Атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 16 ақпан 2018 жыл



жүктеу 2,77 Mb.
Pdf просмотр
бет114/129
Дата09.02.2020
өлшемі2,77 Mb.
#28666
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   129

 
228 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018ж 
 
 
 
ыл 
 
 
2.  Попов А.А. Психология: Учебное пособие для ИФК – М., 2002. 
3.  Егшатян  Д.  В.  Специальная  психологическая  подготовка  юных  борцов  вольного 
стиля  на  этапе  непосредственной  соревновательной  деятельности  //  Современные  наукоемкие 
технологии. – 2009. – № 7 – С. 100-103. 
4.  Гогунов Е.Н. Психология физического воспитания и спорта: учебное пособие / Е.Н. 
Гогунов, Б.И. Мартьянов. - М.: Академия, 2000. - С. 63 - 78. 
5.  Сопов В.Ф. Теория и методика психологической подготовки в современном спорте / 
В.Ф. Сопов. - М.: Трикста, 2010. - 116 с. 6. 
 
 
ӘОЖ 001 
 
ІЛИЯСТЫҢ ЖУРНАЛИСТІК ҚЫЗМЕТІ 
 
Ұлжан Хасен 
Мәншүк Мәметова атындағы орта мектеп, Ескелді а-ны, Шымыр а-лы, 
 
Ілияс  Жансүгіровтің  публицистикалық  еңбектері  мен  оның  поэтикасы  сараланады. 
Сонымен қатар, қазақ журналистикасына қосқан үлесі мен жанрлық ерекшелігі зерттеледі. 
Кілттік сөздер: Публицистика, Ілияс, поэтика 
В  данной  статье  отражены  публицистика  И.  Жансугурова  его  труды  и  поэтика  в 
данном жанре. Также исследовано его вклад в казахскую журналистику.  
Ключевые слова: Публицистика, Ілияс, поэтика 
This article reflects journalism after I. Zhansugurov his work and poetics in this genre. The 
author also explores his contribution to the Kazakh journalism. 
Кеy words: Journalism, Iliyas, poetics 
 
1925  жылға  дейін  публицистикалық  мақалалармен  қоса  көркем  шығармалар  жазып 
талпынып  көреді.  Онысы  нәтижесіз  емес  еді.  Бұл  жылдары  жап-жақсы  өлеңдер  жазып 
танылып қалса да, І.Жансүгіров өзіне-өзі көңілі толмай, табиғат берген дарынмен ғана ұзап 
кете алмайтынын түсініп, білімін көтеру үшін 1925 жылдың күзінде Мәскеудегі журналистер 
институтына    түсіп,  оны  1928  жылдың  жазында  бітіреді.  Оқуын  бітіріп  келген  соң  1928 
жылы газет жұмысына кірісіп, әдебиетке белсене араласады. 
«Ілияс  Жансүгіровтің  очерк  жазу  қызметі  ертерек  жиырмасыншы    жылдардың 
аяғында  басталды»,  -  деп  жазады  белгілі  журналист  ғалым  Төлеубай  Ыдырысов  өзінің 
«Шеберлік бастауы» деген зерттеу еңбегінде. 1927 жылы Түркістан ─Сібір темір  жолының 
құрылысы қолға алынған кезде Ілияс Түркісиб тақырыбына бірнеше очерктер арнайды. 1929 
жылы    жарыққа  шыққан  «Жол  аузында»,  «Шоқпардың  шоқтығында»,  «Төрт  жолдың 
торабы»  деген  очерктерінде  І.  Жансүгіров  бүкіл  халықтық  құрылыстың  барысын,  жапан 
түзге  желі  тартқан  болат  жолдың  қиыншылықтарын,  Түрксиб  құрылысының  ерлерін 
суреттейді. 
Әйтсе  де,  Ілиястың  очеркпен  көбірек  қалам  сілтеген  дәуірі-отызыншы  жылдар.  Осы 
тұста  сөз  зергері  газет,  журнал  тапсырмасымен  өнеркәсіп  орындарынан,  колхоз, 
совхоздардан  бірталай  очерк  берді.  1931-1934  жылдары  оның  қаламынан  «Октябрьдің 
«Октябрі»»,  «Сталин  колхозы»,  «Жарыс»,  «Төменнен  толқын»,  «Бейсетай  бригадасы», 
«Соқашылар»,    «Бір  күн  ішінде»,  «Қоян-құс»  деген  очерктер  туды.  Бұлардың  бәрінің  түп 
қазығы─колхоздастыру  кезеңіндегі  қауырт  істер,  жаңа  совхоз  өркендері,  ауыл  тұрмысына 
енген жаңалықтар, социалистік жарыс. 
Мәселен,  «Октябрьдің «Октябрі» очеркі─Ертіс өңіріндегі жаңадан  қоныс тепкен бір 
совхоздың  қарбалас  күндерінен  елес.  Жазушының  суреттеуінде  дала  ─бейне  бір  еңбек 
майданы.  Қаптаған  техника─тракторлар  мен  комбайндар.  Қырдың  қыртысы  қопарылып, 
айнала  егін  теңізі  болып  кеткен.  Кешегі  құла  тұз─бүгін  көшесінде  автомобилі  жүйткіген, 


 
 
229 
 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018 жыл 
 
телеграф  бағаналары  тізілген.  Бұл─дүлей  табиғатты  бағындырған  совет  адамдарының 
қаһармандық қимылының жемісі, социализмнің құдіретті күші. Міне, осы көріністерді Ілияс 
публицистика тілімен сөйлетеді. 
Жазушының  «Жарыс»,  «Төменнен  толқын»  деген  очерктері  Екібастұз  көмір  кені 
Риддер  шахталарындағы  социалистік  жарысты,  жұмысшылардың  олқылықты  жою 
жолындағы  күресін,  шаруашылыққа  жанашырлық  сезімін  өзек  еткен  әкелі-балалы  екі 
шахтердің  (Жауатар  мен  оның  баласы  Рахымжан)  өзара  социалистік  жарысын  көрсету 
арқылы Ілияс шахта өмірінің сырын шертеді. 
Ал  «Бейсетай  бригадасы»,  «Соқашылар»,  «Бір  күн  ішінде»  деген  очерктерінде  Ілияс 
шығарма  желісін  бір  күннің  оқиғаларына  құрып,  адам  мінездерін  аша  түседі.  Бұларда 
кейіпкерлердің  бейнесі  өзіндік  кескін-келбетімен,  мінезімен  оқшау.  Алғашқы  екі  очерк 
Қаскелең  ауданының  «Еңбекші  талап»  колхозынан  жазылған.    Бұл  –  ертерек  ұйымдасқан, 
шаруашылығы  өрге  басқан  колхоз  еді.  Міне,  осы  колхоздың  бірде  озат  бригадасын,  бірде 
екпінді  соқашыларын,  олардың  ізгі  мақсат  –  мүдделерін  жан  сүйінер  жақсы  істерін  үлгілі 
комсомолецтердің, Бәтіш, Мәскуре сияқты еңбек екпінділерінің бейнесін жасайды. 
Ілиястың  «Бір  күн  ішінде»  очеркі  де  тәуір.  Ең  алдымен  оның  тілі  көркем, 
композициясы  ширақ, сондықтан  оны  оқу  жеңіл.  Мұнда  отызыншы жылдардың  басындағы 
ауыл  өмірінің  суреті  табиғи.  Адамдардың  портретін  де,  пейзажды  да  автор  жақсы  береді. 
Очерктегі  басты  тұлға  –  Маров.  Ол  –  МТС  –  тің  саяси  бөлімінің  бастығы.  Очеркті  оқып 
шыққанда Маровтың байсалды мінезі, іскерлігі жадында қалады. 
Жазушы  Маров  образы  арқылы  тәжірибелі  білгір  басшының  тұлғасын  мүсіндейді. 
Маров  қарауындағы  колхоздарды  аралауға  шыққанда  істің  байыбына  барып,  орын  алған 
кемшіліктерді  тез  жою  шараларын  қарастырады.  Ол  ауыл  азаматтарының  көбін  таниды, 
олармен  сырласып,  шешіле  сөйлеседі.  Мысалы,  қырман  күзетшісі  шалмен,  ұсталармен 
әңгімесіндегі қарапайымдылық, қамқоршылық қасиеті Маровтың мәртебесін көтеріп тұр.  
«Әдебиет  майданы»  өзінің  1937  жылғы  бірінші  санында  І.Жансүгіровтің  «Қазақстан 
астанасы  -  Алматы»  деген  публицистикалық  очеркін  басады.  Онда  ғылыми  -  танымдық, 
тарихи  деректер  мол.  «Алматының  жері  жақсы»,  «Алматының  тарихынан»,  «Алматы  1916 
жылы»,  «Бүлік»,  «Қала  сонда  қандай  еді?»,  «Ескі  басшылықтың  Алматысы»,  «Қала  қалай 
өсіп келді?», «Қаламыз – мәдениет ордасы», «Алматы жолдары», «Үлкен Алматы», «Бақша 
мен  курорт»,  «Одақтас  республиканың  астанасы»  деген  тараулар  оқушыны  астанамыздың 
тарихын,  күрес  жолын,  өсу  белестерін,  соңғы  жетістіктерін  білуге  бірден  қызықтырады. 
Ілияс, әсіресе, Алматының әсем табиғатын суреттеуге ұста. Жазушы Алматының келешегіне 
көз  жіберіп,  алдағы  уақытта  оның  мәдиниетті  үлкен  қала  болатын  айтады.  Сол  көрегендік 
сөздері  бүгінгі  өмірде  нақты  орындалғанын  айтпасқа  болмайды.  Алматы  кешегі  Ілияс 
көргендей емес, бірақ публицистің «Қаламыз  – мәдиниет ордасы» деген бір ауыз сөзі бүгін 
68  жыл  астана  болған  қалаға  лайықты  теңеу  екені  талассыз.  «Ілияс  Жансугіровтің  бір  топ 
очерктері  бүгінгі  күннің  еңбек  адамдары  жайында»-дейді,  белгілі  Ілияс  мұрасын  зерттеуші 
ғалым  Мырзабек  Дүйсенов.  «Хабар  ретінде  жазылған  жалаң  очеркке  ден  қоймай,  көркем 
очерк  жазуға  талаптанған.  Бұл  талабы  жеміссіз  болмаған.  Әңгіме  –  очерктерінің  сәтті 
шыққандарының композициялық тұтастығы берік, сюжеттік желісі тұтас, суреттеу, бейнелеу 
жағынан  да  кәдімгі  көркем  шығармаларға  қойылатын  талптарға  жауап  бере  алады»  -  дей 
келе,  Ілиястің  әңгіме  –  очерк  жазудағы  аз-кем  олқылықтарына  да  ден  қояды. 
«...Композициялық тұтастығын сақтай алмай, көрген – білгендерін жинақтап, қорытындылай 
алмай,  соның  салдарынан  әңгіме  –  очерктерінің  етек  –  жеңі  жиналмай  шұбалаң  шығып, 
нақты  адам  бейнесі  ашылмай  қалған  кездері  де  жиі  ұшырасады.  Мысалы  «Нұрша», 
«Баулыған  балапан»  және  т.б.әңгімелері  көркем  шығармадан  гөрі,  жай  баяндама  тіліне 
ұқсас» – дейді, М.Дүйсенов. 
 Мұндай  кемшіліктер  атаулылар  -  әр  творчество  адамына  тән  құбылыс.  Қазақ 
баспасөзінің  алғашқы  баспалдақтарында  жаңа  туындаған    жанрлардың  қанат  жайып, 
бұғанасы қатпаған тұста, оның қалыптасуы мен даму процестерінде ондай кем-кетіктің кетуі 
−  заңды  нәрсе.  Мәдениет  пен  өнер  саласы  −  Ілияс  Жансүгіровтың  газетке  сүйіп  жазатын 


жүктеу 2,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   129




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау