Атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары Том 1



жүктеу 4,81 Mb.
Pdf просмотр
бет124/228
Дата14.01.2020
өлшемі4,81 Mb.
#26556
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   228

250 

Open  access:

 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/



  

 

 



Маркарьян, Э.А. Экономический анализ хозяйственной деятельности: учебное пособие/ Э.С. 

Маркарьян, Г.П. Герасименко, С.Э. Маркарьян. –   М. Кнорус, 2013. – 367с. 

Направления 



совершенствования 

методики 

анализа 

состояния 

и 

эффективности использования оборотных средств / Н.В. Климова // Экономический 



анализ: теория и практика. – 2012. - №6 (111). – с.58. 

Оценка качества прибыли торгового предприятия / М.И. Баканов, В.В. Мелетьев // Аудит и 



финансовый анализ. – 2012. №3 –  с. 20-25. 

Рентабельность торговой организации / В.В. Семенихин // Финансовая газета. – 



2010. – №31. – С. 4.  

10 


Савицкая, Г.В. Экономический анализ: учебник / Г.В. Савицкая. –  11-е изд., 

испр. и доп. – М.: Новое знание, 2014. – 421 с. 

11 

Сафронов, Н.А. Экономика организации (предприятия): учебник 2-е изд. С измен. / Н.А. 



Сафронов. – М.: Магистр, 2013. – 255 с. 

12 


Соснина, Л.С. Комплексный экономический анализ хозяйственной деятельности: учебник/ 

Л.С.Соснина, А.Ф.Свиридова, А.Ф.Черненко. – М.: КНОРУС, 2008. – 344 с. 

13 

Стоянова Е., Быкова Е., Бланк И.Управление оборотным капиталом: учебник 



/Е. Стоянова. – М.: Перспектива, 2013. – 461с. 

14 


Финансовая привлекательность и финансовая производительность компании/ 

Л.Б.Рудницкая // Финансы. – 2014.  - № 11. 

15 

Чичевицына, Л.Н. Анализ финансово-хозяйственной деятельности: учебник/ Л.Н. Чичевицына, 



И.Н.Чуев. – Ростов н/Д.: Феникс, 2013. – 384 с. 

16 


Шеремет, А.Д. Анализ и диагностика финансово-хозяйственной деятельности предприятия: 

учебник/ А.Д. Шеремет. –М.: Инфра-М, 2012. – 367 с. 

 

 

 



Экономикалық дағдарыс жағдайында кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері 

 

Көшербаев Қ.Ж., Ажимуханова И.М. 

 М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ. 

E-mail: 


Kuana_74@mail.ru

 

 



Қазақстандағы дағдарыстың өрпгуі тиімді дағдарысқа қарсы басқаруды қажет етті. 

Бүл  тәжірбие  тапсырысы.  Сонымен  бірге  басқару  ғылымының  даму  тенденциясы  да 

дағдарысқа қарсы басқару концепциясын дайындауды қажет етеді. Оның алғы шарттары 

болып, циклдық даму, басқарушылық, ресурстрды үнемдеу, мотивация, уақыт үнемділігі, 

әлеуметтік  әріптестік  және  көптеген  басқалар.  Олардың  жиынтығы  нақты  дағдарыс 

қауіпін куәландырады, тіпті сәтті басқаруда да. 

Объективті  түрғыдан  дағдарыс  көптеген  жағдайларды  өзара  байланысын 

сипаттайды, басқару қиындығы мен тәуекелділігін жоғарлатады. Бүл түрғыда дағдарысты 

және  оның  алдын  алуды  шеттетіп,  дағдарысты  түрақтандыру,  бірінің  біріне  ұласуы, 

дағдарыстан шығуды осы шақтанда келер шақтанда алынып тасталмайды. Тек экономика 

ғана емес, сонымен қатар табиғатта циклды өмір сүреді, және тек экономика дамуы ғана 

дағдарыс жағдайын туындатпайды. 

Экономикалық дағдарыс жағдайында кәсіпкерлікті қолдау тығырықтан шығар жол 

болып саналады. 

Кәсіпкерлік  қызметті  дамыту  үшін    экономикалық,  әлеуметтік  және  құқықты 

жағдайлар қажет.  

Кәсіпкерлікпен айналысу үшін ең алдымен оған экономикалық жағдай қажет. 

Олар: нарыққа тауар, қызметтер ұсыну, тауарлардың, қызметтердің алуан түрлері; 

тұтынушылардағы  ақша-қаражат  көлемі,  яғни  олардың  сатып  алу  қабілеттілігі,  жұмыс 

орнының  және  жұмыс  күшінің  артық-кемдігі;  еңбек  ақы  қорының  артық-кемдігі;  қарыз 

(несие) беретін мекемелердің ақша ресурстары болуы керек.  

Кәсіпкерлікпен  айналысу  үшін  нарықтың  инфрақұрылымы:  банктер;  шикізат, 

материал,  құрал-жабдықтар  сатушылар;  тауарды  тұтынушыларға  дейін  жеткізетін 



251 

Open  access:

 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/



  

 

 



мекемелер;  заң;  бухгалтерлік  және  басқа  да  қызмет  көрсететін  мекемелер;  еңбекке 

орналастыру  агенттігі;  оқу  орындары;  жарнама;  көлік;  сақтандыру;  байланыс;  ақпарат 

және басқа да мекемелер болуы керек.  

Екіншіден  әлеуметтік  жағдай  қажет.  Кәсіпкерлікті  ұйымдастыру,  қалыптастыру 

үшін тұтынушыларда тауар сатып аларлық қаражаты болуы, олардың тауарға, қызметке 

деген талғамы, төлем қабілеттілігі бар сұранысы болуы керек. 

 Оған  қоғамның  рухани  даму  дәрежесі  және  діни  нормалар  ықпалын  тигізеді. 

Әлеуметтік  жағдай  әрбір  адамның  жұмыс  орнындағы  жағдайы,  еңбекақы  мөлшерімен 

байланысты. 

Кәсіпкер  өз  ісіне  шын  берілген  және  одан  қанағат  алуы  қажет.  Ол  әлеуметтік 

мәселелерге  белсенді  араласып,  жағдай  жасауы  тиіс:  денсаулық  сақтау;  жұмыс  орнын 

жасақтау; еңбекақы мөлшерін қадағалау және басқа да.  

Кәсіпкерлікті жасақтау және оны дамтыу үшін кадрларды оқыту, білім дәрежесін 

және мамандығын көтеруге көңіл бөлу, кәсіпкерлер даярлауда тұрақты қадағалау жасау 

қажет.  

Үшіншіден  құқықтық  жағдай.  Ең  бастысы  кәсіпкерлік  істерді  реттейтін  заңдар 

болуы шарт.  

Оған  мыналар  жатады:  Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  кодексі,  салық 

кодексі,  кәсіпкерлерді  бюрократтардан  қорғайтын  заңдар,  шағын  және  орта  бизнесті 

қолдайтын органдар, меншікке негізделген құқықтық  заңдар және басқа да заңдылықтар. 

Экономикалық  ғылым  сирек  ресурстарды  тиімді  пайдалану  жөнінідегі  ғылым 

екенін кеәсіпкер  жете  түсінуі  керек.  Экономикалық  тиімділік  –  бұл  «шығын-өнім» 

мәселелесін қамтиды. Экономикалық тиімділіктің өлшемі әрбір өнім бірлігіне шаққанда 

неғұрлым  аз  шығын  жұмсау.  Қорытып  айтқанда,  қоғам  барлық  ресурстарды  тиімді 

пайдаланып  неғұрлым  көп  өнім  өндіруге  талпынады.  Ол  үшін  ресурстарды  толық  іске 

қосып  толық  қамтуға  және  өндіріс  көлемін  толық  қамтамасыз  ету  қажет.  Сондықтан 

«толық қамтылу» деген экономикалық терминді түсіндіріп кетелік[1]. 

«Толық  қамтылу»  деген  пайдалануға  жарамды  барлық  ресурстарды  іске  қосу, 

жұмысшылар  жұмыссыз  қалмау  керек;  егіске  жарамды  жерлер  күрделі  жабдықтар  бос 

тұрмауы,  яғни  барлық  жарамды  ресурстарды  іске  қосу  керек.  Ресурстардың  барлығы 

жұмыс  істесе  шығын  көбейеді:  жұмысшылар  еңбекақы  алады,  инвестициялық  тауарлар 

сатылады  т.б.  яғни  ел  байиды,  нарық  тауарға  толады,  адамдардың  әлеуметтік  тұрмысы 

жақсарады. Қазақтың мақалы бар «шығыс болмай, кіріс болмайды» деген. 

Қоғамның өмір сүру негізін материалдық өндіріс, яғни адамдарға қажет байлықты 

өндіру құрайды.  

Шын мәнінде,  кәсіпкер  өндірістің  негізгі  үш  факторын  іске  қосып,  өзі  төртінші 

фактор болып ресурс иелеріне төлем төлеуді: жұмыс күшіне еңбек ақы; капиталға пайыз; 

жер иелеріне рента; кәсіпкерлерге кәсіпкерлік табысты қамтамасыз етеді.  

Социализм мен капитализмнің экономикалық айырмашылығы: біріншісінде жұмыс 

күшінің  өндірген  қосымша  құны  бүкіл  қоғам  мүддесіне  жұмсалады,    ал  екіншісінде  – 

қосымша құн үшке бөлінеді: пайызға, рентаға және кәсіпкерлік табысқа.  

Қоғамның өндірген таза табысын осылай бөлуді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік 

органдар құрылады, оны қорғауға полиция, қарулы күштер ұйымдастырылады.  

Қазақстанда  қоғамдық  меншікке  негізделген  экономиканың  жеке  меншік 

экономикаға  ауысуы  ұзақ  мерзімді,  ақыл-ой,  парасатты  жұмысқа  негізделген 

экономикалық күрделі шараларды қолдануды талап етеді.  

Жаңа  қоғамның  негізін  тұрақты,  тиімді  құру  үшін  кәсіпкерлер  табын  даярлау 

керек. Кәсіпкерлік қабілеті мен қаражаты бар топты құру үшін, біріншіден, білім керек; 

екіншіден, үкімет экономикалық саясатын түбегейлі қайта қарауы қажет. Елдің болашақ 

тағдырын  білікті  кәсіпкерлер  шешеді  және  олар  өз  елінің  гүлденуіне  аянбай  жұмыс 

істейтін, өзінің де табысын табатын, іскер азаматтар болуы керек.  

Ұлттық  экономика  мемлекеттің    араласуынсыз  ешбір  табысты  дами  алмайтыны 

айқын болды. Жаңа макроэкономикалық реттеуді табатын уақыт келді. 



жүктеу 4,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   228




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау