Атты VII халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференция жəне қазақ психологиялық ҚОҒамының І қҰрылтай съезінің



жүктеу 9,13 Mb.
Pdf просмотр
бет24/207
Дата14.11.2018
өлшемі9,13 Mb.
#19911
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   207

50 

Бейімделу  тар,  əлеуметтік-психологиялық  мағынада  тұлғаның  аз  топпен  қатынасы  ретінде 

қарастырылады,  əдетте – өндірістік  немесе  студенттік.  Яғни,  əлеуметтік  психология  тұрғысынан 

бейімделуі  тұлғаның  кішкене  топқа  кіру,  онымен  орын  алған  нормалар,  қатынастар,  оның 

мүшелерінің  арасындағы  байланыста  белгілі  құрылымдық  орынды  иемдену  процесі  ретінде 

қабылданады. Бейімділіктің əлеуметтік-психологиялық зерттеу ерекшеліктері, біріншіден, жеке тұлға 

мүшесі  болып  табылатын,  жеке  тұлға  мен  қоғамның  қарым-қатынасы  аз  топтармен  жанама  ретінде 

қарастырылады, екіншіден, жаңа əлеуметтік орта қалыптастыра отырып, аз топтың өзі бейімделу іс-

əрекетіндегі жақтардың біріне айналады – адам үйрене алатын жақын қоршаған ортасына [2]. 

Басқа сөздермен, бейімделу байланыс жасайтын жақтардың өзгеру ретінде қарастырылады. Тұлға, 

жаңа  əлеуметтік  ортаға  кіре,  белгі  түрде  өзінің  қрым-қатынас  жүйесін  өзгертеді.  Өз  алдына,  топ 

өзінің  норма,  дəстүрлер,  ережелерінің  түзетілімімен  жаңа  келген  адамның  келуіне  əсер  етеді.  Осы 

бағыт  жұмыстарында  үлкен  аспект  тұлғаға  қойылады,  дəл  соған  бейімделу  процесінде  шешуші  рөл 

беріледі.  Сонымен  қатар,  бейімделу  кикілжіңді  мəселелеріне  байланысты  жұмысты  адам 

бейімделетін  орта  емес,  зерттеу  объектісі  деп  атауға  болады,  қазіргі  зерттеу  объектісі  бейімделудің 

белсенді  мүшесі  ретіндегі  топ  саналады.  Бұл  жағдайда  оны  «топтың  бейімделгіштік  қасиеті» 

сипаттайды [3. С.56]. 

Əлеуметтік-психологиялық бейімделудің мəселелерінің қолданбалы аспектілері көптеген салалар 

бойынша көптеген ғалымдармен зерттелуде: тұлғалардың дамыған топтар мен ұжымдарда бейімделуі 

(Георгиева, 1985; Свиридов,1974; Таранов,1976; Ходаков, 1976; Хохлова, 1981 жəне т.б.); ртүрлі оқу 

(Гапонова, 1994 жəне т.б.), еңбек, өндірістік қызметтерде (Жмыриков,1989; Шалыто,1989 жəне т.б.), 

əртүрлі  психосоматикалық  жəне  невротикалық  ауруларда  (Бурлачук,  Коржакова)  жəне  т.б. 

əлеуметтік-мəдени  бейімделу  негізінде  əлеуметтік-мəдени  айырмашылықтар  жатыр,  яғни  оларды 

қолдану,  мəдени  қызметтің  құрылымы  мен  сипатында,  əлеуметтік-мəдени  қарым-қатынаста 

суъектінің  белсенділік  деңгейіндегі  рухани  нығметтер  мен  қызмет  түрлеріне  қолжетімдік  пен 

олардың  таратылуындағы  айырмашылығында [4]. Л.Л.  Шпактың  ойынша  əлеуметтік  бейімделу – 

«бұл  рухани-практикалық  мүкіндіктер  мен  нақты  бейімделу  оқиғаларындағы  қызмет  нəтижелермен 

субъектілер  мен  əлеуметтік-мəдени  ортаның  өзара  бейімделу  формасы».  Бұл  автордың  ойынша 

əлеуметті-мəдени  бейімделу  басқа  бейімделу  түрлерінен  аксиологиялық  атауымен,  орналасу 

құндылықты  бағдарлы  құрылымымен,  бейімделу  қызметінде  заттық-практикалық  байланысуымен 

айрықшаланады. 

Егер 


бейімделудің 

əлеуметтік-кəсіпқойлық 

жəне 

əлеуметтік-тұрмытық 



əртүрлілігінде заттық-практикалық іс-əрекеттер көп байқалып жатса, онда бейімделудің əлеуметтік-

саяси,  əлеуметтік-психологиялық  жəне  əлеуметтік-мəдени  іртүрлігінде  бейімделушілердің 

құндылықты  бағдарлық  мағынаға  ие  жəне  адамның  бейімделу  мүмкіндігін  іске  асырушы  рухани-

практикалық  күш-жігері  асым  түседі.  Əлеуметтік-мəдени  бейімделудің  ішкі  қайнар  көзі  ретінде 

өзгерген əлеуметтік-мəдени ортаның шартында жаңа тұтынушыларға жəне мүмкін бейімделушілерге 

мəдени қызметтің негізгі, əдетті формалары мен əдістерінің сəйкессіздігі саналады. 

Əлеуметтік-саяси  жəне  əлеуметтік-экономикалық  өзгерістердің  нəтижесінде,  халықтың 

айтарлықтай бөлігі биологиялық əлеуметтік бірдейлік дағдарысын бастан кешетінін айта кеткен жөн. 

Бұл дағдарыстың жағымсыз белгілері өзін нашар сезінуде, осы немесе басқа əлеуметтік топқа (кəсіби, 

этникалық) қатысты əртүрлі жағымсыз сезімдерге алаңдауда байқалады.  

Г. Тежфел  мен  Дж. Тернердің  əлеуметтік  идентификация  үлгісіне  сəйкес  адам  өзінің  позитивті 

əлеуметтік  тобына  күмəн  келтіруі  позитивті  əлеуметтік  бірдейлікті  жоғалтып  алуымен,  демек 

адамның  өзін-өзі  бағалауды  жоғалтуымен  түсіндіреді.  Осы  ғалымдардың  пікірінше  өзіңді 

құрметтеудің базалық қажеттілігін жүзеге асыру үшін, адам жоғары субъективті статусқа ие болған 

қандай-да бір позитивпен бағаланатын əлеуметтік топқа қосылуға талпынатын болады.  

Л.Л.  Шпак  əлеуметтік  мəдени  бейімделудің  субъективті  белгілеріне  бейімделушінің  өзінің 

əлеуметтік-мəдение ортадағы жағдайына қанағаттануын; бұл əлеуметтік-мəдени орта дəстүрлері мен 

нормаларын  зеделі  түрде  қолдауды;  осы  ортамен  əлеуметтік  байланыстың  əдістері  мен  формалары, 

құрылымын  байыға  деген  ұмтылыс  пен  дайындықты  жатқызады.  Бейімділіктің  басты  объективті 

белгілеріне,  автордың  ойынша,  осы  орта  мен  барлық  қоғамның  əлеуметтік-мəдени  процестерінде 

шығармашылық  белсенділігінің  артуы  жатады;  осы  əлеуметтік-мəдени  орта  шарттарында  мəдени 

қызметтің  құрылымы  мен  сипатының  байытылуы,  динамикалық  (тереңдік  бойынша  энергиялық, 

интенсивті, қарқындылығы бойынша шапшаң, мəдени процес жетістіктерін ішкі қозғалмалы меңгері 

(ғылыми-техникалық жаңалықтарды, еңбектегі жаңалықтарды енгізу, саяси жəне рухани өмір саласы; 

осы əлеуметтік-мəдени ортадағы бейімделу субъектісінің тұрақтылығы. 

Тұлғаның  бейімделунің  субъективті  критерийлері  жеке  сферасындағы  барлық  деңгейдегі 

өзгерістерінде  байқалады.  Жеке  сферасы – когнитивтік  (жаңа  орта  туралы  хабардар  болу), 



51 

эмоционалды  (өмірдің  түрлі  аспектілерімен  қанағаттану),  құндылық  (қарым-қатынас  жүйесіндегі 

өзгерістер), мінез-құлық (қызметтің жетістіктері мен коммуникация, əлеуметтік қызмет жəне т.б.).  

Көптеген  критерийлер  бейімделу  феноменінің  объективті  күрделілігін  жəне  белгісіздігін 

көрсетеді,  ол  бүкіл  адамның  əлеуметтік  ортаға  байланысы  бар  байлығына  əсер  етеді.  Бейімделу 

көрсеткіштерін  анықтау  деңгейінде  қолданбалы  зерттеудегі  əдіснамалық  қиындықтарына  себеп 

болады.  Жоғарыда  айтылған  қиындықтарды  жеңу  амалдарының  бірі  бейімделудің  басқалармен 

салыстырғандағы басты көрсеткіштерін ажырату.  

Көбіне,  И.К. Кряжева  «əлеуметтік-психологиялық  бейімделудің  феноменінде  жеке  тұлғаның 

өндірістік  қызметке  тартылуын,  сондай-ақ  тұлғаның  оңтайлы  эмоционалды  əл-ауқатын»  атап 

көрсетеді  жəне  тұлғаның  өндіріске  бейімделуінің  басты  əлеуметтік-психологиялық  көрсеткіштеріне 

оның  «диспозиция  сипаттамалары,  құндылық  бағдарлау  бағыты,  сондай-ақ  өндірістік  топтың 

əлеуметтік-психологиялық климаты» жатады [5. С.206]. 

«Əлеуметтік-психологиялық бейімделудің көрсеткіштері» ұғымын қарастыра отырып, «бейімделу 

факторлары»  ұғымынсыз  жүзеге  асыруға  болмайды.  Бейімделудің  факторлары  туралы  сұрақтар 

бейімделу  процесінің  детерминациясы  мəселесіне  жатады.  Фактор  дегенде  бейімделу 

көрсеткіштерінің мағыналарына əсер ететін жағдайларды айтады. 

Бейімделу факторларының басқа аз таралғаны олардың уақытша жəне бастапқы деп бөлінуі, онда 

біріншісі  бейімделудің  барлы  қпроцесінде  іске  асырылады,  ал  екіншісі  оған  бірен-сараң  əсер  етеді. 

Бұндай  қатал  жəне  шартсыз  факторлар  іс-əрекетін  уақытта  бөлу,  біздің  ойымызша,  шынайылыққа 

сəйкес  келмейді,  себебі  уақыттық  жəне  мəңгілік  факторлар  жоқ,  тек  қажеттіліктерді  өзекті  етумен 

белгілі  маңыздылыққа  ие  болатын  факторлар  ғана  бар.  Басқаша  айтқанда,  факторлар  өздігінен 

маңызды емес, керісінше тек қана сəйкесінше қажеттіліктерді өзекті ету кезінде маңызға ие.  

Осы  мақалада  баяндалған  отандық  жəне  шетелдік  психология  ғылымының  теориялық  жəне 

əдістемелік  жетістіктеріне  сүйене  отырып  əлеуметтану  жəне  бейімделу  психологиясы  саласындағы 

практикалық  атқарымдар,  əлеуметтік-психологиялық  бейімделу  эмпирикалық  негіздеріне 

төмендегілерді қамтушы ұғымдар кіруі керек деп айт аламыз. 

Бізден  ойлап  табылған  ыңғайға  сай,  тұлғаның  жаңа  əлеуметтік-мəдени  ортада  əлеуметтік-

психологиялық бейімделуі ұғымымен біз, нəтижесінде əлеуметтік-мəдени жағдайларға сай дəлме-дəл 

өзгерген  жаңа  жағымды əлеуметтік сəйкестілік  құрылатын  əртүрлі  мəдениет  өкілдерінің  қиын  жəне 

көпөлшемді  қарым-қатынас  процесі  ретінде  білетін  боламыз;  тұлғаның  əртүрлі  қызмет  түрлеріне 

өзінің белсенді қосылу мүмкіндіктеріне сай тұлғалық əлеуетінің (жəне, ең алдымен, кəсіби қызметін), 

тұлғааралық қарым-қатынас жүйесінің əлеуметтік-мəдени жəне əлеуметтік-саяси қоғам өмірінің арту 

процесі,  өзін-өзі  құрметтеу  жəне  өзін  тұлғалық  өзекті  ету  қажеттіліктерін  жүзеге  асыру  үшін 

жағдайлар табу. 

Бізге  əлеуметтік-психологиялық  бейімделудегі  ортақ  процесте  əлеуметтік  бейімделуді 

нəтижесінде  жеке  тұлғаның  жаңа  əлеуметтік  ортаның  талаптарына  сыртқы  жүріс-тұрыс 

стратегиясының  өгерісі  орын  алатын  процес  жəне  ішкі  тепе-теңдік  орнайтын,  жаңа  əлеумттік 

контектінде  психологиялық  қанағаттануға  қол  жеткізілетін  процес  ретіндегі,  психологиялық 

бейімделуді ерекшелеп белгілеу абзал көрінеді.  

Əлеуметтік-мəдени  ортасының  өзгерісі  тұлғадан  оған  жаңа  жағдайларда  жаңа  əлеуметтік 

байланыстар  орнатуды,  өзінің  орындаын  табуды,  кəсіби  іске-асыруды,  өзін  орнығып  қойған 

əлеуметтік-мəдени қатынастар жүйесіне өзін кіріктіруді талап етеді. Бұл талаптар жеке тұлға алдына 

сəйкес бейімделу стратегиясының мақсатн қою жəне іске-асыруды қояды.  

Əлеуметтік сəйкестіктің дағдарысы құрылып қойған əлеуметтік-мəдени қатынастар жүйесіне өзін 

орнықтару,  өзінің  жаңа  жағдайлардағы  орнын  табудағы  жеке-тұлғалық  механизмдерінің  күшті  алға 

ұмтылуға  ынталандырылуы  ретінде  орын  алады.  Жаңа  жағдайларда  осы  жеке  тұлғалық  сəйкестік 

жеке  тұлғаның  бейімделуіндегі  мейлінше  табысты  стратегиясын – интергацияны  таңдау  жəне  іске 

асыруда  басты  болады.  Осыдан,  жеке  тұлғалық  адам  əлеуеті  қаншалықты  бейімделу  процесіне 

кіргендігіне байланысты, оның бейімделуінің таыстылығы да байланысты болады.  

Тұлғаның  əлеуметтік-психологиялық  зерттеуіне  осы  ыңғайды  қолдану,  біздің  ойымызша, 

тұлғаның жəне əлеуметтік, мейлінше толық жəне терең түсінікті жетуге мүмкіндік береді, бұл – тұлға 

мен  əлеуметтік-мəдени  ортаның  арақатынасы  процесін  түсіну,  оған  дəлме-дəл  түсініктеме  табу, 

тұлғаның  жаңа  əлеуметтік-мəдени  ортаға  кіру  процесінің  табыстылығына  əсер  ететін  басты 

факторларын таңдау. Осы айтылған мəселелер практикалық түрде қоғамда болып жатқан бейімделу 

процестерінің əлеуметтік болжамдануына қолданылуы мүмкін.  

 

 

 

 



жүктеу 9,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   207




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау