254
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
саясатының көмегімен экономиканы тұрақтандыру; әлеуметтік қолдау және әлеуметтік
кепілдіктерді қамтамасыз ету.
2. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу үшін экономикалық және құқықтық
тұтқалар - несиелер, салықтар, тауарды сертификаттау, баға саясаты, кәсіпкерлік
қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау, нарықта кейбір кәсіпкерліктің монополиялық
ережелерін және адал емес бәсекені шектеу қолданылады. Осыған сәйкес реттеудің
мынадай нысандары болуы мүмкін: құқықтық, қаржы-экономикалық, әлеуметтік.
3. Мемлекет ауылдық кәсіпкерлікті қолдау үшін әр түрлі шаралар қолданады:
фермерлік табыс және бағаны қолдау, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде кейбір
шығындарды өтеу, ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне демеу қаржы (дотация) беру,
жеңілдетілген несиелер бөлу, мемлекеттік ресурстарға жеткізілетін ауыл шаруашылық
өнімдеріне аванстық төлемдер беру, және басқа да мәселелер[3].
Қолданылған дереккөздер тізімі
1. Жаманқараев Ж. Банктің шағын және орта бизнесті несиелеудегі мәні мен
мақсаттары // Экономика негіздері: мектепте, колледжде және ЖОО-да оқыту, №1(43),
2011
2.Оразалы С. Кәсіпкерлік-Предпринимательство.- Алматы.: «Эксклюзив», 2009. –
320 бет
3.Елшібаев Р.Қ. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру.-Алматы.: «Экономика», 2009.
- 218 бет
Қазақстандағы кәсіпкерлікке әсер ететін факторлар және кәсіпкерлікті
дамыту бағыттары
Көшербаев Қ.Ж., Ботбаева Н.К.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
E-mail:
Kuana_74@mail.ru
Кәсіпкерлік - бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі
болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда
кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық
табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да
басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Кейінгі жылдары елімізде
кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады.
Кәсіпкерлікті қолдап, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту әлемдегі бәсекеге
барынша қабілетті елу елдің қатарына енуге бет алған Қазақстан үшін бұл өзекті
мәселелердің бірі болып табылады. Өркениетті елдердің барлығы да өздерінің әлеуметтік-
экономикалық мәселелерін шешуде шағын кәсіпкерлік нысандарына арқа сүйейді.
Мәселен, кәсіпкерлігі дамыған Жапонияда халықтың 75%-ы орта және шағын бизнес
саласында қызмет етеді. Ал елімізде бұл көрсеткіш 26%-ды құрайды. Яғни, еліміздегі 750
мың кәсіп иелері 2,6 миллионға жуық адамды жұмыс орнымен қамтып, ішкі өнім
айналымының 18%-құрап отыр.
Кәсіпкерлік саласы елімізде заңмен қорғалады және әрқашан дамып отырады.
Қазіргі уақытта бұл тақырыптың өзектілігіне ешкім күмәнданбайды, себебі кәсіпкерлік іс-
әрекетінсіз нарықтық экономика болмайды. Ол әлі де даму барысында болса да, бизнестің
қоғамдық өндірістің негізгі саласы болатындығына ешкімнің күманы жоқ. Бизнеске деген
қызығушылық өсіп келеді. Менің ойымша, қоғамның жаңа экономикалық негізі құрылып,
өзінің ісін ашуға ниеттенген адамдар шығып жатыр. Бұл адамдар жаңа қоғамның
шарттарына бейімделіп емес, өзінің идеяларын іске асырып, өздерін еркін еңбек іс-
әрекетінде көрсетіп өмір сүреді. Мұның негізгі себебі қоғамның және халық
шаруашылығының демокртиялануы болып табылады. Нарықтықтық экономикаға өту
255
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
үшін өндіріс құрылымын түбегейлі түрде өзгерту қажет. Өзгерістер монополияны жеңіп,
бәсекелестің пайда болуына жол ашады. Әлемдік тәжірибені негізге ала отырып бұл
мәселені түрлі меншіктің түрлі формалары негізінде құрылған кәсіпкерліксіз шешу
мүмкін емес. Қазіргі уақытта кәсіпкерліктің өндірістің, нарықтыңтың дамуына, яғни бүкіл
қоғамға әсерін тигізетінін көптеген адамдар түсінді. Мемлекет кәсіпкерлердің арқасында,
ал кәсіпкерлер өз мемлекетінің қолдауының арқасында дамып, гүлденуде.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың бірнеше
мемлекеттік бағдарламалары қабылданған. Мәселен, бүгінгі күнде «Бизнестің жол
картасы 2020» бағдарламасы белсенді іске асырылуда, ол ілеспе Үдемелі индустриялық-
инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасы ретінде жалпы кәсіпкерлердің арасында
табысты және сұранысқа ие болуда.
Жалпы алғанда елімізде кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға Елбасының өзі ерекше
назар аударып отыр. Бұл мәселе еліміздің экономикалық маңызды құрамдас бөлігі
ретінде, Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа арналған
Жолдауларында атап көрсетіледі. 2012 жылдың 27 қаңтарында жарияланған Елбасының
«Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты
Жолдауында да ескерілусіз қалған жоқ. Аталып өтілген мемлекеттік бағдарламалар мен
Жолдаулар кәсіпкерлік саласының белсенді дамуына жаңа серпін беруде[1].
Соңғы жылдары Қазақстанда кәсіпорындар саны мен онда қамтылған
жұмыскерлер санының өсу динамикасы тұрақсыздықпен сипатталады. Аймақтық және
салалық құрылым рационалды емес.Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуын басқару,
көбінесе эпизодтық немесе ғылыми емес сипатта болады. Кәсіпкер мен оның меншігін
ақшалай қорғау жүйесі дұрыс әзірленбеген. Мұның себептері – нарықтық
инфрақұрылымының әлсіз дамуы, кәсіпкерлік қызметті қолдауға бөлінетін қаржылық
қаражаттардың шектеулілігінде ғана емес, сондай-ақ, кәсіпкерлікті қолдаудың
мемлекеттік стратегиясы дер кезінде әзірленбегендігімен де байланысты. Салалық,
аймақтық басымдықтар анықталмаған. Кәсіпкерліктің дамуы «интенсивті өсім плюсі»
ретінде танылмады және олардың ел экономикасын көтеруге айтарлықтай әсер ете
алатындығы да ұмыт қалды.Сонымен қатар, кәсіпкерлік құрылымын кері байланысы да
нашар дамыды.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін келесі
факторларды бөліп көрсетуге болады:
1) Салық саясатының жетілмегендігі немесе шағын кәсіпорындар үшін салықтық
ауыртпалықтардың жоғары болуы. Мұндай жағдай кәсіпкерлердің заңды бұзуға жол
беруіне және оларды «көлеңкелі» секторға өтуге мәжбүрлейді. Негізінен, салық саясаты
шағын бизнесті дамытудың ынталандырушы факторы бола отырып, оның өміршеңдігі мен
табысты қызмет етуін қамтамасыз ету қажет. Осы мақсатта әлемде шағын
кәсіпорындардың өсу қарқынын арттыруға мүмкіндік беретін шаралар кешені
қолданылады, яғни, кәсіпорындардың мөлшеріне қарай салықтардың шекті ставкаларын
кезең-кезеңімен азайтудан бастап, салықтық жеңілдіктер аясын кеңейтуге дейінгі
көптеген іс-шараларды қамтиды.
2) Өзінің жеке ісін бастаған кәсіпкерлер және шағын кәсіпорындар
басшыларының бастапқы капиталды қалыптастыру, қаржылық қолдау көздерінің
болмауы немесе қаржылық проблемалар. Банк секторының беретін несиелерін көбінесе
жоғары пайыздық ставкалар мен қысқа мерзімді қайтару қажеттігіне байланысты шағын
бизнес субъектілерінің барлығы бірдей оған қол жеткізе алмайды. Коммерциялық банктер
өз кезегінде тәуекелдің жоғары болуына және кепілдіктің болмауына байланысты шағын
бизнесті қаржыландыруға ынталық танытпайды.
3) Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруда және оны жүзеге асыруда шамадан тыс
реттеудің, тіркеу-лицензиялық тәртіптің жүйесіздігі. Осыған байланысты кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыруда, әсіресе, бастапқы кезеңінде әр түрлі әкімшілік кедергілердің
артуы байқалады. Сондықтан, бұл мәселеге мемлекет тарапынан реттеу мен қолдаудың
нақты жолдарын қарастырудың маңыздылығы жоғары. Сарапшылардың бағалауы