Атырау мұнай және газ институты


/1/ 193-202 бет /2/ 206-215 бет./23/ 9-40 бет



жүктеу 3,72 Mb.
бет22/30
Дата14.12.2017
өлшемі3,72 Mb.
#4413
түріСеминар
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30

/1/ 193-202 бет /2/ 206-215 бет./23/ 9-40 бет.
30-шы дәріс.
Тақырып. Қазіргі тандағы глобалдық проблемалар және

әлеуметтік болжамдар.
Негізгі мақсаты: Болашақты бағамдау, глобалды мәселелердің шығу жолдарын айқындау әрбір азаматтың парызы, әлемдік тұтастықты сақтау әрбір ұлттың борышы екендігін негіздеу.

Негізгі түсініктер: атом қаруы, вирустық қару, ҒТП, ҒТР, футуризм, нашақорлық, жезөкшелік, ішімдікке салыну т.б.


  1. Глобалдық проблемалар, оның ауқымдылығы зерттеуді қажет етуде.

  2. Сондықтан әлеуметтік болжамдар, біз қай жерде тұрмыз, қайда бағытталып барамыз өте актуальді.

  3. Ғылыми техникалық революция және болашақ проблемалары.

71

Атырау мұнай және газ институты



Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
Өткен және қазіргі өмір мен келешек бір – бірімен тамырларымен тарих тұңғиығына еніп кететін және әлем халықтарының көз жетерлік болашағына ұмтынатын қоғамның алға басқуның жалпы заңдылықтары арқылы байланысты.

Қазіргі өмір – бүкіл бүгінге дейінгі тарихтың қортындысы және біздің болашағымыздың негізі.

Болашақ, материалдық және рухани жағынан алып қарағанда, адамның осыған дейінгі бүкіл практикалық әрекетінің қортындысына қарай объективті түрде біздің бүгінгі өмірімізбен тығыз байланысты. Ол қазіргі және өткен өмірдің негізінде пайда болады. Ал оның қазіргі және келешек ұрпақтарға қалай болып көрінуі, олардың танымдық ойлау қабілеттеріне және шамаларына байланысты.

Нақтылы тарихи процесс өте күрделі, ол алдын – ала белгіленген бағытпен өрбіген де жоқ, өрбімейді де. Ол - әрдайым айналмалы соқпақ.

Адамзат, әрдайым түрліше табиғи және әлеуметтік сипаттағы кедергілерді жеңе отырып, болашаққа жол салды. Ешуақыта күні бұрын дайындалып қойған және адамдарды күтіп тұрған болашақ болған емес және болмайды да.

Болашақ жолын қарама – қарсылықтардың күресі, біріне – бірі кереғар әрекет ететін күштердің қақтығыстары арқылы жорамалдану керек.

Бұған қоса, XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басы жер шары тұрғындардының қоғамдық өмірді демократияландыруға ұмтылуымен, әлеуметтік құқықтарының және саяси бостандықтарының кеңейуімен, бұқара халық көпшілігінің рөлінің артуымен, империализмге қарсы күштердің ядросыз, зорлықсыз әлем және экологиялық таза орта, дүниежүзілік, саяси және мәдени байланыстарды күшейту, гуманистік құндылықтардың рөлін арттыру, әлеуметтік әділдік және тендік, ғылыми – техникалық жетістерінің табиғи ресурстарды ақылмен пайдалануға жұмсалуы, адамдардың табиғатпен ретті (гармониялық) қарым – қатынасқа (олардың біртұтас ноосферамен қатарласқан эволюциясына дейін) ұмтылуы үшін күреспен сипаталмақ.

Планетаның адамдары, міне, осы құндылықтарға бүгіннен бастап ұмтылуға тиісті. Сонда ғана адамзаттың лайықты болашағын қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Дамудың тек осы бағыты ғана прогрессивті тарихи болашақ бола алады. Бұрынғы одақтас республикалардағы – бүгінгі егемен тәуелсіз мемлекеттерде жүріп жатқан қайта құру және жаңғыру процесі бұл бағыттағы әрекеттерге жол ашу тиіс.

Көз жетерлік келешектегі адамзаттың болашағы – бұл қоғам дамуындағы нақтылы тарихи прогрестің жаңа сатыларға көтерілуі. Ол - әлеуметтік прогресс деп аталынатын алға басқан қозғалыс.

72

Атырау мұнай және газ институты



Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
Болашақ болжап білу, ғылыми - әлеуметтік дамудың бағыттарын күні бұрын айқындау әрдайым біздің алдымызға өскелең талаптар қояды.

Болашақты болжау, тарихтың объективті заңдылықтарын дұрыс түсіну және біздің заманымыздың елеулі проблемаларын шешетін тиімді практикалық методтары мен құралдарын табу үшін өткеннің стеоретиптері мен дәстүрлі тәжірибені негізге алған жәй салихалы ақыл мен ой өте жеткіліксіз.

Жалпы дүние жүзі тарихының шеңберінде әлеуметтік прогресс болатынына күмән жоқ. Оның күрлілігі мен қайшылықтарына қарамастан, адамзат тарихынды ол үнемі адамзаттын әлеуметтік ұйымдастырудың төменгі формаларынан жоғарғыларына өрлеуі жағдайында болды.

Тарих көрсетіп отырғандай, әрбір нақтылы жағдайда бір – біріне қарама – қарсы түрған прогресс пен регресс күштерінің қақтығысуының қандай нәтижемен аяқталтынын міндетті түрде күні бұрын болжап, шешіп – біліп қоюға болмайды. Бұл жағдай адамзат өмір сүріп тұрғанда әлеуметтік прогресс үшін өз мәнін жоюға тиісті емес. Дей тұрғанмен, адамзаттық болашаққа қозғалысы жолында көптеген қиыншылықтар мен кедергілердің де бар екенін айтқан жөн. Олардың көбі адамдар санасынан орын алған және жаңаша ойлауды, болашақ проблемаларын шешу ісіне жаңаша қарауды талап етеді.

Ал, өмір жалғасуда, тарих созылуда, жаңа екпін алуда.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:


  1. Глобалдық проблемалар аясы, маңызы.

  2. Әлеуметтік болжамдардың алғы шарттары және факторлары.

  3. Әлеуметтік болжам және болашақ.

/1/ 203-212 бет /2/ 216-225 бет.
3.Семинар сұрақтарының жоспары
Семинар 1. Философия: пән және функциялары.
Мақсаты.

Философия пәні туралы түсінік қалыптастыру, оның құрылымы мен атқаратын қызметі жөнінде студенттердің сауатын ашу.



73

Атырау мұнай және газ институты



Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
Жоспары:

  1. Мифологиялық дүниегекөзқарастың ерекшеліктері.

  2. Діни дүниегекөзқарастың ерекшеліктері.

  3. Философия дүниегекөзқарас ретінде.

  4. Мәдениеттегі философияның орны.

  5. Мифология және дін.

Әдістемелік нұсқау

Философия пәні туралы түсінік қалыптастыру және қандай ғылымдармен байланысын ұғындыру.

Сұрақтар:


  1. Философия дегеніміз не?

  2. Философиялық білімдер жүйесі, олардың құндылығы.

  3. Философияның мәдениеттегі орны мен ролі.


жүктеу 3,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау