183
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018 жыл
орындауға, 1 сағаты оқушылардың пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде
қорытындылауға беріледі.
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын
жоймайтын рухани қазынасы. Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту қоғамдық ой-санада
тың серпілістер туғызары анық. Сондықтан заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа
қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасау, ақынның мұрат-мақсаттарын бүгінгі
жастарымыздың санасына сіңіру абыройлы борышымыз болмақ. Келер ұрпақты елін, жерін
сүйетін елжанды, отансүйгіш етіп тәрбиелеу міндеті білім беру саласындағы мемлекеттік
саясаттың басым бағыты болып табылады. Абайтануды оқытудың негізгі мақсаты – Абай
Құнанбайұлының қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын, ақындық
әлемін, өлең өнеріндегі қайталанбас өзгешелігін, ойшыл, кемеңгерлігін танытуға
бағытталған.
- оқытудың міндеттері–қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын
тану;
абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға концепциясына
қатысты
өзекті мәселелерді айқындау;
Абайдың шығыс пен батыс әдебиетін терең меңгеруінің мәні мен маңызын жан-жақты
ашу;
ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып, қазақ әдебиетіндегі
көшбасшылық орнын көрсету;
ақын шығармаларындағы ғылым, білім, ақындық өнер, елдік мәселелердің
маңыздылығын түсіндіру;
Абай шығармаларын
оқып-білудің өзектілігін,
Абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес
екендігін ұғындыру;
қазіргі Абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау,
насихаттауын;
Абай шығармашылығындағы
толық адам тұжырымын айқындау;
Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні
мен маңызын рухани кемелдік танымы
тұрғысынан таныту;
Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау;
ақын қарасөздерінің, өлеңдерінің,
поэмаларының, аудармаларының, ән мен күйлерінің
мазмұны адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты, әділеттілікті, татулықты,
бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге ету.
ақын поэзиясына тереңдеп үңілу үшін алдымен мәтінді оқыту, талдау,
қарасөздеріндегі заман, әлеумет, дін жайын толғаған философиялық ойларының сырын
ұғынуға, жұмбақ қыр-сырын түсінуге талап қылу,
қалауы бойынша өлең, қарасөз жаттау.
«Абайтану» курсы ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі,
Абайтану мәселелері, тәлім-тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, поэмалары және
поэзияға қойған биік мақсаттары топтастырылып берілді. Абайдың шығыс пен еуропа, орыс
әдебиеті классиктерінің туындыларымен жете танысуы, оның шығармашылық, ақындық
өнеріне игі ықпалын тигізіп, поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырғанын
шәкірттердің санасына жеткізу. Абайдың әдеби мұрасы дүниежүзі халықтары әдебиетінің
алтын қорына қосылған жәдігер туындылар екендігін жас буын ұрпаққа үлгі- өнеге ету.
Мектеп оқушыларына Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне
жасаған идеялық-көркемдік ықпалын жан-жақты саралай отырып терең ғылыми негізде
ұғындыру. Абайтанудың тарихи, ғылыми құнды нәтижелерін терең танып, білуге баулу. 9-
сыныпта жас ерекшеліктеріне қарай берілген Абай шығармаларының мазмұны 10-11-
сыныптың «Абайтану» курсының оқу бағдарламасында кеңейтіліп, спираль тәріздес
дамытылып берілген. 9-сыныпта Абайдың өмірі, Абай ақындығының бастаулары, Абай
шығармаларындағы шығыстық сарындар, Абай және орыс, батыс әдебиеті, Абай мұрасының
орыс және өзге тілдерде танылуы, Абайтану мәселелері, Абай шығармаларындағы ғылым,