Атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 16 ақпан 2018 жыл



жүктеу 2,77 Mb.
Pdf просмотр
бет124/129
Дата09.02.2020
өлшемі2,77 Mb.
#28666
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   129

 
248 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018ж 
 
 
 
ыл 
 
 
 
Елбасының  тапсырмасы  бойынша  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 
дамыту  жөніндегі  2012-2016  жылдарға  арналған  ұлттық  жоспар  қабылданғанын 
білесіздер. Осымен қатар ҚР Білім және  ғылым министрлігінің 06.11.2014  жылғы № 455 
«Жаңартылған  білім  беру  мазмұнын  пилоттық  енгізу  туралы»  бұйрығы  негізінде, 
Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  бастауыш  білім  беру  стандартын  апробациялау  үшін 
республикада  30  пилоттық  мектеп,  соның  ішінде  біздің  Талдықорған  қаласындағы  Ш. 
Уәлиханов атындағы № 10 орта мектеп- гимназиясы енгізілді. Мектебімізде жаңартылған 
бағдарламамен 2015 оқу жылында 1 сыныпқа 149 оқушы оқуын бастады, кәзіргі уақытта 
3 сыныпта оқиды.  
Бірінші  жасалған  қадам  тамыз  айында  білім  министрлігінің  өкілдері  мектеп 
ұстаздарымен  кездесу  жүргізіп,  жобаның 
маңыздылығы  туралы  атап  көрсетті.  Осымен 
қатар сіздерге өз тәжірибемізден өткен бір неше кеңес бергіміз келеді: оқу
 процесі тиімді 
іске  асыру  үшін  нақты  мақсатпен  жоспар  құру.  Бірінші  кезекте  оқу  жылының  басында, 
түсініспеушілікті  болдырмау  мақсатында,  жалпы  ата-аналар  жиналыстарында  жаңа 
бағдарламаны  таныстырылып,  ерекшеліктерін  түсіндірү  өткізілді.  Осы  негізде  Алматы 
облысының «Жетісу» телеарнасы арқылы жұртшылыққа жаңартылған білім мазмұнының 
енгізілу кезеңдері жайлы ақпарат толық жеткізіліп отырылды. 1 қыркүйек, оқу жылының 
білім  күніне  арналған  салтанатты  жиынында  жаңа  бағдарламамен  оқытылатын  1  сынып 
оқушылары    ерекше      аталып,  ұстаз,  ата-ана,  оқушы  өзінің  жақсы  бастаманың 
табалдырығында тұрғанын сезінуіне ықпал жасалды. 
Ұстаздар  қауымы  жүктелген  осындай  үлкен  жауапкершілікті  сезіне  отырып, 
аянбай еңбек ету басты міндеті екенін білді.  Осы міндеттерді жүзеге асыруда мектептегі 
педагог  қызметкерлер  өз  мамандығына  қажетті  қабілеттерді    және  интеграциялық 
үрдістерді меңгеріп, әлемдегі жаңа идеяларды тиімді пайдалана білу қажет екенін түсінді. 
Ол  үшін    мемлекет  тарапынан  бізге  үлкен  қолдау  көрсетілді.  Жоба  аясында  2015жылы  
Астана  қаласында  жаңартылған  білім  мазмұнын  енгізу  бойынша  мектебімізден  мектеп 
директоры,  директордың  оқу  және  тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасарлары,    ұстаздар    өз 
білімін жетілдірді. 
Апробация сыныбындағы мұғалімдердің сапалық құрамына мән берілді: 
Жоғары санатты-9 
Бірінші санатты-5 
Екінші санатты-4 
Сонымен  қатар  интеллектуалдық  мектептермен  тәжірибе  алмасу  қажеттігі 
жөніндегі  Елбасының  тапсырмасын  келер  ұрпаққа  көрсетіліп  отырған  ерекше 
қамқорлығы  деп  білеміз.  Апробациялау  жолында  өзімізді  жалғыз  сезінбедік.  Жаңа 
бағдарлама  енгізілетін  30  пилоттық  мектеп  педагогтеріне    сапалы  кеңес,  консултативтік 
қолдау  көрсету  үшін  Тәжірибені  тарату  департаменті,  Білім  сапасын  бағалау 
департаменті, Білім беру бағдарламаны орталығы, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім 
академиясы,  Талдықорған  қаласындағы  «Назарбаев  Зияткерлік  мектебі»  және 
Педагогикалық  шеберлік  орталығы      Үйлестіру  кеңесімен    тығыз  жұмыс  атқарылды. 
Жобаны  тиімді  іске  асыру  жолында    кеңес  құрамындағы  Министрліктің,  Ы.Алтынсарин 
атындағы Ұлттық білім академиясы тарапынан жұмыс барысында туындаған мәселелерге 
әрдайым  жауап,  ақпараттық  және  әдістемелік  көмек  көрсетіліп  отырды.  Әрбір  тоқсанда 
оқу  мақсаттарының  қолжетімділігі  және  жетістік  критерийлерінің  оқу  мақсаттарына 
сәйкестілігін  анықтауға  арналған  есептер  Ы.Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім 
академиясына тапсырылды. 
Жыл  бойы  Талдықорған  қаласындағы  «Назарбаев  Зияткерлік  мектебінің» 
әріптестерімен,  Педагогикалық  шеберлік  орталығы  тренерлермен  бірігіп  жұмыс  істей 
отырып,  жоспар  бойынша  оқыту  семинарлары,  семинар  -  практикумдар,  коучингтер, 
мастер  – класс, бірлесіп жоспарлаған сабақтар өткізіліп, тәжірибе алмастық. Бағдарлама 
мақсаты  мен  міндеттерін  жүзеге  асыру  жолында  Педагогикалық  шеберлік  орталығының  


 
 
249 
 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018 жыл 
 
аға  менеджері  пилоттық  мектептің  тәлімгері  Абишева  Р.Б.  ұстаздарға  әдістемелік  көмек 
көрсеті; сабақтын жоспар жазу кезінде, методикалық, бағалау жүйесінде. 
Негізінен  апробациялық  сыныптар  «Алматыкітап»,  «Атамұра»,  «Мектеп  »  (25), 
«НЗМ  »,  «Macmillan  Education»,  «Cambridge  University  Press»,  «Knowledge  Partners», 
«Pearson Education Ltd»,  «8&8», «Көкжиек» баспаларынан шыққан оқулықтармен оқиды. 
Сонымен  қатар  2017  оқу  жылында  «Әліппе»  0  сыныбында,  6,8  сыныптардың 
оқулықтарына тоқсан сайын сараптама жұмысы жасалуда. 
Апробациялау мониторингі әдіснамасының кезеңдері бойынша оқушылардың білім 
сапасын анықтау үшін Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы бастапқы және 
қорытынды  мониторинг  жүргізіледі.  Білім  алушылар  барлық  оқыту  мақсаттарына  қол 
жеткізе алды. 
Тәжірибе  алмасу  мақсатында  кәзіргі  уақытта  бастауыш,  5,7  сыныпқа  беретін 
мұғалімдер Облыстық әдістемелік кабинетімен бірігіп облыстық көлемінде «Айлық ашық 
есік», семинар,   қалалық семинар өткізеді. 
Жыл  бойы  мектебімізде  жаңа  білім  беру  мазмұны,  жаңа  педагогикалық  тәсілдері 
мен  технологиялар,  оқу-әдістемелік  материалдар,  оқулық  апробациялаудан  өтіп, 
сараптама жасалып талданды.  
Осы жаңартылған бағдарлама аясында жұмыс барысында ұстаздардың өз пікір-ойы 
туындады.  Іс –тәжірибемізде кіріктірілген білім беру  бағдарламасы туралы  түсінгеніміз 
бен ұғынғанымыз мол жинақталды. 
Жалпы  бағдарлама  жайлы  қазіргі  таңда  барлық  мұғалімдерде  жағымды  көзқарас 
қалыптасты.  Себебі  жаңартылған  бағдарламада  дағды  мен  құзірет  беру  компоненттері 
және  тәрбие  беру  жұмыстары  күшейтілген.  Бұл  біріктірілген  бағдарлама:  сыни  ойлау 
дағдысы,  командада  жұмыс  істеу,  ақпарат  іздеу  сияқты  маңызды  дағдыларды  қамтыған. 
Сондай-ақ  олар  барлық  пәндерге  біріктіріледі.  Осылайша  пәнаралық  байланыс  арқылы 
ортақ 
игі 
қасиеттерді 
қалыптастыру 
процессі 
жүзеге 
асады. 
Ортақ 
тақырыптар,тақырыпшалар мен  нақты мақсаттар  белгіленген ерекшелігі өте тиімді. Бұл 
мұғалімдерге  де,  оқушыларға  да  түсінікті  әрі  қолжетімді,  себебі  бұл  бағдарлама  нені? 
қалай?  не  үшін?  оқыту  қажет    және  нені?  не  үшін?  оқу  қажет  деген  сұрақтарға  толық 
жауап  бере  алады  деп  айтуға  болады.  Тағы  да  бір  ерекшелігі  –  оқушылардың    алған 
білімдерін жай ғана игеріп қоймай, оларды күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.  
Бұл  осы  бағдарламаның  табысқа,  жеттістікке  жағдай  туғызатының  көрсеткіші. 
Сонымен  қатар  бұл  –  ұжым    мүшелерінің  шығармашылықпен,  жаңашылдықпен    жұмыс 
істеуінің нәтижесі деп білеміз. 
Қорыта  келе,бүгінгі  күні  барлық  елдер  жоғары  сапалы  білім  жүйесімен  жұмыс 
істеуде.  Өйткені  қазіргі  заманда  елдің  бәсекеге  қабілеттілігі  оның  азаматтарының 
парасаттылығымен  анықталады.  Сондықтан  білім  беру  жүйесі  болашақтың  талабына 
сәйкес дамуы тиіс деп ойлаймыз. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. 
ҚР «Білім туралы» заңы, 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 
2. 
Саудабаева 
Г.С. 
Научно-педагогические 
основы 
профессионального 
самоопределения школьников в современных условиях – автореферат, Алматы, 2010 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


жүктеу 2,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   129




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау