76
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
−
эффективность производственного контроля, испытаний и обследований;
−
уровень обеспечения пусконаладочных и монтажных работ;
−
уровень технического обслуживания в постпроизводственный период; сервисного
и гарантийного обслуживания.
То есть речь идет о потенциальных возможностях самого предприятия по
обеспечению собственной конкурентоспособности.
Факторы могут воздействовать как в сторону повышения конкурентоспособности
предприятия, так и в сторону уменьшения[2,с.244]. Факторы - это то, что способствует
превращению возможностей в действительность. Факторы определяют средства и
способы использования резервов конкурентоспособности. Но наличие самих факторов
недостаточно для обеспечения конкурентоспособности. Получение конкурентного
преимущества на основе факторов зависит от того, насколько эффективно они
используются и где, в какой отрасли они применяются.
Список использованных источников
1. Конкурентоспособность: тактика и стратегия промышленного предприятия.
Автор: Карпов А.Л.Издательство: ОмГУ, 2010 г.
2. Оценка конкурентоспособности предприятий (организаций). Теория и
методология: учебное пособие. Авторы: Царев В.В., Кантарович А.А., Черныш В.В.
Издательство: Юнити-Дана, 2011 г.
3. Современные методы обеспечения конкурентоспособности в
предпринимательстве.Автор: Левшина О.Н.Издательство: Юриспруденция, 2011 г.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын қызметін
маркетингтік басқару
Асанова Т.А., Алманиязова К.Н.
Орталық Азия Университеті, Қазақстан-Ресей Медицина Университеті,Алматы
E-mail: tomiris_8@mail.ru, jan1575@mail.ru
Кәсіпорын өндірістік-шаруашылық қызметін басқаруда маркетингтің қағидалары
мен әдістерін пайдалану нарықтың тауарлармен қанығуының шамасына қарай
қажеттілікке айналып келеді. Мұндай жағдайда кәсіпорынның табыстылығы ең алдымен
оның нарықта орын алатын барлық өзгерістерге, жаңа қажеттіліктерге жаңа өнім мен
технологияларды игеру жолымен қаншалықты икемді және жылдам қарсы әрекет
жасауына, сондай-ақ тұтынушы сұранысы жағдайының белгісіздігіне икемделу
дәрежесіне байланысты болады.
Қазіргі кезде маркетингтің келесідей әдістері мен тәсілдері неғұрлым үлкен
тәжірибелік маңызға ие: нарықты жүйелі және жан-жақты зерттеуді ұйымдастыру және
тауарларды шығаруды жоспарлау барысында оның талаптарын барынша ескеру,
нарықтың дамуының ықтимал тенденцияларын ескере отырып жұмысты болжамдау;
өнімнің жаңа түрлерін жасап шығару мәселелеріне кешенді ыңғаймен келу, тауарларды
өткізу жүйесін мақсатты түрде жетілдірудің әдістері, тұтынушыларға бағытталған
кешенді ықпал етудің тәсілдері. Осы шаралардың барлығын жүзеге асыру үшін
кәсіпорындар маркетинг қызметін ұйымдастыру қажет. Ол кәсіпорын мен ақырғы
тұтынушылардың арасындағы байланыстырушы буынға айналуы тиіс[1].
77
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Кәсіпорынның өндірістік
және функционалдық қызметі
.
Сурет 1 – Кәсіпорынды басқару жүйесіндегі маркетинг
қызметінің рөлі
Маркетингті басқару – бизнесті басқарудың аса маңызды құрамдас бөлігі.
Маркетингті басқаруды жиі нарықтық мүмкіндіктерді талдау, мақсатты нарықты таңдау,
маркетинг кешенін әзірлеу және компанияның негізгі міндеттеріне қол жеткізу
мақсатында маркетингтік шараларды жүргізуді қамтитын кәсіби қызмет немесе
кәсіпорынды басқару үрдісі деп анықтайды. Маркетингті басқарудың субъектісіне
мамандар, кәсіпорын басшылығы жататын болса, ал оның объектісі кәсіпорын өнімі,
жарнамасы, баға саясатын ұсынатын нарықтағы жайғасымды таңдау бойынша
талдамалық және зерттеушілік қызметтері қамтиды. Кәсіпорынның мақсаттары мен
міндеттіріне байланысты маркетингті стратегиялық және тактикалық басқару
қолданылады[2].
Тәжірибеде маркетингті басқарудың үш бағытты қарастырылады. Атап айтқанда,
кәсіпорынды маркетингтік басқару, маркетингтік қызметтерді басқару және сұранысты
басқару.
Сурет 2 – Маркетингті басқару бағыттар
Кәсіпорынды маркетингтік басқару стратегиялық маңызды бағыт болып табылады.
Ол маркетингтік қызметті басқару және сұранысты басқару бағыттарына ықпалын
тигізеді. Кәсіпорынды маркетингтік басқару («нарыққа бағытталу») заманауи маркетинг
қағидаларына, жаңа ойлау қабілеті мен жаңа әрекет ету үлгісіне, кәсіпорынды нарықпен
байланыстыратын коммуникативтік байланыстардың дамуына негізделген. Кәсіпорынды
маркетингтік басқару тұжырымдамасы кәсіпорында басқару жүйесінің жоғары деңгейінде
қалыптасады және біріктіріледі.
Маркетинг бөлімінің
басшысы
ҒЗТКЖ
Өндіріс
Дизайн және қаптама
Нарықты зерттеу
Өтімді ынталандыру
Өткізу
Тұтынушылар
Бәсекелестер
Маркетингтік басқару
Кәсіпорында
маркетингтік басқару
Маркетингтік
қызметтерді басқару
Сұранысты басқару