Ақтөбе облыстық әділет департаментінде 2016 жылдың 27 қазанында



жүктеу 307,72 Kb.
Pdf просмотр
бет5/11
Дата15.05.2018
өлшемі307,72 Kb.
#13813
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын жəне басқаларын сатып алу), жеке

кəсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қолданылуы тиіс.

31. Əлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:

1) өтiнiш берушi ұсынған мəлiметтердiң дəйексiздiгi анықталған;

2) өтiнiш  берушi адамның (отбасының) материалдық  жағдайына  тексеру

жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;

3) адамның   (отбасының)   жан  басына   шаққандағы   орташа   табысы

əлеуметтiк  көмек  көрсету  үшiн  Алға  аудандық  мəслихаты  белгiлеген  шектен

артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

32. Əлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның

бюджетiнде  көзделген  ағымдағы  қаржы  жылына  арналған  қаражат  шегiнде

жүзеге асырылады.

4. Отбасының белсенділігін арттырудың əлеуметтік

келісімшартын жасау

33. Əлеуметтік  келісімшарт  негізінде  əлеуметтік  көмек  алу  құқығы

айқындалғаннан  кейін  уəкілетті  орган  өтініш  берушіні  жəне (немесе) оның

отбасы мүшелерін отбасыға көмектің жеке жоспарын отбасының белсенділігін

арттырудың əлеуметтік келісімшартын жасау үшін шақырады.

Бұл  ретте  осы  Қағидалардың 35

  тармағында

  қарастырылған  жағдайды

жəне I, II топтағы  мүгедектерді, күндізгі  оқу  бөлімінің  оқушыларын,

студенттерін, тыңдаушыларын, курсанттарын 

жəне 


магистранттарын

қоспағанда  жұмыссыздар  мен  өзін  өзі  еңбекпен  қамтушылар  арасынан

үміткерлерді бір жұмыс күні ішінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларына

қатысу  үшін  жұмыспен  қамту  Орталығына  жолдайды  немесе  Қазақстан

Республикасының 2016 жылғы 6 сəуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы»

Заңында


  көзделген  жергілікті  бюджет  есебінен  қаржыландырылатын  өзге  де

шараларға жолдама береді.

34.

.

Отбасының (азаматтың) кəсіптік жəне əлеуметтік бейімдеу жөніндегі,



аз  қамтылған  азаматтардың  өмір  деңгейін  көтеру  үшін  іс-шараларын  қамтуды

көздейтін  жеке  жоспар, өтініш  берушімен  жəне  оның  отбасы  мүшелерімен

бірлесіп жасалады, атап айтқанда:

1) жұмыспен  қамту  Орталығы  жəне (немесе) уəкілетті  органның

ықпалымен белсенді түрде жұмыс іздеу, жəне олардың ұсынған жұмыс орнына

жұмысқа орналасу;

2)  кəсіби даярлықтан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан өту;

3) жеке  кəсіпкерлік  қызметін  дамыту, жеке  қосалқы  щаруашылығын

жүргізу;

4) халықтың мақсатты топтарына кезеңдік скринингтік тексеруден өтуге;

5) отбасы құрамында жүкті əйелдердің болғаны жағдайында, жүктіліктің

12 аптасына  дейін  əйелдер  консультациясына  тіркеуге  тұру жəне жүктіліктің

барлық кезеңінде бақылауда болу;

6)  əлеуметтік  мəні  бар аурулары (маскүнемдік, нашақорлық, туберкулез)




болған жағдайда ерікті емделуге;

7) мүгедектерді  оңалту  шараларын  жəне (немесе) арнайы  əлеуметтік

қызметтерді уақытылы алуға;

8) аз қамтылған отбасының (азаматтың) жеке қажеттілігіне орай уəкілетті

органның  шешімі  бойынша  анықталған  басқа  да  кəсіби  жəне  əлеуметтік

бейімдеу.

35. Жұмыспен  қамтуға  жəрдемдесудің  шараларына  қатысу  отбасының

еңбекке  қабілетті  мүшелері  үшін  міндетті  шарт  болып  табылады, келесі

жағдайларды қоспағанда:

стационарлық, амбулаторлық емделу  (тиісті медициналық  ұйымдардан

растайтын құжаттар ұсынған кезде) кезеңінде;

жұмыспен  қамтуға  жəрдемдесудің  мемлекеттік  шараларына  қатысатын

негізгі  үміткерден (үміткерлерден) басқа, адамдардың  жеті  жасқа  дейінгі

балаға,  он  сегіз  жасқа  толмаған  мүгедек  балаға, бөгде  адамның  күтімі  мен

көмегіне  мұқтаж  бірінші  жəне  екінші  топтағы  мүгедектерге, сексен  жастан

асқан қарттарға.

36. Отбасының  белсенділігін  арттырудың  əлеуметтік  келісімшарты  алты

айға, бірақ  отбасы  мүшелерінің  əлеуметтік  бейімделуін  ұзарту  қажет  болған

жəне (немесе) отбасының  еңбекке  қабілетті  мүшелері  кəсіптік  оқуын

аяқтамаған  жəне (немесе) жастар  практикасынан  өткен  жəне (немесе)

əлеуметтік  жұмыс  орындарында  жұмыспен  қамтылған  жағдайда  бір  жылдан

асырмай тағы алты айға ұзарту мүмкіндігімен жасалады.

Отбасының 

белсенділігін 

арттырудың 

əлеуметтік 

келісімшарты

ұзартылған жағдайда, əлеуметтік көмектің мөлшері қайта қаралмайды.

37.

.

Отбасының  белсенділігін  арттырудың  əлеуметтік  келісімшарты  екі



данада жасалады, оның біреуі өтініш берушіге тіркеу журналына қол қойғызып

беріледі, екіншісі – уəкілетті органда  сақталады.

38.

.

Отбасының 



белсенділігін 

арттыру 


бойынша 

əлеуметтік

келісімшарттағы міндеттердің орындалуына  мониторингті оны жасаған мекеме

жүргізеді.

39. Уəкілетті  орган  отбасының  белсенділігін  арттырудың  əлеуметтік

келісімшарттың  барлық  мерзіміне  сүйемелдеп  отырады  жəне  жеке  жоспардың

орындалуын қадағалайды, сондай-ақ оның тиімділігіне бағалау жүргізеді.

5. Көрсетiлетiн əлеуметтiк көмектi тоқтату жəне қайтару

үшiн  негiздемелер

40. Əлеуметтiк көмек келесі жағдайларда тоқтатылады:

1) алушы қайтыс болған;

2) алушы Алға ауданы аумағынан тыс  тұрақты тұруға кеткен;

3) алушыны  мемлекеттiк  медициналық-əлеуметтiк  мекемелерге  тұруға

жiберген;

4) алушы ұсынған мəлiметтердiң дəйексiздiгi анықталған жағдайларда.

Əлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдайлар туындаған айдан бастап




тоқтатылады.

41. Бұл  ретте  дəйексіз  мəліметтерді  келтіріп  заңсыз  əлеуметтік  көмек

тағайындауға  əкелгені  анықталған  жағдайда, əлеметтік  көмек  төлеу

тағайындалған  тұлғаға (отбасына) белгіленген  кезеңге  тоқтатылады. Артық

төленген сомалар ерiктi   қайтаруға жатады, бас тартқан жағдайда- сот арқылы.

6. Қорытынды ереже

42.

.

Əлеуметтiк  көмек  көрсету  мониторингi мен  есепке  алуды  уəкiлеттi



орган «Е-собес» автоматтандырылған  ақпараттық  жүйесiнiң  немесе

«Əлеуметтік  көмек» автоматтандырылған  ақпараттық  жүйесiнiң  дерекқорын

пайдалана отырып жүргiзіледі.



жүктеу 307,72 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау