219
Мадибаева Д.Р.
(Қазақстан Республикасы, Алматы,
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің докторанты)
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТСТЫРУДЫҢ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Тəрбиенің негізгі міндеті – қоғамның қажетті талаптарын əрбір баланың борыш, намыс, ождан,
қадір-қасиет сияқты биік адамгершілік стимулдарына айналдыру. Қазіргі таңда əсіресе көп көңіл
бөлінетін мəселе – құқық бұзушылықтың алдын алу. Кəмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтың алдын алу қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып
табылады. Заңды, əлеуметтік пайдалы қызметке жəне қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас
қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тəрбиелеу қажет.
Қазақстан Республикасында кəмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу
жəне балалардың қадағалаусыз жəне қараусыз жүруінің алдын алу жөніндегі заңнаманы
қалыптастыру жəне дамыту жұмысы қолға алынған. Бұларға «Неке жəне отбасы туралы»,
«Отбасылық үлгідегі балалар деревнялары жəне жасөспірімдер үйлері туралы», «Мемлекеттік атаулы
əлеуметтік көмек туралы», «Еңбек туралы», «Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік
жəрдемақы туралы», «Дене тəрбиесі жəне спорт туралы» заңдары, кəмелетке толмағандар жөніндегі
комиссиялардың, кəмелетке толмағандар ісі жөніндегі ішкі істер органдарының қызметін реттейтін
нормативтік құқықтық актілер жəне т.б. жатады. Кəмелетке толмағандар құқық бұзушылығының
алдын алуды тікелей не жанама көздейтін құқықтың қайнар көздерінің осылайша көп болуы
қоғамдық қатынастардың кез келген саласында кəмелетке толмағандар тұлғасының дамуын
қамтамасыз ететін қолдау жүйесінің көзделгендігін көрсетеді. Əсіресе бұл қауіпті жағдайда тұрған
жəне ерекше қорғау мен қолдауға мұқтаж жасөспірімдерге қажет. Балалар мен жасөспірімдерді
тəрбиелеу мен оқытуда отбасының маңызы зор. Осыған орай мемлекетіміз отбасының, соның ішінде
кеңейтілген отбасының тұтастығын сақтауға аса назар аударып отыр.
Құқыққа қайшы мінез-құлық механизімін жеке тұлғаның психологиялық-биологиялық
мінездемесінен ажыратып қарастыруға болмайды. Мамандар сонғы жылдары баланың физикалық
денсаулығын ауыз толтырып айтатындай емес екенің айтады. Атап айтар боласақ психикалық
аурулар, жүрек-қан тамыр аурулары, онкологиялық аурулар өте жоғары көрсеткіш көрсетуде.
Сонымен, қатар психикалық, ақыл-есі ауысушылық көрсеткіші көңіл жұбатарлықтай емес:
жалпылама жүйке ауруы, психикалық аурулар саны өсуде[1].
«Кəмелетке толмаған» категориясы «бала» «жасөспірім», «жеткіншек», «жастар» сияқты бірқатар
түсініктермен байланысты жас кезеңін қамтиды. Бұл түсініктердің барлығы дерлік заңнамаларда
жəне құқық қолдану тəжірбиесінде пайдаланады. Оларды анықтауда, тəртіп бойынша, адамның даму
кезеңдері ескеріледі. Түрлі елдердің терминологиясы мен тəжірбиесінде «жас сегменттерінің»
келесідей негізгі анықтамалары қолданылады.
1) Балалар 18 жасқа толмаған тұлғалар[2].
2) Жасөспірімдер: 10-19 жастағы тұлғалар (кіші, орта жəне ересек жасөспірімдік шақ);
3) Жастар 15-24 жас аралығындағылар; Қазақстан Республикасының мемлкеттік жастар саясаты
туралы Заңның 1бабына сəйкес жастар деп 14-29 жас аралығындағы ҚР азаматтары деп танылады;
4) Жас адамдар: 10-24 жас аралығындағы барлық тұлғалар;
5) Кəмелетке толмаған əрекет етіп тұрған құқықтық жүйе шеңберінде құқық бұзушылық үшін
ересектерге қолданылатын жауапкершілік түрлерінің ерекшеленетін жауапкершілік нысандарына
тартылуы мүмкін, бала, немесе, жас адамдар[3]
Психологиялық тұрғыдан, əлеуметтік ер жету, физикалық, соның ішінде жыныстық жетілуімен
болжанады. Заманауи балалар (əсіресе қыз бала)13 жасында-ақ физикалық пісіп жетіліп қояды, ал 15
жасар ұл балалар, жыныстық жетіліп болмаса, онда əлі бала болып көрінуі мүмкін. Кейде
жасөспірімдік жастарды қоспай-ақ жыныстық жетілгендерді сипаттау үшін жетілмеген жасөспірім
термині қолданылады. Отандық психиатрияда дəстүрі бойынша жасөспірімдік жас 14 жастан 18 жас
аралығын айтса, психологияда 16 жастан 18 жас аралығын бозбалалық шақ деп айтады[4].
Осы тұрғыдан Қ.А. Бегалиев былай деп жазады: «14-18 жас аралығында жасөспірімдердің
қоршаған ақиқатқа саналы қатынасы, өнегелік принциптері, нанымы мен армандар қалыптасады. Бұл
жаста жасөспірім организмінде, əсіресе жаныстық дамуы жүретін балалықтан ересектікке аяқ басу
кезеңінде оның моральдық жəне интелектуалдық, өнегелік қөзғарастыры мен түсініктері
қалыптасады»[5]. Жасөспірімдік шақ – бұл алаңсыз балалақ шақтың аяқталуымен күрделі
жауапкершілік жүктейтін ересектік шақтың аралық кезеңі, оны психологияда «өтпелі кезең», «қиын»,
кезең деген ұғымдар аясына сыйғызады. Шын мəнінде мінез-құлықта өзгерістер көп болатын,
220
албырттыққа бой алдыратын, асығыс шешімнің жетегіне еретін ауыр кезең. Сондықтан да отбасында
жасөспірім пен ата-ананың өзара түсініспеушілігі жиі кездеседі. Осы кезде қоршаған ортаның
ықпалына ерекше мəн беретін жеткіншек қылмыстық жағдайларға да жиі барып жатады.
Жасөсіпірімдер(кəмелетке толмағандар) арасындағы қылмыстың алдын алу мəселесі – күрделі
мəселе. Жасөспірімдік шақ балалық шақтан ересекке өткір өтетін қиын қақтығыстық сипаттайтын
адам онтогенезінің күрделі кезеңі. Жасөспірімдік шақты зерттеуде əлеуметтік дамудағы бала кезінен
ересек кезеңге көшу үрдісі ең маңызды орын алады.
Бір жағынан, бұндай қиын кезеңде жеке тұлға құрылымындағы дисгармония, баланың
қызығушылық жүйесіндегі көріністер, ересек адамдармен қарым-қатынастағы наразылық сипаты
секілді негативті көріністер байқалады.
Басқа жағынан, жасөспірімдік шақ көптеген жақсы факторлармен де ерекшеленеді: баланың
жауапкершілігі артады, басқа балалармен жəне ересектермен қарым-қатынасы əр түрлі жəне
мазмұнды болады, қызмет аясы айтарлықтай кеңейеді жəне өзгереді, өзіне жəне өзгелерге деген
жауапкершілік қатынасы дамиды жəне т.б. Бастысы, бұл кезең баланың қоғамның мүшесі ретінде
өзіне деген саналы көзқарасын қалыптастыратын жаңа əлеуметтік позицияға ауысумен
ерекшеленеді[6].
Жеткіншектермен жұмыс жасау барысында олардың қандай үлгілер мен құндылықтарға
бағытталады, нені маңызды жəне мағыналы деп есептейтінін түсіну керек.
Жасөспірімнің басты ерекшелігі – тұлғалық сенімсіздік. Қарама-қарсы қасиеттер, баланың
ұмтылыстары, үрдістерінің бір-бірімен күресуі, бəсекелесуі мінез-құлықтың қарсы сипатын жəне
есейе бастаған баланың жүріс-тұрысын көрсетеді. Жасқспірімдердің мінез-құлық ерекшеліктері
қалыптасады. Жасөспірімге тəн ең негізгі ерекшелік, «кемелдікке» ұмтылу болып табылады.
Жасөспірім ересек адамдардың оның пікірімен келісуі үшін, өзінің көзқарасы мен үкімдерін
қорғайды. Ол өзін басқалармен тең дəрежеде бола алатындай айтарлықтай ересекпін деп есептейді.
Сонымен, қатар жасөспірімнің əлеуметтенуіне отбсынның рөлі де жоғары. Отбасындағы
психологиялық жағдай баланың болмысына əсер етпей қоймайды. Жеткіншектердің отбасындағы
кейбір жағдайлармен келіспеуі, олардың өздеріне жасаған ересектердің қарым-қатынасы кейде
наразылығында тудырып жатады. Кейбіреулері сəтсіз отбасының бейкүнə баласы болып балалық
шақтың өзінде психологиялық жарақат алса, енді біреулері толық емес отбасында тəрбиеленіп,
өмірдің ащы дəмін ерте татып торығып жатса, енді біреулері ата-ана алақанының жылуын сезінбей
жетімдер үйінде тəрбиеленіп, сол сияқты сансыз себептердің ықпалымен қылмыс жасауға барып
тағдыр тəлкегіне түсуде [7].
Психикалық ауытқуы бар кəмелетке толмағандардың жасайтын қылмыстар саны көбейіп барады.
Мұнда невроздың əр түрлері, орташа дебильдік, психотапия, маскүнемдік жатады. Көп жағдайда олар
тұқым қуалаушылық нəтижесінде емес, тұрмыс жағдайы мен тəрбиенің қолайсыздығынан болады.
Осындай көзқарасты көптеген криминологтар ұстанада. Г.А. Аванесов психиканың, тұқым
қуалайтын аурудың зардаптарын жəне т.б. ескере отырып қылмыс жасаған тұлғаларды зерттеу
маңыздылығына ерекше көңіл бөледі[8].
Негізінен, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өзектілігін, жасөспірімдердің агрессия,
қатыгездіктің түрлі нысандарымен байланыстырады. Көбінесе бұл процесс бала кезінен ересек күйге
баланың ауысу тоғысында көрінеді – жеткіншек жастағы жасөспірімдердің агрессия мəселесі
дəрігерлер, педагогтар мен психологтартың, сонымен қатар тұтастай қоғам үшін ең өткір
мəселелердің бірі болып табылады.
Көбінесе қылмыс жасау барысында жасөспірімдерде агрессия, адуындық жəне дұшпандық сезімі
жоғарылайды. Агрессия мəселесі əсіресе жасөспірім кезде, қылмыстың өсу деңгейіне
байланысты бірінші кезекте тұрады. Ал бұл мəселені түсіну жəне жасөспірімдерде агрессия
деңгейін төмендету жолдарын іздестіруге бағытталған психологиялық-педагогикалық
жұмыстың
кемшілігімен
байланысты.
Жеткіншектің
тұлғалық
қасиеттері
мен
агрессивтілігінің байланысы, жасөспірімдік қылмысқа əкеледі. Аталған көріністер түрлі
тəсілдермен көрініс табады, атап айтқанда:
нашақорлықпен;
маскүнемдікпен;
білім алуға қызығушылықтың болмауы;
суицидтік үрдістер;
басқаларға зиян келтіру (қылмысқа бару).
Сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы қылмыстың мынадай үрдістері көрсетіледі:
ауыр жəне аса ауыр зорлық-зомбылық қылмыстардың өсуі;
ұйымдасқан жəне топтық қылмыс санының өсуі;