Атты VII халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференция жəне қазақ психологиялық ҚОҒамының І қҰрылтай съезінің



жүктеу 9,13 Mb.
Pdf просмотр
бет25/207
Дата14.11.2018
өлшемі9,13 Mb.
#19911
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   207

52 

Əдебиеттер 

1.  ГапоноваС.А. Особенности адаптации студентов вузов в процессе обучения // Психол.журн. 1994. № 3.  

1.  О.И., Кряжева И.К. Некоторые аспекты социально-психологической адаптации личности //Психологические 

механизмы регуляции социального поведения / Отв. ред. М.И. Бобнева, Е.В. Шорохова. М., 1979. С. 219- 

232. 

2.  Кузнецов П.С. Концепция социальной адаптации. Саратов, 2000.  



3.  Стефаненко Т.Г. Этнопсихология. М., 1998. Вып. III.  

4.  Шпак Л.Л. Социокультурная адаптация: сущность, направление, механизмы реализации: Дис. …д-ра социол. 

наук. Кемерово, 1992 . 398 с. 

5.  A., Bochner S. Culture Berry J.W. Immigration, Acculturation and Adaptation. Ontario, 1996.  

 

 

Сарсекенова А.Б., Конкаева О.Б., Аязбаева Н.Г. 



 («Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша  

педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты,  

«Тұлғаны тəрбиелеу жəне əлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушылары) 

 

ҰЛТТЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Ұлт  психологиясы – этнопсихологияның  негізгі  мəселесі.  Бүкіл  халық  ұстанатын  тəлім – 

тəрбиелік  нормаларды  жан  жүйесі  тұрғысынан  баяндау – барлық  адамзатқа  ортақ  халықтық 

психологияның  зерттеу  нысанасы  болып  табылады.  Ғасырлар  бойы  жинақталып,  бір  жүйеге  түскен 

ұлттық дəстүр, салт – сана, əдет – ғұрып ұрпақтан ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл 

–  ой,  эстетикалық,  еңбек,  тəрбие  түрлеріне  қатысты  таптаурынды  нормалар  мен  принциптер,  яғни 

белгілі бір этностың, жалпы мінез – құлқы, іс – əрекетінің ішкі астарлары сөз болады.  

Біріншіден,  ұлттық  психология қоғамдық  (немесе  əлеуметтік)  психологияны құрайтын 

элементтердің  бірі,  оның  құрамдас  бөлігі  болып  табылады.  Бұны  түсіну  үшін  қоғам  əлеуметтік 

топтардан  құралады.  Əр  əлеуметтік  топтың  өзіндік  психологиялық  ерекшеліктері  болады. Осының 

негізінде  ұлттық  психология  қоғамның  психологиясын  айқындайтын  құрауыш  екендігі  туындайды. 

Əр ұлтта – қоғамды құрайтын əлеуметтік топтың бірі. 

Екіншіден,  ұлттық  психология  ұлтаралық  қатынастар  идеологиясымен,  ұлттың  құндылықтарға 

қатысымен  бірге  қоғамдық  сананың  маңызды  құрауышы  болып  табылады.  Қоғамдық  сана – 

қоғамның рухани дамуының барлық жақтарын көрсетеді.  

Үшіншіден, ұлттық психология – ұлттың негізгі белгілерінің бірі болып табылады.  

Ұлттық  психология – белгілі  бір  ұлт  өкілдеріне  тəн,  ұрпақтан  ұрпаққа  беріліп  отыратын  мінез-

құлық пен психологиялық қарекет ерекшеліктері. Ұлттық психология рухани мəдениетте, сезімдерге, 

əдет – ғұрыпта,  тілде,  адамгершілік  əдептік  салада  ұлттық  мінездің  көптеген  психологиялық 

көрністері мен этностық белгілерін қамтиды. Ұлттық психология рухани мəдениетте, сезімдерде, əдет 

– ғұрыпта, тілде, адамгершілік əдептілік салада ұлттық мінездің көптеген психологиялық көрністері 

мен  этностық  белгілерін  қамтиды.  Ұлттық  психология – тіпті  əр  түрлі  таптарға  жататын  адамдарға 

мінез – құлықтың орнықты негіздерінің бірі.[1] 

Қоғамда  болып  жатқан  өзгерістерге  тəуелді  ол  да  өзгеріп  отырады.  Халықтық  психология – 

психика мен мінез – құлықтың қанға «сінген», тез өзгеріп, не жоғалып кетпейтін ұлттық бітісі, мезгіл 

мөлшерімен алғанда ұзақ дəуірдің жемісі. 

Ұлттық  психология – əр  ұлттың  төлқұжаты,  мəселен, «ұлттық  мінез», «ұлттық  мақтаныш», 

«ұлттық  намыс», «ұлттық  дəстүр», «ұлттық  сана»,  т.б.  ұғымдар  ұлттың  бүкіл  дүниежүзілік 

мəдениетке  үлес қосуында белсене қызмет істейтінін, ұлттық таланттың  көзін ашатын ақыл – ойын 

жинақтап, оларды бір арнаға бағыттайтын катализатор. «Қазір қазақ ғылымын халықаралық дəрежеге 

жеткізу керек» деген сындарлы пікір бар. 

Этнопсихология – əрбір  халықтың  рухани  əрекетін  (миф,  фольклор,  тіл,  дəстүр,  салт,  əдет – 

ғұрып,  діл,  дін  т.б.),  жемісін  сол  халықтың  психологиясын,  сана – сезімін  көрсететін  негізгі 

өлшемдер.  Этнопсихология  жеке  ғылым  ретінде  ХІХ  ғасырдың  орта  шенінде  Ресейде,  кейінірек 

Батыс  Еуропа  елдерінде  (Лацарус,  Штейнталь,  Вунт,  т.б.)  пайда  болды.  Қазақ  топырағында  бұл 

мəселемен  көбірек  айналысқан  Шоқан  Уалиханов  еді.  Оның  еңбектерінде  халық  рухы  дейтін  ұғым 

жиі кездеседі. Мұны халықтық психология ұғымының синонимі деуге болады. Бұдан біртуар ғұлама 

ғалымның  еуропалық  этнопсихологтардың  еңбектерінен  біршама  хабардар  болғаны  байқалады. 

Этнопсихология зерттейтін проблемалар (ұлттық тұрпат, ұлттық сана, халық рухы, дəстүр, салт. т.б.) 

сан  алуан.  Қазақтың  мінез-құлқы,  ұлттық  ерекшеліктері,  яғни  ұлттық  психологиясы  оның  ғасырлар 

бойы  қалыптасып,  ұрпақтан-ұрпаққа  аманат  ретінде  ауызша  жетіп,  ауызша  таралып  келе  жатқан 

мақал  –мəтелдері  мен  нақыл  сөздерінде  тұнып  тұр.  Яғни,  қазақ  халқының  ұлттық  психологиясын 




53 

білгісі  келген  адам,  ең  алдымен  оның  жазылмаған  заң  іспетті  «том-томдаған»  мақал-мəтелдері  мен 

нақыл сөздерін, батырлар жыры мен шешендік сөздерін тереңірек білсе жетіп жатыр. Сонда ғана ол 

ұлттың өзіне ғана тəн ерекше бет-бейнесін, мінез-құлқы мен жан-дүниесін анық аңғаратын болады.[2] 

Шығыстың  ұлы  ғұлама  ойшылы  Əбу  Насыр  əл-Фарабидің  ғылыми  ізденістерінде  этнопси-

халогиялық  білімдер  жөнінде  жекелеген  мəселелер  елеулі  орын  алды.  Сондықтан,  ол  былай  деген 

халықтар  бір – бірінен  үш  табиғи  қасиеттерімен  ерекшеленеді:  құқық,  мінез-құлық  жəне  тіл.  Оның 

ойынша осы ерекшеліктер бірқатар факторлардың айырмашылықтарымен түсіндіреді: аспан денелер 

ережесі,  планеталардың  жақындап  немесе  алыстауы,  жұлдыздардың  үйлесім  табуы,  сонымен  бірге 

географиялық  шарттар  (ауа,  жер  сапасы,  ландшафттар  т.б.).  Ғұлама  ойшыл  стериотиптердің 

ерекшеліктеріне  мінез-құлықтарына,  қасиеттеріне,  құқықтарына  тəн  түріктерге,  арабтарға  басқа  да 

ұлт  өкілдеріне  сол  кездегі  көп  ұлтты  мемлекет  Араб  халифатына  сипаттама  берген.  Ғұлама 

ойшылдың  қызықты  ойлары  аумақтық  жəне  экономикалық  жақын,  рухани  түрік  жəне  славян 

халықтары. Оның айтайын дегені, сол уақыттардағы түрік халықтарының славян халықтарымен өзара 

қарым-қатынастың  үйлесімділіктің  негізі  орыс  халықтары.  Атап  айтқандай,  табиғи  ортада  өзара 

əрекеттер  мен  өзара  қарым-қатынас  ерекшеліктерді  дамыту  этностардың  өзге  де  алғышарттары 

белгілі бір жүргізуші қызмет жасайды деген. 

ХІ – ХІІ  ғ.қазіргі  Қазақстан  аумағында  пайда  болған  этикалық-психологиялық  трактаттар  түрік 

тілінде  жергілікті  авторлармен  жазылған.  Бұл  «Құдатығу  білік», «Даналық»  кітабы,  А.  Жүнекейдің 

«Шынай сыйлық», т.б. 

Қазіргі  заманғы  зерттеушілер  проблемасы  ұлттық  психологияның  бірнеше  еңбектерден  аз  емес, 

тіл туралы құнды сөздер, түрлі түркі тайпалары туралы, олардың əндері, жұмбақтар, мақал-мəтелдер, 

салт-дəстүрлер, діни сенімдер жөнінде айтуға болады.  

ХV-XVII  ғ.  Қазақ  халқының  тарихында  ұлттық-психологиялық  жəне  əлеуметтік  қатынастардың 

аса маңызды кезеңдері болды. Орта ғасырларда Жамбыл облысында бірінші Қазақ хандығы құрылды. 

Дербес  білімі  бар  Қазақ  хандығы  басқа  ұлт  өкілдері  өзбек,  қырғыз  жəне  басқа  да  түркі  тектес 

халықтар сияқты өздігінен қазақ мəдениетін құратын болды.  

Л.Р.  Герхем  əр  этнос  өмір  сүре  отырып,  елеулі  жетістіктерге  өнерге  жəне  философияға  шебер 

мəдениетке қол жеткізді, өйткені органикалық жəне тұпнұсқалық əлемдік сезінулерге ие деген. 

Осы  кезеңдері  рухани  өмір  шетінен  қазақ  этносының  мақсат – мұраттары  өзіндік  қоғамдық 

ойлардың  əртүрлі  бұтақтары  өз  дамуын  жаңа  бетке  дами  бастайды.  Бұл  үрдіс  көшпенділердің 

психологиялық  мəдениетін  дамытуға  арналған,  бірінші  кезекте,  халық  психологиясы  дала 

адамдарының дамуына өзіндік ізін қалдырған. [3] 

Халықтық  психология – адамдардың  қоғамдық  жəне  жеке  тəжірибесінен,  өмірдегі 

пайымдауларынан  туындайтын  қарапайым  психологиялық  білімдердің  жүйесі.  Бұл – адам  мінез – 

құлқының көптеген жақтарын қамтып, белгілі этностың өзіне тəн психикасы жөнінде біршама мəнді 

мағлұматтар  беретін  ілім – білімдердің  жүйесі.  Əйтсе  де  бұлар  арнайы  ғылыми  жүйеге 

негізделмегендіктен, жеке тұлғамен этнос психологиясын ажыратуға жөнді жарай бермейді. Мұндай 

жағдайда  біз  тек  ғылыми  психологияның  деректеріне  сүйенеміз.  Халықтық  психологияның 

теориялық  мəселелерін  зерттеумен  этнографиямен  астарласа  дамыған  этнопсихология  атты  ғылым 

саласы  шұғылданады.  Халқымыздың  ұлттық  психологияның  негізі  рухани  адамгершілік  пен 

имандылықтың басты көрнісі, ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық сананың тəжірибесінің айғағы. 



 

Əдебиеттер 

1.  http://kk.wikipedia.org/wiki/. 

2.  Қ. Жарықбаев. «Жалпы психология» Алматы, 2004ж 

3.  Қ.Жарықбаев., А.К. Олжасов., М.К. Ахметова «Казахская этнопсихология» Алматы 2014ж 



 

 

Сахиева Ф.Ə, Аманбай А.Ж. 

(Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы.,  

М.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университет) 

 

ТҰЛҒА ҚҰРЫЛМЫНДАҒЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН  

ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА БАҒДАРЛАНУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ 

 

Қазіргі  жаңа  қоғамдық,  əлеуметтік-мəдени  жағдайларға  байланысты  туындайтын  көптеген 

өзгерістер  білімдер  жүйесіндегі  педагогикалық-психологиялық  бағыттарда  жаңа  бағыттағы 

өзгерістерді  талап  етеді.  Бұл  мəселені  шешу  ең  адымен  ұлттық  мəдениет  пен  жалпы  адамзаттық 

құндылықтарға негізделген мəдени құрылымдарға байланысты [1].  



жүктеу 9,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   207




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау