18
- тұлғаның өмір бейнесін, этностық таптаурындар, бағыт-бағдарларын, мінез-құлық
нормативтерін, этностық сана мен этностық өзіндік сананың қалыптасуының жағдайларын
этнопсихологиялық зерттеулердің біртұтас аймақаралық бағдарламасын құру мен іске асыру;
- балалық шақтың этнопсихологиялық аспектісін зерттеу жəне оның негізінде мектепке дейінгі
жастағы балалар мен мектеп оқушыларын оқыту мен тəрбиелеудің жаңа тұжырымдамасын жасау [8].
Профессор Қ. Б. Жарықбаев пен оның ізбасары Ж. Нүкежанов «полиэтностық мемлекетте... таза,
жеке этнос мəдениеті болмайтынын мойындай отырып, тұрғылықты қазақ ұлтының мəдениетін
ерекше бөліп көрсету, өзінің төл мəдениетін, дəстүрін, тілін, тарихын айқындап саралау – ұлттың
өзін-өзі сақтау инстинкті» деп бекітеді. Олар «Біз кімбіз?Өзгелерден қандай айырмашылығымыз бар?
деген сұрақтардың жауабын əркез көрсетіп отыруды этнопсихологиялық зерттеудің алтын діңгегі»
етіп белгілейді [8, 5 б.].
Сонымен қатар, Сократтың «Өзіңді өзің анып біл! деген сөзі тура біздің қазақ ұлты үшін
айтылғандай деп білетін қос ғылымның докторы, профессор Құбығұл Бозайұлы қазақ халқына
жаһандану дəуірінде жұтылып кетпей, ХХІ ғасырдың жаңа биігінен көріну үшін ұлттық келбет,
ұлттық мінез, ұлттық ерлік, ұлттық айбат, ұлттық намыс қалыптастыру ауадай қажет екенін айтады.
Мұны қалыптастыру үшін қазақтың болмысын, мінезінің сан қыры мен сырын күнгейі мен көлеңке
жақтарын зерттеу қажет дейді. Оның пікірінше, сонда ғана əрбір қазақ баласының басында ұлттық
түйсік, жүрегінің түкпірінде ұлттық мүдденің оты жанғаны көрінеді [9, 6-7 бб.].
Сонымен қорыта айтқанда, өз өмірін қазақ психологиясының өмірімен байланыстырған
этнопсихолог, ғалым-ұстаз, Қазақстанға еңбек сіңірген қоғам жəне техника қайраткері, педагогика
жəне психология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Б.Жарықбаевтың еңбектерінің ұлтжанды
ұрпақтың толық тұлғасын қалыптастыруда мəн-маңызы терең жəне арнайы зерттеуді қажет етеді.
Əдебиеттер
1. Жарықбаев Қ. Аталар сөзі – ақылдың көзі. – Алматы: Қазақстан, 1980. – 120 б.
2. Жарықбаев Қ. Қазақ психологиясының тарихы. – Алматы: Қазақстан, 1996. – 160 б.
3. Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С. Қазақ тəлім-тəрбиесі: Оқу құралы. – Алматы: Санат, 1995. – 35 б.
4. Жарықбаев Қ.Б., Табылдиев Ə. Əдеп жəне жантану ( Орта мектепке арналған оқу құралы ). – Алматы,
Атамұра. – 143 б.
5. Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С. Қазақтың тəлімдік ой-пікір антологиясы (VI ғасырдан ХХ-ғасырдың басына
дейінгі кезең) І-том. –Алматы: Рауан, 1994. – 317 б.; (ХХ ғасырдың 20-жылдарынан 1995 жылға дейінгі
кезең) ІІ-том. – Алматы: Рауан, 1998. – 415 б.
6. Жарикбаев К.Б. Психологическая наука Казахстана в ХХ веке. – Алматы: Издательство «Эверо», 2006. –
429 с.
7. Этнопсихология: учебное пособие /под ред. К.Б. Жарикбаева. – Алматы: «Қазақ университеті», 1998. –
133 с.
8. Жарықбаев Қ., Нүкежанов Ж. Қазақ этнопсихологиясының əдіснамасын жасаудың кейбір өзекті
мəселелері. Этнопсихология жəне этнопедагогика (Ұлттық тəлім-тəрбие). 2-ші жинақ. – Алматы: Тəлім-
тəрбие қауымдастығы, 1996. – 189 бет.
9. Жарықбаев Қ. Халқымыздың жақсы қасиеттерін өткен заманнан, ертеректегі уақыттан іздеуіміз
керек\\Жантану мəселелері. – 2009 ж. – № 3, 3-11 бб.
Жарықбаев Қ.Б., Нүсіпқожа Г.С.
(Қазақстан, Алматы,
ҚазҰУ, профессор,ҚазҰУ , магистрант)
ПРОФЕССОР М.М.МҰҚАНОВ (1920 – 1985 ) ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ
ҒЫЛЫМЫНЫҢ КӨРНЕКТІ ӨКІЛІ
М.М.Мұқанов 1920 жылы 4 қазанда Ақтөбе облысы №3 ауылында малшы шаруа Кутумов
Мұқанның отбасында дүниеге келген. Мəджиттің ата-анасы ол 12 жасқа толмай жатып ерте қайтыс
болады. Бастапқыда ол үлкен ағасының қолында тəрбиеленіп, кейіннен балалар үйінде тəрбиеленеді.
Қазақтардың коллективизация кезеңіндегі ауыр тұрмысы Мəджиттің тағдырына өз ізін қалдырды.
Мəджит өзінің туған бауырларының, туыстарының ішінен жалғыз қалады. 14 жасында өзінің еңбек
жолын бастап ол Ақтөбе қаласындағы ұшақ жөндеу шеберханасына жұмысшы болып орналасады.
Осы кездері ол жұмысшы жастардың орта мектебінде де оқиды.
Мектепті аяқтаған соң, комсомолдың жолдамасымен ол 1-ші Вольскідегі авиациялық техникалық
училищеге жіберіледі, жəне «кіші авиациялық техник» мамандығын алған соң Харьков қаласының
əскери бөлімінде істейді.. Содан соң кіші ұшқыш мамандар мектебінің оқытушысы бола жүріп,
Харьков университетінің тарих факультетінің кешкі бөлімінің 1-курсына оқуға түседі.1941-1945
жылдар аралығында – Ұлы Отан соғысы майдандарында авиация механигі ретінде техник-лейтенант
19
болды. 1945 жылы мамыр айында Кеңес Əскерінің қатарынан қайтарылғаннан кейін, М.М.Мұқанов
еліне қайтып, Ақтөбе қаласында темір жол училищесінде мұғалім жəне директор қызметін атқарады.
Осы уақытта ол А.И.Герцен атындағы Ленинград пединститутының педагогикалық факультетінің 3-
курсына түседі, оны аяқтаған соң біраз уақыт Қазақ Қыздар педагогикалық институтында психология
пəнінен сабақ береді. Сонан соң ол С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің
аспиранты атанады. 1953 жылы М.М.Мұқанов «Кеңес сарбазының ерлігінің сипатты психологиялық
ерекшеліктері туралы» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғайды. 1953 жылы ол Алматы
шет тілдер педагогикалық институтының педагогика мен психология кафедрасына жұмыс істеуге
ауысады. Кейіннен институттың педагогика жəне психология кафедрасының меңгерушісі болады
(1954-1958), ал 1967 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін Абай атындағы Қазақ педагогикалық
институтының психология кафедрасының меңгерушісі болды.
М.М.Мұқановтың ішкі зерттеуі профессор Т.Т.Тəжібаевтың жетекшілігімен 1953 жылы
С.М.Киров атындағы Қазақ Университетінде жекелеген мəселелеріне байланысты «О характерных
психологических особенностях советского воина (по материалам воинов Казахстанцев Великий
Отечественной войны (1941 – 1945 г.г)» атты кандидаттық диссертация.[1]
Бұдан кейінгі жылдары ол жалпы, жас ерекшелік, педагогикалық психологияның мектеп өміріне
байланысты аспектілерін зерттеуге кірісті. Осы салалар бойынша бірнеше еңбектер жазды. Олар:
«Ми жəне сана» (1956), «Оқушылардың зейінін зерттеу» (1960), «Бақылау жəне ойлау» (1959),
«Педагогикалық психология очерктері» (1962) т.б.
М.М.Мұқанов зерттеулерінің біразы бірі ойлау мен бақылау əдістерін ұйымдастырудағы
доминанттың рөліне байланысты жазылды. Мұнда автор А.А.Ухтомскийдің доминанта үстемдік ету
туралы ойы мен П.К.Анохиннің кері афферентация мен олардың психологиядағы мағынасы туралы
түйіндерінің табиғатымен анықтайды. Байқампаздықты тұлғаның жақсы қасиеті ретінде сипаттай
отырып, автор оның негізгі үш түрін көрсетеді: «тұрмыстық даналыққа» негізделген бақылағыштық,
натуралисттің бақылағыштығы мен ғылыми-зерттеу жұмысындағы бақылағыштық.М.М.Мұқанов
сондай – ақ кибернетиканың психологиялық аспектілерін қарастырады, адам миының жұмысын
кибернетикалық жүйелер жұмысымен сəйкестендіріп,олардың функционалдық қатынастағы
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ашып көрсетеді, мұндағы адамға ғана тəн ерекшеліктерді
көрсетеді. Автор басты назарды психиканы модельдеу ұстанымына, ұғым мен сөздің ара-қатынасы
мəселесіне аударады. Соңғы ІХ бөлімде қазақ ғалымы көшпенді қазақ халқында кеңінен таралған
«ақыл» ұғымына тоқталады. Ол аталған ұғым қазіргі психологияда айтарлықтай өзгеріске ұшырама
деп есептейді. Егер ертедегі қазақтар оны адамның тұрмыстық даналығы арқылы, дау-дамайды
олардың сыртқы белгілеріне қарап əділ шешу қабілетіне жатқызса, қазір «ақыл «заттардың ішкі
мазмұнына ене алу қабілеті» ретінде ұғынылып жүр.[2]
Əрине, төл тіліміздегі бұл еңбектерде кемшіліктерде жоқ емес. Мəселен, ол аталған еңбекте
қазіргі психологиядағы «қабылдау», «түйсік» сияқты терминдерді қолданбайды, олардың қоршаған
ортаны танудағы ролін ашып көрсетпейді, барлық жерде «бақылау» (наблюдения) терминін
қолданады. Біздіңше, қазақ психологиялық терминологиясын қолданғанда зерттеуден біраз
қателіктер жіберген. Ол психологиямен физиологияның барлық терминдерін сондай – ақ
интернационалдық терминдерді де қазақ тілінде қалай болса солай қолдана салған. Мұндай əдіс осы
кітапта баяндалған материалдарды дұрыс қабылдауды қиындатады.
«Педагогикалық психологияның очерктері» деп аталатын екінші жұмысында (1962), автор қазақ
мектептеріндегі оқу-тəрбие жұмысының психологиялық негізін түсіндіруге тырысады. Бұл қазақ
тілді оқырмандарға арналған төл тіліміздегі алғашқы зерттеу болып табылады.[3] Автор енді бір
зерттеулерінде мектеп оқушыларына ана тілі мен өзге тілдерді меңгерудің психологиялық
ерекшеліктерін көрсетуге тырысады. Сайып келгенде, М.М.Мұқанов білім алушылар қалай білім
алудың тиімді жолдарын, қандай жағдайларда олардың психологиялық əрекеті қажетті білімді тиімді
қабылдауға ықпал ететіні туралы біраз мəселелерге талдау жасайды. Автор қазақ оқырмандарына
П.П.Блонский мен Л.С.Выготскийдің педагогикалық психология туралы концепциялары туралы жəне
оқырман назарын осы тақырып аясына алдағы жерде де əртүрлі зерттеу жұмыстарын жүргізуге
меңзейді.
Қолданылған əдебиеттер
1. Қ.Б.Жарықбаев. «Қазақ психологиясының тарихы». Алматы,1996ж
2. М.М.Мұқанов. «Ақыл ой – өрісі ». Алматы,1980ж
3. М.М.Мұқанов.«Педагогикалық психологияның очерктері». Алматы,1962ж