4
9 сәуір 2015
Биыл Ұлы Отан соғысының
аяқталғанына 70 жыл толды. Қаты-
гез жаумен шайқасып,оларды
күйрете жеңіп,Жеңіс күніне жеткізген
жауынгерлердің ішінде ауданның
«Жайылма»колхозының көптеген
азаматтары болды. Жауынгерлердің
бірқатары соғыстан оралмады, ора-
лғандары кәзір біздің арамызда жо-
қ,оларды көрген,білген соғыс кезін-
дегі балалардыңда қатары сиреп
,қазіргі «Жайылма»колхозының
ізінен Әлиев Сақтап,Қонақбаев
Шәкібай,Қолдасбаев Алтынбай және
мен қалдым.Соғысқа кетіп қайтпай
қалған,елге аман-есен оралып
еңбекке араласқан ағаларымыз,
олардың отбасы,ұрпақтары туралы
жас ұрпаққа естелік болсын деп
өзімнің көрген-білгенімді,естігенімді
баяндап отырмын.
Мен Байғанин ауданы «Жайыл-
ма» колхозында колхазшының от-
басында дүниеге келіппін.1950
жылы «Көкбұлақ»Қарабатыр және
Жайлма колхоздары үкімет қаулы-
сымен біріктіріліп «Көкбұлақ» колхо-
зы болып аталған.Соғыс басталған-
да 4,5 жаста екенмін,сондықтан со-
ғыстың не екенін,оның басталуын,
шақырылып, майданға аттанғандар
туралы бейхабар болдым,кейін ес
біле бастағанда Сағынбай ағаның
соғысқа аттанған сәті, Қыстаубай,
Қызыл ағалардың соғыстан аман-
есен елге оралып, қауышу сәті
есімде сақталып қалыпты.
Менің әкемнің әкесі Мысатаймен
бірге туған Исатай атамыздың не-
мерелері ағайынды Жұмаш,Әбіл
Әлиевтер,Түлкібай Мұқановтар ал-
ғашқы елегімен соғысқа аттанған.
Түлкібай ағамыз соғыстан оралма-
ды,хабар-ошарсыз кетті,артында
ұрпағы қалған жоқ,әлі үйленбеген
жігіт екен.
Жұмаш ағада оралмады,артында
қалған Кәрімжан деген баласы 6-7
жас шамасында ауырып қайтыс
болып кетті.
Әбіл аға қолынан жарақат алып
елгеоралды. «Жайылма»,кейін
«Көкбұлақ» колхозында еңбек етті
1935 жылы туылған баласы Тұрар
ер жетіп, еңбекке араласқасын Қара-
уылкелдіге көшіп келіп(РТС) техни-
ка жөндеу станциясын) да күзетші
болды.Алпысыншы жылдардың ба-
сында қайтыс болды.Ұрпақтары
Шұбарқұдық поселкасында тұрады.
Жайылма колхозында есепші бо-
лып қызмет атқарған Қалиев Сақ-
таған аға соғыстан аман-есен елге
оралды.Сол есепші қызметін жалғ-
астырып,1963 жылы науқастан қай-
тыс болды,бала-шағасы Ашада
тұрады.
Ағайынды Сағынбай,Әбдіреш
Жақыповтарда соғысқа аттанып
кетті, екеуіде оралмады,хабар-ошар-
сыз кетті,арттарында ұрпақ қалған
жоқ.Сағынбай аға армияға кетерде
мен 6 жаста едім,оның үйі біздің қыс-
таудың бір бөлмесінде тұратын, кол-
хоздың ала айғырына мінген,айна-
ласында жылап-сықтаған әйел-
дердің қоршауында біздің үйдің те-
резе бетінен кетіп бара жатқаны
есімде сақталып қалыпты.
Жаумен соғысып,елге аман-есен
оралған Тұржан- аға,Қыстаубай-
аға,ұзақ жылдар колхозда еңбек ет-
ті.Тұржан ағаның қызы Қаным
«Қосарал» фермасында тұрады,ба-
лалы-шағалы,ұлы Алға ауданында.
Қыстаубай ағаның соғыстан елге
оралуы ауыл үшін үлкен қуаныш,
мереке болды.Шөп дайындау кезі
болатын,соған байланысты колхоз-
дың барлық үйі Жайылманың
«Құмсайына тігіліп,колхозшылар
шөп шауып,шөмелелеп жатқан.Қы-
стаубай аға соғыстан келе жатыр
деген хабар тиген бойда ауылда
үлкен жүгіріс басталды.Үйлерде
ешкім қалған жоқ,бала-шаға,әйел-
дер барлығы ағаны ауылдан екі ша-
қырымдай жерден қарсы алдық.Қа-
рауылкелді почта бөлімшесінде ба-
сқаратын менің немере ағам Шопа-
нов Өтеғали Қыстаубай ағаны күтіп
алып,екеуі екі атпен келе жатыр еке-
н.Ағамен кездескенде әйелдер
құшақтап дауыс салып көрісіп жы-
лап жатыр,ал балалар қызықтап
мәре-сәре болдық.Жауынгердің ке-
луіне орай той болып,үйінен екі ,үш
күнге дейін адам қарасы үзілген жо-
қ.Қыстаубай ағаның Айша,Жібек,
Мақпал деген қыздары ауданның әр-
жерінде балалы-шағалы тұрып жа-
тыр.
Жаумен соғысуға аттанған ағай-
ынды жігіттердің бірі Ташпағанбетов
Үмбет және Мәмбеттер екеуіде елге
оралмай,хабар-ошарсызкетті.Мәм-
бет ағаның Сән деген әйелі қырқын-
шы жылдары қайтыс болды,балала-
ры болған жоқ.Үмбеттің Мұханбет,-
Николай деген екі баласы ер жетті,-
аман -сау оралған Абылай –аға
өзінің байырғы кәсібін жалғастырып
колхозда ұзақ жылда ұста болды.-
Лабақ ағада елге аман-есен орал-
ды,түрлі жұмыста болды,Нәбира
жеңгеміз екеуінде ұрпақ болмады.-
Керей ағадан 1944 жылдың аяғында
берлин бағытындағышайқастарға
қатысудамыз деген хат келген,содан
кейін ешқандай хабар болмаған.Ер
азаматтар соғысқа кетіп,ерлер атқ-
аратын жұмыстың барлығы әйел-
дердің мойнына артылып қалған
уақыт қой,Керей ағаның жары Нағи-
ма жеңгеміз Жарқамыстан ауылға
қайтып келе жатқанда дүлей боран-
да адасып,денесін үсік шалып,соның
салдарынан қайтыс болды.Қызы
Күләшті Абылай аға мен Зәбира
жеңгей бағып қағып,оқып мамандық
алуына жәрдемдесті.
Ұзақ жылдар сауда саласында
қызмет атқарған Күләш қазір зейнет-
кер, балдарымен немерелерінің ор-
тасында.
Менің жақын туыс ағаларым
Соғыстың
зардаптары
Мұханбет механизатор болды,он
бала туып тәрбиелегені үшін әйелі
Сәния «Батыр ана» атанып алтын
алқа тақты.Николай ауыл шаруашы-
лығының маманы болды,ферма ба-
сқарды.Бұлардың екеуіде,әйелдер-
іде соңғы жылдары қайтыс болды.-
Николайда балалы-шағалы үлкен
отбасы болды.
Сұрапыл соғысқа бір үйден ағай-
ынды төрт жігіт-Жиенбай, Қауынбай-
,Серікбай және Нурлла Жаңатаев-
тар алынды.Жиенбай мен Қауынбай
қабарсыз кеткен,қарақағаз,не басқ-
алай хабар болмаған.Қауынбай
ағадан ұрпақ жоқ.Жиенбайдың Қаз-
бағанбет деген баласы ер жетіп,ау-
дангның кен-шарларында шопан бо-
лып жұмыс атқарды. Тоқсаныншы
жылдардың аяғында ауырып,қайтыс
болды.Жиенбайдың жары Шоң жең-
геміз бала-шаға,немерелерінің қызы-
ғын көріп өмірден озды.
Серікбай,Нурылла соғыстан
аман-есен елге оралды. Серікбай
Шұбарқұдық станциясында ұзақ
жылдар еңбек етті,жалғыз ұлы қай-
тыс болды,немерелері бар. Қызы
Әния Қарауылкелдіде тұрады, бала-
шағасы бар.Серікбай аға әйелде
өмірден озды.
Нурлла ағай ұзақ жылдар
«Көкбұлақ»колхозында есепші,
«Крупская атындағы кеншарда бас
экономист болып қызмет атқарды-
,абыройлы,елге сыйлы азамат бол-
ды.Өзі де,жеңгеміз Сақыпта қайтыс
болды.Ұл-қыздары Ақтөбе,Ақтау
қалаларында тұрады.
Соғысқа аттанған ағайындылар-
дың қатарында Абылай, Лабақ, Ке-
рей Әбдішевтерде болды. Соғыстан
Төлеміс, Қызыл Отарбаевтарға со-
ғысқа қатысып,отан алдындағы па-
рызын орындады.Төлеміс аға хабар-
сыз кетті.Қызыл аға 1939 жылдың
күзінде Армия қатарына шақырылы-
п,финдермен болған ұрысқа қаты-
сып,одан кейін Ұлы Отан соғысына
қатысып, елге 1946 жылдың наурыз
айында амансау оралды.
Қар еріп жатқан кез еді,Қарауыл-
келдіден жаяулатып жайылмада
отырған біздің үйге келді,екі-үш
күндей тыныққаннан кейін Құмсай
пунктіндегі Ақажан жеңгесінің
(Төлеміс ағаның әйелі)үйіне менің
әкем атпен апарып жеңгесіне
көрістірді.Ағаның баласы Қайнар
Кенкияқта тұрады.Қыздарын қияға
,ұлдарын ұяға қондырған үлкен от-
басының иесі.Қызыл аға, Ақажан
жеңгей,Нәзи жеңгейлер қайтыс бол-
ған.
Соғысқа кеткен ағайынды Көлбай
Жарылғасындарда ешқандай хабар-
ошарсыз кетті. Көлбайдың әйелі
Дәмелі жеңгей ертеректе қайтыс
болды.Манас,Мәрияш деген балда-
ры қалып еді.Мәрияш қайтыс бол-
ды бала-шағасы Алға ауданында
,Манас отбасылы Алға қаласында
тұрады,зейнеткер.
Ағайынды Сатаев Бөкенбай,Тө-
леміс ел қорғауға көптің бірі болып
аттанды.Төлеміс оралмады,хабар-
сыз кетті,баласы Қыдырай тоқса-
ныншы жылдардың аясында
өмірден озды.Балдары бар. Төлеміс
ағаның жары Балжан жеңгей қайтыс
болды.Бөкенбай соғыстан оралды.
«Жайылма» колхазының мүшелері
Қостыбай, Қалжа Қаналиндерге де
соғысқа аттанудың кезегі келді.
Қостыбай ағай соғыстан аман-
есен елге оралды.Қарауылкелді кен-
Дін мәселесі басты назарда
шарында жұмыс жасады, Дәрмен
деген баласы қайтыс болды, неме-
релері Ақтау қаласында тұрып жа-
тыр.Мақтан женгей қайтыс болған.
Қалша ағай елге оралмай,хабарсыз
кетті.Артында қалған баласы
Ақтау қаласына көшіп кеткен еді, сол
жақта қайтыс болған,балалары бар
Ақтау қаласында тұрады.
Қолхозда колхозшы болған
Жәуміт деген атамыздың Әбдірах-
ман деген жалғыз ұлы соғыстан
оралмай, хабарсыз кетті. Жас үйлен-
беген еді. Әке-шешесі жалғыз ұлын
күтумен өмірден өтті.
Әмірхан ағада жаумен соғысуға
аттанған азаматтардың бірі,олда
оралмады,хабарсыз кетті. Жеңгеміз
Талшын қайтыс болды,жалғыз қызы
Нәзира бой жетіп,тұрмыс құрып,Ба-
тыр ана атанып Алтын алқа тақты-
.Екімыңшы жылдың басында қайтыс
болды.Ері Тоқышев Сембай ақса-
қал Нәзирадан көрген ұл-қыздары-
ның арасында өмір кешуде.
Іскендір ұлы Әбдірахман ағамыз-
да соғыстан оралмады. Жеңгеміз
Сәбихан өткен ғасырдың алпысын-
шы жылдарының ортасында қайтыс
болды.Қыздары Қанияш,Мәрияш
ұл-қыз өсірген Ұлағатты семьяның
анасы.Мәрияш апа ұзақ жылдары
ұстаздық етіп зейнеткерлікке шық-
ты,Қарауылкелдіде тұрады. Қанияш
Мартук ауданында,баласының
қолында,жолдасы Абдуллин Бөлек-
бай 2013 жылы өмірден озды.
Ел қорғауға көптін бірі болып кет-
іп,соғыстан оралмағандардың
ішінде Қарато қин Өрбіс деген
ағамыздан қара қағаз келген.Әйелі
Сәнсұлу колхозда сиыр ферманың
меңгерушісі болды.Назым,Зәмзәгул
деген екі қызы бой жетіп,тұрмыс
құрды.Назым Атырау облсының
Мұқыр станциясында тұрады.
Зәмзәгул Ноғайты ауылында,
екеуіде бала-шағалы.
Сақтағанов Шоманда әскерге
алынған .Хабар-ошарсыз кетті. Кейін
сексенінші жылдары Италияға бар-
ған туристердің айтуынша олар Шо-
ман ағаймен кездескен. Пленге
түсіп, елге қайтпай қалған. Армияға
алынарда әйелім екіқабат еді, сол
балам бар болуы керек – депті.
Мұндағы баласы Жақсылық, ағай-
ындары бұл хабарды естігенде, ба-
сқалай іздестіру шараларын ұйым-
дастырмаған соғысқа кетерде іште
қалған баласы Жақсылық ержетіп,
үйленді. Тоқсаныншы жылдары қай-
тыс болды. Шоман ағайдың жары
Үмітай жеңгей елуінші жылдары қай-
тыс болды. Немерелері бар.
Кішкентай бір колхоздан 30 ер-
жігітел қорғауға аттанды, соғыс
даласында зұлым жаумен шайқ-
аста олардың 19 елге оралмай
опат болды.Қанша семьяның оты
сөнді,қанша әйел жесір, балалар
әкесіз қалды.
Болат АСАНОВ,
зейнеткер.
Байғанин техникалық кол-
леджінің әлеуметтік педагогы
Гүлдәурен Дүзбаеваның ұйым-
дастыруымен «Дін бүгінгі күннің
басты мәселесі» атты дөңгелек
үстел өткізілді. Мақсат жастар-
дың бойына Ислам дінінің қағида-
лары, оны оқып – үйрену, соны-
мен қатар, негізгі парыздары мен
шектемелері жайында теориялық
білім беру. Және де жастарды
имандылыққа баулуға, ата – ана-
сына құрмет көрсетуге, кішіге ізет
білдіруге, әр істе сабырлы болуға,
әділетті жақтауға, рухани тазалық-
тарын сақтауға тәрбиелеу. Дөңге-
лек үстелге аудан әкімі аппараты-
ның ұйымдастыру және құқықтық
жұмыстар бөлімінің бас маманы
Н. Имашева, ішкі саясат
бөлімінің
бас
маманы
Т. Тәжімұратова, аудандық ор-
талық мешіттің бас имамы
Н. Серікбаев және облыстық үгіт
– насихат тобының мүшесі, тео-
лог А. Қ. Сабдин, жастар ресур-
стық орталығының басшысы. С.
Сағынғалиева және Байғанин
техникалық колледжінің директо-
ры Б. Сисен қатысты.
Дөңгелек үстел барысында
«Дін – ұлттың діңгегі» атты бей-
неролик көрсетіліп, одан алған
әсерлерінен ой түйген студенттер
шақырылған қонақтарға көкейле-
рінде жүрген сұрақтарын қойды.
Қойылған сұрақтарға облыстық
үгіт – насихат тобының мүшесі,
теолог А. Қ. Сабдин тұщымды
жауап берді. Сондай – ақ, дөңге-
лек үстелге шақырылған қонақ-
тар сөз сөйлеп, ұйымдастыру-
шы тарапқа алғыстарын білдірді.
М. БИЖАНОВА.
5
9 сәуір 2015
ҚҰСАЙЫН,
Биыл жазда 10-шыны тәмам-
даған ұлым ,Шыңғысты ертіп
е л г е б а р д ы м . А л м а т ы д а н
Ақтауға кеп қонған самолеттен
түсе сала, ешқайда бұрылмас-
тан Оғыландыға, Бекет ата ме-
шітіне тартып отырдық. Онда
б і р т ү не п , з и я р а т е т к ен со ң ,
Ақтауға қайтып келіп,бірер күн
қыдырып,содан Атырауға,Ора-
л ғ а , с о ң ы н д а А қ т ө б е г е т у ғ а н
жерге табан тіредік.Өзім Байғ-
анин жерінде дүниеге келіп,сон-
да ер жетсем де,ата-бабам Ал-
пыс үйлі Айтбайдың алтынбесігі
Ойылдың құмына ұлымды бір
а у н а т ы п , А т а с у ы О й ы л ғ а б і р
«малып»алдым.
Аталарына құран бағыштат-
тым.
О н д а ғ ы м , е р ж е т і п қ а л ғ а н
ұлымның,қайда жүрсе де Ата-
жұртын,өз жұртын ұмытпасын-
ды санасына сіңіре беру. Ал,-
м ы н а у м ен і ң т у ғ а н а у ы л ы м ,
Жарлы.
Соңғы аялдама...
Аты Жарлы болса да қойнауы
құтты,ырысты мекен!
Ә, деп әдебиет әлеміне алғ-
аш араласқанда-ақ,өзіме твор-
ч е с т в о л ы қ
( п с е в д о н и м )
б ү р к енш е к а т қ ы л ы п а л ғ а н
Ж А Р Л Ы Б А Й Ғ А Н И Н і м ос ы
ауыл.
Ө з і Ж а р л ы , ө з і б а й , н а ғ ы з
Қазақ!
Ауылды аралап келеміз.
Өзім о қыған мектептің аула-
сына кіре бергенімізде қарсы
жолыққан кішкене бір келіншек
имене сәлемдесті.Танымадым-
.Былай шыға бере,қасымдағы
жолдасым Сәкен; Сен ұмытып-
та қалған шығарсың,бұл баяғы
Құсайын атайдың үлкен ұлы
Б ей с ен а ғ а м ы з д ы ң ү й і н д е г і
жеңгей ғо, деді.
Құсайын!?
Содан мені бір ой қамасын...
Өзіммен-өзім іштей арпалы-
сып келем.
Сол сәт бәрі-бәрі,қаз-қал-
пында көз алдыма келе қалған-
д а й б о л д ы д а , Ө т е ж а н н а ғ а -
шымның;
Сәл жел со қса сықырлайтын
сүйегі,
Бұл бір отау әрең тұрған үй
еді.
Шақшақайдай шақылдаған
Шәкең қарт,
Ш і н ж ә у ғ а н а , д о м б ы р а н ы ң
тиегі-деген өлең жолдарын есі-
ме алдым.
Қалмаса да балдарына мол
мұра,
Ол барында олар кедей бол-
ды ма – деп жалғасатын өлең-
дегідей қарапайымдау ғана күн
кешсе де,балаларына жо қты
білдірмей ержеткізген,сонда да
ешкімнің ала жібін аттамаған
Құсайын көкеміз ауылдың по-
ш т а с ы н т а р а т а т ы н. Т и е к т ей
кішкене кісі болса да керемет
қарулы десетін.Йә,йә дәл осы
жерде,мектептің ауласына ке-
ліп,өзінен үлкен почтальон сум-
касын жерге қойып алып хат
а қ т а р ы п
о т ы р а т ы н
б а л а
көңіл,қайран Құсекем.
Үлкен үзілісте үймелеп сол
кісінің үстінде тұрамыз.Құдды
бір бәрімізге хат келетіндей.Ал-
да-жалда болып қалып жатса,-
әрине,бір марқайып қаласын.
Қазір қарап отырсам оның да
өз амалы бар екен ғой.Барлық
бала осы жерде,ауылды арлап
не қылады атамыз.Тіпті болма-
ған күннің өзінде,сөмкесін біраз
жеңілдетіп алмай ма?
Балалар баса-көктеп,кейде
орынсыз ойынға айналдырып
жатады.Сәл ашуланғаны бол-
маса,балағаттамақ тұрмақ,еш-
кімге жекіп ұрыспайтын.Ренжі-
се орынынан тұрып кетеді де,
анадай жерге барып қайта оты-
рады. Біз қайтадан қоршап ала-
мыз.Осы көрініс көз алдыма
әбден сақталып,жадыма жатта-
лып та қалыпты-ау.
К е й і н к ө к е м і з д і ң о р ы н ы н
әлгіндегі жеңгеміздің қожайыны
Бейсен ағамыз басты. Не де-
ген ұқсастық.Бәрі бір сол сурет!
Құсайын көкем менің әжемнің
жақсы көретін азғантай азамат-
тарының бірі еді. Қатты сый-
лайтын.
« М ә ң г і л і к н а у қ а н » . Қ а з а қ
біткен «меже елу миллион» деп
мал соңында қосыла маңырап
ж ү р г ен к е з . Ә к е м і з қ а ш а н д а
жұмыста.Өкіметтің жұмысынан
өмірі қол босамайды.Қадірлі
қариясы бар қазақтын қай ша-
ңырағынан қашан қонақ арыл-
ғ а н. С ә ле м б е р і п к е л у ш і ле р
көп.Сондай кездері,бір жандық-
ты шалып бере қояр ешкім жо қ.
Әжем әйтеуірі Құсайын көкемді
тауып ала қояды.Ол да әжемнің
айтқанын екі етпейді.Сөмкесін
сылқ еткізіп бір бұрышқа тас-
тай салады да,білекті сыбанып
кірісіп кетеді.Өзі шынында да
нағыз қасапшы болатын.Тіпті,
жылда күздік сойғанда да, со-
ғ ы м ж ы қ қ а н д а д а Қ ұ с е к е м
ж ү р е т і н. Ә ж е м
ү не м і
со л
«кішкентай кісіні»маған неге
ү л г і т ұ т қ а н ы н ен д і т ү с і н г ен -
д ей м і н ? ! - Б а й л ы қ д ү н и ен і ң
к ө п т і г і н д е
е м е с
б а л а м , -
нәпсініңто қтығында,-деп оты-
рушы еді,жарықтық! Ол кезде
ауыл үлке-е-е-н көрінетін.Көрі-
нетін ғана емес,солай болаты-
н.Арғы бет,бергі бет болып екі-
ге бөлінетін ауылдың арасын
т е м і р ж о л ғ а н а б ө л і п ж а т а -
тын.Біздің үйдін артында темір
жолға дейін созылып жатқан,
тікен сыммен қоршалған, «Ата-
мұраттың бағы» аталынып кет-
кен бақ та бар еді... Қазір қор-
шаулы тұрмақ, орыны да тып-
типыл. Сол «Сухашевтің бағы»
«Атамұраттың бағы» «Ағимаш-
тың дүкені» «Құсайынның по-
штасы» т.т.б. болып кете бе-
ретін халық жадында жатталғ-
ан тіркестерді қазір ойлап отыр-
с а м , со л б і р ү л к ен а у ы л д ы ң
кішкентай ғана иесі де, киесі де
сол азаматтар болған екен-ау,
жарықтық! Сол заңғарлары кет-
кесін,ауыл да шөгіп кеткендей
ме қалай,өзі?Бітімі таудай бол-
са да;Толағай боп боп туылма-
дық әттең-ай,деп әндеткен Та-
б ы л ды Д ос ы м о в т ы ң ; О с ы
қырда төбешіктей аналар, Дүни-
еге таудай ұлдар әкелген деге-
ніндей Құсекем де төрт құбы-
ласындай Таудай төрт ұл,үкінің
балапанындай үш қыз тапқызы-
п,жеті баланы тәрбиелеп жеткі-
зді.Қыздарының «аты шықпа-
ды»! Ұлдарының аты ауызға
ілінді!Олар да Азамат болып ер
жетті.Ұяларынан ұзап шықты.-
Міне,ішкі ойыммен арпалысқан
күйі мен де,сағынышым басы-
лар-басылмастан,тағы да алы-
стағы армандарыма аттанып
бара жатырмын.Артта тулақтай
тозып кеткен туған жерім,кіш-
кентай ауыл мен сол ауылға
деген басылмаған үлкен сағы-
нышым ғана қалды.Ұлым менің
жасқа толған жанарыма қарай
б е р е д і . Ә р и не қ а нш а с а н а л ы
азамат болып өсіп келе жатыр
десең де Алматыда туып өскен
ұл сезіне білген жүректі селт
еткізер ауылдың қадірін дәл
мендей ұғына қоюуы да екі та-
лай-ау?!..Ауылдан әбден ұзап
кеткенше артыма алаңдап,бұ-
р ы л ы п қ а р а й л а у м ен б о л -
дым.Мүсіні таудай болмаса да,-
Кеудесі дария,Құрыштан құйы-
л ғ а н қ ұ д і р е т , қ ұ й т т а қ а н д а й
Қ ұ с а й ы н к ө к е м н і ң а ң ғ а л д а у
бейнесі,менің балалық шағым-
мен қосыла қол бұлғап қалып
бара жатқандай көрінді!
Жарлы БАЙҒАНИН.
ҚҰСЕКЕМ!
Биыл, Ұлы Отан соғысында Ке-
ңестер Одағының фашистік Герма-
нияны күйрете тізе бүктіріп жеңіске
жеткеніне 70 жыл толғалы отыр. Бұл
– айтулы тарихи дата, айшықты ме-
реке. Осы мерекенің қарсаңында
Жеңісті жақындатқан әр адамның
жанкешті еңбектері мен жанқиярлық-
пен жасаған ерліктерін кейінгі ұрпақ-
тың санасында жаңғыртып, кеңінен
насихаттау баршамызға ортақ абы-
ройлы да үлгілі іс.
Ұлы Отан соғысына Байғанин
ауданынан барған азаматтардың
ішінен Қожабай Жазықов – Кеңес
Одағының Батыры, ал Сәрсенғали
Ешбаев үш дәрежелі «Даңқ» ор-
денінің толық кавалері деген атаққа
ие болды. Қожабай Жазықов баты-
рымыз туралы осы газеттің өткен
сандарының бірінде мақала жария-
ланған болатын. Бүгін Жем бойынан
шыққан айбарлы қос қаһарманы-
мыздың бірі – Сәрсенғали Ешбаев
батырымыз туралы әңгіме қозға-
мақпыз.
Сәрсенғали Ешбаев – 1924 жылы
қазіргі Байғанин ауданының Қызыл-
бұлақ ауылдық округіне қарасты
Қаратас елді мекенінде дүниеге кел-
ген. 1942 жылы Қызыл армияның
қатарына шақырылып, Калинин, Ле-
нинград, 1-ші Беларусь майданда-
рындағы инженерлік-саперлік брига-
даның құрамында соғысты. 1944
жылы ақпан айының бас жағында Ле-
нинград майданы өзіне жүктелген
маңызды стратегиялық тапсырма-
ны тамаша орындап, Балтық теңізі
жақ тұстан шабуылдаған неміс
әскерлеріне күйрете соққы беріп,
Ленинград қаласын дұшпанның
қанды шеңгелінен аман алып қалды.
Жеткен жетістікке тоқмейілсімей,
Луга өзені үшін соғысып, Нарваға
дейін қуып, Фин бұғазының бойын-
дағы дұшпан әскерлеріне тегеурінді
соққы берді. Сондай қиян-кескі шай-
қастың бірінде дұшпан әскерлері қар
мен мұздың арасына шебер бекініп
алып, оқты қарша жаудырып, мық-
ты қарсыласты. Толассыз атылған
Отан үшін жасалған
оқтан Кеңес әскерлері де біраз
шығынға ұшырап жатты. Бір кез-
де аға лейтенант шеніндегі взвод
командирі ауыр жараланып қал-
ғанын байқаған жау әскері біздің
офицерді тірілей қолға түсіріп
алып кетуге әрекет жасады. Сол
кезде ефрейтор Сәрсенғали
Ешбаев дұшпан әскерінен қай-
мықпай қарсы тұрып, соғысып,
өз командирін қорғап, автомат-
тан оқ жаудырып, қол граната-
ларын сәтті пайдаланып, жа-
қындап қалған бірнеше немістің
көзін жойды. Командирін қорғай-
мын деп жүргенде өзі де жара-
ланып қалды. Бірақ жаратылы-
сынан қайсар жігіт еш қаймық-
пастан соғысып, жау әскерлерін
еш жақын келтірмеді. Жарақат-
танып қалдым екен, дәрігерге
қаралайын деп алаңдамай,
өзінің санитарлық пакетін пайдала-
нып жарақатын таңып, қатарға ора-
лып, әскер сапына тұрған.
Ухеконь елді мекенін немістерден
босату кезінде С.Ешбаев тамаша
ерліктің үлгісін көрсетіп автоматтан
оқ жаудырып, жаудың 6 стволды
минометін жарамсыз қылып, істен
шығарды. Жаудың соңынан қуа
отырып Леснополый деп аталатын
елді мекенге алғашқылардың бірі
болып кірді. Осындай ерліктері ес-
керіліп батальон командирі капитан
Котовтың ұсынысымен 3-ші дәре-
желі «Даңқ» орденіне ие болды.
1944 жылы 10-шы маусымға қара-
ған түні Тернокидің батысында тос-
қауылда тұрған топта ефрейтор
С.Ешбаев мина қойылған жерлерді
тазалап, біздің әскеріміздің жүретін
жолын ашты. Жау әскерлері теңіздің
жағасына үш қатар етіп тікенекті сым
тартып мықты қорғанысын әзірледі.
Біздің әскерлеріміз шайқасқа кіріскен
кезде С.Ешбаев қасына екі саперді
ертіп, біздің әскердің жүретін жолын
минадан тазартып, жүретін жолда-
рға белгі қалдырды. Біздің атқышта-
рымыз қанша алға ұмтылғанымен
жау жағы минометтен оқ жаудырып,
табандап тіресіп тұрып алды. Жан-
жағының барлығын жайпап ажал
оқтарын сеуіп тұрған қатерлі мино-
метті тез арада жоймаса болмайты-
нын тез арада бағамдап үлгерген
Сәрсенғали Ешбаев: «Менің соңым-
нан еріңдер жолдастар!» деп айқай-
лап ұрандап дұшпанның бекінген
шебіне қарай шабуылдады. Осы
қарқынмен жау шебіне жетіп олар-
дың окоптарын басып алды. Бұл
жолы да жарақаттанғанымен, тек ко-
мандирінің бұйрығынан кейін ғана
емделуге барды. Қиын кезде жол та-
уып, асқан батылдығымен соңына
қаншама адамдарды ертіп, ерлік
көрсеткені үшін Сәрсенғали Ешбаев
екінші дәрежелі «Даңқ» орденінің
иегері атанды. Жауды өкшелеп қуып
отырып, жеңіс күні жақындаған сәт
болатын. 1945 жылдың 14-ші қаңта-
рында Польшаның Пилица деген
өзенінің айналасына қойылған мина-
ларды тазарту міндеті С.Ешбаев
соғысып жүрген саперлер тобына
үлкен сын болды. Біздің әскер-
леріміздің жүретін жолын қауіпсіз-
дендіріп, минадан тазарту үшін үлкен
шеберлік пен жүректілік, төзімділік
керек еді. Ішінде С.Ешбаев та бар
саперлер тобы жер бауырлап жыл-
жи отырып немістердің миналарын
тауып, жолды тазартып жатырған-
дарында аспанға ракета атылып ай-
наланың бәрі жарқырап кетті. Соны
күтіп жатырған жау жағы да біздің
саперлерге әуелі пулеметтен, сосын
минометтен оқты қарша боратты.
Дегенмен саперлеріміз ебін тауып,
жұмыстарын жалғастыра берді.
Сөйтіп жан алысып, жан беріскен
сәтте С. Ешбаев өзіне міндеттелген
аумақтағы танкіге қарсы және жая-
уларға қарсы қолданылатын 16 ми-
наны анықтап басқалардан бірінші
болып тазартты. Жан қиярлықпен
жасаған еңбектері командование
тарапынан жоғары бағаланып С.Еш-
баев 1945 жылдың 6 сәуірінде бірінші
дәрежелі «Даңқ» орденінің иегері
атанды. Ұлы Отан соғысының
Жеңісін қарсы алғаннан кейін де
біраз жыл әскер қатарында қызмет
етіп, елге тек 1947 жылы ғана орал-
ды. Елге келгеннен кейін де тұрала-
ған халық шаруашылығын қалпына
келтіріп, экономиканы дамытуға бір
адамдай ат салысты. 1950-ші жыл-
дардың орта тұсында қазіргі Ащы
ауылдық округінің, яғни ауылдық ке-
ңестің төрағасы, Ноғайты жұмыс-
шылар кооперациясы басқармасы
төрағасының орынбасары, Қопа,
Жарқамыста да осы қызметте төраға
болып абыроймен еңбек етіп,
құрметті еңбек демалысына шықты.
Елі үшін туған ердің есімі әрине
ұмытылмайды. Ұмытпау мақсатын-
да аудан орталығында С. Ешбаев
атында көше бар. Ал, өзінің туып -
өскен жері Қызылбұлақ селолық ок-
ругі Жаңатаң ауылындағы орта мек-
тепке есімі берілді. Бүгінгі ұрпақ ба-
тыр атындағы мектептерін мақтан
тұтады.
Жерлес аталарымыздың туған
жерін, елін қорғаудағы жанқиярлық
ерліктері туралы айтылмаған ашыл-
маған тұстары көптеп зерттеуге жа-
тады. Бейбіт өмірде де көпшілік үлгі
аларлықтай игілікті істері, ұрпаққа
сабақ боларлық қайырымдылықта-
ры жетіп артылады.
Мұның бәрі қарапайым қазақ ба-
ласының қанындағы қасиеттің
арқасында дарыған. Ұлттық салты-
мызды сақтай біліп, дәстүрді қалып-
тастыра білген.
Отбасында ұл мен қыз тәрбиелеп
ұрпақ өсірген өшпестей із қалдырғ-
ан қадірменді азамат. Ұрпақтарыныз
жақсы істеріңізді әрдайым жалғай
берсін.
Ұлықпан ҚАДІР.
Внесено в реестр государственной регистрации нормативных прововых ектов под №4278 03 апреля 2015 года
РЕШЕНИЕ БАЙГАНИНСКОГО РАЙОННОГО МАСЛИХАТА
13 марта 2015 года № 160 село Карауылкелды
В соответствии со статьей 6 За-
кона Республики Казахстан от 23
января 2001 года №148 «О мест-
ном государственном управлении
и самоуправлении в Республике
Казахстан», пунктом 4 статьи 18
Закона Республики Казахстан от 8
июля 2005 года №66 «Огосудар-
ственном регулировании развития
агропромышленного комплекса и
сельских территорий», Байганин-
ский районный маслихатРЕШИЛ:
Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов
и тарифных ставок специалистам социальногообеспечения, обра-
зования, культуры, спорта и ветеринарии, являющимся гражданс-
кими служащимииработающим в сельских населенных пунктах
1.Установить повышенные на
двадцать пять процентов оклады и
тарифные ставки специалистам в
области социального обеспечения,
образования, культуры, спорта и
ветеринарии, являющимся граж-
данскими служащими и работаю-
щим в сельских населенных пунк-
тах, по сравнению сокладами и став-
ками гражданских служащих, зани-
мающихся этими видами деятель-
ности в городских условиях, за счет
средств районного бюджета.
2. Настоящее решение вводит-
ся в действие по истечении деся-
ти календарных дней после дня его
первого официального опублико-
вания.
Председатель
сессии
Н. ШЕКЕЕВА
Секретарь
маслихата Б. ТУРЛЫБАЕВ
ерліктер ешқашан да
ескірмейді