Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет35/96
Дата25.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#17606
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   96

105
дәрежедегі барабарлығын айта келе, оның аударуға тиісті мәтіннің 
маңызды  сипаттамаларының  назардан  тыс  қалып  қоятындығын 
айтады: мәтін авторының коммуникативтік және праграматикалық 
ұстанымы, талдаудың актуалдығы және т.б. 
Машиналық  аударма  жүйесіндегі  аралық-тілдің  жүзеге  аспай 
қалуын  лингвистикалық  зерттеулердің  практикалық  тұрғыдағы 
көзқараспен  түсіндіретін  болсақ,  ол  өзгеріс  енгізу  кезеңдерінің 
әдеттен  тыс  күрделілігінен,  ал  техникалық  жағынан  алғанда 
ЭЕМ-ның  алғашқы  буындарының  жад  көлемі  мен  әрекет 
жылдамдықтары  көрсеткіштерінің  төменгі  дәрежелігі  деуге 
болады.  Мұндай  кедергілер  бинарлы  аударманың  экспериментті 
жүйесін құру жағдайында да теріс әсерін тигізді. 
Қазіргі  кезде  аталған  кедергілер  әртүрлі  аралық-тілді 
іске  қосу  кезінде  өз  шешімін  табуда.  Аралық-тіл  мәселесіне 
қызығушылықтың екінші айналымы – жасанды интеллект жүйесін 
құрастыруға  байланысты.  Себебі,  тек  осы  идея  бойынша  ғана 
қазіргі кездегі кибернетика саласында зерттеліп жатқан мәтіннің 
мазмұнын  түсінетін  интеллектуалды  жүйелерге  жол  ашылды 
деуге болады. Бірақ бүгінгі таңның өзінде-ақ аралық-тіл арқылы 
машиналық  аударма  жұмысын  жүзеге  асыру  кез  келген  аударма 
жүйесін құрастырушының арманы, жоғарғы мұраты деуге болады. 
Солай  бола  тұра,  аралық-тіл  мәселесін  зерттеу  семантикалық 
теорияның,  табиғи  тілдің  фразалары  мен  мәтіндерінің 
семантикалық көрінісін анықтау жағдаяттарының даму процесіне 
зор ықпалын тигізді. 
Машиналық аударманың дамуына аралық-тіл концепциясының 
ешбір  күмәнсіз  үлесі  –  аударылған  және  аударылатын  тілдердің 
қасиеттеріне  ғана  негізделетін  анализ  бен  синтездің  бір-біріне 
тәуелсіз  екендігін  мойындау;  аударылатын  сөйлемнің  мән-
мағынасының  үйлесімділігі  мен  әмбебаптық  берілісін  зерттеу 
қажеттігін мойындау болып табылады. 
Машиналық  аударма  жүйелерін  құрастыру  аясындағы 
жүргізіліп  жатқан  жұмыстардың  белсенділігіне  қарамай,  бірінші 
кезеңде  зерттеушілердің  ойлағанындай  практикалық  нәтиже 
алынбады.  Аударманың  тұтынушы  сұранысын  қанағаттандыра 
алатын өндірістік жүйесін құру жұмысының нәтижесіз болуының 
үлкен  зардабы  байқалды.  Мысалы,  зерттеушілердің  бір  бөлігі 


106
машиналық аударма мәселесін шешуден бас тартты. Осы бағытта 
жұмыс  істейтін  бірнеше  топтың  зерттеу  әрекеттерінің  тоқырап 
қалуына себепші болған АҚШ-тың Ұлттық Ғылым академиясының 
арнайы комиссиясының әуе соғыс күштерінің машиналық аударма 
жайлы  жасаған  талдау  қорытындысын  бұрмалап  түсінудің 
(экстраполяция) де өз рөлі болды. Осының зардабынан көптеген 
ғылыми  ұжымдар  ұйымдастыру  мен  қаржылық  қиындықтарға 
әкелді [19, 14-б.].
Мұндай жағдайға душар болу кейбір ғалымдардың скепсистік 
көзқарасы  да,  машиналық  аударма  идеясының  жүзеге  асу 
мүмкіндігіне сенімсіздік білдіруі де, әсіресе, ғылыми-техникалық 
мәтіндерді аудару мүмкіндігіне күмән туғызуы да себепші болды. 
Ал көркем әдебиет мәтіндері, оның ішінде, әсіресе поэзия мәтініне 
байланысты машиналық аударма жасауға ең басынан-ақ ғалымдар 
қарсылық пікір білдірген болатын. Оған шығарманың көркемдік, 
бейнелік жағын ұстаным етудегі кейбір тілдік заңдылыққа қайшы 
келу жақтары негізгі себеп болды. 
Осындай  жағдайға  байланысты  И.Бар-Хиллелдің  көзқара-
сына  тоқтала  кетуге  болады.  Ғалым  жоғары  сапалы  толық 
автоматтандырылған машиналық аударма мүмкін емес және оны 
утопия  деп  санаған.  И.Бар-Хиллелдің  пікірінше,  машиналық 
аударма  кезіндегі  негізгі  кедергі  сөздердің  көпмағыналығы  және 
тіл  табиғатында  ондай  екімәнділікті  ажырата  алатын  формалды 
көрсеткіштердің болмауы. Бұл қиындықтардың шешімі тек әлем 
туралы білімде жатыр деп тұжырым жасайды [39].
Жоғарыда  айтылған  сенімсіздік  пікірлер  әлем  бойынша 
машиналық  аударма  мәселесімен  айналысатын  топтар  санын 
азайтуға әкеліп соқтырды, екінші кезеңнің аяғында 100 топтан 38 
топқа дейін азайғанын айтуға болады [19, 16-18-бб.].
Бірақ  машиналық  аударманың  болашағына  сенімді,  дәйекті 
көзқарастағы  ғалымдар  қажымай,  шаршамай-шалдықпай 
жоспарлаған  ғылыми  ізденістерін  жалғастыра  бергені  сала 
мамандарына  мәлім.  Енді  машиналық  аударманың  екінші  кезеңі 
басталды. Машиналық аударма мамандары зерттеудің теориялық 
жағын тереңдете түсіп, формалданған лингвистикалық модельдер 
жасауға, жүйелі және функционалды грамматика жазу мәселесіне 
кірісті.  Бұл  кезеңде  семантиканы  модельдеу  жұмысына  арнайы 


107
назар  аударылды.  Бірінші  кезеңнің  нәтижелері  сараланып, 
болашақтағы прагматикаға бағышталған жүйе құрудың мүмкіндігі 
анықталды. 
Бірінші  кезеңде  зерттеле  бастаған  формалды  грамматиканың 
модельдері:  теоретика-көптік  модельдер,  бағыныңқылықты 
грамматикалардың  модельдері,  тікелей  құрастырушылар,  туын-
дату грамматикасы мен семантикалық модельдер және т.б. Екінші 
кезеңде  машиналық  аударма  мәселесінің  зерттелуі  өз  жалғасын 
тауып,  оның  интерпретациясына,  яғни  түсініктеме  берілу 
жағына көбірек көңіл бөлінді, машиналық аударма мәселесі жеке 
тілдердің грамматикалық құрылымының азды-көпті толық түрдегі 
сипаттамаларында  да  қолданыс  тапты.  Сонымен  бірге,  олар 
автоматты талдаулардың іргелі алгоритмдері бойынша да сыннан 
өтті деуге болады. 
Екінші  кезеңге  қатысты  мынадай  жайттарды  атап  кетейік: 
семантикалық  талдау  принциптерінің  бұрынғыдан  да  қарқынды 
түрде  зерттелуі  және  жоғары  сапалы  аударма  жасауға  қатысты 
талдаулар  жасау  жүйелерінде  семантиканың  қатысынсыз 
мәселенің шешілмейтіндігін толық мойындау. 
Соңғы  айтылған  жайтқа  байланысты,  яғни  семантикаға 
байланысты: біріншіден, кейбір машиналық аударма жүйелерінде 
талдаудың  айрықша  семантикалық  деңгейін  (деңгейлерін)  енгізу 
арқылы  (мысалы,  ФРАП),  ал  екіншілерінде  –  алдын  ала  белгілі 
синтаксистік  қатынастар  типтерінің  кең  түрдегі  синтаксистік 
сипаттағы тізбесі арқылы мәселені шешу (мысалы, «мән-мағына – 
мәтін» моделінде), үшіншісінде – аралық-тіл типіндегі мән-мағына 
инвариантын ұсыну арқылы және осыған әкелетін семантикалық 
ережелерді қолдану арқылы және т.б. Машиналық аударма жүйесін 
құруға  байланысты  жұмыстардың  екінші  кезеңде  жалғасуымен 
бірге, ол кезең аударманы автоматтандыруды тәжірибелік сыннан 
өткізу және оны өндіріске енгізу әрекеттерімен қоса сипатталады. 
Сөздік  пен  базалық  алгоритмдердің  көлемдерін  ұлғайту 
арқылы  Джорджтаундық  жүйе  (GAT)  және  олардың  жекелік 
түрлері  даму  үстінде  болды  (мысалы,  SYSTRAN  жүйесі).  1976 
жылы  бұл  жүйенің  ағылшынша-французша  нұсқасы  Еуропалық 
Экономикалық бірлестік қоғамына тапсырылды. Аталған жүйеде 
негізі  синтаксистік  байланысты  тағайындайтын  талдау  тәсілі 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   96




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау