24
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
интереса не только к Республике
Казахстан вообще, но и к казахстанским проектам со
стороны иностранных инвесторов в частности. А это в свою очередь поддержит рост
экономики.
Список использованных источников
1.Электронный ресурс: http://vechastana.kz/expo2017/energiya-budushchego-glavnaya-
tema-ekspo
2. Журнал: «
Вестник Национальной академии наук Республики Казахстан
»
3. Электронный ресурс: https://www.expo2017astana.com/kz
ЭКСПО – 2017: Қазақстанның экономикалық дамуындағы рөлі
Есбосынова А.К.
Алматы индустриалды колледжі, Алматы
E-mail:
ainu.16.12.94@mail.ru
Қазақстанның тарих сахнасынан ойып тұрып орын алып, Тәуелсіз ел болып
құрылғанына 25 жыл толып отыр. Қазақстан – бүгінде Еуразияның жүрегінде орналасқан,
тату-тәтті өмір сүріп жатқан көпұлтты мемлекет. Аз уақыттың ішінде еліміз бізден едәуір
уақыт бұрын тәуелсіздіктерін алған мемлекеттерді қуып жетіп экономика, спорт, білім,
ғылым, мәдениет, өнер жағынан әлемнің алпауыт елдерімен терезесі теңеле
түсуде.Татулық пен бірлікті алға тартқан Елбасымыз көш бастап, Қазақстан бүгінде Орта
Азиядағы дамушы елдерден алда келеді. Тәуелсіздігін алған күннен бастап Қазақстан
дамудың жаңа сатысына көтеріліп, талай биік белестерді бағындырып келеді. Өзге елде
жалауымыз көк аспанда желбіреп, рухымызды асқақтатар айбынды әнұранымыз
шырқалғанда әрбір қазақстандықтың жүрегінде еліне деген мақтаныш орнайды.
Қазақстанның ЕҚЫҰ саммитіне төрағалық етуі, күні кеше өткізілген бүкіл әлемдік
қысқы Универсиада ойындарының өткізілуі, ал ең маңыздысы Қазақстанның «ЭКСПО –
2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін жеңіп алуы. Ол елімізге деген ерекше
мақтаныш сезімін оятады.
ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесін Астанады өткізу – Қазақстанның негізгі
жобасы. ЭКСПО – дүниежүзі халықтарының түрлі саладағы жетістіктері мен
жәдігерлерін көрсететін алаң. ЭКСПО «экспонат» сөзінен шығып, қазақша «жәдігер»
ұғымын білдіреді. Бұл жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыру үшін штаб пәтері Парижде
орналасқан Халықаралық көрмелер Бюросы құрылған (ХҚБ). Бүгінде бұл ЭКСПО
көрмесіне дүниежүзінің 161 мемлекеті мүше болып отыр. Біздің еліміз 1997 жылдан
бастап Халықаралық көрмелер бюросына мүше болды. Испанияда өткен ЭКСПО – 2008
көрмесінде Қазақстан «С» категориясы бойынша 104 қатысушы ел ішінде сыртқы және
ішкі рәсімдеу өлшемдері бойынша қола медальмен марапатталды. 2012 жылы 12
маусымда Париждегі ХКБ-ның Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астаның ресми
таныстырылымы болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің
арнайы бейне үндеуі жолданды. 2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің
өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана ЭКСПО – 2017 халықаралық
мамандандырылған көрмесі өтетін орын болып таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел
қолдады. ЭКСПО – 2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ. 2012 жылы 14
наурызда мемлекет басшысы Н.А.Назарбаев елордамыз Астанада ХКБ-нің сарапшылар
коммисиясымен кездесу өткізіп, оның аясында ЭКСПО – 2017 көрмесін өткізу біздің
еліміз үшін ұлттық жоба болып табылатынын ерекше атап өтті. 2012 жылғы 26 қарашада
Мемлекет басшысы «ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау
мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік коммисия құру туралы» №436 Жарлыққа қол
қойды. Жалпы, ЭКСПО көрмесі екі түрде өткізіледі: халықаралық әмбебап көрме және
халықаралық мамандандырылған көрме. Халықаралық әмбебап көрме – ол бес жылда бір
25
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
рет өткізіледі және келушілер көрмеге қойылған экспонатты алты ай бойы тамашалай
алады. Халықаралық мамандандырылған көрмесі – ол белгілі бір тақырыпқа арналып, екі-
екі жарым жылда бір рет өткізіледі және келушілер көрмені үш ай тамашалай алады.
Біздің еліміздің әлем елдеріне өткізетін байқауы да – екіншісі, яғни халықаралық
мамандандырылған көрме.
Тарихқа көз жүгіртсек, ЭКСПО дәстүрлі көрмесі бұған дейін Азияның солтүстік
шығысында, Еуропа мен Солтүстік Америкада өткізілген. Ал, енді Шығыс пен Батыстың
арасындағы алтын көпір болып табылатын жаңа өмірде, Еуропа, Таяу Шығыс елдерімен,
бұрынғы Кеңес Республикасымен, сондай-ақ Орталық Азия елдерімен өте жақсы қарым-
қатынас орнатқан орнатқан жас мемлекетте өткізу елордамыз Астанаға тағы бір ұпай
алып келеді.
Бұрын халықаралық көрме тек технологиялық мәселелерге арналып келсе, соңғы
онжылдықтарда экологиялық проблемаларға, адам мен табиғаттың қарым-қатынасына
бағытталып отыр. Қазіргі кездегі халықаралық көрменің негізгі бағыттары:
ЭКСПО көрмесі
өткізілген қала
Көрме
өткізілген
жыл
Көрме тақырыптары
Лиссабон
1988ж.
«Мұхиттар – болашақтың мұрасы»
Ганновер
2000ж.
«Адам. Табиғат. Технология»
Нагоя
2005ж.
«Табиғат даналығы»
Сарагос
2008ж.
«Ауыз-су мәселесі»
Шанхай
2010ж.
«Көрікті қала – үздік өмір»
Милан
2015ж.
«Планетаны тамақтандыру, өмірге арналған энергия»
Астана
2017ж.
«Болашақтың энергиясы»
ЭКСПО – 2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік
энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде
бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны
пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен
трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналады. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты
мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру
үшін қатысты серпін береді.
Жоспар бойынша, ЭКСПО – 2017 көрмесіне 100 ел қатысады деп күтіліп отыр.
Сонымен қатар 2 миллионнан аса көрермен күтіліп, көрмені екі немесе одан да көп
тамашалуы күтілуде. Сонда жалпы көрмеге келетін көрермендердің саны 5 миллион
адамды құрайды. «Астана ЭКСПО – 207» Халықаралық мамандандырылған көрмесі 93
күнге дейін жалғасады. Көрме 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында
өткізіледі. Энерготиімділік – ол бәсекеге қабілеттіліктің және экономикалық өсудің тірегі
болып табылады. Қазіргі таңда елімізде «Энергоүнемдеу туралы» Заң қабылданған және
ол қоғамды энерия ресурстарын тиімді пайдалануға ынталандыру үшін маңызды
нормативтік құжатпен қарастырылған. Қазір еліміз жасыл экономикаға көшуі үшін
тұжырымдар жасалынып жатыр, ол бойынша нақты нәтижелер де бар.
Қазіргі таңдағы әлемдегі ең тиімді бағыт - «Жасыл экономика», яғни жаңартылған
көздерден энергияны алудың технологиялары. Олардың дамуы мен жетілуі
энерготапшылықтарды толықтыру қажеттіліктеріне, экологиялық мәселелерді шешу және
әлемдік экономиканың дамуының жаңа технологиялық кезеңіне негізделген.
«Жасыл энергетика» экологиямен тікелей байланысты. Дәстүри көздерден
ерекшелігі – мысалы, углеоттегі – жаңартылған көздерден энергия алу арқылы
планетамызға экожүйелік зиян келтірмейді және ауарайының өзгерісіне де алып келмейді.
Заманауи постиндустриалдық әлем сыртқы ортамен қатынаса адам қажеттілін
қанағаттандыруға бағытталып, экономикаға өзгеріс талап етеді. «Жасыл» энергетиканың
дамуы тұрақты дамудың міндетті талабы болуы керек және табиғат жүйесінің сақталуына
және сыртқы ортаның сапасына сәйкес болуы керек.