Айтулы күн
4
24.10.2014 жыл
Жұмыс кезінде сұхбат беруге қолы тие бермейтін
аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар
бөлімінің
басшысы
Раушан
Мүсәлімовамен бейресми, еркін әңгімелесудің
осы күні сәті түсті. Көп жылдар бойы халыққа
қызмет көрсетіп келе жатқан сала мамандары
төл мерекелерінің тағайындалғанын қуанышпен
қабылдағанын айтады бөлім басшысы. «Басқа
сала мамандары өз мерекелерін тойлап жатқанда,
жасыратыны жоқ көңіліміз жабырқап қалушы еді.
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында Елбасы
жарлығымен кәсіби мерекеміз белгіленген болатын.
Оған біздің ризашылықтан басқа айтарымыз жоқ»,
деп жымиды Раушан Сабырғалиқызы.
Атауы айтып тұрғандай әлеуметтік сала - мемлекет
көмегіне зәру қамкөңіл жандардың қоғамнан тыс
қалмауын қадағалап отыратын бірден-бір сала.
Сондықтан бұл салаға кіретін мекемелерде де білікті
мамандар қызмет етсе керек-ті. Осы орайда сала
маманы былай деді. «Біздің мекеме әлеуметтік қорғауға
жататын жандармен жұмыс жасайды. Қазақта «төрт
құбылаң түгел болсын» деген жақсы тілек бар. Бірақ
өмірде адамдар әрқалай жағдайларға душар болып
жатады. Біз жұмыстанатын жандар да төрт құбыласы
сай емес, яғни, қоғам тарапынан көмек қажет ететін
адамдар. Мейлі ол туа бітті мүмкіндігі шектеулі жан
болсын немесе жағдайы төмен отбасы болсын бәрінің
де көмек сұрап ат басын тірейтін жері біздің мекеме.
Тіпті жастық албырттықпен таңдаған мамандығы
сұраныс таппай қынжылған жастарымызды да түрлі
бағдарламалар аясында қайта даярлаудан өткізіп,
өмірден орнын тауып кетуіне қолымыздан келгенше
септігімізді тигізіп бағамыз. Тиісінше біз арқылы,
біздің мамандар арқылы осы жандар мемлекеттік
саясатқа деген, Елбасыға деген ризашылықтарын
білдіріп жатады. Бұлда біздің еңбегіміздің қуанарлық
нәтижесі деп білем. Адамның қуанышын бөлісіп,
жақсы жағдайларына себепкер болып жүру кім-
кімнің де көңіліне оң септігін тигізері сөзсіз. Ал үйден
қызмет көрсететін мамандарымыздың да еңбегін айта
кету керек. Сау адамның өзі жаны жабырқағанда
мұңын шағатын жан іздейді. Ал үйде жатқан мүгедек
жандардың, әсіресе түрлі дәрежедегі мүмкіндігі
шектеулі балалардың жан серігі біздің мамандарымыз.
Өзіне назар аударғанды кім жек көрсін, оларда біздің
мамандардың келуін асыға күтіп отырады».
Осы орайда айта кеткен жөн болар, бұл жандардың
игілігіне біз де талай куә болғанбыз. Тірек-қимыл
аппараты дамымаған немесе туғаннан психикалық
аурудың зардабын тартып жүрген балаларды түрлі
мерекелік шараларға жетелеп апарып, жетістігіне
бірге қуанып жүретін мамандардың еңбегі шексіз.
«Тағы бір айта кететіні мемлекеттік қызмет көрсету
стандарттарымен ғана шектеліп қалмай, адами
тұрғыдан қамқорлық жасауға да тырысып жатамыз.
Кейбір жандарды туған күндерімен құттықтап немесе
мерекелерде құттықтауды ұмыт қалдырмаймыз. Соңғы
екі жылда аулаларға гүл отырғызумен айналысып
жүрміз. Әрине бұл әлеуметтік қызметкерлердің
жұмысына кірмейді. Дей тұрғанмен мұқтаж жандарға
қуаныш сыйлау мақсатында осындай ізгі шараға
қызметшілеріміз атсалысып жүр», дейді Раушан
Сабырғалиқызы.
«Қазіргі таңда мүгедек жандарды қажетті құрал-
жабдықтармен толығымен мемлекет қамтып отыр.
Оған қоса жыл сайын сауықтыру жолдамаларын
ұсынамыз. Биыл да жоспарға сәйкес 25 жолдама
алғанбыз. Бұл алғанымыз сұранысты жаппаған соң
жақында қосымша 15 жолдама алып отырмыз. Көз
мүгедегіне арналған 4, балаларға арналған 2 жолдама
тағы бар», деді сұхбаттасымыз.
Ағымдағы айдағы қайырымдылық акциясынан
да белсене араласып отырғандарын айтып өтті.
«Аталмыш айлық аясында былтыр 2,5. млн теңгеге
көмек көрсетілген болатын. Аудан бойынша күні
бүгінге дейін 474 адамға 1млн. 662,9 мың теңгеге
қайырымдылық көмек көрсетілді. Бұл шара әлі де
жалғасын табатын болады», деді.
Қазіргі таңда атаулы әлеуметтік көмек алып
отырғандар саны да күн санап кеміп келе жатқан
көрінеді. Бұл да болса ел экономикасының жыл санап
күшейіп келе жатқанының айқын айғағы. Әлеуметтің
әлеуетін арттыруға білек түре атсалысып жүрген сала
мамандарын келе жатқан мерекелерімен құттықтап,
еңбектеріне жеміс тілеп қайттық.
Бағдарламаның мақсаты ауданымызда жұмыспен
тұрақты және нәтижелі қамтуды ұйымдастыру,
жұмыссыздық деңгейінің өсуін төмендету және
өсуіне жол бермеу арқылы халықтың әл-ауқатын
арттыруға жәрдемдесу. Өзін-өзі жұмыспен
қамтығандар, жұмыссыздар, табысы аз адамдар,
ішінара жұмыспен қамтылғандар, еңбекке қабілетті
мүгедектер, бітіргеннен кейін бір жыл ішінде жалпы
білім беретін мектептердің 11-сыныбы, техникалық
және кәсіптік білім беру, жоғары және жоғары
оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының
бітірушілері қатарындағы ҚР азаматтары және
оралмандар бағдарламаға қатысушылар болып
табылады.
Бағдарлама
3
бағыт
бойынша
жүзеге
асырылады. 2011 жылдан бастап 946 бағдарлама
қатысушыларымен әлеуметтік келісім шарттар
жасалды. Осы жылдар ішінде бағдарламаның
I бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен
жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бірінші бағыты
бойынша Ынтымақ, Амангелді, І Шежін дәрігерлік
пункттерге және Ы.Алтынсарин орта мектебінің
оқушылар жатақханасын күрделі жөндеуге 13 адам,
2014 жылға 1 нысанға, Тасқала аудандық колледжінің
жатақханасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу
үшін 6 жұмыссыз адам жұмысқа тартылды.
Бағдарламаның II бағыты «Ауылда кәсіпкерлікті
дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек
ауылдарды дамыту» шеңберінде 2011-2014 жылдарда
республикалық бюджеттен 258 млн. теңге көлемінде
қаражат бөлініп, 135 адам шағын несие алды.
Қазіргі таңда олар мал шаруашылығын дамытуға,
шаштараз, құс шаруашылығы, наубайхана, бау-
бақша, қоғамдық монша, аяқ-киім тігу цехы, тігін
цехы, техника жөндеу станциясы, полиграфиялық
қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы өнімдерін
қайта өңдеу, тас шығару, ағаш бұйымдарын өңдеу,
фото салон, ауыл шаруашылық техникасын алып,
пластикалық терезе жасау цехын ашып, халыққа
қызмет көрсетуде.
Бағдарламаның 3-ші бағыты «Жұмыс берушінің
қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару
арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бойынша
313 жұмыссыз бағдарлама қатысушысы болып,
әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа жолданды.
Әлеуметтік жұмыс орындарын ашудың пайдасын
айта кететін болсақ, бір жағынан ауылда жұмыссыз
жүрген адамдар жұмыспен қамтылса, екінші жағынан
оларға төленетін жалақының 35 пайызын жұмыспен
қамту орталығы төлейді. Бұл мемлекет тарапынан
жұмыс берушілерге көрсетіліп отырған қолдаудың
бір түрі.
Осы бағыт аясында оқу орнын бітірген 143
жас маман өз мамандықтары бойынша жастар
тәжірибесінен өтті. Жастар тәжірибесінен өтуге 29
жасқа дейінгі, бітірген мамандығы бойынша жұмыс
жасамаған жастар қатыса алады.
Жұмыспен қамту орталығы аталған бағыт
бойынша жұмыссыз азаматтарды 10 айлық кәсіптік
оқытуға, 3 айлық қайта даярлау, 1 айға біліктілігін
арттыру курстарына оқуға жолдайды. Оқу жұмыс
берушілердің тапсырысы негізінде жүргізіледі.
Жұмыс беруші өзіне керек мамандық бойынша өтінім
түсірсе, жұмыспен қамту орталығы келісімшартқа
тұрып, адамды жұмыс беруші ұсынған мамандық
бойынша оқуға жолдайды. Жұмыспен қамту
орталығы ашылған кезден бері 157 адам кәсіптік
оқуға жолданды.
Н.Қадерова,
жұмыспен қамту орталығының маманы
Қазан айының соңғы жексенбісі әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.
Қашан барсаңда әлеуметтік қорғауға мұқтаж жандардың құжаттарын реттеуден қолдары
босамай қызу жұмыс үстінде отыратын мекеме мамандары біз барғанда да күнделікті
кәсіптерімен шұғылданып жатты.
Тасқала аудандық «Жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі «Жұмыспен
қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2011 жылдан
бастап жұмыс жасап келеді.
Жұмыспен қамтудың
қарқыны жоғары
Р. САТыБАЛДИев
Әлеумет қамқоршыларының
төл мерекесі