8
Ал, Салкен Балаубаевтан дəріс алған тарих факультетінің докторы, академик Е.А. Бөкетов
атындағы ҚарМУ –дің профессоры Əлімжан Нұғманүлы Тельғарин есіне алып, ғалымның
дəрістерінің қызықты, тартымды, терең философиялық ойлар мен психологиялық тұжырымдарға
толы, көптеген өмірлік жағдайларды келтіре отырып, бір мезгіл «қалтасындағы құртын аузына салып
қойып, жалғастыратын» -деп күлімсіреп əңгімелейді.
Ол – кісі өте қарапайымдылығымен ерекшеленген адам. Бірде, 1959 жылы КСРО –ның жоғары
жəне орта арнаулы білім беру министрлігтінен, министрдің өзі қол қойған, хат алдады. Министр
хатында Сəлкен Балаубаевтың тіршілігіне, аман оралғанына шексіз қуанышын білдіре келіп, ғылым
кандидаты атағын қайта алмай-ақ докторлық диссертация қорғауын ұсынады. «Менің осы жағдайым
докторлыққа тұрмай ма» деген екен.
Сəлкен Балаубаевтың ғылыми еңбектерге де қосқан үлесі есепсіз болған. Мысалы: мүдде, ілтипат,
бастапқы қор, машықтану т.с.с.
Тұлғаның өмір жолындағы өзіндік анықталуға алғаш анықтаманы берген, оны «өзін-өзі түсінуі»
деген ұғыммен түсіндіріп, өзін-өзі түсінген жеке адам өз тіршілігінің сыртқы дүниемен үздіксіз
байланысып тұратындығын біледі, өз басына, өз іс-əрекетіне, адамзат міндеттеріне саналы
қарайтындығын көрсеткен. «Дарындылық» ұғымына да анықтама берген.
Психологияда «қажеттілік» ұғымын «мұқтаждық» деп беріп, бүкіл организмнің негізгі өмір сүру
бағыты деген. Мұқтаждықтың əлеуметтік сипатын, оның іс-əрекет мотивінің негізі болатындығын
айтқан.
Адамның түйсіну танымдарының физиологиялық негізін «Психология» оқулығында түсінікті
баяндайды. Оның бұл оқулығы қазақ оқулықтарының ішіндегі ең иллюстрацияға бай оқулық деуге
немесе қазақ тіліндегі «Психология атласы» деуге болады.
Балаубаев оқулығында қазақ психологиясының төл ұғымдары: зейіннің толқуы, зейіннің
бытыраңқылығы, зейннің күші, сонымен қатар, қазақ əдебиеттерінен мысал келтіре отырып эмоция,
сезімді талдауда алғаш байқалатын құбылыс екендігін сипаттайды. Мысалы. С.Торайғыров, Абай
еңбектерінен үзінділерден көреміз(1966.173-174 б.).
Ғалым өз еңбектерінде көрнекілік мəселесінде жақсы талдап, оның психологиялық негіздерін
көрсетеді. Оқыту үдірісінде, əсіресе əрбір сабақтың көрнекілікпен ұштасуы, табиғат аясында өтілуі
шəкірттер ой-санасына əрі қонымды, əрі тəжірибелік маңыздылығы жоғары екендігін көрсетеді.
2001 жылы академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің психология
кафедрасы ғұлама ғалым-психолог Салкен Балаубаевтың 100 мерей тойын тойлап, ғылыми-
практикалық конференция өтті. Конференцияға ғалымның туған бауыры Борис Балаубаев пен басқа
да ағайын-туғандары, аспиранты Б.К. Орманбаева, шəкірттері, қазақ психологтары: Қ. Б. Жарықбаев,
С.М. Жақыпов т.б. қатынасты.
Қазақ ССР-нің оқу-ағарту ісінің озық қызметкері Сəбит Бармұхаметұлы, өз естелігінде: «Ғалым
ағамыздың азаматтық кесек келбеті, адамгершілік қасиеттерін, психология ғылымына қосқан үлесін
кең көлемде əңгімелей отырып, ұзақ жыл лагерьде ауыр азап шегіп, денсаулығын кемітіп, 19 жыл
бойы ғылыми еңбектен қол үзгендігін тебірене əңгімелеп» – көзіне жас үйірді.
Сол конференция қонақтарының шешімімен психология кафедрасының жанынан С.Балаубаев
атындағы ғылыми-зерттеу Орталығы ашылып, аудитория берілді. Күні бүгінге дейін жыл сайын «С.
Балаубаев оқулары» өткізіліп тұрады. Үстіміздегі жылы 10 рет өткізілмек.
Қорыта келе, С.Балаубаевтың психология ғылымындағы алатын алатын орны зор дей келе,
өкінішке орай ғалымның көптеген құнды еңбектерінің жағылып, жоғалыпкеткендігін үлкен қайғымен
айтумен айтуға болады. Бірақ бүгінгі жас буын қазақ ғұламалары Тілеуғабыл Өтебойдақ, Е. Суфиев
т.б. осы күндерде əлі де болса ескерілмей жүрген істерін еске алып жалғастыру бүгінгі ғылыми іздену
жұмыстарына негіз болуға тиіс.
Əдебиеттер
1. https://egemen.kz/article/nursultan-nazarbaev-bolashaqqa-baghdar-rukhani-zhanhghyru
2. Проблемы Казахстанской психологии. / Материалы межвузовской научно-практической конференции,
повященной 100 – летию независимости Республики Казахстан. Караганда: Изд-во КарГУ. – 2001.121 с.
3. С. Бармұхаметұлы. Бұлда сонда 4-9 б.
4. Б. Орманбаева Бұлда сонда 10-12 б.
5. Автордың қолымыздағы құжаттары.
9
Жарықбаев Қ., Перленбетов М., Олжаева А., Толешова Ұ.Б.
(Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,
əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
(Қазақстан Республикасы, Алматы қ, Қазақ психологиялық қоғамы)
ҚАЗАҚ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНА – 100 ЖЫЛ
Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұлтымыздың
түп тамырына оралу мəселесін көтере отырып, басқа да гуманитарлық ғылымдар арасында
психология ғылымын ерекше атап өткен. Қазақ халқының этногенезінде, ұлы дала жан ілімі
«психология» деп аталмағанымен, бұл туралы ғұламаларымыздың ой пікірлері, ұлттық тəрбие мен
тылсым дүниені түсінуде ата – бабамыздың рухани құндылықтары ілгері гуманистік үлгіде
қалыптасқанын байқауға болады.
Халқымыздың тəлім-тəрбиелік, педагогикалық-психологиялық ой-пікірлер тарихы ерте
замандардан бастау алады. Олардың əрісін былай қойғанда, бергісі VI-VIII ғасырлардағы Орхон-
Енисей түркі тас жазуларынан осындай өрелі ойлар көптеп кездеседі. Бұл жөнінде біз бұрын да сан
рет айтып, олармен оқырманды хабардар еткенбіз.
Ендігі əңгіме осындай ой-пікірлердің түп-төркіні қалайша ғылымға айналғандығы болып отыр.
Сөзіміз дəлелді болу үшін қазақтың ғылыми психологиясына қатысты тұңғыш деректерді Ж.
Аймауытов пен Ш. Құдайбердиевтің зерттеулеріне дəлел болатын материалдарды келтірейік:
1) Ж. Аймауытов «Қазақтың өзгеше мінездері» («Алаш» газеті, 1917 ж., 30 наурыз. Авторлары
Семей мұғалімдер семинариясында оқитын Ж. Аймауытов пен М. Əуезов);
2) Ж. Аймауытов «Тəрбие» («Алаш» газеті, 1917 ж., 30 наурыз, «Абай» журналы, 1918, №1, 2);
3) Ш. Құдайбердиев «Тіршілік жан туралы» (1919 ж. орыс тілінен Қамалұлы аударған
«Психология» оқу құралына рецензия. «Абай» журналы, 1918, №2);
4) Ғ. Қарашев. «Педагогика» («Мұғалім» журналы, 1919 ж., №1), т.б.
Егер 1917-1967 ж.ж. арасында елімізде психология ғылымы саласында қазақ жəне орыс тілдерінде
бар болғаны 800-ге жуық еңбек (аударма, оқу құралдары, журнал, жинақ материалдары) жарық көрсе,
тек қана 1991-2017 ж.ж. арасында, яғни тəуелсіздік алған 26 жылдың көлемінде осынау ғылымның əр
түрлі тақырыпта 1700-ден астам еңбек (бұлардың көбі қазақ тілінде) жарияланыпты. Олардың көбі
оқулық пен оқу құралдары, əдістемелік жинақтар, монографиялар, т.б.
Осы деректер қазақ тілінде бір ғасыр ішінде ғылыми психологияның қалайша өріс алғанын жақсы
көрсетеді. Бұлар əр кездері жарияланған библиографиялық көрсеткіштерден орын алған. Олар:
1) Психологияның қысқаша библиографиялық көрсеткіші (1917-1967). Қазақ-орыс тілдерінде. –
Алматы, 1967;
2) Библиографический указатель диссертации по педагогике и психологии, защищенных в
Казахской ССР (1950-1975). – Шымкент, 1976;
3) Библиографический указатель по всеобщей этнопсихологии (1950-1955). – Алматы, 1995;
4) Қазақ этнопсихологиясының библиографиялық көрсеткіші (1955-2011). Қазақ-орыс тілдерінде.
– Алматы, 2011;
5) Проф. Қ. Жарықбаевтың ғылыми еңбектерінің биобиблиографиялық көрсеткіші (1953-2017).
Қазақ-орыс тілдерінде. – Алматы, 2017.
Əр жылдары жарияланған осы көрсеткіштерге зер салсақ, елімізде 3000-нан астам психологиялық
басылымдар жарық көрген екен. Бұл аз дүние емес. Оқырман қауымы, мақала авторлары осы
материалдардың жүзден бір бөлігімен танысқанның өзінде қазақтың ұлттық ғылыми психологиясы
зор биікке көтеріле алғанын байқауына болады.
Енді Ж. Аймауытовтың психология мен педагогика саласындағы тұңғыш жарық көрген еңбегінің
бірі «Тəрбие» атты зерттеуіне тоқталайық. Автор тəрбие ұғымының оқу жəне оқыту процесімен
тығыз байланыстылығын айта келіп, антика, Рим дəуірінің атақты ғалым ғұламаларының
еңбектерінен (Аристотель, Сократ, Платон, Цицерон) бастап өткен ғасырдағы (Ф. Бэкон, Дж. Локк,
Ж.Ж. Руссо, И.Г. Песталоцци, беріректегі К.Д. Ушинский, А. Дистервег, т.б.) ұлы педагогтардың сан
алуан педагогикалық, психологиялық түйіндерін түйіндеп, тізбектейді. Қазақ халқының кемеңгер
ақыны Абай Құнанбаевтың «Мен егер уақыт қуаты қолымда бар кісі болсам, адам баласының мінезін
түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» деген ұлағатты сөзін келтіріп, адам тəрбиесінің зор
ғылым екендігіне тоқталады, кісіні бұзатын да, түзейтін де тəрбие екендігіне қазақ өмірінен көптеген
мысалдар келтіріп, тəрбиелеудің жекелеген əдіс, тəсіл, айлаларына сипаттама береді. Адам баласын
дұрыс тəрбиелеу үшін айқын мақсат болуы қажет. Адам мақсатсыз іс қылуға болмайды, тəрбие
туралы əр заманда шыққан білімді жандардың пікірі əр түрлі, бəреулері тəрбиенің мақсаты – дүниені