4
коммерциялық қызметті жүргізу мақсатында 1 (бір) тұрғын емес жайға
әр түрлі потенциалды қатысушылардан 2 (екі) және одан да көп өтініш келіп
түскен жағдайда.
4. Астана қаласындағы әлеуметтік осал топтарды қолдау мақсатында
Ұйымдастырушы 50 % кем болмайтын тұрғын емес жайларды әлеуметтік
жобаларды жүзеге асыруға өткізілуін қамтамасыз етеді.
5. Тұрғын емес жайларды жалға алу бағасының есебі №1 және №2
қосымшаларда көрсетілген және ол Қоғам бекіткен баға көрсеткіштерінің
негізінде анықталады.
3. Тұрғын емес жайларды ұсыну туралы хабарламаны
жариялау тәртібі
1. Ұйымдастырушы Операторға тапсырылатын әлеуметтік жобаларды
және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында жалға берілетін бос
тұрғын емес жайлардың тізімін жасайды.
Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға арналаған және кәсіпкерлік
қызметті әске асыруға арналаған тұрғын емес жайларды ұсыну туралы ақпарат
бөлек жарияланады.
2. Оператор тұрғын емес жайларды жалға беру туралы ақпараттың Астана
қаласы әкімдігінің (
www.astana.gov.kz
) және ұйымдастырушының (www.astana-
spk.kz) интернет – ресурсында мемлекеттік және орыс тілінде жариялануын
қамтамасыз етеді.
Кәсіпкерлік субъектілерін тұрғын емес жайларды жалға алуға ұсыну
хабарламасымен дер кезінде ақпараттандырылуын қамтамасыз ету мақсатында
Оператор сәйкес ақпаратты Палатының веб-сайтында орналастыру үшін Астана
қаласының кәсіпкерлер палатасына жіберуге құқылы.
3. Жария етілетін Хабарламада келесі ақпарат болуы тиіс:
1)тұрғын емес жайларды жалға алу (жалдау) өтініштерін қабылдау
мерзімінің басталуы мен аяқталу күндері (өтініштерді қабылдау мерзімі 15 (он
бес) күнтібелік күннен кем болмауы тиіс);
2) жалға алуға (жалдауға) ұсынылатын тұрғын емес жайлардың
орналасқан мекен-жайы, ауданы және мақсаттық тағайындалуы туралы;
3) тұрғын емес жайларды жалға алуға (жалдауға) ұсынылатын мерзімі
туралы;
4) өтінішке тіркелетін құжаттар туралы;
5) жалға алу келісім-шартының жобасы.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналаған тұрғын емес жайларды
жалға алуға (жалдауға) ұсыну хабарламасын жария ету кезінде қосымша
ақпарат:
аукцион ашылатын лоттың бастапқы бағасы
ұсынылады.
4. Ұйымдастырушының құқығы жоқ:
1) Потенциалды қатысушыға қатысы бар ақпаратты жария етуге;
5
2) Осы Ереженің 3 тармағының 3 тарауында көрсетілген құжаттардан
бөлек өтініш берушіге тіркеу үшін қосымша қосымша құжаттардың өткізілуін
талап етуге;
3) Жалға алу келісім-шартында көрсетілген жалға алу бағасынан бөлек
қосымша төлемдер талап етуге.
4. Тұрғын емес жайларды жалға алу (жалдау) өтініштерін ұсыну
тәртібі
1. Потенциалды қатысушы осы Ереженің №3 Қосымшасында көрсетілген
формаға сәйкес өтінішті толтырып, келесі құжаттарды қоса ұсынады:
1) ұсынатын қызмет түрлері көрсетілген жеке кәсіпкердің тіркеу
жөніндегі куәлігінің көшірмесі;
2) жеке куәлігінің көшірмесі;
3) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өткендігі жөнінде анықтама;
4) заңды тұлғаның жарғысының көшірмесі;
5) заңды тұлғаның бірінші басшысына бұйрық көшірмесі мен оның жеке
куәлігінің көшірмесі;
6) өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (қажет болған жағдайда);
7) салық органынан салықтық берешегі жоқтығы туралы, міндетті
зейнетақы жарналар, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналар және әлеуметтік
аударымдар бойынша (төлеу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) берешегі жоқтығы
туралы немесе салық берешегi, зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік
зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегi бір
теңгеден кем болатын берешегі болуы туралы, берілген күні өтініш беру
мерзімінен бір ай мерзімнен кем болмайтын анықтама;
8) Потенциалды қатысушының өз жеке ағымдағы шотынан бекітілген
кепілдік жарнаны аудару туралы, банк белгісі қойылған төлем құжаты;
9) Ағымдағы шоттың болуы туралы банктен анықтама.
Өтініштер тек шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен
қабылданады.
2. Потенциалды қатысушының өтініші Ұйымдастырушыға smart.astana.kz
веб-порталы арқылы электронды құжат формасында тұрғын емес жайларды
жалға алу (жалдау) туралы хабарламада көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін
өткізуі тиіс.
3. Өтініштерді қабылдау мерзімінің аяқталуына 3 (үш) жұмыс күнінен
кешікпей Потенциалды қатысушы құқылы:
1) ұсынылған өтінімді өзгертуге және (немесе) толықтыруға;
2) кепілдік жарнаны қайтару құқығын жоғалтпай өз өтінімін қайтарып
алуға.
Өтінімдерді қабылдау мерзімінің аяқталуына 3 (үш) жұмыс күні қалғанда
өтінімдерге өзгерту енгізуге және (немесе) толықтыруға және оны қайтарып
алуға жол берілмейді.
5. Тұрғын емес жайларды ұсыну тәртібі мен оны ұйымдастыру
6
1. Оператор ұсынылған Өтініштерді жинайды және оларды Қоғам
қалыптастырған жұмыс тобына жолдайды.
2. Өтінімдерді қарау бойынша Жұмыс тобы шешім шығарады:
1) потенциалды қатысушылардың аукционға болмаса комиссиялық
іріктеуге рұқсат беру туралы;
2) комиссиялық іріктеудің немесе аукционның өту орны, мерзімі мен
уақытын белгілеу туралы.
Жұмыс тобының шешімі қатысуға рұқсат беру туралы хаттамамен
рәсімделеді (№4 Қосымша) және ол smart.astana.kz порталында өтініштерді
қабылдау мерзімі аяқталған күннен 5 күн кем болмайтын мерзімде
www.astana.gov.kz
және
www.astana-spk.kz
интернет
ресурстарында
жариялануы қажет. Қабылданған өтініштер көп мөлшерде болған жағдайда
(100 (жүзден) көп) шешім шығару мерзімі 7 (жеті) күнге дейін ұзартылады.
3. Потенциалды қатысушының өтініші қабылданбайды, егер:
1)
қажет құжаттармен қамтамасыз етпесе немесе күмәнді және/немесе
толық емес ақпарат берген болса;
2) кәсіпкерлікті жүргізу үшін берілген өтінімдерді қарау мерзіміне дейін
кепілдеме жарнасы шотқа түспеген болса;
3) атқару өндірісі бойынша берешектер Реестіріне енгізілген жеке
тұлғадан өтініш түскен болса;
4) атқару өндірісі бойынша берешектер Реестіріне енгізілген директоры
немесе қатысушысы бар заңды тұлға өтініш берген болса;
5) жауапсыз қатысушылар Реестіріне енгізілген қатысушы өтініш берген
болса.
6. Комиссиялық іріктеу жүргізу тәртібі
1. Ұйымдастырушы әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін тұрғын емес
жайларды алудан үміткер потенциалды қатысушыларды іріктейтін тұрақты
комиссияны құрады.
Бұл комиссия Қоғам мақұлдаған ереже негізінде жұмыс істейді.
2.
Мүдделер
қайшылығы
туындаған
жағдайда,
потенциалды
қатысушылардың комиссиялық іріктеуіне Комиссия мүшелерімен үлестес
тұлғалар қатысқан жағдайда Комиссия мүшесі бұл туралы Комиссия Төрағасын
хабардар етуге міндетті және ол дауыс беруге қатыстырылмайды.
3. Комиссия мүшелері осы Ереженің №8 Қосымшасындағы өлшемдерді
ескеріп, міндетті:
1) өтінішке тіркелген құжаттардың толыққандығын, олардың берілген
талаптарға сай болуын бағалауға;
2) тұрғын емес жайлар ұсынылатын аумақта қызмет түрлерінің
шоғырлануын ескеріп бастамшы бағыттарды, ұсынылатын қызмет түрінің
әлеуметтік бағытын (қорғалмаған тұрғындар тобына жеңілдетілген баға ұсыну,
штат көлемінің 70% (жетпіс) кем болмайтын мөлшерден мүгедектерді,
ардагерлерді, жетімдерді, бас бостандығына айыру орындарын босатылған
тұлғаларды жұмыспен қамту және т.б) анықтауға.
4. Комиссия жеңімпазды Комиссия отырысында анықтайды және ол
туралы Хаттама әзірленеді (№5 Қосымша).
Достарыңызбен бөлісу: |