Ақтөбе мемлекеттік педогогикалық институты


Шаруа басқарушыларының аймақтың қоғамдық өміріндегі рөлі



жүктеу 2,58 Mb.
бет8/15
Дата30.01.2018
өлшемі2,58 Mb.
#8152
түріДиссертация
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

3.2. Шаруа басқарушыларының аймақтың қоғамдық өміріндегі рөлі.

Дала генерал-губернаторы атап көрсеткендей шаруа бастықтарынан тапқырлық, күш-қуат,еңбекқорлық, табандылық, батылдық, жауапкершілік таныту талап етілді, себебі, олар өмірге азаматтықтың шыншыл бастауын таратушылар болып табылады. [186,86п]

Шаруа бастықтарының қоғамдық қызметінде олардың тұратын жері де үлкен мәнге ие болды. Уездік жалпы отырыстың пікірінше учаскеде орталық болып табылатын ауылды табу маңызды себебі шаруа бастығы өзіне бағынышты ведомстволық аумақты тегіс аралап шығу мүмкіндігі болуы керек. Бұдан басқа аталған мекен- жәй көлік, пошта, темір жол, жүк таситын т.б. жолдардың қиылысында орналасқан ба соны қарастыру керек болды. Мысалы, Ақмола уезінде ондай пункттер Алексеевкое селосы (1 учаске) және Ақмола селосы (2,3 учаскелер) болды.Ал 3 учаске үшін Черниговское селосы ыңғайлы болды, бірақ қазақтар бұл селоны айналып өтіп, батыс бағытында өздерінің қыстаулары орналасқан жерлермен жүріп Ақмолаға барды. Уездік қатысымның есептеуінше кейін аталған учаскелерге қоныстандыру әрі қарай жалғасып, шаруа бастықтары тоқтайтын учаскелерге еніп, өзгеруі, жылжуы керек. [187, 23п]

Бұл жағынан Ақмола уезінің 4 учаскесінің шаруа бастығының орналасқан жері көрсеткіш болды. Оның тоқтайтын жері Қарағаш тоғайлы елдімекені болды, ол учаскенің солтүстік бөлігінде орналасқан жалғыз ыңғайлы жер болды, яғни учаскенің барлық халқы жиналатын Сарысу өзенінің аңғарына жақын жатыр, тіпті онымен қоса Шу маңының болыстарына қыста Сарысу және Приактавские болыстарына қатынау мүмкін болады. Бұдан басқа Қараағаш елді мекені арқылы керуен жолы өтеді, тіпті қыста шикізатпен астық таситын керуендер өтеді. Қараағаш тоғайлы сай саласы арқылы құнарлы жерлері бар алқап болды. [188, 23п]

Петропавл уезінің 1 шаруа учаскесінің бастығы өзінің тоқтайтын жерін Петропавл қаласы деп белгіледі, себебі, мұнда шаруа бастықтарының уездік съезі болатын. Аталмыш уездің 2 учаскесінің бастығы өзі тоқтайтын ыңғайлы орын Явленкое селосы деп санады. Бұл селоның ыңғайлы инфрақұрылымы болды сондай -ақ мұнда 4 учаскенің дәрігері тұрды, аурухана құрылысын салу қарастырылды. [189,26п]

Шаруа бастықтары туралы Уақытша ереженің 14-бабына сәйкес шаруа бастықтарының міндеті болыс басқарушыларының, ауыл старшындарының және халық сотының іс жүргізуін тексеру жүргізу болып табылады. Лауазымды тұлғалардың теріс іс-әрекеттеріне және қызметтерін асыра пайдаланғаны үшін арыз-шағымдар ,әсіресе, қазақ халқынан шаруа басқарушыларына, болыс, ауыл старшындарының атына көптеп түсіп жатты. Бірақ бұл арыз шағымдардың көпшілігі Қостанай уезінің 4 учаскесінің шаруа бастығының пікірінше негізсіз. [190,306п]

Ақтөбе уезінің 1- учаскесінің шаруа басқарушысына тек 1903 жылдың өзінде болыстарды 18 рет аралады, соның ішінде Бестамақ болысын 2 рет, ал қалғандарында бір рет тексеру жүргізген. [191,17п] Шаруа бастықтары далада болғанда келушілерді күн сайын қабылдады, ал өз кеңселерінде қабылдау күндері болды, мереке күндері сағат 11.00-ден 14.00-ге дейін қабылдаған. [192,19п] Ақтөбе уезінің 3 учаскесінің шаруалар бастығы өзінің есеп беруінде мәлімдегендей,ол бір жыл бойы өзінің бақылауындағы 4 қазақ болысын 4-5 рет аралап шыққан. Оның жиі аралауы болыстық басқарушылар мен ауылдық старшындардың қызметін жіті бақылау мүмкіндігін берді, оларға сол жерде түрлі істерді шешуде дұрыс шешім қабылдауға нұсқау берді, барлық сайлаушылардың және халық сотының болыстық съездерінде жеке қатынасып, халықтың барлық мұқтаждарын түсініп, әңгімелесті. Ол мұның бәрін уездік бастықтың мүмкіндігі болмады, себебі оның әртүрлі істерді атқаруы және өзінің басқаруында орасан зор аудан болуымен түсіндіреді. [193, 67п]

Шаруа бастықтарының жергілікті тұрғындармен үнемі араласуының нәтижесі шаңырақ иелеріне салынатын салықты тегіс реттеуге мүмкіндік берді. Бұл шаруа бастықтарының қызметінде маңызды мәселелердің бірі болды өйткені қазақтардың лауазымды тұлғаларға жасалатын басты шағымдары болыс басқарушыларының тұрғындарға салынатын салықты дұрыс жүргізбеулеріне байланысты болатын еді.

Аймақтағы ұлттық қоғамдардың әлеуметтік құрылымын түсіну үшін, мына дерек маңызды болды, яғни , XIX ғасыр ортасына қарай жергілікті тұрғындардың элитасы арасында эволюциялық даму болып қана қойған жоқ, сонымен бірге шаруалардыңда арасында болды. Бұл нарықтық қатынастардың енуімен, ру басыларының қауымдық жерлерді озбырлықпен басып алуы мен ең шұрайлы жерлерді патша үкіметінің тартып алуына байланысты отаршылдық саясаттың күшеюімен байланысты еді. Осы жағдай жер иелену тәртібін өзгертті, қазақ руларының дәстүрлі көшіп-қону бағыттарын бұзды, жайылымды мал шаруашылығының дағдарысқа ұшырауымен байланысты болды. Аталмыш факторлар өткен он жылдықтарға қарағанда шаруалардың мүліктік жіктелуіне күшеюіне әкелді.

Қазақ қоғамының жіктелуінің куәсі, адамдардың жаңа категориясы пайда болды, яғни 1897 жылғы санақ қағазында қазақтардың натуралды шаруашылығы үшін тән емес қызмет түрі көрсетілді.

5 кесте

Қазақ халқының XIX ғасырдың соңғы ширегіндегі кәсіптері


Кәсіптің түрі

Торғай облысы

Орал облысы



Егіншілік

18027

42877

Мал шаруашылығы

389617

400967

Балық аулау, аңшылық

-

1506

Өнімді өңдеу

-

10

Киім дайындау

297

1194

Құрылыс жұмыстары

-

103

Жүк тасу

166

1315

Сауда делдалдылығы

4

31

Жалпы сауда

26

234

Малмен сауда жасау

13

114

астықпен

-

15

Ауыл шаруашылық өнідері

37

186

Құрылыс материалдары

-

34

Мата,киім

-

54

Былғары,аң терісі

24

18

трактирлер

8

197

Тасымал саудасы

2

2

Мысалы, жартылай өнім шығаратын салада (сауда, күнде жалданып істейтін жұмысшылар) қазақтар 0,5% құрады. Қызмет көрсету саласында жүк тасу кәсібімен қазақтардың белгілі бір бөлігі айналысты, бұл Орал облысында Индер көлінде тұз кенінің табылуына байланысты болу керек, олардың жылдық табысы 400-500 мың пұтқа жетіп отырды. Қазақтар Орынбор ведомствосының шығыс бөлігінде орналасқан Орқаш және Ебелей көлдерінен шекара бекінісіне дейін тұз тасып отырды. 1861 жылы 276 766 пұт тұз шығарылды, тұздың әр пұты 20 тиынға бағаланды. [194,с.324п]

Торғай облысы, Қостанай уезінің 4 учаскесінің шаруа бастығы 1905 жылға арналған есебінде оған қарасты аумақ тұрғындары жүк тасу кәсібімен айналысады, соның ішінде астық тасумен деп жазады. 1905 жылғы астықтың барлық түрінің мол түсімі сауданың ғана емес, жүк тасу кәсібінің жандануына әкелді. Әсіресе Орск, Верхнеуральск, Ақтөбе және Орынбормен шектесетін Құмақ, Сүйіндік, Желқуар болыстарының қазақтары осы кәсіппен айналысты. [195,17п] Жетіғара, Ақ қорған және Желқуар болысының солтүстік бөлігінің қазақтары астық саудасымен айналысты, яғни казактардың елді мекендерімен және селоларынан (Наследница станицасы және басқалары) астықты сатып алып, Арал теңізі маңындағы қазақтарға тасылып жатты. Шаруа бастығының айтуына қарағанда осы жерде астық балыққа айырбасталып Тройцкіге жөнелтілетін еді. [196,303-304пп]

Қазақтардың тұрмысындағы өзгерістер туралы Ырғыз уезінің 1 учаскесінің шаруа бастығы 1911 жылға арналған есебінде малды аман сақтап қалу үшін және қысқы мал азығының мол қорын дайындауға мүмкіндік беретін Ырғыз уезі тұрғындарын машинамен шөп шабуға үйретуде біраз жұмыстарды жүргізгендігін жазады. Ол үшін Ырғызда осы машиналардың қоймасы ашылып, тұрғындарға машиналармен шөп шабатын құралдар жеңілдетілген бағамен комплектісіне 240 рубльден сатылды. [197,136п] Осы машиналарға сұраныс үнемі өсіп отырды, егер де 1910 жылы 30құрал, ал 1911жылы 49 сатылды деген.

Ақтөбе уезінің 3 учаскесінің шаруа бастығы Витман 1903 жылы қазақтардың 22214 пұт бидай, 9164 пұт тары, 77640 десятина жерден 13700 пұт сұлы жиналғанын көрсетеді.Осы деректер ,біз көріп отырғандай қазақтардың егіншілікпен айналысқанын көрсетеді. Сонымен бірге астықтың мол түсімі, астықты саудалауға да мүмкіндік берді. Тіпті,, астық шықпай қалған жылдары қазақтар Орск, Актөбе базарларынан және Орал өзені бойындағы станицалардан астық сатып алып отырды. [198,71п] Теректі болысының №1 және №5 ауылының қазақтары Меңдіқұл деп аталатын жерде 12 данадан тұратын бөгеттер жүйесін тұрғызды.Осының нәтижесінде Ырғыз уезінің 3 -учаскесінің шаруа бастығы жазғандай қазақтар құрғап қалған Меңдіқұл көлін сумен толтыруға мүмкіндік алды. [199,22п]

Ең қызықтысы плотинаны көруге шаруа бастығының шақыртуымен Торғай облысының инженер- гидротехнигі Вихарский келіп, бөгет құрылысын мақұлдаған. Егін шықпай қалған жылдары шаруа бастықтары тұрғындарды тұқыммен және азық түлікпен қамтамасыз ету шараларын жасап отырды. Мыс, Торғай облысы шаруа басқарушыларының уездік съезінің 1909 жылға арналған есебінде тұрғындарға заттай қарыз беру үшін 1909 жылы 22 азық түлік пен тұқым қоймалары ұйымдастырылады. Съезд мүшелері Торғай губернаторының тапсырмасымен осы есепті жылда тұрғындар үшін 46047 пұт азық- түлік және 121720 пұт тұқым сатып алады. [200,110п]

Сондай-ақ шаруа басқарушылары өзіне бекітілген учаске тұрғындарының экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында қоғамдық ақшаға ауыл шаруашылық машиналарын сатып алып,тұрғындарға қарызға беріп отырған. Торғай облысы, Ақтөбе уезінің № 3 учаскесінде 1912 жылы қоғамдық ақша есебінен 5778 рубль 90 тиынға егіншілік құралдары сатып алынады,тұрғындарға қарызға беріледі, «әсіресе шөп шабатын машиналарға сұраныс жоғары, бірақ қаражаттың аздығы қол байлау болды».- деп жазады өз есебінде Ақтөбе уезі №3 шаруа учаскесінің басқарушысы Е.Е.Витман. Бірақ 1911 жылы астықтың шықпай қалуына байланысты сатылған машиналар үшін қарыздар қайтарылмай қалған. [201,с.189]

Егіншілік құралдарының пайдалы екенін түсіне бастаған Ақтөбе және Аралтөбе болысының қазақтары үшін Ақтөбе және Орскі қалаларында Я.С.Демин қоймасынан соқа, шөп шабатын, егін оратын машиналар сатып алынып отырған. Өйткені Демин қоймасынан алынған құралдар мен машиналар арзан және сапалылығымен ерекшеленген.

Шаруа басқарушылары ірі қара малды асылдандырумен айналысты қазақтардың малдарын будандастыру арқылы асыл тұқымды қалмақ, царицын, сементаль және басқа да тұқымдарды алып отырған. Мұндай жетілдірілген асыл тұқымды малды күту аса қиындық туғызбады және жергілікті жағдайға тез үйреніп кетті. Асыл тұқымды малға сұраныс күшейгені сондай тіпті бай қазақтар өз ақшаларына сатып алып шаруашылығына пайдаланып отырды. Торғай облысының, Ақтөбе уезі №3 учаскесінде 1914 жылы Ақтөбе және Әлімбет болыстарына қоғамдық ақша есебінен 2464 рубльге және қазынаның 3136 қаражатына 14 қалмақ бұқасы әкелінген. Мал ауруымен күресіп отырды, ол үшін қышымаға қарсы мазды сатып алу үшін тұрғындардан ақша жинап отырды. [202,c.172]

Шаруа басқарушылары апат және жоқшылықпен күресіп отырды.Қасқырлармен күресті шаруа басқарушылары қарқынды жүргізіп отырған әр өлтірілген қасқыр үшін сыйақы тағайындаған. Мысалы, 1912 жылы Ырғыз уезінің №1 учаскесінде шаруа басқарушысы әрбір өлтірілген қасқыр үшін 5 рубль тағайындаған.Ал Ақтөбе уезінің №3 учаскесінде 1915 жылы 21 қасқыр өлтіріліп, оларға қордан 21 рубль бөлген. Сондай-ақ күзендерге қарсы күрес жүргізіп отырды. [203,с172]

Олар жетім балаларды қамқорлыққа алу ісімен айналысып отырды, яғни, оларды тізімге алу,жетімдерді қамқорлыққа алғандардың саны және оған кеткен қаражат көлемі туралы жыл сайын есеп беріп отырды. Торғай облысының мәліметтеріне қарай отырсақ «облыста жетім балаларды қамқорлыққа алу ісі ойдағыдай емес ,өйткені, халық дәстүріне байланысты жетімдерге олардың мүлкін өзі иеленгісі келетін және жаcырғысы келетін жақын туыстары иелік етеді, кей жағдайда жетімдерден шағым түскенде немесе туыстары болмаған жағдайда жетімдер туралы мәлімет билікке түсіп жатады ,сонда ғана қамқоршылар тағайындалады.»деп жазады. [204,с.170]

Шаруа бастықтары өздеріне қарасты территорияда білім берудің дамуына бақылау жасады.

Дала генерал- губернаторы Сухотин атап көрсеткендей шаруа бастықтары өздеріне қарасты территорияда мектеп ісіне ерекше көңіл бөлуі тиіс деуі кедейсоқтық емес еді. Ол шаруа бастықтарына әркез елдімекендерге \болыстарға\ барған сайын «мектеп тәрбиесінің жолға қойылғанына жеке көз жеткізулері керектігін жазды. [205,168п]

Мысалы, Ырғыз уезінің аумағында 2 класты училище болды (129 оқушы, олардың 68 қазақ , басқалары орыстар еді) және 2 бір класты орыс-қазақ қыздар училищесі (53 оқушының 36 қазақ). Оқушылар санының көбеюіне байланысты Ырғыз уезінің шаруа бастығы өздерінің есеп берулерінде осы оқу орынында қазақ балалары үшін бос орындарды ашу қажеттігі туралы мәселе қойды. Осы мақсатқа жету тәсілдерінің бірі- ауыл мектептерін қысқартуда деді, себебі, осы мектептерде оқушылардың саны болмашы ғана, ал, босаған қаражатты 2 класты орыс-қазақ училищесінің қорына аудару керек деді. [206,266п]

Ырғыз уезінде барлығы 339 оқушы оқитын 22 ауылдық мектеп ,онда орта есепппен әрбір мектепке 10-15 оқушыдан оқыды. Сонымен бірге Ырғыз уезінің 1- учаскесінің шаруа бастығының пікірінше, ауылдық мектептердегі оқушылар санының аздығы мұндай мектептегі қысқартылған оқу курсы жақсы білім алуға мүмкіндік бермеді, кейіннен кеңсе хатшысы немесе басқа да кеңсе қызметімен айналысып жұмыс істеп ақша табу мүмкіндігі жоқ деп есептеді. [207,267п]

Ақтөбе уезінің 1-шаруа учаскесінің аумағында 1903 жылы мынадай ауылдық мектептер орналасқан болатын: Нысан мектебі(14 оқушы), Марған мектебі(11 оқушы), Қарамалы мектебі (14оқушы), Қарақобда мектебі(10). Ақтөбе уезінің 1- шаруа учаскесінің бастығы өзінің есебінде болыс басқарушыларының көпшілігі мектеп қызметіне түсіністікпен қарайтынын айтады. Сонымен бірге, шаруа бастығы көрсеткендей, болыс басқарушыларына мектептерде оқушылар санын көбейтуді ұсынған 3 қыркүйек 1903 жылғы (№ 854) және 28 қарашада (№1067) өкім хаттар дайындалған және өздеріне қарасты территорияда қазақ болыстарының арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізулері керек болды. Маңыздысы сол, халық- ағарту мәселелері уездік съездерде қаралған, онда шаруа бастықтары қазақтар үшін «мектептің пайдасын» түсіндірген. [208,15п] Қазақтарды сауат ашуға үйрету, оқудың қажеттілігіне үнемі сендіру Ақтөбе уезінің 3 учаскесі қазақтарының 2 класты орыс-қазақ училищесін ашуға бастама көтеруге ықпал еттіі. Олар осы училищені ұстау үшін әр шаңырақтан 50 тиыннан жинауға шешім қабылдады.Бұл бір жылға едәуір қаражат еді, 5570 шаңырақтан 3285 рубль ақша жиналды.

Cемей уезінің 3-шаруа учаскесінде шаруа бастығының араласуымен 1913 жылы Михайловск, Павловск, Данилов, Круш поселкелерінде мектептер ашылған. Мектеп ғимаратын салу туралы 1912 жылдың желтоқсанында өтініш хаттар жазылды. Шереметьев поселкесінде мектеп ғимаратын шаруа бастығының көмегімен селолық қоғамның өзі салды. [209,21-23пп].

Қостанай уезінің 4 учаскенің шаруа бастығының мәлімдеуінше учаскенің қазақ болыстарында 1909 жылға дейін тек бір ғана мектеп болған, ал 1909 жылы төрт ауылдық мектеп ашылды. Шаруа бастығының мәлімдеуінше әрбір ауылда 1365 үйден келеді, әр үйде мектеп жасындағы 2 ұлдан болса, әрбір ауылдық мектепке 2730 ұлдан келді. «Болыстың мектепсіз еш мәні жоқ».- дейді шаруа бастығы. Мектептерде тек ұлдар оқыды, ал қыздар үшін мектеп жоқ, ал қыздарды Қостанай шағын гимназиясы қабылдайды, бірақ бұл гимназияның 4 учаскенің қазақтары үшін пайдасы жоқ өйткені учаскеден 230-450 шақырым жерде орналасқан.

Құмақ болысының қазақтары жыл сайын алым -салық жинап, болыстық мектеп салуға 3795 сом қаражат жинады, оның 600 сомы Халық училищесінің директорының депозитінде сақтаулы. Бұл қаржының жетіспеушілігіне байланысты Халық ағарту Министрлігінен мектеп салуға қаражат сұрау туралы мәселе көтерілген. Қазақтардың жыл сайынғы алым -салығынан 400 сом бөлу қарастырылды. Бірақ Халық мектептерінің директоры егер қазақтар мектеп салу құнын және интернат күтімін өзеріне алса, яғни 10000 сом және жыл сайынғы интернатқа 3000 сом тауып төлесе, мектеп салуға келісім беретін болды. Мұндай жағдайда мектеп салу мәселесі олардың орындай алмайтындығы салдарынан қабылданбады.

Шаруа бастығының мәлімдеуінше келесі жылдан бастап қазақтардан Қостанайда қолөнер кәсібі училищесін салуға және қыздар прогимназиясын гимназия етіп өзгертуге алым- салық жиналуда. «Төртінші учаскенің қазақтары орысша білім алуға өте мұқтаж, бірақ учаскеде мектеп болмағандықтан станицалық мектептерге, Орскідегі мектепке беруге мәжбүр, көбісі балаларын үйінде оқытуда, балаларының білім алуы үшін ауылдағы мектепті ұстауға келіседі. Қордың жоқтығы және алым-салықты ұлғайту мүмкін еместігі қазақтардың қаражатына мектеп ашу Халық ағарту министрлігінің көмегінсіз мүмкін емес. [310,10-13пп]

Олар мектептегі оқушылардың санын көбейтуге ықпал етіп отырды, болыстық съездерде, ауыл жиындарында мектепке берудің пайдасын түсіндірді. Сол кездердегі мектептерге тән нәрсе мектеп үйінің жалға алынуы еді және балалардың білім алуына ыңғайлы болмауы еді. Кейбір ауылдарда мектептер болмады, осы жағдай кейбір лауазым иелерін қоныс аудару басқармасымен Халық ағарту министрлігінің мектеп құрылыс қорынан қарыз сұрауға итермеледі.Мыс, Ақтөбе уезінің төрт поселкенің тұрғындарына мектеп құрылысын бастауға қоныс аудару басқармасынан 2000 рубль, Халық ағарту министрлігінің құрылыс қорынан 3000 рубль және инспекторлар үшін 900 рубль қарызға ақша беріліп, мектеп құрылысы 1911 жылдың күзіне қарай аяқталған. Ақтөбе уезінде жақсы ыңғайландырып салынған 2-кластық орыс-қазақ училищесі болды, онда 35 орындық интернат бар. Осы училищеге тілек білдірушілердің көптігіне байланысты ғимарат құрылысын кеңейтіп жанынан құрылыс салу жоспарланды, интернаттағы балалар санын 60 орындыққа дейін жеткізу жоспарланды Шаруа басқарушысының қолдауымен училище жанынан кітапхана ашылып, онда 350 том орыс және шетел жазушыларының шығармалары және көптеген баспасөз басылымдары болған, кітапхана қызметін негізінен мұғалімдер және Қосестектегі ветеринарлық дәрігер, фельдшер, дін қызметкері және басқа да лауазымды тұлғалар пайдаланған. [211,с.108]

Шаруа бастықтары болыстарға жүйелі түрде барып тұрды, болыстық съездерге қатысты, халық сотының шешімдерін, іс жүргізуді ұйымдастыруларын тексерді. Ақтөбе уезінің 1 учаскесінің шаруалар бастығы қызмет етуінің бірінші жылы өзінің есебінде ұсыныс енгізді, болыстық басқармаларда іс жүргізуді дұрыс ұйымдастыру үшін бір кеңсе хатшысы жеткіліксіз, жалақысы 180 рубль болатын көмекшінің жеке штатын бөлу жақсы болар еді, өйткені ,оның пікірінше бұл екі есе пайда әкелген болар еді , біріншіден, іс жүргізуге көмек ,екіншіден, кеңсе хатшысы қызметіне резерв дайындалады. [212,19п]

Шаруа бастықтары халық соттарының қызметіне зор көңіл бөлді. Мысалы, Ақтөбе уезінің 3 учаскесінің шаруа бастығының бастамасы бойынша 1904 жылы әрбір болыста халық соттарының бірнеше болыстық және төтенше съездері өткізілді, оларда жылқы ұрлауға байланысты 1000ға жуық іс талқыланды. Шаруа бастығының осы мәселелерді талқылауға жеке қатынасуы және халық соттарының қабылдаған шешімдерінің орындалуын қадағалау өзіне сеніп тапсырылған аумақта жылқы ұрлаудың азаюына белгілі бір жағдайда әсер етті. [213,20п]

Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарында шаруа бастықтары соғысқа шақырылғандардың отбасыларының өмір сүруге қаражатсыз қалуына байланысты соғысқа шақырылғандар мен олардың отбасыларының тізімін жасады. Мысалы, Қостанай уездік комиссиясының отырысында шаруа бастықтарының өтініші бойынша осындай жанұяларға қайырымдылық көмек көрсету үшін 5 мың рубль ақша бөлінді. [214,12-16пп] Шаруа бастықтары солдат отбасыларын ерекше бақылауға алды, яғни азық түлік паегімен қамтамасыз ету, пәтер мәселесін шешу әсіресе үйді жылытуда отынмен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болды және басқа да мұқтаждарын қамтамасыз ету керек болды. Зайсан уезі 1 учаскесінде мұндай отбасыларының саны 11 болды,олардың барлығы азық түлік паегімен 3101 рубльге қамтамасыз етілген. [215,139п]

Шаруа басқарушылары соғысқа шақырылғандардың отбасына қайырымдылық жәрдем ақы тағайындалуы үшін уездік комиссияға ұсыныс жасап отырды. Мысалы, Қостанай қалалық\қай жылы\ комиссиясы 16 наурыздағы № 699 қатынас қағазымен соғысқа шақырылғандардың отбасына қайрымдылық көмек көрсетіліп 3000 рубль қаражат бөледі.Успенск болыстық комиссиясы өтінішіне сәйкес соғысқа шақырылғандардың отбасына астық егу үшін 600 рубль береді және қаражаттың қалай жұмсалғандығы туралы уездік комиссияға есеп беруге тиісті болды. Қостанай уезі Александров поселкасының шаруасы солдат Василий Гапоновқа киіммен аяқ-киім алуына бір жолғы 15 рубль беріледі, мәліметтерге қарағанда ол өте кедей тұрған. Комиссия төрағасы Кочергиннің баяндамасын тыңдай келе комиссияда қалған ақшадан 5800 рубльді жұмысқа қабілетсіз неміс босқындарына бөлу және неміс босқындарына пасха мерекесіне орай 500 рубль беруге шешім қабылдайды.Алексеев болыстық комиссиясының өтінішіне орай соғысқа шақырылғандардың отбасына астық сатып алу үшін 1000 рубль қаражат бөлінді.Қоскөл болыстық комиссиясының өтінішіне орай солдат отбасыларына киіммен астық сатып алу үшін 300 рубль бөлінеді.Шаруа басқарушысының ұсынысымен Матвей Ткаченко 440-шы жаяу әскер полкінің солдаты және оның төрт кәмелетке жетпеген баласы үшін 1917 жылдың 1қаңтарынан айына 30 рубльден жәрдем ақы бөлу туралы шешім қабылданады. [216,11-14пп]

Шаруа бастықтарының қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі оның учаскесінде көріктендіру шаралары. Мысалы, Зайсан уезінің 1 учаскесінің шаруа бастығы Селезнев өзінің учаскесін көріктендіру\абаттандыру\ үшін төмендегі қызметтерді атқарды.

I.Құрылыс жұмыстары.

а\Благодарненск поселкесінде 4397 рубльге бір класты мектеп ғимараты салынды.

б\ 6 қазақ болысында 360 оқушыға арналған 30200 рубль қаражат жұмсалған 6 мектеп ғимаратын салу жұмыстары жүрді. в\ болыстық үйлерге жөндеу жұмыстары жүрді.

II. Cауда айналымын дамыту үшін несие серіктестігін ашу жөнінде шаралар қабылданды. Благодарненский поселкесінде жәрмеңке ашу және апта сайынғы базарды ұйымдастыру іске асты.

III. Жолдарды жөндеу жөніндегі шаралар жасалынып, соның ішінде Зайсан уезінің елді мекендері арасында және Қытайдың елді мекені бар бөлігімен байланыстар болып табылды. [217,129п]

Қостанай уезінің 4 -учаскесінің шаруа бастығының 1909 жылға арналған есебінде 1909 жылға дейін қазақ болыстарына Құмақ болысында екі, Жетіғара болысында төрт мешіт болды, ал, 1909 жылы Құмақта екі, Жетіғарада төрт мешіт, Жылқуарда бес, Сүйіндікте екі, Аққағарда бір мешіт салу туралы өтініш хат жіберілді. Орыс поселкелерінде шіркеу жоқ, қоныстанушылар өз қаражатынан салған дұға оқу үйлері бар деп көрсетеді. [218,10-23пп]

Cемей уезінің 3-шаруа учаскесіне орыс қонысаударушылары орналасқан 7 поселке және 6 қонысаударушылар учаскесі орналасқан. Жаңадан құрылған поселкелерде шаруа бастығы Даниловтың араласуымен шіркеу салу жұмыстары атқарылған. Шмитовск поселкесінде шіркеу құрылыс комитеті құрылып, храм ғимаратын салуға 4000 сом, дін қызметкерлері үшін үйлер салуға 2000 сом бөлінген. Бұл қаражат шіркеу салуға жеткіліксіз болған, өйткені ағаш материалдары Семей қаласынан әкелінеді. Бірақ,шаруа бастығының табандылығының арқасында шіркеу құрылысы аяқталған. [219,21-23пп]

Сонымен бірге ҚР мемлекеттік мұрағатында шаруа бастықтарының өз учаскелерін жақсартуға ниетті емес құжаттар да сақталынған. Мысалы, Қарқаралы уезінің 2 учаскесінің шаруа бастығы Стерлигов Қоянды жәрмеңкесінің әкімшілік үйінің құрылысын салу үшін бірнеше жолсыздықтарға орын алды. Аталмыш үйдің құрылысын салуға смета бойынша 1909 жылы болыстық съездің үкімімен 9900 рубль бөлінген. Облыстық басқарманың құрылыс бөлімі әкімшілік үйдің жоспарын жасап және 1914 жылы 11 мамырда үй тұрғызылады. Салынған үйді келісілген шарттың негізінде шаруа басқарушыларының уездік съезі төрағалық етуші Иванов және оның мүшелері 3 учаскесінің шаруа бастығы Лебедев, уезд бастығы Макаревич, салық инспекторы Смирнов қабылдап алады. Бірақ ғимарат тиянақсыз салынған болып шықты терезе, есіктері қаусап жабылмады, едені мен төбелерінің саңылаулары көп, сылақ жұмыстары аяғына дейін аяқталмаған болып шықты. Құрылыстың аяғына дейін аяқталмағанын 1914 жылы 10 қыркүйекте шаруа бастықтарының ғимараттың жөндеу жұмыстарына 30 рубль бөлу туралы қаулы қабылданғанымен түсіндіруге болады. [220,17п]

Шаруа бастығы қазақ халқына шаруашылық және отбасылық мұқтажын қанағаттандыру үшін қысқа мерзімге несие берумен айналысты берілген сумма 3 рубльден 30 рубльге дейін құрады. Несиелер облыстық несие кассасынан беріліп отырды. Несие төлеу тәртіппен қазақ халқынан қазына үшін төленетін алымдармен белгіленгенді. Шаруа бастықтарының міндеттерінің қиындығына және оларға қарасты ұлан ғайыр территория, штат бойынша адамдардың жетіспеушілігіне байланысты шаруа бастықтары 1903 жылы Торғай облыстық басқармасының шешімімен несиелерді беруге үлгермеді. Сондықтан, қысқа мерзімді несиелер Торғай облысының уезд басқарушыларының тікелей міндетіне берілді және несиені беру ІІМ 1901 жылы 7 желтоқсанда бекіткен Уставқа сәйкес жүргізілетін болды. [221,19п]

Семей уезі 3-шаруа учаскесінің шаруа бастығы Даниловтың көмегімен кооперативтік мекемелерден 1913 жылы Шмитовскіде несие серіктестігі ашылды, оның құрамына төңіректегі өзгеде поселкелердің шаруалары кіреді. Шаруа бастығының араласуымен 1913 жылы Шмитовск поселкесінде жергілікті поселкелерге және қазақ болыстарына қызмет көрсету үшін пошта бөлімін ашу үшін өтініш хат жазылды. Бірақ жауап қайтарылмаған. Шмитовск поселкесінде жергілікті сауданы жандандыру мақсатында тиісті рұқсат алып, екі жәрмеңке және базар орындары белгіленді. Шмитовск поселкесінде медициналық фельдшерлік пункт жұмыс істеген. Осы уездің Қызылмола болысында Земстволық алым қаражатынан мал дәрігерлік фельдшерлік пункт ашылған. Шаруа бастығының араласуымен 1914 жылы Шмитовск поселкесінде дәрігерлік медициналық пункт ашу туралы өтініш хат жазылды. Бірақ бұл мәселе әзірге шешілмеген. [222,21-23пп]

№3 шаруа учаскесінің шаруа бастығының мәлімдеуінше учаске аумағында 4 кредиттік серіктестік жұмыс істеген. Қосестек поселкесінде 1910 ашылған, Херсон, Троицскіде 1909 жылы және Новороссийскийде 1912 және 4 болыстық несие –жинақ кассалары Ақтөбе болысында 1909жылы, Әлімбет және Теректі болыстарында 1910жылы және Аралтөбе 1910 жылдан жұмыс істей бастаған. Сонымен бірге 1912 жылдың басында Торғай губернаторына Қамсақты және Қарабұтақ болыстарында несие-жинақ кассасын салу туралы ұсыныс жасалды.Учаске тұрғындары несиенің мәнін түсінген және өз қаржыларын ынтамен несие серіктестігіне әкеліп береді әсіресе бұл Троицк серіктестігіне тән. Қазақ болыстарының кассасы өз міндеттерін кішкене шегініспен атқарса да жергілікті тұрғындарға көп пайда әкеледі. [223,7п]

Сонымен, шаруа бастықтарына жүргізуге тура келген қосымша сипаттағы қоғамдық қызметтер түрлі процесстер ортасында болатын олардың уездің қоғамдық- саяси өміріндегі ролін көрсетеді. Олар түрлі комиссиялардың мүшелері болды, оларға Столыпиннің 1906 жылы 9 қарашасындағы қауымнан шығу құқығы туралы Заңның негізінде Столыпиннің реформасын іс жүзінде жүзеге асыруларына тура келді.

Сонымен бірге, шаруа бастықтары қызметтік міндеттерінен басқа аймақтың қоғамдық өміріне араласты.Олар өкілдік қызмет атқарып, қамқорлық жасайтын мекемелердің мүшелері болды, соғысқа байланысты саны көбейген жетімдерді қамқорлыққа алды. Солдат отбасыларын азық-түлікпен қамтамасыз ету шаруа бастықтарына жүктелді. Шаруа бастықтары өз учаскелерінің аумағында ашылған мектептерді қадағалап отырды.Дегенмен, олар осы қызметпен үнемі белсенді айналысқан жоқ.


жүктеу 2,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау