361
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Кесте 1 – Шығыс Қазақстан облысы санаторлық-курорттық қызмет көрсетуші
мекемелері үшін жалпыландырылған SWOT-талдау нәтижесі
Мықты жақтар
Әлсіз жақтар
А
йм
ақ
та
ғы
С
К
М
т
ән
іш
кі
орт
а
1.
Табиғи-емдік ресурстарды қолдану
2.
Аймақтың жағымды ландшафтық-
климаттық көрсеткіштері
3.
Емдік-сауықтыру қызметтерінің көп
түрлілігі
4.
Емдік-сауықтыру қызметтері
нарығындағы ерекше орны
5.
Көптеген емдік-сауықтыру
әдістемелерінің енгізіліп, қолданылуы
6.
Курорттық-рекреациялық
инфрақұрылымның болуы (спорт кешені,
спа-орталықтар)
7.
Рекреациялық ресурстарды сауықтыру
үрдісіне тарту
8.
Қызмет сапасы мен сервисті
жоғарылатуға деген ұмтылыс
1.
Табиғи-климаттық факторға байланысты
маусымдық сипаты
2.
Қызмет көрсету сапасының халықаралық
стандарттарға сәйкес келмеуі
3.
Шетелдік емдік-сауықтыру мекемелерімен
бәсекелесе алмауы
4.
Сапа-баға ара-қатынасының сәйкессіздігі
5.
Аймақтағы емдік-сауықтыру мекемелері
инфрақұрылымының
дамымауы
(жолдар,
тамақтандыру, т.б.)
6.
Дәл
санаторлық-курорттық
қызметтерді
дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның
болмауы
7.
Маркетингтік қызметтің дамымауы
8.
Айналым қаражаттарының жеткіліксіздігі
Мүмкіндіктер
Қауіптер
СКМ
-ң
сы
ртқы
орт
ас
ы
1. Шетелдік
санаторлық-курорттық
мекемелермен бәсекелесе алу
2. Қызметтер ассортиментін кеңейту
3. Инвестиция тарту
4. Қызметтер
сапасын
халықаралық
деңгейге жеткізу
5. Баға-сапа ара-қатынасын сәйкестендіру
6. Инфрақұрылымды жетілдіру
7. Персоналдың кәсіби біліктілігін арттыру
8. Нарық үлесін жоғарылату
9. Шетелдік туристерді тарту
1. Инфрақұрылымның дамымауы салдарынан
табиғи-климаттық фактор ықпалының сақталуы
2. Әлеуетті тұтынушылар үшін шетелдік емдік-
сауықтыру
мекемелер
тартымдылығының
артуы
3. Сапа-баға
ара-қатынасының
сәйкес
келмеуінен тұрақты клиенттерді жоғалту
4. Маркетингтік
қызметтің
дамымауы
салдарынан
аймақтағы
емдік-сауықтыру
мекемелерінің танымалдылығының төмендеуі
5. Мемлекеттік қолдау шараларының болмауы
салдарынан инфрақұрылымның дамымауы
6. Инвесторлар үшін сала тартымдылығының
төмендігі
Ескерту – Маркетингтік зерттеу нәтижесінде құрастырылған
Санаторлық-курорттық қызметтерды дамытуға ықпал ететін ішкі және сыртқы
факторларды зерттеудің негізгі әдісі кәсіпорынның мықты және әлсіз жақтарын, сыртқы
ортадағы мүмкіндіктері мен қауіптерін зерттеуге негізделген SWOT-талдау болып
табылады. Біздің зерттеуіміздің нәтижесі сыртқы ортаның мүмкіндіктері мен қауіптерін
кәсіпорынның мықты және әлсіз жақтарымен салыстыра отырып матрица түрінде
көрсетілген (кесте 1).
1-кестеден көріп отырғанымыздай, әлеуетті ішкі мықты жақтар мен әлсіз тұстарды
географиялық тұрғыда тартымдылығы, құзыреттілігі, қолданылатын медициналық
технологиялары, персоналдың кәсіби біліктілігі, сервис деңгейі, қызметтер құны,
эргономика, пациенттерге кеңес беру және т.б. бойынша сипаттауға болады.
Мықты және әлсіз жақтарды талдау үшін репрезентативті ақпарат алу мақсатында
аймақтағы сала мамандары, тұтынушылар, маркетинг бойынша мамандар, санаторлық-
курорттық
мекеме
қызметкерлері
арасында
сарапшылардан
пікір
сұрау
жүргізілді.Сарапшылық пікір сұрау нәтижесі бойынша клиенттерді тарту үшін шешуші
фактор табиғи емдік факторлардың (минералды сулар, балшық, климат, ландшафт) болуы,
сонымен қатар мекеменің мамандануы және географиялық орналасуы (әлеуетті клиенттен
алыстығы) екені анықталды. Сонымен бірге санаторлық-курорттық қызметтерді
тұтынушыға баға факторы және рекреациялық қызметтердің көп түрлілігі ықпал етеді
екен.
Санаторлық-курорттық қызмет жоғарыда айтып кеткеніміздей, күрделі болып
табылады және сыртқы факторлардың ықпалында болады, олар өз кезегінде санаторлық-
362
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
курорттық мекеменің ішкі сипаттамаларына ықпал етеді. Санаторлық-курорттық
мекеменің сыртқы ортасы өз сипаттамаларын (мықты жақтарын) жақсарту үшін
қолданатын мүмкіндіктерді қалыптастырады. Шығыс Қазақстан облысы аймағындағы
СКМ үшін туындайтын мүмкіндіктер шетелдік санаторлық-курорттық мекемелермен
бәсекелесе алу, бар қызметтер ассортиментін кеңейту, СКМ дамыту үшін инвестиция
тарту, көрсетілетін қызметтер сапасын халықаралық деңгейге жеткізу, тұтынушыларды
қанағаттандыратындай баға-сапа ара-қатынасын сәйкестендіру, инфрақұрылымды
жетілдіру, персоналдың кәсіби біліктілігін арттыру, бірегей қызметтер ұсыну арқылы
шетелдік туристерді тарту солардың нәтижесінде СКМ-нің нарық үлесін жоғарылату
мүмкіндіктері болуы мүмкін.
СКМ сыртқы ортасында жағымды мүмкіндіктер мен қатар қауіпті факторлар
көрініс алуы мүмкін. СКМ мамандары ішкі мықты жақтарды қолдана отырып анықталған
қауіптерді жоя алады. Қауіпті экономикалық факторлар қатарында инфляция,
жұмыссыздық, тұрғындардың сатып алу қабілетінің төмендеуі, СКМ-нің қаржылық
тұрақтылығының төмендеуі сияқтыларды бөліп көрсетуге болады.
Алғашқы талдаудың нәтижелері ары қарай зерттеуге жол ашады, жағдайлық
талдау жүргізіп, себеп-салдарлық байланыс орнату мүмкіндігі туады. Жағдайлық талдау
ең бірінші кезекте маркетингтік стратегия әзірлеуде қолданылатын құрал болып
табылады, бірақ бүтіндей алғанда жалпы стратегия әзірлеу жағдайлық талдаудан бастау
алады. Жағдайлық талдау жүргізуде маркетинг бойынша мамандар кәсіпорын әрекет
ететін ортаны анықтап, сол ортаға сәйкес өз өнімдері мен қызметтерін жетілдіріп, сол
арқылы тұтынушылар қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылады.
Маркетингтік ортаны зерттеу нәтижелерін дұрыс қолдану арқылы тиімді
маркетингтік стратегия қалыптасады; сатуға әсер ететін факторлар анықталады; нарықтық
ортаның даму динамикасы анықталады және т.б.
Саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени және технологиялық факторларға баға
беруде олардың қазіргі жағдайын ғана қарастырып қоймай, сонымен қатар әр фактордың
өзгеру мүмкіндіктерін бірнеше жылға болжау керек.
Кез келген талдаудағы аса маңызды кезең ақпарат және жағдайды түсіну.
Нарықтық факторлардың өзгерісі туралы нақты көрініс алу үшін нарыққа әр түрлі
көзқараспен қарайтын адамдардан пікір сұрау керек. Олар: нарықтың тәуелсіз
сарапшылары, сату бойынша менеджерлер, сатушылар, бизнес иелері,әр түрлі бөлім
басқарушылары, компанияның топ-менеджменті, аралас салалардағы маркетологтар.
Нарық бойынша барлық ашық ақпаратты интернет және баспа басылымдарынан алуға
болады. Сонымен қатар қарастырылып отырған сала бойынша дамыған елдердің жеткен
жетістіктері, дамушы мемлекеттердегі туындаған мәселелермен танысу керек.
Жүргізілген сыртқы орта факторларының СКМ-ге ықпалын талдайтын болсақ,
саяси факторлар ішінде санаторлық-курорттық қызметтер саласында жұмыс істеу
ережелерін реттейтін қазіргі және болашақтағы заңдар және аталған саланы реттеу немесе
реттеуді шектеудің тенденциялардың маңыздылығының байқаймыз. Ал экономикалық
факторларға келетін болсақ, жалпы елдегі экономиканың өсу қарқыны, кәсіпкерліктің
және бизнес ортаның даму деңгейі, экономиканың жаһандану және ашықтық деңгейі,
негізгі валюталар бағамдары және инфляция деңгейі және пайыздық мөлшерлемелердің
өзгеруі СКМ қызметіне көп ықпал етеді екен. Әлеуметтік-мәдени факторлар қатарында
тұрғындардың өмір сүру бейнесі және тұтыну әдеттері, халықтың өсу қарқыны және
қоғамдағы әлеуметтік стратификация факторлары маңызды екені анықталды.
Сарапшылардың бағалауынша технологиялық факторлар ішінде саладағы инновация және
технологиялық даму деңгейі, Интернеттің, мобильді құрылғылардың дамуы,
технологияны қолдану, енгізу және беру дәрежесі жоғары маңыздылыққа ие болды.
Мысалы, тұрғындардың нақты қолда бар табыстарының төмендеуі емдік-
сауықтыру қызметтерін тұтыну кәрзеңкесінің өзгеруіне, жоғары сервиспен қызмет
көрсететін СКМ қызметін тұтынудың төмендеуіне, арзанырақ СКМ қызметіне
сұраныстың жоғарылауына әкеледі. Аталған фактордың ықпалын төмендету үшін
ұсынылатын қызметтер ассортименті қоржынын қайта қарап, қымбат қызметтер
линейкасын азайтып, жаңа үнемді ұсыныстар енгізу керек.