27
Аудармашының неғұрлым тәжірибесі аз, еңбексүйгіштігі мен
қабілеті төмен болса (бірінші кезекте көркем аудармаға қатысты),
онда өзін-өзі ақтамайтын еркіндік пен ойдан шығаруға жол бере
отырып, аудармада барған сайын өзіндік түрлендіруге, бұрмалауға
салынып кетеді. Тәжірибелі аудармашы өзінің шығармашылық
қиялын түпнұсқаның дәлдігі мен дұрыстығына негіздейді.
Егер аудармашы тар шеңбердегі мамандық иесі әрі мамандану
деңгейіндегі даярлығы нашар болса, ол жүйелі түрде арнайы
әдебиетті оқи отырып, сол саладағы жаңалықтарға зер салу
арқылы өзінің зерде-зейінін мамандық жайлы біліммен байыта
отырып, жұмыстағы өзінің әріптестерінің тәжірибесінен үйрене
келе, бұл олқылықтың орнын толтыруы тиіс.
Аудармашы кез келген уақытта түпнұсқаның әр сөзіне сәйкес
балама тауып жеткізу мүмкіндігін іздестіріп, ана тілде баламасы
болмаған жағдайда соған мағынасы жақын сөздерді дәл табуға
дағдылануы тиіс. Аудармашының тапқырлығы мен шешімділігі –
тәжірибелілігі мен шеберлігінің кепілі. Алайда аудармашы дербес
идеядан бас тартады, ол түпнұсқа авторының ой-ниетіне бағынады.
Яғни аудармашы аударма мәтінді барынша жетілдіруге тырыспауы
қажет. Бұл турасында А.Ф.Шираев былай дейді: «Егер аудармашы
дұрыс сөйлеу сөйленімдерінің шеңберінен өрескел шығып
кетіп, әңгімелесушілердің бірінің сөйлеуден тыс мақсаттарын
жүзеге асыру қызметін өзіне ала бастаса, мысалы, сөйленімге
кеңінен түсініктеме беретін болса немесе мәселеге өзінің жеке
түсінігін беретін болса, оның қызметі аударма қызметі болудан
қалады. Мұндай жағдайларда әлеуметтік орта аудармашыны
оның әлеуметтік шеңберіне қайта оралуға «мәжбүрлейді» [7,
153-б.]. Демек әдеби шығарма – басқа мәтіндермен бірге жалпы
құрылымға енетін тұтас құрылым. Аудармашының мақсаты – осы
тұтастықты беру және осы мақсатқа жету үшін мүмкін болған кез
келген өзгертулерге барады.
Аударма – осы іспен шұғылданушының кешенді филологиялық
дайындығын талап ететін, яғни аудармашы халықтың, әсіресе
аударылатын тілдің иесі – қазақ халқының тарихы мен әдебиетінен,
мәдениетінен, ұлттық этникасынан жан-жақты хабары бар,
бірнеше тілді жетік, жақсы білетін маман болғанда ғана жоғары
деңгейде көрінетін күрделі құбылыс.
28
Аудармашы тәржіма жасауға қажетті техникалық әдебиеттер
турасындағы өзінің жалпы білім-тәжірибесін жинақтайды. Жалпы
бағдарлы ақпаратты меңгеру және оны әрдайым назарда ұстап
отыру арқылы тәржіма нұсқаның толымды сапада жасалуына
ықпалын тигізеді. Аударма нұсқаның дәл түпнұсқа сияқты
эстетикалық қызмет атқаруы, дәл сондай эффект туғызуы үшін
тәржімашы лингвоэтникалық құзыретке (төл тілдің лексикалық-
құрылымдық жүйесін) ие адам болуға тиіс. Лингвоэтникалық
құзырет қазақ тілін жетік меңгеруді талап етеді, яғни аудармашы
қазақ ұлтының сөз, сөйленіс моделдерін кешенді түрде жинақтауы,
тұтас тілдік материалдарды ұғынуы, ойлау-психологиялық
қызметі және негізгі ана тілі мәдени-этникалық сипатына орай
қалыптасқан адам болуға тиіс.
1.1.6 Аударматану ғылымының басты ұғым-түсініктері
туралы
Қазақ тілтанымында аударманы лингвистика ғылымының
аспектісінде зерделеу ісі қазақ тілін теориялық тұрғыдан танып-
білудің негізін салған белгілі ғалым Құдайберген Жұбановтың
еңбектерінен басталады. Ол өзге тілден қазақ тілін тәржімалау
ісіндегі синтаксистік құрылымдардың қандай ерекшеліктері
болатындығын, стильдік айырмашылықтарды талдады [8, 531-
б.]. Өткен ғасырдың орта тұсында атақты тұлға Мұхтар Әуезовтің
пікірлері осы саладағы басты мәселелерді айқындап берді.
Жазушы тәржіма ісі саласындағы нақты міндеттерді шешу үшін
аудармадағы ұлттық дәстүр, ұлттық форма қалай берілуі керек,
синонимдер, идиома, мақал-мәтел, афоризмдер қалай аударылған,
аудармашы өз тарапынан қандай-қандай жаңа сөз туындыларын
қосты, жаңадан қандай сөз байланыстарын жасады, төл сөздердің
мағыналарын қаншалықты тереңдетіп, жаңартты, – міне, осы
аталғандарды зерттеу қажет деп санап, аудармаға тілтанымдық
тұрғыдан келудің маңыздылығына баса назар аудартты [9, 7 б.].
Содан бергі кезеңдерде, әсіресе соңғы ширек ғасыр көлемінде
аударманың нысаны да, ауқымы да ұлғайды. Алдыңғы тұстарда
орыс тілінен қазақ тіліне көркем әдебиетті тәржімалау ісі белсенді
жүргізілсе, кейінгі жылдары мәдениетаралық коммуникация
29
өрісінің кеңеюіне байланысты дүниежүзілік ақпараттар алмасуды
барынша сапалы деңгейге көтеру мүддесінде еуропалық
тілдерден, шығыс тілдерінен қазақ тіліне тікелей тәржімалау
процесі қанат жая бастады. Ақпараттық-анықтамалық база құру
үшін публицистикалық, қоғамдық-саяси мазмұндағы материалдар,
нормативтік құжаттар аударма арқылы жасалуда. Қазақстан
Республикасының алыс және жақын шетелдермен қазіргі
әлеуметтік-мәдени байланыстарының жаңаша, қарқынды арнада
дамып отырғандығына қарай маман-аудармашылар даярлау ісіне
де баса көңіл бөлінуде. Ал болашақ мамандар, сондай-ақ тәржіма
ісінде өз шығармашылығын байқап көріп, дамытып жүргендер үшін
М.Әуезов айтқандай, «аударманың бірбеткей көлеңке жақтарын…
байқастыру» жеткіліксіз; аудармашының кәсіби біліктілігінің
жоғары деңгейде қалыптасуында түпнұсқа тіл мен аударылатын
тілдің типологиялық-құрылымдық ерекшеліктерін, мазмұны мен
құрылымы дайын түпнұсқа мәтінді тәржімалау процесінде қазақ
тілінің лексикалық-грамматикалық әлеуетінің қандайлық дәрежеде
қозғалысқа түсетіндігін жетік меңгеру қажеттігі туады. Сонымен
қатар аудармашы аударудың негізгі ұғымдары мен түсініктерін,
аударудың жолдары мен тәсілдерін білуде де біліктілік танытуы
жөн.
Әлемдік лингвистикадағы лингвистикалық аударматану ғылы-
мының басты мәселелерінің бірі – осы салаға қатысты терминдер
мен терминдік сөз тіркестері. Орыс тіл білімінде аудармаға
қатысты екі мыңнан астам аталымдар бар екендігі көрсетіледі
[10], ал қазақ тіл білімінде олардың көпшілігі құрылымдық
тұрғысы жағынан орыс тілінен сөзбе-сөз аудару арқылы орныққан.
Дегенмен, шынтуайтқа келгенде, білім беру ісінде, кейбір
мәселелерді принципті түрде талқылауда аударма ісінің кейбір
терминдері ұғымдық мәні, мазмұндық межесі жағынан нақты
емес. Біздің мақсатымыз – аударматану ғылымының бірқатар өзек
аталымдарына – терминдеріне орыс тілінен қазақ тіліне аударылған
мәтіндердің заңдылықтарына сүйене отырып, мүмкіндігінше
анығырақ түсініктеме жасау.
Жазбаша аударма – кәсіби (және әуесқойлық) аударманың
кең тараған түрі; қағазға түсірілген жазбаша мәтінді екінші тілге
жазбаша түрде аудару және бұдан алынған нәтиже. Түпнұсқа
Достарыңызбен бөлісу: |