сабаққа 10-20 дарақтан, әр масаққа 20-30 биттен немесе қаққышты 10 рет қаққанда 50 биттен;
9) болжам жасау үшін төмендегі ақпараттар пайдаланылады:
биттердің өткен жылдың күзіндегі күздік егіске қоныстану және олардың анықталған резервациясы;
ағымдағы жылдың көктеміндегі биттердің белсенділігінің қайта жандануы мен көбеюінің көпжылдық мәліметтермен салыстырғандағы мерзімдері;
жаздық дәнді дақылдардағы қоныстану мерзімдері мен қарқындылығы, олардың жаздық және күздік егістегі жалпы (баллмен) саны;
өнімді жаппай жинаудың басталу мерзімі;
биттерге қарсы жүргізілген өңдеулердің көлемі мен олардың тиімділігі.
21. Астық дақылдарының жасырын сабақты зиянкестерін (гессен шыбыны, швед шыбыны) есепке алуды және анықтауды жүргізу әдісі келесі тәртіп бойынша жүзеге асырылады:
1) көктемде астық егілгенге дейін аңыздағы пупарилер мен гессен шыбынының қоныстануына есеп жүргізіледі. Тексерілетін алқапта, қиғашы бойынша, 100-150 метр сайын 8 сынама (күзден қалған аңызда) шекаралас екі қатардан 0,28 метр ұзындықта алынады, бұл 1 шаршы метр болып есептеледі. Одан соң зертханада пупариді ашып көріп, тоғышарлар зақымдағандары мен тіршілікке қабілеттілерінің барларының саны анықталады. Гессен шыбынының пупарийлерінің санын есепке алу қорытындысы осы Әдістеменің 61-қосымшасына сәйкес актіге енгізіледі; Қыстап шыққан және қыстайтын пупарийлерді зерттеу жөніндегі ақпарат осы Әдістеменің 62-қосымшасына сәйкес толтырылады;
2) жаздық бидайдың дәні өніп шыққан кезден бастап (мамырдың соңы - маусымның басы), желімді тұтқышпен тіркелетін шыбындардың ұшу динамикасына бақылау жүргізіледі. Тұтқыш (өлшемі 15x40 сантиметр қаңылтыр цилиндр, сыртқы жағына ламинацияланған сары қағазбен қапталып, жұқалап энтомологиялық желім жағылады) топырақ деңгейінен 0,8-1,0 метр биіктікте орнатылады. Ұшып жүрген, жыныстық жағынан жетілген аналықтары қоректенбейді. Шағылысудан кейін олар бірден жұмыртқа салуға кіріседі, ол бойынша шыбындардың жаппай ұшуының басталу мерзімі туралы айтуға болады. Жұмыртқалауын есептеу үшін егіс алқабының қиғашы бойынша бірдей аралықтар арқылы, 10 нүктеден 10 өсімдіктен алынады. Жапырақтар үлкейткіш әйнек астында мұқият қаралады. Жұмыртқалары қызыл-қоңыр түсті, жапырақтың жоғары жағында 3-7 данадан тізбек құра жапырақ табақшаларының ойық сызықтарын қуалап орналасады. Гессен шыбынының жұмыртқасының санын есепке алу қорытындысы осы Әдістеменің 63-қосымшасына сәйкес актіге енгізіледі; Жұмыртқа салумен қоныстануына жазғы зерттеу жөніндегі ақпарат осы Әдістеменің 64-қосымшасына сәйкес толтырылады;
3) жазда - бидайдың сабақтану кезеңінде өсімдіктің зақымдану дәрежесін анықтау мақсатында егіске тексеру жүргізіледі. Егіс алқабының қиғашы бойынша (немесе шахматтық ретпен) шекаралас екі қатардан, 0,28 метрлік 8 сынама (барлығы 1 шаршы метр) алады. Өсімдікті абайлап қазып алып, баулайды да, жапсырма жапсырып, зертханаға жеткізеді. Өсімдікке талдау жасау барысында негізгі және қосымша бұтақтарды қарап шығады, сондай-ақ, жапырақ қынабынан табылған дернәсілдер мен гессен шыбынының пупариларын тіркейді, сондай-ақ, сабақтарды ашып көріп, швед шыбындары мен сабақ бүргелерін де есепке алады. Осындай талдаудың нәтижесінде бидай егісінің сабаққа жасырынған зиянкестер тобымен зақымдануы анықталады;
Швед шыбынының жұмыртқасының санын есепке алу қорытындысы осы Әдістеменің 65 және 66-қосымшаларына сәйкес толтырылады;
4) осы әдіспен, бидайдың сүттеніп және сүттеніп-балауызданып пісу кезеңіндегі зақымдалуына есеп жүргізу қажет. Бұл зерттеулер бидай сабақтарының зақымдалу дәрежесі мен гессен шыбынының ұрпағының диапаузадағы дарақтарының пайызын анықтауға мүмкіндік береді;
5) күзде өнім жиналғаннан кейін орылған алқаптағы өсімдік қалдықтарын тексеріп, алдағы жылғы зиянкестердің санына болжам жасау мақсатында, 1 шаршы метр аудандағы қыстаған пупарилер саны есептеледі. Есептеу әдістемесі көктемгі тексерулермен бірдей;
6) экономикалық зияндылық шегі: егіске дейін 1 шаршы метр ауданға тіршілік қабілеті бар 8-10 пупарий, егін толық көктеп шыққан кезеңде - түптену кезеңінің басында өсімдікке жұмыртқалау саны 30 пайыздан жоғары болғанда;
7) экономикалық зиянды шегі - бидайдың өніп шығу, түптену кезеңінде энтомологиялық қаққышпен 100 рет қаққанда 30-50 шыбын, сұлыда қаққышпен 4 рет қаққанда 1 шыбын.
8) қорғаныс іс-шараларын болжамдау көлемінің әдістемесі 4 - бөлімде көрсетілген.
21. Асық егеуіштерін (астықтың кәдімгі егеуіші, сабақтың қара егеуіші) есепке алуды және анықтауды жүргізу әдісі келесі тәртіп бойынша жүзеге асырылады:
1) егеуіштер саны мен ұшу динамикасын есепке алудың негізгі әдісі энтомологиялық қаққышпен қағу болып табылады. Қаққышпен қағу мамырдың соңғы онкүндігінен бастап, 30-40 күн ішінде, арасына 1-2 күн салып, тәуліктің тұрақты белгілі бір уақытында (12-15 сағат аралығында) - имагоның ұшуының барлық мерзімі бойында жүргізіледі. Бұл үшін ауданы 500 гектарға дейінгі әрбір егіс алқабынан, энтомологиялық қаққышпен 100 мәрте қағудан тұратын төрт сынамадан алынады. Ауланған бунақденелілерді жоғалтып алмас үшін бір сынаманы 20 реттен сермей отырып, 5 рет алады. Бақылаушы үш бұрыштың периметрі бойымен жүріп отыруы тиіс; Асық егеуіштерінің қыстап шыққан және қыстайтын дернәсілдерінің санына есеп жүргізу қорытындысы осы Әдістеменің 67-қосымшасына сәйкес толтырылады;
2) қаққышпен 100 рет қағу арқылы жиналған бунақденелілердің орташа санын анықтау үшін байқау кезінде ұсталынған егеуіштердің жалпы санын, алынған сынамалар санына бөледі. Жиналған бунақденелілерді мақта төсенішке қатарлап қояды (әр сынаманы бөлек) да, егеуіштер санын есептеп, түрлерін анықтайды. Жапсырмаға – жиналған мерзімі, уақыты, орны және байқау нөмірі көрсетіледі. Ересек астық егеуіштердің дәнді дақылдар егісіне қоныстануын бақылау нәтижелері жазылады. Дәнді дақылдардың сүттеніп пісуі кезеңінде астық егеуіштерінің зақымдауын өсімдік сабағын тіліп көру арқылы анықтайды. Сабақтарды ұзынынан скальпельмен (қандауырмен) немесе қайшымен тіліп ашады. Зақымдалған сабақта әдетте егеуіштердің дернәсілдері, құрт жеген қуысы мен нәжісі болады. Егістіктердегі асық егеуіштерінің имаголарының санын есепке алу қорытындысы осы Әдістеменің 68-қосымшасына сәйкес енгізіледі;
3) дәнді дақылдардың сүттеніп және сүттеніп-балауызданып пісу кезеңінде, олардың сабақтарын егеуіштердің зақымдауына есеп жүргізу үшін, өлшемі 500 гектар болатын әрбір егіс алқабынан 16 сынама алынуы тиіс, мұнда ұзындығы 50 сантиметр болатын әрбір кесінді қатардың қатараралық ені 12,5 сантиметр болғанда, 1 шаршы метр ауданға сәйкес келуі тиіс. Алғашқы төрт сынаманы алқаптың немесе 8-10 м қашықтықтағы орманды жолақтың шетінен, келесі 8 сынаманы алқапты қиғаштай және қалған 4 сынаманы алқаптың ортасынан немесе қарама-қарсы шетіне жақын тұстан алу керек. Нәтижесінде, бақылаушы алқапты бойлап, "зет - Z "әріпі түріндегі сызба бойынша жүріп өтеді. Сынамалар алатын орындардың аралықтарының қашықтығы бірдей болуы тиіс;
4) сынамаларға талдау жасау барысында, бірінші кезекте, зақымдалып сынған сабақтар ескеріледі. Алайда, сынамалар алу кезінде, зақымдалғанымен сынбаған сабақтар кездеседі. Оларды зақымдалғандар қатарына қосу қажет. Сынамадағы басқа сабақтарды ашып көру керек. Сабақтардың зақымдалу пайызын есептеу үшін барлық сынамадағы сабақтардың жалпы санын қосып, зақымдалғандарының санын бөлек шығару қажет. Зақымдалған сабақтар санын 100-ге көбейтіп, сабақтардың жалпы санына бөледі;
5) Астықтың сүттену кезеңінде және өнім жиналар алдында астықтың сабақ егеуіштерінің қыстайтын дернәсілдерінің санын анықтау үшін егіс алқабының 16 нүктесінен 0,5 метрлік қатардан сынама алынады. Бұл үшін аңызды қазып, сынамадағы түбірлердің жалпы саны саналып, оның ішінде егеуіштердің дернәсілдері қоныстанғандарын ажыратып бөледі. Сонымен қатар, тоғышарлар мен жыртқыш қоңыздар зақымдаған астық егеуіштері ескеріледі. Бұл үшін дернәсілдер қоныстанған түбірлерді ашып көреді. Дәннің сүттену кезеңінде және егінді жинау алдында егеуіштердің санын және астық дақылдарының сабақтарын зақымдауын есепке алудық қорытындысы осы Әдістеменің 69-қосымшасына сәйкес енгізіледі;
6) экономикалық зиянды шегі - қаққышпен 100 рет қаққанда 40-50 егеуіштен келгенде;
7) болжам жасау үшін төмендегі ақпараттар қажет:
бидайдың өнімділігі, оны жинау мерзімдері, сабақты кесу биіктігі (бәрі де орташа көрсеткіштермен салыстырылып беріледі);
бидай аңызындағы дернәсілдердің, алғы дақылдар - бидай және айдалатын егістер бойынша жеке-жеке саны (1 шаршы метр аудандағы орташа және ең көп);
қыстайтын дернәсілдердің тоғышарлармен және аурулармен залалдану пайызы;
жиын-терін алдында, сабақтардың 15%-дан астамын дернәсілдер зақымдаған бидай егісінің ауданы мен егіс алқаптарының саны;
бидайдың масақтану кезеңінің басындағы егеуіштердің жаппай ұшу қарқындылығы;
дәннің толысу кезеңінде егеуіштер егеп, қырқып тастаған сабақтар саны;
жүргізілген химиялық өңдеулердің көлемі мен олардың биологиялық тиімділігі.
23. Астық сабағының бүргелерін (астық сабағының үлкен бүргелері, астық сабағының кіші бүргелері) есепке алуды және анықтауды жүргізу әдісі келесі тәртіп бойынша жүзеге асырылады:
1) күздік дақылдарға 3 есеп жүргізіледі: күздік - өсу кезеңінің соңында, көктемгі - астықтың түтіктену кезеңінде және жаздық – сүттеніп-пісу кезеңінде. Жаздық дақылдарға 2 есеп (көктемгі және жазғы) жүргізіледі;
2) күздік және жаздық тексерулерді жүргізгенде әрбір 0,5 метрден (қатардың ұзына бойымен) 10-15 сынама алады. Ол шахматтық ретпен алынады. Сынамаға кіретін өсімдікті қазып алып, баулайды да, жапсырма жапсырып, зертханаға жеткізеді. Өсімдікке талдау жасау барысында алдымен әрбір сабақ жапырағын төменгісінен бастап аударады немесе ашады. Одан соң инемен немесе тебенмен зақым түскен белгісі бар бүкіл негізгі және қосымша сабақтарды ұзынынан жарады. Жапырақ қынабынан табылған гессен шыбынының дернәсілдері мен жалған пілләларын, өсімдіктің ішінде тіршілік ететін швед шыбыны мен сабақ бүргесінің дернәсілдерін белгілейді; Астық сабағының бүргелерін қоныстанған астық дақылдарына есеп жүргізу қорытындысы осы Әдістеменің 70-қосымшасына сәйкес енгізіледі;
3) жазғы тексеру сүттеніп-пісу кезеңінде жүргізіледі. Әрбір тексерілетін алқаптан 8 сынамадан, 0,25 шаршы метр (50 х 50) аудан бойынша, шахматтық ретпен алынады. Сынамалардағы өсімдіктер мен масақтардың жалпы саны есептеледі, содан кейін, төменгі жапырақтарынан бастап сабақтағы жапырақ қынаптарын аударады; Астық сабағының бүргелерімен қоныстануды есептеу қорытындысы осы Әдістеменің 71-қосымшасына сәйкес енгізіледі;
4) сұлы масағындағы дәндердің швед шыбынының дернәсілдерімен зақымдалуын есептеу барысында, сабақтағы зиянкестерді есептеу үшін алынған сегіз сынаманың төртеуінің әрқайсысынан, 25 масақтан бөліп алады. Оларды қолмен ұқыптап ысқылап, содан соң швед шыбынының дернәсілдері қоныстанған дәндердің пайызын анықтайды; Астық сабағының бүргелерінің қоңыздарының жаңа ұрпағымен қоныстануды есептеу қорытындысы осы Әдістеменің 72-қосымшасына сәйкес енгізіледі;
5) сабақ бүргесінің экономикалық зиянды шегі өсімдіктің түптену кезеңінде қаққышпен 100 рет қаққанда 25-30 қоңыз, негізгі сабақтардың 10% зақымдалуы;
6) сабақтарға жасырынған зиянкестер бойынша болжам жасау үшін төмендегі ақпараттар қажет:
өткен жылдың күзінен бастап күздік егісте зиянкестердің қоныстануы (тексерілген және қоныстанған аудан);
дернәсілдер мен пілләлардың 1 м2 ауданға келетін орташа және барынша көп саны;
күздік және жаңадан себілген дақылдар бойынша, зақымдалған негізгі және қосымша сабақтардың пайызы;
шыбындардың көктемгі генерациясының ұшуы кезеңіндегі жаздық дәнді дақылдардың жас өскіндеріне қоныстануы;
швед шыбындарының жазғы генерациясының дамуы және егін атызына қоныстануы (зақымдалған дәндер пайызы).
дәнді дақылдардың өнімін жинау жағдайлары;
масақтың жерге түсуі мен олардың жасырын сабақты зиянкестермен қоныстануы.
24. Астық тұқымдастарының цикадалары (жолақ цикадка, қара цикадка) есепке алуды және анықтауды жүргізу әдісі келесі тәртіп бойынша жүзеге асырылады:
1) зиянкестерді бидайдың сабақтану және гүлдеу кезеңдерінде қаққышпен анықтайды. 200 гектарлық әрбір алқаптан әрқайсысы энтомологиялық қаққышпен қаққанда 5 реттен тұратын сегіз сынама алынады. Бақылаушы үш бұрыштың периметрі бойымен жүріп өтеді. Қаққышпен 5 рет қаққанда түскен бунақденелілердің орташа санын есептеп табу үшін, сынамаларда жиналған бунақденелілердің жалпы санын алынған сынамалар санына бөлу керек немесе сынама аудандарындағы бунақденелілер санын есептейді, бұл үшін әрбір тексерілетін алқапта, шахматтық ретпен 0,25 шаршы метр (50 х 50) ауданнан 8 сынама алынады;
2) жиналған бунақденелілерді мақта төсеніштерге (әрбір сынама бойынша жеке-жеке) қатарлап қояды да, бунақденелілер санын есептеп, түрлерін анықтайды. Жапсырмасына күні, айы, жылы, жиналған орыны және сынама нөмірін көрсетеді;
3) астық цикадкасының экономикалық зиянды шегі масақтану мерзімінде қаққышпен 5 рет қаққанда 100-150 дана, 1 шаршы метр ауданға 200-300 дернәсіл.
4) болжам жасау үшін төмендегі ақпараттар керек:
бидай өнімділігі, жиын-терін мерзімі, сабақтардың кесілу биіктігі (бәрі де орташа көрсеткіштермен салыстырылып беріледі);
бидай егісіндегі дернәсілдер саны (1 шаршы метр аудан үшін орташа және барынша көп), алғы дақылдар - бидай және аудармалы егістер бойынша жеке-жеке беріледі;
бидай егісінің ауданы және жиын-терін алдында, сабақтардың 15%-дан астамын дернәсілдер зақымдаған бидай егісінің ауданы мен егіс алқаптарының саны;
бидайдың масақтану кезеңінің басындағы цикадкалардың жаппай ұшу қарқындылығы.
зиянкеске қарсы жүргізілген химиялық өңдеулердің көлемі мен олардың тиімділігі.
25. Бидай гүлінің кенесін есепке алуды және анықтауды жүргізу әдісі келесі тәртіп бойынша жүзеге асырылады:
1) түптену кезеңінде 20 өсімдіктің барлық жапырақтары қаралады. Гүлдеу кезеңінде зиянкестер қоныстанғандарының саны анықталады. Осыдан кейін 7-10 есе үлкейтіп көрсететін лупамен нимфалары мен имаголарының саны есептеледі;
2) болжам жасау үшін төмендегі ақпараттар қажет:
өткен жылдың күзінде күздік егіске қоныстану мөлшері мен кенелер анықталған резервациясы;
бидайдың алғы дақыл болып саналатын - қатты бидай, жаздық бидай мен аудармалы егістер бойынша жеке-жеке дернәсілдердің саны (1 шаршы метр аудан бойынша орташа және барынша көп);
ағымдағы жылдың көктеміндегі кенелердің көбеюі мен белсенділік дәрежесінің көп жылдық мәліметтерімен салыстырмалы өзгерісі;
кенелердің жаздық бидайды қоныстану мерзімі мен қарқындылығы, олардың жаздық және күздік егістегі жалпы саны;
жүргізілген қорғау шараларының көлемі мен олардың тиімділігі.
26. Күріш зиянкестерін (жағалық шыбын, күріш масасы, арпаның үңгі шыбыны, щитень, су шаяны) есепке алуды және анықтауды жүргізу әдісі келесі тәртіп бойынша жүзеге асырылады:
1) күріш егісіндегі зиянкестердің түр құрамы өскін және шашақтану-сүттеніп пісу кезеңдерінде анықталады. Өсімдіктің өскін кезеңінде күріш егісін жағалық шыбындардың, күріш масасының, арпаның үңгі шыбынының және шаян тәрізділердің қоныстануы анықталады. Шашақтану - сүттеніп пісу кезеңінде шегірткелердің, сабақ көбелегінің, бітенің және цикадкалардың қоныстануы анықталады;
Жағалау шыбындарымен қоныстануды есепке алу қорытындысы осы Әдістеменің 73-қосымшасына сәйкес енгізіледі;
2) бунақденелілер мен шаян тәрізділердің түр құрамы және негізгі түрлерінің санының динамикасы жалпы түрде қабылданған әдістемелер бойынша зерттеледі: 100 өсімдікті жүйелі түрде қарау барысында табылған түрлерін жинау (аптасына екі рет), стандартты энтомологиялық қаққышты 100 рет қаққанда, бунақденелілерді 25 х 25 сантиметр аудандағы және көлемі 0,5 литр су сынамасындағы бунақденелілерді санау. Күріштің 1 атызынан 8 сынама алынады. Сынамадағы зақымданған және зақымданбаған өсімдіктер, дернәсілдер мен қуыршақтар саны есептеледі. Сынама атыздың екі қиғашы бойынша алынады. Су шаяны мен дулығарлар саны, диаметрі 15 сантиметр қаққышпен қағып ұстау арқылы анықталады;
3) Зияндылық коэффициенті мен өнімнің жалпы шығыны төмендегі формула бойынша анықталады:
А= х100,
мұндағы: а - зақымдалмаған өсімдіктен алынған өнім; b - зақымдалған өсімдіктен алынған өнім.
4) Жалпы шығын мына формула бойынша анықталады:
C=
мұндағы: P - зақымдалған өсімдіктердің пайызы;
A - зияндылық коэффициенті.
Кешенді зиянкестермен күріш егістіктерін қоныстануына ақпарат осы Әдістеменің 74-қосымшасына сәйкес толтырылады;
5) жағалық шыбынның экономикалық зиянды шегінің көрсеткіші - 40 дернәсіл/м2;
6) күріш масасының экономикалық зиянды шегінің көрсеткіш көлемі 0,5 литр судың 1 сынамасына 5 дернәсілден көбірек болуы;
7) арпаның үңгі шыбынының экономикалық зиянды шегі - екі өсімдікке бір дернәсіл;
8) щитеннің экономикалық зиянды шегі - 1 шаршы метр ауданға 2 данадан көбірек;
9) су шаянының экономикалық зиянды шегі - 1 шаршы метрге 60 данадан көбірек.
10) қорғаныс іс-шараларын болжамдау көлемінің әдістемесі 4-бөлімде көрсетілген.
27. Бір жылдық дәнді-бұршақ дақылдарының зиянкестері (асбұршақтың дән қоңызы, түйнек бізтұмсықтары, асбұршақ биті) төмендегі тәртіп бойынша жүзеге асады:
1) зиянкестерді анықтау үшін зерттеулерді көктемде өскіндер толық өніп шыққан кезде және 2-3 жапырақ кезеңінен кешіктірмей. Ал жазда дақылдың жаппай гүлдеу кезеңінде және тұқымдардың пісу кезеңінде жүргізеді;
2) түйнек бізтұмсықтарының зияндылығын болжау үшін, бұл зиянкестердің әдетте қыстайтын көпжылдық шөптердің егісіне қосымша күзгі және көктемгі тексерулер жүргізу ұсынылады. Күзде телімнің қиғашынан және екі жақ шетінен ұзыннан (5-тен), әрқайсысының тереңдігі 5 сантиметр, ауданы 0,25 шаршы метр болатындай етіп, 8-16 топырақ сынамасы алынады. Табылған қоңыздардың түрлері анықталады және олардың 1 м2 аудандағы орташа саны есептеледі. Көктемде, көп мөлшерде зиянкестер табылған телімдерге бақылауды тексерулер жүргізіледі.
3) көктемгі тексеру топырақта мекендейтін көпқоректі зиянкестерді және түйнек бізтұмсықтарын анықтауға арналады, бұл зиянкестер бұршақ дақылдарының жас өскіндері үшін аса қауіпті. Өскіндер өсіп шыққаннан кейін, дәнді-бұршақ дақылдарының барлық егістеріне тексерулер жүргізіледі. Зақымдалған өсімдіктері бар телімдер белгілегеннен кейін, зиянкестердің санын есептеуге және егістің зақымдалу дәрежесін анықтауға кіріседі.
4) қоңыздардың санын есептеу ауа-райы жылы уақытта таңертеңгі сағат 10-11-лер шамасында, сынама ауданшалар әдісімен жүргізіледі. Телімнен 0,25 шаршы метр өлшемді, 8-12 сынама алынады да, оларды шахматтық ретпен немесе жартысын алқаптың қиғашы (диагоналы) бойынша, қалғанын оның шетімен ұзына бойынан алады.
5) 3 баллдық шкаламен қоңыздардың қоныстанған тығыздығы және өсімдіктердің зақымдалған дәрежесі анықталады. Онда өсімдіктің жапырақ беті 25% желінгенде шамалы зақымдалған (1 балл), жапырақ беті 25-тен 50%-ға дейін - орташа зақымдалған (2 балл) және жапырақтың 50% көбі жойылса қатты зақымдалған (3 балл) болып саналады. Өсімдіктердің зақымдалу ерекшілігіне байланысты оларды 2 топқа бөледі: түйнек бізтұмсықтарымен зақымдалғандар (жапырақтар бейнелі желінеді), шірінді жегіштер мен қант қызылша бізтұмсықтармен зақымдалғандар (қатты желінеді). Әр аландағы жер бетіндегі зиянкестерді есептеп болғанан кейін топырақты (15-20 сантиметр тереңдікке) қазу әдісі қолданылады. Топырақты мұқият тексеріп, себілген дәндер мен өскіндердің тамырларын топырақта мекендейтін зиянкестермен зақымдалғаны және зақымдалмағаны белгіленеді. Содан кейін зиянкестің әр түрінің қоныстанған тығыздығы (1м2 саны), өсімдіктердің және тұқымдардың зақымдалған пайызы, өсімдіктердің зақымдалған орташа баллы анықталады. Дәнді-бұршақ дақылдары зиянкестерінің санын, өскіндердің және тұқымдардың залалдануын есепке алу қорытындысы осы Әдістеменің 75-қосымшасына сәйкес енгізіледі;
6) жазғы тексеру бұршақ битінің, ал көпқоректілердің ішінде - шалғын көбелегінің, қызылша бізтұмсықтарының, қандала және басқа да түрлердің санын анықтау үшін өсімдіктің гүлдеу кезеңінде жүргізіледі. Есептеуді 5 күнде бір реттен жүргізіп, жалпы қабылданған әдістемелер бойынша, телімдерде биттердің қонысту дәрежесін анықтайды. Зақымдалу жоғары дәрежеде болған жағдайда, телімді тез арада өңдеу жөнінде дабыл қағады. Зиянкестер санын егістің қиғашы бойынша қаққышпен сыпыра қағу (әрқайсысы 20 реттен қағу, 5 сынама) әдісі арқылы анықталады. Асбұршақ битінің есептеу нәтижесі осы Әдістеменің 76-қосымшасына сәйкес енгізіледі.
7) бұршақтың гүлдеу кезеңінің басы, бұршақ қоңызына қарсы өңдеулер жүргізудің фенологиялық дабылы болып қабылданады. Екінші қайталап өңдеу, біріншісінен кейін 8-10 күн өткенде жүргізеді. Бұршақ қоңызының есептеу нәтижесі осы Әдістеменің 77-қосымшаға енгізіледі.
8) жазғы екінші тексеруді дәннің пісу кезеңінде, өнім жиналардан 2-3 апта бұрын жүргізеді. Бұл кезде дәннің дән қоңыздарымен, жапырақ ширатқыштармен және бұршақтың от көбелегімен зақымдалуы есепке алынады. Егістің әр жерінен 100 бұршақ алынып, олардан ұқыптап дәндерін бөліп алады. Дәндердің жалпы саны және сырт жағынан кемірілгендерінің саны (жапырақ ширатқыш және от көбелектердің жұлдызқұрттары зақымдаған) есептеледі, қалған дәндерді скальпельмен (қандауырмен) ашып көреді. Дән қоңыздары (дернәсілдері, қуыршақтары немесе ересек қоңыздар) табылған дәндерді санайды. Дән қоңыздар зақымдаған дәндердің пайызы мен жапырақ ширатқыштар мен от көбелектері зақымдағандарының пайызы бірге есептеледі. Астық бұршақ дақылдарының егістіктерін кешенді зиянкестермен қоныстануына ақпарат осы Әдістеменің 78-қосымшасына сәйкес толтырылады;
9) асбұршақ дән қоңызының экономикалық зиянды шегі: бұршақ өсімдігінің шанақтану кезеңінде - қаққышпен 10 рет қаққанда 15-20 қоңыздан.
10) бізтұмсықтардың экономикалық зиянды шегі - өскіндердің 1 шаршы метр ауданына 10-15 қоңыздан;
11) бұршақтың түйнектену және одан кейінгі фазаларында бұршақ битінің экономикалық зиянды шегі – өсімдіктердің 20% шамалы қоныстанғанда немесе қаққышпен 100 рет қағымға – 250-300 биттердің түсуі;
12) қорғаныс іс-шараларын болжамдау көлемінің әдістемесі 4-бөлімде көрсетілген;
13) ұзақ мерзімдік болжам жасау үшін төмендегі көрсеткіштер пайдаланылады:
Ас бұршақ гүлденуінің батапқы мерзімінде зиянкеске жүргізілген тексерудің жалпы көлемі және оның ішінде залалданғаны, зиянкестің саны (максималды және орташа);
асбұршақ дәндердің дернәсілдермен зақымдалғаны.
жүргізілген күресу шаралардың көлемі және олардың тиімділігі.
14) түйнек бізтұмсықтарына болжам жасау үшін төмендегі көрсеткіштер пайдаланылады:
бұршақтың өскін кезеңінде қыстап шыққан қоңыздар қоныстанған және тексерілген аудан; қоңыздар саны.
қоңыздардың қысқы орындарынан шығу мерзімі.
жаңа ұрпақтардың зияндылығы (зақымдалған өсімдіктердің пайызы және жапырақтардың зақымдалу дәрежесі).
зиянкеске қарсы жүргізілген өңдеулердің көлемі және олардың тиімділігі.
популяциялардың қыстауға кетер алдындағы жағдайы.
15) асбұршақ битіне болжауға мынадай көрсеткіштер пайдаланылады:
бұршақ егістердің биттермен қоныстанған мерзімі және оны орта көрсеткіштермен салыстыру; бұршақ биттерінің саны және зияндылығы.
вегетация мерзімінде ауа райы жағдайы ерекшеліктері.
жүргізілген күресу шаралардың көлемі және олардың тиімділігі
28. Жоңышқа жапырақтарының бізтұмсығы немесе фитономусты есепке алу және анықтау жүргізу әдісі төмендегі көрсеткіштер пайдаланылады:
1) қысқа мерзімдік болжамда жоңышқаның өскін кезеңінде немесе қыстан кейін қайтадан өскен кезеңінде қоңыздар саны есептеледі. Егіс алқабының көлеміне қарай, өлшемі 50 х 50 сантиметр болатын, 12-15 сантиметр тереңдіктен 8-16 сынамадан қазынды алынады. Топырақты мұқият қарай отырып, 1 шаршы метр аудандағы фитономустың орташа санын анықтайды немесе алқаптың төрт жерінде, қаққышпен әрқайсысы 25 реттен тұратын сыпыра қағу әдісі қолданылады. Егер 1 шаршы метр ауданда 2 қоңыз болса, аз қоныстану, 2-ден 4-ке дейін - орташа, 5 және одан көп қоңыз болса, аса көп қоныстану деп есептеледі. Алынған мәліметтер негізінде қорғау шараларын қолданудың мерзімдері анықталады. Фитономустың санын есептеу нәтижесі осы Әдістеменің 79-қосымшасына сәйкес енгізіледі.
2) өскін кезеңінде 1 шаршы метр ауданда 3-8 қоңыз (немесе 10 рет қаққанда – 10 қоңыз) кездессе немесе сабақтану кезеңі мен шанақтанудың басында қаққышты 100 рет қаққанда 100 дернәсілден келсе, егісті инсектицидпен өңдеу қажеттілігі туындайды. Өсімдіктің фитономуспен зақымдалуын жоңышқаның гүлдеу кезеңінде анықтайды. Әрқайсысы 10 өсімдіктен тұратын 10 сынама алып (өзара қиылысатын екі қиғаш бойынша), олардың зақымдалу дәрежесін 3 баллдық шкала бойынша анықтайды:
1 балл – жапырақ бетінің 25 пайыздан аспайтын бөлігі желінген;
2 балл – 25 пайыздан 50 пайызға дейін;
3 балл – жапырақ бетінің 50 пайыздан астамы желінген.
фитономустың дернәсілдерімен залалдануды есепке алу нәтижесі осы Әдістеменің 80-қосымшасына сәйкес енгізіледі;
3) фитономустың экономикалық зиянды шегі: жоңышқа өніп шыққаннан сабақтанғанға және шанақтанғанға дейін - қаққыштың 100 сермеуіне 100 қоңыздан, 1 шаршы метр алаңға 3-8 қоңыздан.
4) болжам жасау үшін төмендегі ақпараттар пайдаланылады:
ағымдағы жылдың көктемінде зиянкестердің егісте қоныстануы.
дернәсілдердің жұмыртқадан шығу мерзімдері мен олардың өсімдіктерді зақымдау дәрежесі.
қоңыздардың жаңа ұрпағының диапаузаға кету мерзімі.
зиянкетерге қарсы жүргізілген өңдеулердің көлемі мен олардың тиімділігі.
29. Жоңышқа қандаласын есепке алуды және анықтауды жүргізу әдісі төмендегі көрсеткіштер пайдаланылады.
1) қыстап шыққан жұмыртқалардың саны телімнің қиғашы бойынша алынған, әрқайсысының өлшемі 0,25 шаршы метр болатын сегіз сынама алаңын қарау арқылы есептеледі. Әрбір сынамадағы барлық сабақтарды, олардың жаңа өскендерін ашып көріп, 10 есе үлкейтіп көрсететін лупа арқылы қарайды. Барлық сынамалар бойынша 1 шаршы метр аудандағы жұмыртқалардың орташа саны анықталады. Содан соң, зертханада кемінде 100 жұмыртқаны қарап көріп, тірілерін, өлгендерін, тоғышарлар зақымданғандарын (залалданған) пайызбен есептейді. Жоңышқа қандаласының жұмыртқаларын есепке алу нәтижесі осы Әдістеменің 81-қосымшасына сәйкес енгізіледі.
2) сабақтану, толық шанақтану және гүлдеу кезеңдерінің алдында имаголар мен дернәсілдердің саны анықталады. Оларды қаққышпен төрт жерді, әрқайсысын 25 рет қағып жинайды. Жоңышқа қандаласының имагосы мен дернәсілдерін есепке алу нәтижесі осы Әдістеменің 82-қосымшасына сәйкес енгізіледі.
3) бұршақтарының жоңышқа қандаласымен зақымдануын анықтау, олар түзіле бастағанда жүргізіледі. Бұл үшін 10 орыннан, 10 өсімдіктен қаралады. Қаралған өсімдіктерді 3 топқа бөледі: 1) зақымдалмаған өсімдіктер; 2) өсімдіктердің бірлі-жарым жапырақтары мен сабақтары сарғайған және гүлдері мен бұршақтардың 50% түсіп қалғанда; 3) өсімдіктер толығымен сарғайып, гүлдері мен бұршақтары жойылған. Әр топтағы өсімдіктердің санын есептеп, олардың пайыздық ара қатысы анықталады. Жоңышқа қандаласымен жоңышқаны залалдауды есепке алу нәтижесі осы Әдістеменің 83-қосымшасына сәйкес енгізіледі.
4) жоңышқа қандаласы зақымдаған аймақтың барлығында, өсу және шанақтану кезеңіндегі, қаққышпен 10 рет қаққанда, 10-20 қандаладан немесе 1 шаршы метр ауданға 5-15 қандаладан келген жағдайда, егісті инсектицидпен өңдеу жоспарланады.
5) экономикалық зиянды шегі: тұқымдық жоңышқаның сабақтану кезеңі мен шанақтануының бас кезінде қаққышты 100 рет қаққанда 100 қандала немесе 1 шаршы метр ауданға - 5-15 қандаладан.
6) болжам жасау үшін төмендегі ақпараттар қажет:
қандаланың егісте пайда болу кезеңдері (қыстап шыққан және одан кейінгі генерациялар).
әрбір генерация үшін тексерілген және қоныстанған аудандар, қаққышты 100 рет қаққандағы дарақтардың саны (ең төменгі, орташа, ең жоғарғы).
өсімдік гүл шоқтарының зақымдалу пайызы, зақымдалудың баллдық көрсеткіші.
қорғау мақсатында жүргізілген өңдеулердің көлемі мен олардың тиімділігі;
қыстайтын жұмыртқалардың 1 шаршы метр аудандағы саны (ең төменгі, орташа, ең жоғарғы).
30. Жоңышқа жуанаяғы есепке алуды және анықтауды жүргізу әдісі төмендегі көрсеткіштер пайдаланылады.
1) болжам жасау үшін төмендегі ақпараттар қажет. Гүлдеу кезеңінде: егіс алқабының тексерілген және зиянкес қоныстанған ауданы, төрт орынның әрқайсысынан қаққышпен 25 рет қағу әдісі арқылы имаголардың орташа тығыздығы анықталады. Бұршақтың түзілу-пісу кезеңінде - 100 сабақтан алынған, 500 бұршақты қарау барысында дәннің зақымдалу дәрежесі (%) анықталады. Зиянкестердің фенологиясы бойынша мәліметтер: имагоның пайда болуының басы мен жаппай пайда болу, жұмыртқа салу мерзімдері, өсімдіктердің өсіп-өну кезеңдері мен ауа райы жағдайларының әсерін ескере отырып, дернәсілдер мен имагоның шығу мерзімдері. Күз мезгілінде: жоңышқа жасын ескере отырып, егістің тексерілген және зиянкес қоныстанған ауданы, әрқайсысының өлшемі 0,25 шаршы метр болатын 8 сынама ауданында есепке алынған дернәсілдердің саны (орташа, ең көп). Топырақ беті мұқият қаралады, жоңышқаның жерге түскен дәндері жиналып, талдау жасалады - олардың жалпы және зиянкестер зақымдағандарының саны есептеледі. Одан кейін 1 шаршы метр аудандағы зиянкес зақымдаған дәндердің орташа саны анықталады. Жоңышқа жуанаяғының санын және жоңышқа тұқымдығын залалдануын есепке алу нәтижесі осы Әдістеменің 84-қосымшасына сәйкес енгізіледі.
2) дәндегі немесе дәндерді өңдеуден кейін қалған қалдықтардағы зиянкесті анықтау үшін, таңдамай 5 гектардан 10 сынама алынады. Қабығында тесігі бар дәндерді таңдап алады (осы дәндерден жоңышқа жуанаяқтысы ұшып шыққан). Қалғандарын қатты жерге орналастырып, әрбір дәнді саусақпен басады. Зақымдалған дәннің қабығы оңай сынады. Талдау жасап болған соң 1 киллограмм тұқым немесе дән қалдығындағы жуанаяқтылар зақымдаған дәннің орташа саны анықталады.
3) көктемгі бақылау тексеруі көктемде, күздегі әдістеме бойынша жүргізіледі.
4) тұқымдық жоңышқаның шанақтану кезеңінде экономикалық зиянды шегі - қаққышты 10 рет қаққанда 10-20 бунақдене.
5) ұзақ мерзімдік болжам жасау үшін төмендегі ақпараттар пайдаланылады:
фенологиясы: әрбір ұрпақтың ұшу мерзімі; диапаузаға кететін 1-ші ұрпақ дернәсілдерінің шамамен алғандағы пайызы.
дәндердің немесе бұршақтардың зақымдалуы: 1, 2, 3 және 4-ші жылдық жоңышқа егісінің тексерілген және зинкестер қоныстанған ауданы; зақымдалған дәндер мен бұршақтардың пайызы.
қыстайтын дернәсілдердің 1 шаршы метр аудандағы саны (ең аз, орташа, ең көп).
зиянкеске қарсы жасалатын өңдеулердің көлемі мен олардың тиімділігі.
31. Түйнектік бізтұмсық қоңызын есепке алуды және анықтауды жүргізу әдісі төмендегі көрсеткіштер пайдаланылады.
1) қоңыздар қыстайтын орындардан көлемі 0,25 шаршы метр алаңнан 8-16 сынама алынады. Қыс бойында өлген қоңыздардың пайызы есептеліп, қоңыздардың қыстық орындарынан шығу мерзімдері анықталады.
2) бірінші жылғы беденің өскін кезеңінде, сондай-ақ, екінші жылғы дақылдардың ұзарып өңу–сабақтану кезеңдеріндегі қоңыздардың саны қаққышпен 25 рет қағып, 4 сынама алу арқылы анықталады. 10 сабақтан 10 сынаманы талдау арқылы зақымдалған сабақтардың пайызы анықталады. Түйнектік бізтұмсық қоңызының санын есепке алу нәтижесі осы Әдістеменің 85-қосымшасына сәйкес енгізіледі.
Сабақтардың зақымдану пайызы және зақымдану балы осы Әдістеменің 86-қосымшасына сәйкес енгізіледі.
3) 1 шаршы метр ауданға 5-10 қоңыздан келсе немесе беденің (немесе жоңышқаның) өскін және ұзарып өсу кезеңдерінде жапырақ тақтасының 10-15 пайызы зақымдалған болса, егісті инсектицидпен өңдеу ұсынылады. Күзгі мезгілде қоңыздар саны, әрқайсысының ауданы 0,25 шаршы метр болатын, 5-7 сантиметр тереңдіктен, 8-12 сынама алу жолымен анықталады.
4) беденің өскін-ұзару кезеңінде түйнектік бізтұмсық коңыздардың экономикалық зиян шегі – 1 шаршы метр ауданға 5-10 коңыздан, жапырақтары 10-15% зақымданғанда, асбұршақтың өскін кезеңінде 1 шаршы метр ауданға 10-15 коңыздан келу.
5) түйнектік бізтұмсық қоңызы үшін төмендегідей қосымша ақпарат қажет:
қыстау орындарындағы қоңыздардың тығыздығы, қыстау кезеңіндегі өлген қоңыздардың пайызы, қыстау орындарынан шығу мерзімі.
қоңыздар қоныстанған және зерттелген алқаптар, бірінші жылғы беденің өскін кезеңіндегі, екінші-үшінші жылғы беденің өніп шығудан-сабақтану кезеңіндегі қоңыздар саны.
зақымдалған өсімдіктердің пайызы, зақымдалу дәрежесі (баллмен).
өсімдіктерді тексеру барысында дернәсілдердің түйіндер мен тамырларды зақымдауы.
түйнектік бізтұмсық қоңыздардың фенологиясы бойынша мәліметтер: беде алқабында қыстап шыққан қоңыздардың пайда болуының басы мен жаппай пайда болу уақыттары. Жұмыртқалау, дернәсілдердің жұмыртқадан шығу, қуыршақтануы және қоңыздардың бір жылдық және екі жылдық циклды жаңа ұрпағының шығу мерзімдері.
ағымдағы жылдың метеомәліметі мен оның көпжылдық орташадан ауытқуы.
түйнектік бізтұмсықтарға қарсы жүргізілген өңдеулердің көлемі мен тиімділігі.
күзгі тексерулердің мәліметтері: зерттелген және қоныстанған алқаптар, қоңыздар саны.
32. Тұқым жегі-тихиустар: жоңышқаның сары тихиусы, жоңышқаның жирен тихиусын есепке алуды және анықтауды жүргізу әдісі төмендегі көрсеткіштер пайдаланылады:
1) қыстап шыққан соң жоңышқаның өскін беруі мен өсуі кезеңіндегі қоңыздар санын, әрқайсысы 0,25 шаршы метрлік, 8-12 сынама алаңын қарау арқылы анықтайды. Жоңышқа мен басқа да бұршақ тұқымдастардың гүлдеу кезеңіндегі қоңыз саны қаққышты 100 рет қағуы арқылы анықталады (25 реттен 4 сынама алу). Жоңышқа тұқымдығындағы зиянкестерді есепке алу нәтижесі осы Әдістеменің 87-қосымшасына сәйкес енгізіледі.
2) тұқымдық жоңышқаның сабақтану және бұтақтану кезеңдерінде 1 м2 ауданға 5-8 қоңыздан келсе егісті инсектицидтермен өңдеу қажет. Бұршақтардың қалыптасуы мен пісу кезеңдерінде тұқымдардың зақымдалуын 100 сабақтан алынған 500 бұршақтан тұратын орташа сынамадан анықтайды. Күзде де, әр көктем сайын алынатын сынама сияқты, әрқайсысы 0,25 шаршы метрлік 812 сынамадан алынады.
3) тихиустың экономикалық зиянды шегі жоңышқаның сабақтануы мен шанақтану кезеңінде 1 шаршы метрге 5-8 коңыздан келу.
4) болжау үшін қосымша төмендегі ақпараттар пайдаланылады:
келесі көрсеткіштермен тексерілген және зиянкеспен қоныстанған егістер көлемі: көктемде өскіндер пайда болу мен күз мерзімінде 1 шаршы метр келетін қоңыздар саны, тұқымдар қалыптасу және пісу кезеңдерінде тұқымдардың тихиус дернәсілдерімен зақымдалғаны.
зиянкестің фенологиясы бойынша мәліметтер: егістерде қоңыздардың пайда болу, жұмыртқа салу, дернәсілдердің, қоңыздардың жаңа ұрпағының шығу кезеңдері.
зиянкестен қорғану мақсатында жүргізілетін өңдеулердің көлемі мен олардың тиімділігі.
33. Қант қызылшасының зиянкестері (қызылшаның кәдімгі бізтұмсығы, қызылшаның сұр бізтұмсығын) есепке алуды және анықтауды жүргізу әдісі.
1) ерте көктемде қант қызылшасы егілетін алқаптарға жанасып жатқан, өңделмейтін телімдерде бізтұмсықтар санын есептеу мақсатында тереңдігі 50 сантиметрге дейін 50 x 50 көлемдегі алаңнан 8-12 топырақ сынамалары алынады.
2) қызылшаның 3 жұп нағыз жапырағы шыққаннан бастап, шахматтық тәртіппен орналастырылған метрлік қатар кесінділерден немесе 50 x 50 сантиметр көлемдегі 8-12 тұрақты алаңдардан қоңыздар санының есебі алынады.
3) өсімдіктердің зақымдалу дәрежесі келесі шкала бойынша анықталады:
0 балл - сау өсімдік;
1 балл - аз зақымдалған өсімдік (жапырақ бетінің 25%-ы зақымдалған);
2 балл - орташа зақымдалған өсімдік (жапырақ бетінің 26-50%-ы зақымдалған);
3 балл - қатты зақымдалған өсімдік (жапырақ бетінің 50%-дан астамы зақымдалған);
4 балл - опат болған өсімдік.
4) келер жылы қызылша егілетін алқаптардағы қоңыздар саны күзгі тексерулер кезінде анықталады. Дернәсілдердің жас ерекшеліктерін анықтау үшін сынамаларды топырақтың 0-25, 25-50, 50-75, 75-100 сантиметр тереңдіктерінен алады, шұңқырлар тереңдігі 100x50 сантиметр. Жиналған дернәсілдер бас капсуласының (сауыттың) ені бойынша, жас ерекшелігі бойынша келесі үш топқа бөлінеді: кіші - 0,36-0,72 миллиметр, орташа -0,75-1,52 миллиметр, ересек -1,522,03 миллиметр. 3-4 ошақта 1-2 шұңқырдан қазылады. Қоңыздар санын анықтау үшін жақын жатқан телімдерден 8-12 сынама алынып, шұңқырлар 50 сантиметр (50х50х50сантиметр) тереңдікте қазылады. Қызылша бізтұмсығын есептеу нәтижесі осы Әдістеменің 88-қосымшасына сәйкес енгізіледі.
Түйнек бізтұмсығын есептеу нәтижесі осы Әдістеменің 89-қосымшасына сәйкес енгізіледі.
Қызылша бізтұмсығының қант қызылшасы өсімдігін зақымдауын есептеу нәтижесі осы осы Әдістеменің 90-қосымшасына сәйкес енгізіледі.
Қант қызылшасы егістіктерін кешенді зиянкестермен зақымдауын есептеу нәтижесі осы Әдістеменің 91-қосымшасына сәйкес енгізіледі.
5) қызылшаның өскін және 2-3 нағыз жапырағы қалыптасқанға дейінгі кезеңіндегі экономикалық зиянды шегі 1 шаршы метрге 0,2-0,5 коңыздан келу.
6) қоңыздардың экономикалық зиянды шегі қант қызылшасы мен күнбағыстың өскін кезеңіндегі 1 шаршы метрге -0,2-0,3 данадан, 2-4 жұп нағыз жапырақ кезеңінде 0,5-0,6 данаға жеткенде.
7) болжам жасау үшін келесідей ақпараттар пайдаланылады:
қоңыздардың топырақ бетіне шығу мен қант қызылшасы егістеріне көшу мерзімі, егістің сол уақыттағы жағдайы;
қоңыздардың таралуы мен зияндылығы: зерттелген және қоңыздар қоныстанған егіс; 1 шаршы метрге келетін саны (орташа және ең көп); зақымдалған өсімдіктердің пайызы;
популяциялардың қыстауға кетер алдындағы жағдайы: дернәсілдердің, қуыршақтардың және имаголардың ара-қатынасы (пайызбен); ауру дарақтардың пайызы;
зиянкеске қарсы жүргізілген өңдеулердің көлемі мен олардың тиімділігі.
34. Қызылшаның сабақ жегішін есепке алуды және анықтауды жүргізу әдісі төмендегі көрсеткіштерді пайдаланылады:
1) танап бойынша бірқалыпты орналастырылып, қазық қағылған 16 метрлік қатарлар кесіндісіндегі өсімдіктердің жалпы саны, соның ішінде зақымданғандарының да, есебі мезгіл-мезгіл есепке алынып отырылады. Сонымен қоса, зиянкестердің де саны анықталады. Дернәсілдердің тығыздығын анықтау үшін, әрбір оныншы өсімдіктің (сабақ) ішін жарып, зақымдалған өсімдіктегі дернәсілдер саны есепке алынады.
2) экономикалық зиянды шегі бір шаршы метрге 1,5-2 қоңыздан келу.
3) келер жылға болжамы қоңыздардың қысқы орындарына қоныстану мәліметтері негізінде жасалады.
35. Қызылшаның бүргелері (қызылшаның кәдімгі бүргесі, қызылшаның оңтүстік бүргесі, қызылшаның батыс бүргесі) төмендегі көрсеткіштерді пайдаланылады:
1) қар еріген соң және күз айларында қоңыздар қыстаған орындарындағы топырақ пен өсімдік қалдықтарын мұқият қарап, 10 сантиметр тереңдіктен, мөлшері 25x25 сантиметр болатын орындардан 8-12 сынама алынады. 1 шаршы метрдегі қоңыздар саны нақтыланады.
2) қант қызылшасының өскіні өніп шыққанда және 2-3 жұп нағыз жапырақ қалыптасып болғанша 100 өсімдік қаралады (10 өсімдіктен 10 тұрақты сынама) немесе танап бойынша бірқалыпты орналастырылған 16 бір метрлік сынамалардағы бүргелер саны есепке алынады.
3) өсімдіктің зақымдалу дәрежесі төмендегі шкала бойынша анықталады:
0 балл - сау өсімдік;
1 балл - аз зақымдалған өсімдік (жапырақ бетінің 25%-ы зақымдалған);
2 балл - орташа зақымдалған өсімдік (жапырақ бетінің 26-50%-ы зақымдалған);
3 балл - қатты зақымдалған өсімдік (жапырақ бетінің 50%-дан астамы зақымдалған);
4 балл - опат болған өсімдік.
4) Зерттеу нәтижелерін жазу үшін бізтұмсықтарға жинақталған мәліметтер 53-55 қосымшада көрсетілген.
5) қызылша бүргесінің экономикалық зиянды шегі (өскін, қос құлақтану кезеңі) 1 метрде 25-30 өсімдік өсіп тұрса 1 шаршы метрге 10 қоңыздан; өскіндер сирек шыққан жағдайда 1 шаршы метрге 3-5 қоңыздан келу.
6) ұзақ мерзімді болжау жасау үшін келесі ақпараттар пайдаланылады:
қоңыздардың қыстау барысындағы өміршеңдігі. Қыстау кезеңінде қоңыздардың тіршілік қабілеті.
фенологиясы: көктемгі ояну мерзімі, қант қызылшасының егістеріне қоңыздардың қоныстану белсенділігі мен мерзімі, осы кезеңдегі егістің жағдайы, жаңа ұрпақтың көбеюі мен даму мерзімдері.
таралуы: қыстап шыққан қоңыздардың қант қызылшасының егісіне қоныстанған және тексерілген ауданы, олардың саны.
зияндылығы (зақымдалған өсімдіктердің пайызы, зақымдалу баллы);
зиянкестерге қарсы жүргізілген өңдеулердің көлемі және олардың тиімділігі.
36. Қызылшаның тамыр битін есепке алу және анықтау жүргізу әдісін төмендегі көрсеткіштерді пайдаланылады:
1) көктемде биттердің қыстап шыққаннан кейінгі жағдайы мен саны анықталады. Наурыз-сәуір айларында он күнде бір рет биттер қыстаған орындардарға, күздегі қазба жұмыстары секілді жұмыстар жүргізіледі. Әр сынамадағы биттердің даму кезеңдеріне (дернәсіл, ересек аналықтары, нимфалар) сәйкес олардың саны анықталады.
2) қызылшаның битпен зақымдалуын анықтау жұмыстары жазда айына бір рет жүргізіледі (3-ші онкүндікте). Зиянкестердің бар-жоғын анықтау мақсатында өсімдіктің бір жағынан таяз шұңқыр қазылады (5-сантиметрге дейін) да, тамыр жүйесі мен тамыржемістің жан-жағындағы топырақ тексеріледі. Егер тамыржемістің тамыршаларының және оның жан-жағында ашық-сұр түсті өңез көп болса, онда тамыр битінің бар екендігі анық. Танаптан барлығы 100 тамыржеміс зерттеледі: 50-і шет жағынан, ал ендігі 50-і танаптың екі қиғашынан алынады (10 орыннан 5 өсімдіктен). Қызылшаның тамыр жемістеріне биттердің қоныстану дәрежесі 3 баллдық шкаламен анықталады: 1 балл - бит шоғыры үлкен емес, биттер қызылша тамырына аз қоныстанған; 2 балл – қызылшаның тамырының жартысына жуығына бит шоғыры қоныстанған, қызылшаны қоныстануы орташа; 3 балл - қызылша тамыры мен тамыр жемістерінің жартысынан астамына биттің шоғыры қоныстанған, өсімдік күндіз солуы да мүмкін. Топырақты қазу кезіндегі қызылшаның тамыр битін есепке алу нәтижесі осы Әдістеменің 92-қосымшасына сәйкес енгізіледі.
Қант қызылшасы егістігінде және арамшөптерде қызылшаның тамыр битін есепке алу нәтижесі осы Әдістеменің 93-қосымшасына енгізіледі.
3) Қызылшаның тамыр битінің келер жылға санын болжау мақсатында, күзде қант қызылшасы егілетін жерлерге жалпы түрде қабылданған тәсілдермен қазба жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін 50x50 сантиметр алаңнан 8 сынама алынады. Талдаулар қыртыстар бойынша жасалынады (0-15, 15-30, 30 - 40, 40 - 50 сантиметр). Ауданы 30-40 гектар болатын егістен 8 сынама, ал келесі әрбір 10 гектар егістен қосымша 4 сынамадан алынады, 1 шаршы метрдегі биттердің орташа саны шығарылады.
37. Қызылшаның сауытты қоңызы есепке алуды және анықтауды жүргізу әдісі төмендегі көрсеткіштерді пайдаланылады:
1) қоңыздардың қыстап шыққан жерлерінде шығуы мен олардың таралуына бақылаулар наурыздың екінші жартысынан басталады. Қоңыздар қыстайтын орындарынан кеткенше, ауданы 50x50 сантиметр алаңда жапырақты төсеніштер мен топырақтың үстіңгі қабатының 2 сантиметр-ге дейінгі тереңдігін 5 күнде бір рет қарайды, сонымен қоса ұшуының басталу мерзімі мен оның қарқындылығы да анықталады. Қызылша өскіндеріне қыстап шыққан қоңыздардың қоныстануы мен өсімдіктердің зақымдалу деңгейі, бізтұмсықтарға жүргізілетін тексерулермен қатар анықталады.
2) алабұта тұқымдас арамшөптер мен қызылшаға салынған жұмыртқалар саны есептеледі. 50-100 өсімдік қаралып (танаптың 10-20 орнынан), өсімдіктегі салынған жұмыртқалардың пайызы мен жұмыртқалардың бір өсімдікке келетін орташа саны анықталады.
3) қызылша өсімдігінің сауытты қоңыздың дернәсілімен зақымдалуын 100 өсімдікті (алқаптың 10-20 орнынан 5-10 өсімдіктен) қарап шығу арқылы анықтайды. Зақымдалу дәрежесі балл бойынша, келесідей шкала арқылы ажыратылады:
1 (аз) - жапырақ бетінің 25%-на дейіні зақымдалған;
2 (орташа) - 26-50%;
3 (қатты) -50%-дан аса.
4) есептің қорытындысы бойынша зақымдалған өсімдіктердің пайызы, зақымдалудың орташа баллы мен өсімдіктегі дернәсілдер саны анықталады. Қоңыздардың жаңа ұрпағының саны қыркүйек-қазан айларында қыстап шығатын орындарын көктемгі зерттеу тәсілі секілді тәсілмен анықтайды.
5) қоңыздардың өскін кезеңіндегі экономикалық зиянды шегі – 1 шаршы метр ауданға 0,7-1 данадан, дернәсілдері – 4-5 нағыз жапырақ кезеңінде бір өсімдікке – 10 данадан астам келу.
6) келер жылға болжамы қоңыздардың қысқы орындарына қоныстану мәліметтері негізінде жасалады
38. Қызылшаның майда қоңызын есепке алуды және анықтауды жүргізу әдісін төмендегі көрсеткіштерді пайдаланылады:
1) қоңыздардың саны көктемде қызылша алқаптарындағы қызылшаның тамыр жемісінің қалдықтарын жинап, қарау арқылы анықталады. 1 м2-дегі қалдықтардың орташа саны мен бір тамыржеміске келетін қоңыздардың саны есепке алынады. Санын дәл анықтау мақсатында тамыржемістердің қалдықтары жиналып, зертханаларда жуылады. Жуу барысында судың бетіне қалқып шыққан қоңыздар саналады. Қоңыздар жаппай көбейген егістерде 1 шаршы метрдің қоңыздардың тығыздығын анықтау үшін топырақты сынамаалғышпен алады. Сынаманы алу көлемі 10х10х10 сантиметр, 50 гектар егістік көлемінен 4 сынама, ал 50-100 гектар-дан -8, 100 гектар-дан көп болса - 12 сынама алынады. Алынған сынамалар зертханада жуылып, қоңыздардың саны есептеледі. Талдаудың нәтижесінде 1 шаршы метрге немесе бір тамыржеміске келетін тірі қоңыздардың тығыздығы мен өлген қоңыздардың пайызы анықталады.
2) қоңыздар қызылша алқаптарына ауа температурасы тәулігіне орта есеппен 10-120С болғанда қоныстана бастайды, ал 19-220С-де қоңыздардың ұшуы байқалады. Қызылша өскін бере бастағаннан, нағыз 2-3 жапырақ шыққан кезеңге дейін әр бес күн сайын зиянкестер мен зақымдалған өсімдіктердің саны есепке алынып тұрады. Қызылша егісінің ұзына бойынан 20 – 25 жерінен 5-10 өсімдіктен қазылып алынады.
3) Өсімдіктің зақымдалу деңгейі төмендегі шкала бойынша баллмен есептелінеді:
1 (аз) - 1-2 тістеген, сабақтың орта деңгейіне дейін жетпеген;
2 (орташа) – 3-4 тістеген, біреуі сабақтың ортасына дейін жеткен;
3 (қатты) - 5-тен көп тістеген, сабақтың орта деңгейінен асып, терең бойлаған. Опат болған өсімдіктер бөлек саналады. Есепке алу қорытындысы бойынша зақымдалған және опат болған өсімдіктердің пайызы анықталып, зақымдалудың орташа баллы шығарылады.
4) экономикалық зиянды шегі - өскін шыққанға дейін 1 метр қатарға 20 қоңыздан немесе 1 шаршы метрге 300 қоңыз.
5) майда қоңыздың келер жылы көбеюі мен зияндылығын болжау, міндетті түрде ауа райын ескере отырып, күзгі мәліметтер негізінде жасалады.
39. Түркістандық өрмекші кенесі есепке алу және анықтауды жүргізу әдісін төмендегі көрсеткіштер пайдаланылады:
1) мәдени өсімдіктер өсіп шыққанға дейін, көктемде - наурыз-сәуір айларында су жағалаулары мен жол бойында, жалпақ жапырақты арамшөптер арасында зерттеу жұмыстары басталады. Әр 25-50 метр сайын, 20 сынамадан алынады (бес өсімдіктен немесе сабақтан). Өсімдіктер тексеріліп, зақымдалған және зақымдалмағандардың саны анықталады. Сонымен қатар, кенелердің жыртқыш түрлері де (кене жегіш біте, стеторус, қандалалар) есептелінеді. Бұл мәліметтер егіс жанындағы зиянкестердің санын анықтауға мүмкіндік береді;
2) мақта мен қытайбұршақ егістерінде және басқа да егіс алқаптарында өскіндердің өніп шығуынан бастап, егін жиналғанға дейінгі кезеңдер аралығында мезгіл-мезгіл зерттеу жұмыстары жүргізіліп тұрады. Егістен 100 өсімдік алынады (шахматтық тәртіп бойынша әрқайсысынан 5 өсімдіктен 20 сынама). Әр өсімдіктің жапырағының жоғары және төменгі беттері, сондай-ақ, өсу нүктесі қаралады. Өрмекші кенесінің санын есепке алу нәтижесі Әдістеменің 94-қосымшасына сәйкес енгізіледі;
3) кенелер саны егісте бірқалыпты орналасқан мақта мен қытайбұршақтың 10 зақымдалған өсімдігінен анықталады. Әр өсімдіктен 3 жапырақтан алынып (жоғары, орта және төменгі бөлігі), ондағы кенелер саны алынады. Бір мезетте кенелердің жыртқыш түрлері де (кене жегіш біте, стеторус, тағы басқа) саналады. Өсімдіктің бір жапырағындағы өрмекші кене мен олардың жыртқыштарының саны анықталады;
4) өрмекші кененің экономикалық зиянды шегі, мақтаның шанақтану және пісу кезеңінің басында – өсімдіктің алқапта залалдануы 10%, бір жапырақта қоныстануы 1,5 кене (100 жапыраққа 150 дарақ), қытайбұршақтың өсу кезеңінде бір жапырағында қоныстануы 10 данадан жоғары, кенемен залалдануы 10% жоғары, қант қызылшасын 10% зақымданса 1-1,5 балл;
5) қорғау іс-шараларының көлемін болжау күз айларында келер жылы өрмекші кенесімен зақымдалатын егіс алқабының көлемін болжау мақсатында алқаптардан 10 сынама алу арқылы зерттеулер жүргізіледі (50x50 сантиметр). Өсімдік қалдықтары талданып, топырақтың жоғарғы қабаты тексеріледі, сол арқылы 1 шаршы метрде қыстап жатқан зиянкестер қоры анықталады.
Өрмекші кенесімен қоныстану туралы ақпарат осы Әдістеменің 95-96 қосымшаларына сәйкес толтырлады.
40. Мақтаның зиянкестері (мақта көбелегі, мақта биті, жоңышқа (қараған) биті, үлкен мақта биті) есепке алуды және анықтауды жүргізу әдісі төмендегі көрсеткіштер пайдаланылады:
1) көктемгі егіс басталғанға дейін, күз айларындағыдай, мақта егілген егістерде және оған жақын орналасқан алқаптарда қыстап шыққан зиянкестер санын анықтау мақсатында зерттеулер жүргізіледі. Қыстап шыққан қуыршақтар санын анықтау үшін 0,25 шаршы метрден айдалмаған жерлерде 10 сантиметр тереңдіктен, ал айдалған алқаптардан 20 сантиметр тереңдікке дейін 20 топырақ сынамасы (50x50 сантиметр) алынады. Мақта көбелегінің қыстап шыққан және қыстайтын жұлдызқұрттарының саны осы Әдістеменің 97- қосымшасына сәйкес актіге енгізіледі.
2) мақта мен жүгері алқаптарына мақта көбелегінің ұшып келуін, мамыр айынан бастап өсімдіктердің өсу кезеңінің соңына дейін феромонды тұтқыштар арқылы тіркейді. Оларды 20 гектар ауданды алқапқа 3 дана есебінде орналастырады. Көбелектерді күн сайын санайды. Алынған мәліметтер тіркеу журналына енгізіледі. Ауланған көбелектер санына қарай сызба жасалынады. Ұшу кезеңінің қауырт мезгілі болып мақта көбелегінің жаппай ұшу сәті алынады. Олар ұша бастағанда алғашқы көбелектер ауланады, ал жаппай ұшу кезеңі басында ауланған аналық көбелектер саны артады. Көбелектердің жаппай ұшу кезеңінде, жаппай жұмыртқалау кезеңі де байқалады.
3) мақта көбелегінің жұмыртқасы мен жұлдызқұртын санын анықтау мақсатында әр алқаптан 100 өсімдіктен қаралады (5 өсімдіктен 20 сынама). Сынамалар нөмірленіп, екі қиғаш бойына бірдей арақашықтықта орналастырылады, жұмыртқасы мен жұлдызқұрттарының және энтомофагының саны анықталады. Мақта көбелегінің жаңа ұрпағының жұлдызқұрттарының саны осы Әдістеменің 98-қосымшасына сәйкес актіге енгізіледі.
4) мақта көбелегімен күресу шараларының тиімділігі мен оларды жүргізу мерзімін анықтауға байланысты. Жұлдызқұрттар біршама уақыт, зақымдалған өсімдікте тіршілік етеді. Одан кейін олар мақта көсегіне, жүгері собығына еніп алып, инсектицидтерге бой бермейді.
5) күзде өнімі жиналып болған мақта және жоңышқа егістеріне, егіс аралықтарына, жол жиектеріне зерттеулер жүргізіледі. Нәтижесінде 1 шаршы метрдегі қыстаған зиянкестер саны анықталады. Осылайша олардың келер жылы көбеюі мен дамуына болжам жасалады. Сан мөлшерін есепке алу тәсілдері көктемгі зерттеулердегідей.
6) мақта көбелегінің экономикалық зияндылық шегі мақтаның шанақтану және пісу кезеңінің басында егістікте 100 өсімдікке 8-10 жұмыртқа мен жұлдызқұрттан, жүгерінің өсу кезеңінде - тәулігіне бір тұтқышқа 8-10 көбелек түссе, бұл алқап зиянкестердің коныстануының шарықтау саны болып табылады.
7) қыстайтын зиянкестердің санын және қыстаған жағдайына негізделген деректерге сүйене отырып мақта көбелегіне болжам жасалады;
8) қыстайтын мақта көбелегінің І ұрпағының санын анықтау болжамды негіздеу үшін жеткіліксіз, қыстап шыққан қорының сапасы: диапаузаға түскен және диапаузаға түспеген қуыршақтарының қатынасы (саны), себебі болашақта көбелектердің саны диапаузаға түскен қуыршақтарға байланысты.
9) диапаузаға түскен және диапаузаға түспеген қуыршақтарының сан қатынасы анықтау үшін, жаз бойы мақта көбелегінің қоныстанған аумағы (мақта, кеш егілген жүгері, қызанақ, темекі және тағы басқа) кемінде мақта көбелегінің 100 қуыршағын жинау егістік айналымнан шыққан жерлерде жүргізіледі. Қуыршақтарды күзде ауа температурасы төмендеп (орташа ауа температурасы 8 – ге дейін және одан төмен) олардың дамуына қолайсыз жағдай туындаған кезінде жиналады.
Мақта көбелегінің жұлдызқұрттарының қоныстану туралы ақпарат осы Әдістеменің 99 және 100-қосымшаларына сәйкес толтырлады.
41. Темекі трипсі есепке алуды және анықтауды жүргізу әдісі төмендегі көрсеткіштер пайдаланылады:
1) бітелерді санау ерте көктемде мақта өскіндері шықпай тұрып, мақта алқаптарына жақын орналасқан тұт пен басқа да ағаштардан, жалпақ жапырақты арамшөптерден бастайды. Бір-бірінен 20-25 метр қашықтықта орналасқан жалпақ жапырақты арамшөптердің шамамен 100 шақтысы іріктелініп алынып, мұқият қаралады. Зиянкес қоныстанған өсімдіктердің пайызы, әр өсімдіктегі бітенің саны және бір өсімдікке шаққандағы орташа пайызы анықталады.
2) мақта өскіндері жаппай шыққаннан, өнім жиналып алынғанға дейін, әр 7-10 күн сайын сорғыш зиянкестерге (бітелер, биттер, кенелер және олардың энтомофагтары) бақылаулар мен зерттеулер тұрақты жүргізіліп тұрады.
3) алқап қиғашы бойынша бір арақашықтықта немесе шахматты тәртіппен орналасқан 5 гектарға дейінгі алқаптан 50 өсімдік, ал 5 гектардан артық алқаптан 100 өсімдікке дейін қаралады (10 немесе 20 сынамаға 5 өсімдіктен). Есепке алынған 10 өсімдіктің жоғарғы, төменгі және ортасынан алынған үш жапырағының үстіңгі, сондай-ақ, астыңғы жағы және өскіннің орталық нүктесі қаралады. Биттер, бітелер, кенелер зақымдаған өсімдіктердің де, зақымдамаған өсімдіктердің де саны анықталып, зақымдалу пайызы шығарылады.
4) мақта түгел шанақтанғаннан кейін сорғыш зиянкестердің саны карадрина мен мақта көбелегінің есебіне қосылады.
5) биттер кешенінің экономикалық зиянды шегі 100 жапыраққа 50 бит, темекі бітесінікі – 100 жапыраққа 40 дана.
42. Шабдалы биті есепке алуды және анықтауды жүргізу әдісі төмендегі көрсеткіштер пайдаланылады:
Биттердің қыстаған орындары арамшөптерден, темекі плантацияларынан, шабдалы мен сары өрік, алма бұтақтарынан іздестіру жолымен анықталады. Темекіде ұрықтық биттердің пайда болған кезінен бастап, бұл өсімдіктерге апта сайын тексеру жүргізіліп отырылады. Көшеттіктердегі жас өскіндер, алқаптағы темекілер әр кезде бақылауда болуы тиіс. Плантациядағы темекі өсімдігінің зақымдалуын анықтау мақсатында әр он күн сайын 10-20 орыннан 100 өсімдік алынып қаралады да, шабдалы битінің даму деңгейі 5 баллды шкаламен анықталады.
43. Жидек қандаласы есепке алуды және анықтауды жүргізу әдісі төмендегі көрсеткіштер пайдаланылады:
Жидек қандаласының темекі плантацияларында пайда болуы мен дамуын әр он күн сайын бақылауға алып отырған жөн. Алқаптың қиғашы (диагоналы) бойынша немесе шахматты тәртіппен 5-10 орыннан, қатарынан 50-100 өсімдік қаралады. Өсімдіктің зақымдалу пайызы мен зиянкестер саны анықталады.
44. Майлы дақылдардың зиянкестері (күнбағыстың қан көбелегі, мақсарының үлкен бізтұмсығы, мақсарының кіші бізтұмсығы) есепке алуды және анықтауды жүргізу әдісінде төмендегі көрсеткіштер пайдаланылады:
1) қандайда бір майлы дақылдың зиянкестерінің дамуы мен дақылда пайда болуына жүргізілетін бақылауларды дақылдардың негізгі даму кезеңдерінде толық өніп шығу, сабақтану мен шанақтану, гүлдеу кезеңдерінде және өнімді жинар алдын әр 10 күн сайын жүргізіп тұрған дұрыс. Майлы дақылдардың зиянкестерінің санын есепке алуды жүргізу мерзімі мен әдісі осы Әдістеменің 101-қосымшасында көрсетілген.
2) рапстың негізгі зиянкестері, дақылдарды зақымдау түрі мен сипаты, өсімдік фенофазасы, зиян келтірілген кезеңі, зиянкестердің өсімдіктерді зақымдау сипаты осы Әдістеменің 102-қосымшасында көрсетілген. Ал зиянкестер есебін алу әдісі басқа да майлы дақылдарды есепке алу тәсіліндей.
3) басқа да майлы дақылдарын есепке алу әдісіне ұқсайды.
4) күнбағыстың қанкөбелектерінің экономикалық зиянды шегі анықталмаған, қосымша тексерулер мен зерттеулерді қажет етеді.
5) мақсары бізтұмсықтарының экономикалық зиянды шегі - 1 шаршы метрге 1-2 қоңыздан келгенде.
Майлы дақылдарды кешенді зиянкестермен қоныстану туралы ақпарат осы Әдістеменің 103-қосымшасына жазылады.
45. Көкөніс дақылдарының зиянкестері (қырыққабат және шалқанның ақ көбелектері, қырыққабаттың қоңыр көбелегі, қырыққабаттың қара күйесі, рапс егеуіші, айқышгүлді бүргелер, рапс жапырақ жемірі, рапс гүл жегісі, қырыққабат биті, айқышгүлді қандалалар және қырыққабат шыбындары) есепке алуды және анықтауды жүргізу әдісінде төмендегі көрсеткіштер пайдаланылады:
1) қырыққабаттың қыстап қалатын зиянкестерінің саны осы дақыл егілген телімнен анықталады. Қырыққабат шыбыны, күйе көбелегі, қоңыр көбелек, қырыққабат биті сияқты зиянкестер қаралады. Бұл үшін шахматтық тәртіппен 5 өзектен тұратын 10 сынама алынады. Өзектердің жер асты бөліктерін қарап, олардағы қырыққабат битінің жұмыртқалары мен қырыққабаттың күйе көбелегінің қуыршақтары бар пілләларды санайды. Егер қырыққабат битінің жұмыртқалары көп болса, онда әр сынамадан 2-3 түптамырдан қарау жеткілікті. Телімнің зиянкестермен залалдануын қырыққабат битінің жұмыртқаларының және күйе көбелегінің қуыршағының бір өзекке келетін орташа санын есептеу арқылы анықталады. Қырыққабаттың қоңыр көбелегінің қуыршақтары мен қырыққабат шыбынының жалған пілләларының санын анықтау үшін, сынамалар алынатын жерлердің топырағы қазылады және тек бір өзектің маңындағы топырақ қазылады. Қазба жұмыстарын 35x35 сантиметр (өзек маңында) өлшемді, тереңдігі 25-30 сантиметр болатын алаңдарда жасайды. Телімнің залалдануы бір өзекке келетін қырыққабаттың қоңыр көбелегінің қуыршағы мен шыбынының жалған пілләсінің орташа саны арқылы анықталады. Көкөніс дақылдары өсірілетін орындардағы қыстайтын зиянкестерді есепке алу нәтижесі осы Әдістеменің 104-қосымшасына сәйкес енгізіледі.
2) көктемде алдымен көшетханаларда, содан кейін егістердегі, шаршыгүлді өсімдіктердің бүргелері мен қырыққабат шыбынының саны анықталады. Шаршыгүлді өсімдіктердің бүргелерінің өсімдіктерге қоныстанған санын көзбен қарап немесе энтомолологиялық қаққышқа түскен бүргелердің саны арқылы анықтайды. Қаққышпен қағу әдісі, бес көшетхананың немесе егістің бес нүктесінен өсімдіктердің үстінен 10 рет қос рет қағу жолымен жүзеге асырылады. Бүргелерді бес күн сайын, ашық күні, бір уақытта бақылау керек.
3) қырыққабат шыбынын көшетханаларда 10-15 күн аралығында және көшеттерді танапқа отырғызу алдында 2-3 күн бұрын санайды. Бес көшетхананың әр тұсынан он өсімдіктен алады. Өсімдіктерді қарау барысында көшеттердің қырыққабат шыбынының жұмыртқалары мен дернәсілдерімен залалданғаны анықталады. Жұмыртқаларын анықтау үшін сабақ маңындағы топырақ тексеріледі, дернәсілдерін табу үшін өсімдіктерді топырақтан абайлап тамырымен шығарып алады. Бірінші есептің мақсаты - қырыққабат шыбынының көшеттерді қоныстануын және оның дәрежесін анықтау үшін жасалады, ал екіншісі – көшеттердің танапқа отырғызу алдындағы жағдайын анықтау үшін жүргізіледі.
4) зиянкестерді есепке алудың келесі есептері егіс алаңында іске асырылады. Ол үшін 10-20 орыннан шахматтық тәртіппен, әрқайсысы 5 өсімдіктен, жалпы саны 50-100 өсімдікті қарайды. Бірінші есепті көшеттер танапқа отырғызылғаннан кейін 4-5 күннен соң, көшеттерде қырыққабат шыбынының жұмыртқаларының және өсімдіктердің шаршыгүлділердің бүргелері немесе басқа да зиянкестердің зақымдалуын анықтау үшін жүргізіледі. Әр 3-5 күн сайын 20 өсімдікті қарау арқылы жұмыртқалардың салынуына бақылау жүргізіледі. Жұмыртқаларды бір өсімдіктің ғана түбінен анықтап, соңынан оларды жояды. Көшеттерді отырғызғаннан кейін 20-25 күннен соң қырыққабат шыбынының өсімдікке тигізген зиянын анықтайды (солып қалған, қатты зақымдалған, не орташа немесе аз зақымдалған). Қырыққабат шыбынының тигізген зиянын өсімдік жапырақтарының көгеруі бойынша байқауға болады. Солып қалған өсімдіктерді опат болу салдарын анықтау мақсатында қазып алады.
5) екінші есепті өсімдік күлтебастану (өсімдікте отырыңқы жүрек тәрізді жапырақтардың түзілуі) кезеңінде, қырыққабаттың ақ көбелегінің, күйе көбелегінің, жапырақ жегіш қоңыздардың және т.б. зиянкестердің жұлдызқұрттары шыға бастаған уақытта жүргізеді.Үшінші есепке алу қырыққабаттың борпылдақ қауданы орала бастағанда жүргізіледі. Бұл кезде қырыққабаттың қоңыр көбелегі, күйе көбелегі, жапырақ жегіш қоңыздар және т.б зиянкестер шыға бастайды. Төртінші есепке алу тығыз қаудан кезеңінде жүргізіледі. Бұл кезеңде қырыққабаттың күйе көбелегі, шаршыгүлділердің қандалалары, қоңыр көбелектің жұлдызқұрттары, қырыққабат биті, ақ көбелегі және т.б. зиянкестер есепке алынады. Қырыққабаттың зиянкестерін далалық есепке алу нәтижесі осы Әдістеменің 105-қосымшасына сәйкес енгізіледі.
6) айқыш гүлді бүргелердің экономикалық зиянды шегі - 1 өсімдікке 2-3 қоңыздан (тамыржемісті өсімдіктердің өскiндерi үшін);
7) айқышгүлдің қандаласы экономикалық зиянды шегі - 1 шаршы метрге 1-2 қандала немесе 1 өсімдікке 0,2 қандаладан келгенде (тамыржемісті өсімдіктердің өскiндерi үшін);
8) қырыққабат битінің экономикалық зиянды шегі: қаудан түзілу кезеңі басталған уақытта өсімдіктердің 5-10%-на дейін қоныстануы.
9) рапс гүл жегішінің экономикалық зиянды шегі - 1 өсімдікке 6-8 қоңыздан (шанақтанудың басында) келу.
10) рапс егеуішінің экономикалық зиянды шегі - қаудандар байлана бастаған кезеңде өсімдіктің 12%-на қоныстанған кезде 1 өсімдікке 2-5 дернәсілден келу.
11) көкөніс, майлы дақылдары және темекі дақылдарына болжам жасау:
басым көпшілік көкөніс дақылдары үшін арнайы болжау әдісі әлі әзірленбегеніне байланысты, жекелеген түрлердің фенологиясы және сан динамикасы бойынша материалдары пайдалануы тиіс. Бір қатар жылдар бойы алынған материалдарды салыстыру арқылы, жекелеген зиянкестердің даму динамикасының тенденциялары туралы мәліметтерді білуге болады.
Болжамдарды құрастыру үшін, көкөніс дақылдарының қыстап шығатын запасының саны мен жай-күйі туралы материалдардың болуы үлкен маңызды.
Сондықтан, күзгі кезеңде көкөніс танаптарында және оған іргелес құрылыстарда арнайы зерттеулер жүргізу қажет. Осы кезеңдегі өте көп таралған зерттеулердің, кейіннен әртүрлі зиянкестердің (сымқұрт, шыбындардың дернәсілдері мен жалған пілләсі, күздік көбелектің жұлдызқұрты, қырыққабаттың және басқа көбелектердің қуыршақтары, ұзынаяқтылар және басқалар) түрлеріне талдау және санын есептеу арқылы, әртүрлі топырақтық қазбалар болып табылады. Оған қоса, өсімдіктер қалдықтары, қырыққабаттың сабағы, басқа көкөністердің сабақтарының қалдықтары, сондай-ақ келесі жылы тұқым алу үшін шаруашылықта қалдырылатын тұқымдық өсімдіктер зерттеледі. Осы субстраттың барлық түрлерінен қыстап шығатын биттердің жұмыртқаларын, күйіктің пілләсін, жұлдызқұртын, сирек қызылшаның үңгі шыбының жалған пілләсін және басқа зиянкестерді жеңіл табуға болады.Көкөніс учаскелеріне іргелес құрылыстарда, шарбақтарда, қоршауларда, діңгектерде жіті қарау қыстап шығатын ақ көбелектерді жинауға мүмкіндік береді.
Күзгі зерттеу кезінде жинап алынған материалдарды талдағаннан, тиісті есептерді жүргізгеннен және қажетті жазулар рәсімдегеннен кейін, материалдардың бір бөлігі тоғышарлармен залалдануына талдануы, ал басқа бөлігі және зиянкестердің белсенді күйіне өтуінің басталуын бақылау үшін пайдаланылуы және олардың қыстап шығу кезіндегі қырылуының пайызын белгілеу үшін көктемге дейін сақталуы тиіс.
Зиянкестердің қыстап шығытан фазасын тоғышарлармен залалдануына талдау жүргізу үшін, әрбір түрдің кем дегенде 50-данасынан (дұрысы 100 дана) тұратын орташа үлгі алады. Зиянкестің денесін кесіп ашу жолымен тоғышарлардың қыстап шығатын фазаларының залалданғаның анықтау жай көзбен қарау арқылы жүргізіледі. Шыбын дернәсілінің денесін өте абайлап кесіп ашу арқылы, оларды тек бинокулярдың көмегі арқылы табу мүмкін, Opius тұқымы тоғышарының дернәсілімен қызылша шыбынының дернәсілдерінің заладануын анықтау өте қиындық тудырады. Одан әрі байқау үшін қалдырылатын жәндіктер, табиғи қыстап шығу жағдайына өте жақын жағдайда, арнайы бақтарға орналастырылады.
Көкөніс және бақша дақылдарын кешенді зиянкестермен қоныстануы туралы ақпарат осы Әдістеменің 106-қосымшасына жазылады.
46. Пияз шыбыны, пияздың жасырын тұмсықты қоңызы, пияздың ызылдақ шыбыны есепке алуды және анықтауды жүргізу әдісі төмендегі көрсеткіштер пайдаланылады:
1) пияз зиянкестерін және олардан келетін зияндылық деңгейін анықтау үшін осы дақыл өсетін егістерге жиі есеп жүргізіледі. Ол үшін 4 рет тексерулер жүргізіледі. 1- тексеру көктемде, пияз өскіні шыққан кезде, 2 - тексеру жаздың басында, 3 - тексеру өнімді жинар алдында, барлығы бір тәсілмен жүзеге асырылады. Ол үшін шахматтық тәртіппен орналасқан қатарды бойлай жарты метрлік 10 сынама алынады. Әр өсімдікті мұқият қарап, зиянкестер түрін анықтаған соң олардың жасы, кезеңі, орташа саны мен келтірген зияндылық деңгейі нақтыланады. 4 - тексеру өнімді жинап алғаннан соң, қыстап қалған зиянкестерді анықтау үшін жүргізіледі. Ол үшін ауданы 50х50 сантиметр болатын алаңнан шахматтық ретпен 10 топырақ сынамасы алынады.
2) экономикалық зиянды шегі 10 рет қақпатормен сермуіне 5-8 шыбын, қоныстануы 25 пайыздан кем болмағанда 1 өсімдікке 3 жұмыртқа, бір өсімдікке 5-10 дернәсіл немесе 2-4 жасырынтұмсықты қоңыз.
3) қорғаныс іс-шараларын болжамдау көлемінің әдістемесі 4-бөлімде көрсетілген.
Пияз егістігін кешенді зиянкестермен қоныстануы туралы ақпарат осы Әдістеменің 107-қосымшасына сәйкес жазылады.
47. Колорадо қоңызы есепке алуды және анықтауды жүргізу әдісі төмендегі көрсеткіштер пайдаланылады:
1) колорад қоңызының тіршілікке қабілеттілігі, саны және таралуын топырақты қазу жолымен анықталады. Қыстауға кеткен немесе қыстап шыққан қоңыздардың санын анықтау үшін, 10 гектарға дейінгі танаптан 8 сынама, 50 гектарға дейінгі танаптан 12 сынама, 100 гектарға дейінгі танаптан 16 сынама, 100 гектардан артық танаптан әрбір 100 гектар үшін 4 сынама қосып алынады. Сынама алатын жердің ауданы 0,25 шаршы метр (0,5х0,5), тереңдігі 30-40, кейде 60-70 сантиметрге жетеді. Күзде сынаманы топырақтың жоғарғы қабатының температурасы 9оС-ге дейін төмендегенде, ал көктемде 9оС-ден жоғары болғанда алады.
2) колорад қоңызын танапта есептегенде есепке алу алаңдары әдісін пайдаланған жөн. Дәл мағлұмат алу үшін 100-ден 500-ге дейін өсімдік (әрбір сынамада қатар тұрған 10 қатарда тұрған түп) немесе танаптың қиғашынан әр қатардан екі өсімдіктен қарау жеткілікті. Егер қоңыздар өсімдіктің 10%-нан аз қоныстанса, әр 20-25 қатардан 4-5% өсімдік түбін қарау қажет. Колорадо қоңызының санын есепке алу нәтижесі осы Әдістеменің 108-қосымшасына сәйкес енгізіледі. Қыстап шаққан ұрпағының қоныстануы туралы ақпарат осы Әдістеменің 109-қосымшасына сәйкес жазылады.
3) қоңыздардың дарақтарының түптегі тығыздығын зиянкес қоныстанған әр 25-100 түптегі дарақтарды санау арқылы анықтайды, сонымен бірге жапырақтардың зақымдалу дәрежесі де анықталады. Бақылау жұмыстары жылы да құрғақ күндері таңғы сағат 10-нан кешкі 18-ге дейін жүргізіледі. Бұл уақытта қоңыздар өте қозғалғыш келеді.
4) жапырақтардың зақымдалуы балл бойынша келесідей шкала бойынша есептеледі:
1 балл - бұл түптің жапырақ тақтасы 5%-ға дейін желінген;
2 балл - 5-тен 25%-ға дейін;
3 балл - 25-тен 50%-ға дейін;
4 балл - 50-ден 75%-ға дейін;
5 балл - 75%-дан астамы желінген.
Колорадо қоңызымен өсімдіктердін зақымдалуын есепке алу нәтижесі осы Әдістеменің 110-қосымшасына сәйкес енгізіледі. Колорадо қоңызының дернәсілдерімен және имагосымен қоныстануы туралы ақпарат осы Әдістеменің 111-қосымшасына сәйкес жазылады.
5) қоңыздың экономикалық зиянды шегі өсiмдiкөскінінің бойы 15-25 сантиметр болған кезеңде картоп түбінің 0,5-2%-на қоңыздар қоныстанған. Қыстап шыққан қоңыздар мен дернәсілдердің экономикалық зиянды шегі: картоп түбінің 5-8% қоныстағанда, 1 өсімдікке 20 дернәсілден (шанақтану – гүлдеу кезеңі) келгенде.
6) болжам жасау үшін келесі ақпараттарды қолданады:
топырақтан қыстап шыққан қоңыздардың саны.
қыстап шығу кезеңіндегі өлген қоңыздардың пайызы. Сол танапта күзгі және көктемгі кезеңде топырақтан шыққан қоңыздарын санын салыстыру.
зиянкестің фенологиясы.
зақымдалған дақылдарда қыстап шыққан қоңыздардың жұмыртқа салу мерізімі.
дақыл бойынша зиянкестің қоныстану және тексерілген көлемі.
дақыл бойынша күрес шараларының тиімділігі.
48. Жеміс дақылдарының зиянкестері (жапырақ биті, алманың қанқызыл биті, алмұрт бүргешіркейі, алманың үтір тәрізді қалқаншалы сымыры, қарағанның жалған қалқаншалы сымыры, жеміс кенелері, жапырақ кеміргіш зиянкестер, жұпсыз жібек көбелегі, алма күйесі, долананың шеңберлі күйе көбелегі, шиенің шырышты егеуіші, раушан гүлділердің жапырақ ширатқыш көбелегі, долананың жапырақ ширатқыш көбелегі, алма жемірі, қара өріктің жеміс жемірі, шие бізтұмсығы, қарлығанның қан көбелегі, қарлығанның сары егеуіші, қарақаттың мөлдір қанатты көбелегі, бүлдірген кенесі, таңқурай қоңызы) есепке алуды және анықтауды жүргізу әдісінде төмендегі көрсеткіштер пайдаланылады:
1) жеміс-жидек дақылдарының зиянкестерімен химиялық күресу жүйесі, зақымдалатын өсімдіктердің фенологиясы мен негізгі зиянкестердің фенологиясына сүйене отырып жүзеге асады және дақылдардың барлық зинкестерімен күресуге бағытталады. Дегенмен, зиянкестер мен өсімдіктердің фенологиялық жүйелі бақылауларымен қатар, жеміс-жидек дақылдарын зиянды түрлердің нақты қоныстануын анықтау мақсатында, қайта-қайта жете тексерулер жүргізілуі тиіс.
2) бұл мақсатта жалпы алғанда 3 топқа біріктірілетін, 6 арнайы тексерулер жүргізіледі.
күзгі (жапырақтардың барлығы түсіп болған соң, қыстап қалатын зиянкестердің санын анықтау мақсатында).
көктемде екі тексеру жүргізіледі (біріншісі - ерте көктемде, өсімдіктер бүр жармай тұрып, қыстап шыққан зиянкестердің санын анықтау үшін, екіншісі - гүлдеу кезеңінде).
жазғы маусымда белсенді зиянкестердің санының динамикасын анықтау үшін жүргізеді (гүлдегеннен кейін бірден басталады, бұл тексеру арқылы жапырақ зиянкестерінің саны мен олардың зақымдалу дәрежесі анықталады; жаздың ортасында жерге түскен жидектерді қарайды, ал өнімді жинар алдында жемістерді тексереді).
3) күзде үлгі ретінде алынған ағаштарды немесе бұталарды, әрбір дақылды бөлек-бөлек, бір-бірімен қиылысатын екі қиғаш бойынша жеке қарайды. Тексерілетін ағаштар мен бұталар саны тексерілетін ауданының көлеміне байланысты есепке алынады: 10 гектарға дейінгі ауданда - 20 ағаш; 11 гектардан 25 гектарға дейін - 30 ағаш, 26-50 гектарға дейін - 40; 51-100 гектарға дейін - 50 ағаш; 101-200 гектарға дейін 75; 201 гектардан астам ауданнан 100 ағаш тексеріледі.
4) Жидек бұталары тексерілген кезде 1 гектар таңқурай, қарақат және қарлығанның алқабынан кем дегенде 10 үлгі бұта, ал бүлдіргеннің 1 гектар плантациясынан кем дегенде 200 өсімдік қаралады. Жеміс ағаштарының тәлімбақтарында 1 гектардан кем дегенде 20 көшет тексеріледі.
5) күзгі тексеруде ағаштар мен бұталарда қыстап жатқан зиянкестердің саны анықталады. Осы мәліметтердің негізінде жеміс-жидек дақылдарын зиянкестерден қорғау шараларының келесі жылға жоспары құрылады.
6) долана мен шаңқан көбелегінің қысқы ұялары, жұпсыз көбелектің жұмыртқалары барлық ағаштарда саналады. Алманың күйе көбелегін анықтау үшін әрбір ағаштың төрт жағынан, әр 0,5 метр сайын бір немесе екі жылдық бұтақтарындағы және қабықтарындағы алма күйесінің қалқаншаларын санайды. Раушан гүлінің жапырақ ширатқыш көбелегін анықтауда, ағаштың негізгі үш бұтағындағы, әр 1 метр бұта аралығын қарайды (бұтаның негізінен). Алма ағашының бүргешіркейін және алманың жасыл битін санағанда, ағаштың төрт жағынан 10 сантиметр бұтақ кесіндісін алып, биттің жұмыртқасын есептейді.
7) алма жемісінің жемірін анықтауда, ағаш қуысындағы, қабық жарықшақтарындағы, діңінің негізіндегі, жуан бұтақтарындағы зиянкестің піллә ішіндегі жұлдызқұрттарын санап, олардың бір ағаштағы санын көрсетеді. Қара өріктің жеміс жеміріне де осы тәсілді қолданады.
8) жемістің қоңыр және алманың қызыл кенесін анықтауда, ағаштың әр жерінен, жеміс беретін бұталарынан 10-15 сантиметр кесіп алып санайды. Қызғылт сары-қызыл жұмыртқалардың тығыздығын 3 баллдық шкала бойынша анықтайды.
9) алма ағашының үтір тәрізді сымырын анықтау үшін алма ағашының діңі мен жуан бұтақтарын қарау арқылы анықтайды. Ағаш қабығының әр 100 сантиметр2 аудандағы 5-6 сынамалы бөліктердегі қалқаншалар саны есептеледі. Сонымен бірге бір жылдық өскіндердің 4 жіңішке өркендері қаралады. Қалқаншалардың біразын қабықпен бірге кесіп алып, зертхана жағдайында, инемен көтеріп, үлкейткіш әйнекпен жұмыртқалардың бар-жоғын тексереді.
10) қараған мен қара өріктің жалған сымырын қара өрік, сары өрік, шабдалы, шиенің ағаштарының бөрікбасының әр тұсынан іздейді. Ағаштың жуан және жіңішке бұтақтарының төменгі жағын қарап, қабық бетінің зиянкестермен қоныстану дәрежесін 3 баллдық шкала бойынша есептейді.
11) канқызыл битін анықтау үшін бақтағы барлық алма ағаштарын қарайды. Зақымдалған ағаштар мен қатарлардың нөмірлері арнайы журналға жазылады. Зиянкестердің шоғырын ақ ұлпа өңездердің, ағаш бұтақтары мен діңдеріндегі жаралар мен ісіктердің болуынан, оларды анықтау өте оңай.
12) қарақаттың зер қоңызы мен мөлдір қанатты көбелегін анықтау үшін алқаптың әр тұсынан қарақаттың екі немесе үш жылдық 100-ге тарта бұтақтарын тамыр мойнынан кесіп алып қарайды. Бұтақтарды ұзына бойымен тіліп, қарақаттың зер қоңызы мен мөлдір қанатты көбелегінің дернәсілдері бар өркендердің саны есептеледі. Содан кейін зиянкес қоныстанған бұтақтардың пайызын жалпы бұтақтың саны арқылы анықтайды.
13) қарлығанның қан көбелегінің қуыршақтарын тең қиылысатын екі қиғаш бойынша орналасқан 10 түп бұтаның астындағы топырақтан санайды. Бұтаның жан-жағынан тереңдігі 15 сантиметр, радиусы 20-30 сантиметр алаңның топырағы қазылып алынады. Зиянкестің қуыршақтарының бір өсімдікке шаққандағы орташа саны анықталады.
Жеміс дақылдарының зиянкестерін бірінші рет күзгі және қөқтемгі есепке алу нәтижесі осы Әдістеменің 112-қосымшасына сәйкес жазылады.
14) бірінші көктемгі бақылаулық зерттеулер үшін тексеру жеміс дақылдарының өсу кезеңі басталмай тұрып, күзгі тәсілмен жүзеге асады. Сонымен бірге, көктемде жеміс бізтұмсықтарының саны мен түрлері анықталады. Бұл есеп үшін әр 5 күн сайын үлгі ретінде алынған ағаштарды сілкиді. Ағашты сілку арқылы бізтұмсықтардың бар-жоғы анықталады және оларға қарсы күресу шараларын жоспарлауға болады. Барлық жүргізілген тексерулердің нәтижелері алдымен арнайы карточкаға жазылады (әр телім бойынша жеке), содан кейін бұл мәліметтер бір тізімдемеге жинақталады, ол жерде ағашты қанша рет сілкігені туралы және бір ағашты сілкігендегі зиянкестердің саны жайлы мәліметтер жазылады.
15) жеміс зиянкестерін көктемгі екінші тексеру өсімдіктердің шанақтану және гүлдеу кезеңінде жүргізіледі. Алма ағашында алманың күйе көбелегінің, қыс мүр көбелегінің жұлдызқұрттарының саны және шанақтардың гүлжегіш қоңыздармен зақымдалуы анықталады.
16) алма ағашының күйе көбелегі мен қыс мүр көбелегінің жұлдызқұрттарының санын анықтау үшін әр үлгі ағаштың төрт жағынан 1 метр бұтақ кесіндісі қаралады. Осы кесіндіде зиянкестердің белгілі бір түрі зақымдаған жапырақтардың пайызы анықталады. Шанақтардың гүлжегіш қоңыздармен зақымдалуын анықтау үшін, әрбір алма ағашының 4 жағынан 10 гүлшоғыр (жалпы есеппен 40 гүлшоғыр) қаралады да, шанақтардың зақымдалуының орташа пайызы шығарылады.
17) бүлдірген мен таңқурайда шанақтардың бүлдірген мен таңқурайдың гүлжегіш қоңыздарымен зақымдалуы анықталады, ол үшін плантацияның әр жерінен 200 шанақ жиналып, зақымдалған шанақтардың пайызы шығарылады.
18) шие ағашының шанақтану кезеңінде шие бізтұмсықтарының қоныстануын ағашты сілку әдісі арқылы қосымша есеп жүргізіледі, соның нәтижесінде бір ағаштағы зиянкестердің орташа саны анықталады. Егер бір ағашқа 10 қоңыздан келсе, онда аз қоныстану; егер 10-30 қоңыз келсе - орташа; 30-дан астам қоңыз келсе - жоғары деп есептеледі.
19) жазғы тексеру гүлдеу кезеңінен өткен соң бірден басталады. Жапырақ кеміргіш зиянкестердің санын анықтау барысында, жапырақтардың зақымдалу дәрежесін көз мөлшермен, 3 баллдық шкала бойынша анықтайды. Осыдан кейін осы зиянкестің ағашқа қоныстану пайызы мен орташа зақымдалу дәрежесі анықталады. Жеміс қөшеттерін жазғы тексеру барысындағы зиянкестерді есепке алу нәтижесі осы Әдістеменің 113-қосымшасына сәйкес енгізіледі. Жеміс-жидек дақылдарын кешенді зиянкестермен қоныстану туралы ақпарат осы Әдістеменің 114-қосымшасына сәйкес енгізіледі.
20) алма мен өріктің жеміс жемірлерімен зақымдалуынан түсіп қалған жемістерді есепке алу, түскен алмалар шаруашылық маңызға ие болған кезде, жапырақтарды тексеруден 2 – 3 аптадан кейін жүргізеді. Үлгіге алынған 10 ағаштың астына түскен алмаларды әр бір 5 күн сайын жинайды (барлығы 200 жеміс). Жиналған алманың зақымдалуына қарап, зиянкестің қай түрімен зақымдалғанын анықтап, соңында пайыздық мөлшерін есептейді.
21) қолмен жиналатын өнімнің зақымдалған жемістерін есепке алу үшін бөрі қарақаттан басқа барлық жеміс – жидек дақылдарын жаппай жинау кезеңінде, жемістердің зақымдалуын өнімді жинауға дейін 2– 3 апта қалғанда анықтайды. Алмада, алмұртта, өрік және шиеде түскен 200 жемісті қарайды, оларды екі топқа бөледі: зақымдалған және зақымдалмаған.
22) жапырақ битінің экономикалық зиянды шегі - шанақтардың қызғылттану кезеңінде және одан кешірек жапыраққа биттердің 10-15% қоныстануы.
23) алманың қанқызыл битінің экономикалық зиянды шегі - шанақтар айқындала бастаған уақытта 100 өркенге 10 топтан келгенде.
24) жеміс кенесінің экономикалық зиянды шегі жаз айында бip жапыраққа 3-5 кенеден келгенде.
25) долана көбелегінің экономикалық зиянды шегі бүршік жарғанға дейін 1 ағашқа 3-5 ұялар, бүршік жарған соң 200 сантиметр погон бойымен 8-12 жұлдызқұрт және жапырақтың 15-20 зақымдалуы.
26) алма күйесінің экономикалық зиянды шегі гүлдеуге дейін, 1 метр бұтаққа 0,5-1 қалқанша.
27) долана шеңберлі күйе көбелегінің - үңгі жасайтын күйенің экономикалық зиянды шегі - жаз ортасында бір жапыраққа 1-2 үңгіден келу.
28) раушан гүлділердің жапырақ ширатқышының экономикалық зиянды шегі - жеміс-жидек дақылдары бүршік жарғанға дейін бір ағашқа 3-5 жұмыртқа салым; гүлдер алдында 1 шаршы метрге 0,5-3 жұлдызқұрт немесе 10-15% зақымдалған жапырақ.
29) долананың жапырақ ширатқышының экономикалық зиянды шегі - бүршік жарғанға дейін бір ағашқа 3-5 жұмыртқа салады. Жеміс ағаштары гүлдер алдында 1 шаршы метрге 0,5-3 жұлдызқұрттан немесе жапырақтың 10-15%-ы зақымдалған.
30) алма жемірінің экономикалық зиянды шегі -10% зақымдалған түйін (гүлдеу кезеңінің соңында); 100 жеміске 2-5 жұмыртқа немесе 2-3% зақымдалған жеміс.
31) қара өріктің жеміс жемірінің экономикалық зиянды шегі 2-3 зақымдалған жемістер.
32) шие бізтұмсығының экономикалық зиянды шегі - шиенің гүлдеу кезеңінің соңына қарай 10 бұтаққа 8 қоңыздан келгенде.
33) қарлығанның қан көбелегінің экономикалық зиянды шегі - өсімдік гүлдеп болған соң гүл шоғырының 2-5%-на қоныстанған зиянкес.
34) таңқурай қоңызының экономикалық зиянды шегі - жемістің пicy кезеңінде 2-3% қоныстану.
35) бүлдірген кенесінің экономикалық зиянды шегі - зиянкестің бұталарға 2 балл деп есептегенде 15-20% қоныстануы.
36) болжам жасау үшін келесі шаралар қолданылады:
есепке алынған мәліметтер қыстайтын зиянкестерді анықтауға, болашақта олардың көбеюіне, қандай түрмен, қандай көлеммен күресуіне болжам жасау үшін қажет;
бұл мәліметтер ие-өсімдік пен зиянкестің дамуы фенологиясын бақылау, зиянкестің шығуы мен даму ұзақтығы мерзіміне бақылау жүргізбей олармен тиімді күресу шаралары анықтау қиынға әкеліп соғады;
әр түрлі жылдары, әр түрлі ауа-райының әсерінен көктемде зиянкенстердің оянуы 2-3 апта ерте немесе кеш;
көктемде зиянкестің шығу фазасын дәлірек +/- 2-3 күн шамасында анықтауға болады, ауа температурасының тиімділігін есепке алу, нақты зиянкестің фазасының дамуын болжау үшін алғашқы көктемде жүргізіледі;
бақшада тікелей бақылау әдісі, зиянкестің белгілі бір фазасының өңдеу мерзімінің уақытылы хабарлануы, қазіргі уақытқа дейін маңызды болып келеді;
зиянкестің шығу мерзімін анықтау мақсатында ауа температурасының көп жылдық мәліметтері және ылғалдылықтың орташа көп жылдық мәліметтердің ауытқуларын ағымдағы жылдың мәліметтерін қолданады.
49. Жүзім шыбығы зиянкестерін есепке алуды және анықтауды жүргізу әдісінде (жүзім шоғының жапырақ ширатқыш көбелегі, екі жылдық жапырақ ширатқыш, жүзімнің галла кенесі) төмендегі көрсеткіштер пайдаланылады:
1) бақылау барысында, әр оныншы қатардан жиырмасыншы өсімдіктегі зиянкестер есептеледі. Бұта түптерін қарағанда, зиянкестер зақымдаған бүршіктердің, жапырақтардың, шоқтарының пайызы көз мөлшермен бағаланады да, бір бұта түбінің зақымдалған мүшелерінің орташа пайызы шығарылады.
2) жүзімнің шұбар көбелегінің жұлдызқұрттары мен жүзімнің бізтұмсық қоңыздарының бүршіктерді зақымдауын тексерулерді олардың ашылуы алдында жүргізсе, жапырақтардың зақымдалуын - маусымның ортасында тексереді. Жүзім шоғының жапырақ ширатқыш көбелегімен зақымдалуын екі рет: зақымдалған шанақтар, гүлдер және түйіндер - гүл шоғыры зақымдалған уақытта, жүзім шоғының зақымдалуын - өнім жинар алдында есептейді.
3) шілдеден қазан айына дейін зауза қоңызының дернәсілдерінің зақымдалуынан шіріген және опат болған бұта түптері есепке алынады.
4) экономикалық зиянды шегі - шанақтар айқындала бастаған уақытта 100 өркенге 10 топтан келгенде.
5) қорғаныс іс-шараларын болжамдау көлемінің әдістемесі 4-бөлімде көрсетілген.
Жүзім шыбығын кешенді зиянкестермен қоныстану туралы ақпарат осы Әдістеменің 115-қосымшасына сәйкес енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |