Аудан әкімінің есебі: елтай ауылдық округі qarasaı aýdandyq aptalyq qoģamdyq-saıası gazeti


№ 4  (8330),  25 qаńtаr,  2019  jyl



жүктеу 14,79 Mb.
Pdf просмотр
бет14/16
Дата30.12.2019
өлшемі14,79 Mb.
#25460
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

 

№ 4  (8330),  25 qаńtаr,  2019  jyl. 

zgazeta@mail.ru //zgazeta.kz

ZAMAN  JARSHYSY

10

Б І Л І М     М Е Н     Т Ә Р Б И Е

Қазақ тілі – қазақ халқының тілі. 

Оның негізгі мекені Қазақстан. 

Сондай-ақ, бұл тілде Қазақстанда, 

Қытай Халық Ре-

с п у б л и к а с ы н -

д а ,   Ө з б е к с т а н д а , 

Қ ы р ғ ы з с т а н д а , 

Ауғанстанда, Ресей-

де, Моңғолияда және 

т.б елдерде тұратын 

қазақтар сөйлейді.

Қ а з а қ   т і л і 

м е м л е к е т т і к 

м ә р т е б е г е   и е . 

Қазақстанда тұратын 

ұлты басқа халықтар 

да қазақ тілін білуі 

керек. Сондықтан 

о л а р   қ а з а қ   т і л і н 

б а л а б а қ ш а л а р д а , 

мектептерде және 

жоғары оқу орында-

рында үйреніп жатыр.

Жуырда «Айгөлек» 

б а л а б а қ ш а с ы н д а , 

орыс және қазақ тілі пәндері 

мұғалімдерінің  ұйымдастыруымен,  

үш тілді дөңгелек үстел болып 

өтті. Оның мақсаты – ана тілімізді 

қаншалықты білетінімізді, қалай 

құрметтейтінімізді білдіру.

Бұл шара үш кезеңнен тұрды, 

бірінші кезең – «Мақал-мәтелдердің 

соңын жалғастыр». Бұл кезеңде 

оқылған мақал-мәтелдердің соңын 

тауып айту керек болды. Екінші 

кезең – тірек сызбалары арқылы 

өлең жолдарын құрастыру.  Үшінші 

кезең – «Жеті жұрттың тілін 

біл» жұмбақ шешу сайысы. Бұл 

кезеңде жұмбақтар жасырылып, 

оның шешуін үш тілде айту ке-

рек.Бұл сайыста тәрбиешілер мен 

пән мұғалімдері қызығушылық 

танытып, белсенділіктерін танытты.

Сөз соңында балабақша әдіскері 

Бақыт Балиева осындай шаралардың 

жиі ұйымдастырылып тұрылуын 

ұ с ы н ы п ,   б а р л ы қ   б а л а б а қ ш а 

қызметкерлеріне табыстар мен 

жетістіктер тіледі.

Г. УРЕКЕЕВА, 

орыс тілі пәнінің мұғалімі 

 А. ТЕМИРЖАНОВА, 

қазақ тілі пәнінің мұғалімі.

Жас ұрпаққа сапалы біліммен 

бірге саналы тәрбие беру қай 

кезде де өзектілігін жоғалтқан 

емес. Сондықтан халқымыздың 

ғасырлар бойы жинақталған бай 

рухани мұрасымен жастардың бой-

ына адамгершілік ізгі қасиеттерді 

қалыптастырып, өзінің Отанына 

адал азамат етіп тәрбиелеу – 

ата-ана мен ұстаздар қауымына 

жүктеледі. Рухани тәрбиемен 

нұрланбаған адам өзінің алған 

білімін қара басының пайдасына 

жұмсап, өз мүддесі үшін адамзатқа 

апат әкелуі әбден  мүмкін. 

Қазіргі қоғамда қатыгездіктің, 

зорлық-зомбылықтың күшейіп, 

жағдайдың ушығып бара жатқанын 

көз көріп, құлақ естіп отыр. Бүгінгі 

кейбір жастарымыздың бойына 

қаталдық, дөрекілік, мейірімсіздік 

секілді халықтың дәстүр-салтында 

жоқ келеңсіз көріністің жайы-

луы еріксіз ой салады. «Ұяда не 

көрсең, ұшқанда соны ілерсің», – 

дейді дана халқымыз. Сондықтан 

баланың бойына жастайынан 

адамгершілік сезімдерін егудің 

орны бөлек. Міне, осыны тірек 

етіп,   Шамалған бекетіндегі 

қазақ орта мектебінде жуыр-

да «Қатігездіксіз және зорлық 

зомбылықсыз балалық шақ» атты 

іс-шаралар өтті.  Оның барысында 

оқушылармен мәні зор тәрбие 

сағаттары өткізіліп, пікірталас 

ұйымдастырылды, «Зорлық-

зомбылықсыз және қатыгездіксіз 

балалық шақ» бейнефильмі 

көрсетілді, оқушыларымыздың 

«Бала қатыгездігіне жол жоқ» 

т а қ ы р ы п   а я с ы н д а   с а л ғ а н 

суреттерінен көрме  өтті. Сонымен 

қоса, «Қатыгездіксіз әлемді қалай 

құруға болады?» тақырыбында 

9- 11 сынып оқушылары ара-

с ы н д а   м е к т е п і ш і л і к   э с с е 

б а й қ а у ы   ұ й ы м д а с т ы р ы л д ы .  

Оның мақсаты оқушылардың 

қоғамда болып жатқан әртүрлі 

зорлық-зомбылық, қатыгездік 

іс-әрекеттерге және оларды 

жоюға деген көзқарастарын, 

өзегін өртеген жан айқайларын 

көркем сөз арқылы жеткізу 

болды. Осындай іс-шаралар 

арқылы оқушыларымыздың 

жүрегіне мейірімділік орната 

білдік дейміз.

Иә, ұстаз қолында адам тағдыры, 

болашақ ел тағдыры тұрады. Заман 

талабына сай тәрбие мен білім 

беру – мұғалімнің басты міндеті.



Гүлбазар ЖОЛДАСОВА, 

Шамалған бекетіндегі қазақ 

орта мектебі қазақ тілі мен 

әдебиеті пәнінің мұғалімі. 

Жақында 7 «а» сыныбының оқушылары 

арасында «Темекі шегу, психоактивті зат-

тарды қолдану, нашақорлықтың алдын алу» 

тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Оның 

мақсаты шылым шегудің адам ағзасына 

тигізетін зиянды әсерлерін  ашу, салда-

рынан туатын аурулар туралы оқушылар 

білімін арттыру еді.

Сынып жетекшісі, жаратылыстану пәнінің 

мұғалімі Күнсұлу Әшірбекова оқушыларға 

шылым шегудің ағзаны улайтын зиянды 

әдет екенін ескертіп, темекі мен темекі 

түтінінде 200-дей зиянды зат кездесетінін 

айтты. «Дүние жүзінде шылым шегуден жыл 

сайын 2,5 млн. адам қайтыс болады.Шылым 

шегетін адам жылына отбасы қаржысына 

мыңдаған теңге шығын әкеледі. Шылым 

шегетіндердің жүрегі тәулігіне 20 есе көп 

соғады. Әрбір шылым адам өмірін 12 минутқа 

қысқартады.Шылым шегетіндер жүрек ауру-

ымен 12-13 есе, асқазан жарасымен 10 есе жиі 

ауырады.Олардың  80 пайызы өкпе ауруына 

шалдығады» деген дәлелдер де келтірді.

Ал, мектеп психологы Р.Пердебайқызы 

ғасыр дертіне айналған есірткі және оны 

тұтынудан аулақ болу керектігін айта келе»  

Ж.Баласағұнның  «Ақыл – Алланың сыйы» 

деген сөзін келтірді. «Ақыл мен денсаулық 

егіз, екеуі ұштасқанда ғана адам бақытқа 

кенеледі. Темекі, наша, есірткі ақыл мен 

денсаулықты қараңғы, 

түпсіз құзға құлатады. 

Саламатты, деніміз 

с а у ,   қ о ғ а м ы м ы з 

өркениетті болуы үшін 

з и я н д ы   ә д е т т е р д е н 

аулақ болып, темекі, 

нашақорлыққа қарсы 

күресейік!» деді ол.

М ұ н а н   к е й і н 

оқушылар  «Денсаулық 

–   з о р   б а й л ы қ » 

тақырыбына салған 

суреттерін  көрсетіп,  

берілген ситуациялық 

с ұ р а қ т а р ғ а   ж а у а п 

берді. Мақал-мәтелдер 

мен нақыл сөздерді 

талқылады.

Т ә р б и е   с а ғ а т ы н 

қорытындылау сәтінде оқушылар әр 

адамның келешегі және өмірі өзінің мой-

нында екенін, егер жаман жолға түссе, 

өмірдің маңызын қолдан жіберіп ала-

тынын ұғынып, темекі, есірткіге қарсы 

күреске үлкен-кіші болып белсене атсалысу 

керектігінен мол түсінік алғандарын айтты.

Сондай-ақ, оларға: достарыңызды таңдай 

біліңіз және темекі, ішімдікке жақын 

жүретіндерден аулақ болыңыз; сізді темекі, 

ішімдікке итермелейтін адамға қарсы 

тұра біліңіз; өзіңізді қызықтыратын ша-

руамен айналысыңыз; міндетті түрде дене 

шынықтырумен, спортпен шұғылданыңыз 

және саламатты өмір салтын ұстаныңыз, 

деген психологиялық кеңестер берілді.

 

Рахима ҚАЛЫБАЕВА,

 Л. Толстой атындағы орта мектептің 

педагог-психологы.

О т б а с ы . . . 

Осы бір сөзде 

қ а н ш а м а 

мағына жатыр 

десеңші! Отба-

сы деген өзінше бір 

жеке ұжым сияқты.

Әрбір адам, мейлі, 

ол кім болса да, ең 

алғашқы адами, адамгершілік 

тәрбиені өз отбасынан ала-

тыны белгілі. Халқымызда  

«Ұяда не көрсең, ұшқанда 

соны ілерсің» деген қағида 

бекер айтылмаса керек. 

Әрбір отбасында өзінің 

қалыптасқан рухани әдет-

ғұрыптары, заңдылықтары 

болады. Солардың ішінде 

ең маңыздысы әрбір ұлттың 

өзіне тән ерекшеліктері бо-

лар деп ойлаймын. Біздің 

ұлттық тәрбиеміздегі басты 

ерекшелік – үлкенге деген 

құрмет. Ондай құрмет басқа 

ұлттарда да баршылық қой, 

дегенмен де маған өзіміздің 

ұлттық тәрбиеміз қатты 

ұнайды. Халқымызда баланың 

рухани-адамгершілік тұрғыда 

д а м ы п ,   ө з і н   қ о р ш а ғ а н 

ортаға  мейірімділікпен  

қарауға тәрбиелейтін салт-

дәстүрлеріміз де жетерлік. 

Жуырда біздің Шалқар 

орта мектебінде, 9 «а», «ә»-

с ы н ы п   о қ у ш ы л а р ы н ы ң 

ұйымдастыруымен, «Отбасы 

– рухани жаңырудың негізі» 

тақырыбында дөңгелек үстел 

өтті. Оны сынып жетекшілері 

Бақыт апай мен Раушан апай-

лар жетекшілік етіп жүргізді. 

Дөңгелек үстелге Жандосов 

ауылдық округі әкімдігінің 

бас маманы Жамбауов Алмас 

Ғалымжанұлы, жастар ісі 

жөніндегі нұсқаушы Әбдіғани 

А р а й л ы м   Б а х т и я р қ ы з ы 

қ а т ы с т ы .   К е л г е н 

қонақтарымызды 

т а н ы с т ы -

р ы п ,   қ а т ы с у 

м а қ с а т т а р ы н 

сұрадық.


Е н д і   « О т б а -

сы деген не?» де-

ген сұраққа жауап іздеп 

көрейікші. Осы сұрақ ая-

сында мен өз отбасымды көз 

алдыма елестетіп, өзімнің 

ой-пікірімді сол жерде жеткізе 

айта алмағандай болдым да, 

осы ойымды қағаз бетіне 

түсіруді жөн көрдім. Біздің 

отбасымызда атам мен апам 

бірге өмір сүріп келді. Менің 

айтайын дегенім, ол кісілер 

тәрбиені ауызша, сөз жүзінде 

емес, іс жүзінде өздерінің іс-

әрекеттерімен-ақ санамызға 

сіңіре білетін. Менің әкем 

де, шешем де көп балалы от-

басынан шыққандар. Соның 

ішінде туыстар арасында 

ешқашан да кикілжің, бір-

біріне деген түсініспеушілік, 

реніш болмайтын. Бір-бірін 

сағынысып, үлкеннің пікірі 

кейінгілер үшін заңдылық 

сияқты болып тұрады, себебі, 

оларда орынсыз талаптар 

болмайды. Үлкендер со-

лай тәрбиеленген. Қазіргі 

кезде атам дүниеден озып, 

апамызбен бірге тұрамыз. 

Біздер әке-шешеміз сияқты 

ол кісіні қатты құрметтейміз. 

А п а м ы з д ы ң   н е м е р е -

шөберелері бар. Бәріміз 

апамызды жақсы көреміз. 

Менің апам өте еңбекқор. 

Өзіне де, басқаға да қатал, 

бірақ, әділ және дұрыс  талап 

қойғыш. Ол кісі көп жылдан 

бері «Шалқар» атты әжелер 

алқасын ұйымдастырып 

еңбек етіп келеді. Бұл әжелер 

тек қана, басқа әжелер сияқты 

ән салып, би билеп сахнаға 

ғана шығуды емес, ауылда-

старымен отбасылық тәрбие 

жөнінде «Ұяда не көрсең» де-

ген тақырыптарда жұмыс жа-

сайды. Жас отбасыларының 

шешілмей жатқан жағдайлары 

болса, қолдарынан келген 

көмектерін көрсетіп, ақыл-

кеңестерін береді. Апаммен 

хабарласып, сұхбаттасып оты-

ратындар баршылық. Апам 

жайында әлі де көп айтуға 

болар еді, оған ыңғайсыз-

данамын. Апамның өз отбасы 

жөнінде жазған 

«Өмір-өзен» атты 

к і т а б ы ,   « К ө к 

д ә п т е р »   д е г е н 

өлеңдер жинағы 

б а р .   М е н   о н ы 

мақтан етемін. 

Кейін өскен кезде 

мен де атам мен 

апам жайлы жаз-

сам деймін.

Отан отбасы-

нан басталады. 

Отбасы  негізінде:  

а т а - ә ж е ,   ә к е -

шеше және бала. 

Баланың жанын 

р у х а н и   б а й ы -

ту – үлкендердің 

міндеті.

О с ы   ө т к е н     д ө ң г е л е к 

ү с т е л ,   п і к і р т а л а с т а н 

с ы н ы п т а с т а р ы м н ы ң 

түйгені: отбасы, отбасының 

м а ң ы з д ы л ы ғ ы ,   ұ л т т ы қ 

тәрбиенің мәні мен маңызы, 

Отбасы рухани жаңғырудың 

негізі туралы ұғымдарды 

талдау арқылы өзіміздің 

а д а м и   қ а с и е т т е р і м і з д і 

байытып, патриоттық са-

намызды ынталандырып, 

ұлттық құндылықтарымызды 

жаңғыртып, туған халқымызға 

деген құрмет, сүйіспеншілік, 

ұлттық рухты сіңіре білуді, 

жас ұрпақ санасына жеткізуді 

түйдік.

Қорыта келгенде айта-



рым, бәріміз де отбасының 

тірегі аталар мен апала-

рымызды, әке-шешемізді 

сыйлайық, құрметтейік, 

қуаныш сыйлауға тырысайық. 

Халқымыздағы «Отан от ба-

сынан басталады...», «От-

басы – мемлекет тірегі» 

д е г е н   т ұ ж ы р ы м д а р д ы 

құрметтейік, сол тәрбиелер 

арқылы Президентіміздің 

«Рухани жаңғыру» идеясына 

өз үлесімізді қосайық дегім 

келеді.


Айғаным  СЛЯМҚАН,

Шалқар орта мектебінің 

9 сынып оқушысы.

Жер бетіндегі басқа жан-

ды тіршіліктерге қарағанда 

адам баласының сана сезімі 

ж о ғ а р ы   т ұ р а д ы .   С о н ы ң 

арқасында адамдар көптеген 

жетістіктерге жетіп, мүмкін 

еместей болып көрінген 

техникаларды құрастырып, 

ж а ң а л ы қ   а ш т ы .   Ж а ң а 

құрылғыларды  әлі де заман 

талабы бойынша ойлап табу-

да. Жалпы айтқанда, адамның 

қолынан келмейтін іс жоқ. 

Осының бәрі маңызды орган 

– мидың қабілеті. Ми – біздің 

эмоциямызды білдіруге, 

қабілеттерімізді көрсетуге, 

қарапайым, тіпті, күрделі  

істерді атқаруға көмектеседі.

Ғалымдардың пайымда-

уынша, ми адам қиялында 

болып жатқан ойды шынайы 

өмірден айыра алмайды екен. 

Демек, егер де адамдар мидың 

сол ерекшелігін пайдаланса, 

яғни, өз қалауын көбірек 

ж ә н е   а й қ ы н   қ и я л д а с а , 

жақын арада тілегі орын-

далады деп түсіндіреді. 

Ғалымдар тілектердің орын-

далуын ғаламшардың біздің 

ойымызға деген жауабы деп 

ұғынады.


Бұл құбылысты дәлелдейтін 

мысал ретінде Джонның 

оқиғасын келтірсек болады. 

1995 жылы Джон Ассараф 

сана күшін тексеріп көргісі 

келіп, өз тілек тақтайшасын 

жасайды. Ол жерге өзінің 

арманындағы үйінің, жұмыс 

орнының, тіпті, болашақ 

әйелінің суретін іліп тастай-

ды. Джон күнделікті сол 

тақтайшаға қарап, қиялға 

беріліп бәрін елестетеді. 

К е й і н н е н   Д ж о н   т і л е к 

тақтайшасын қорапқа салып 

оны ұмытып кетеді. Бес жыл 

өткеннен кейін сол қорапты 

ашқанда Джон таң қалады. 

Себебі, қазіргі уақытта тұрып 

жатқан үйі, баяғы өзі арман-

дап суретін іліп қойған үй еді. 

Сана күшіне сенесіздер ме? 

Әлде, жоқ па? Ол өздеріңіздің 

еріктеріңізде. Алайда, жақсы 

ойларды ойлап, армандау 

ешкімге кедергі келтірмес!



Ақбота МАРАТ, 

Абай атындағы орта 

мектеп-гимназиясының 

11 сынып оқушысы.

ТІЛ – ТІРЕГІМ,  СОҒЫП 

ТҰРҒАН  ЖҮРЕГІМ

ТЕРІС  ҚЫЛЫҚТАРДЫҢ 

АЛДЫН  АЛУ  КЕРЕК

«ҰЯДА  НЕ  КӨРСЕҢ, 

ҰШҚАНДА  СОНЫ  ІЛЕРСІҢ»

ҚАТЫГЕЗДІККЕ 

ЖОЛ  БЕРМЕЙІК

САНА  КҮШІ


жүктеу 14,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау