Астана қаласының білім басқармасы



жүктеу 156,5 Kb.
Дата23.11.2018
өлшемі156,5 Kb.
#23741


АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

«АСТАНА ТЕХНИКА – ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» ЖШС


«КЕЛІСІЛДІ» «БЕКІТІЛДІ»

Атқарушы директор Директор

_________Бейсенов Ж.К. ____________Ахметов.А.К.

«____» _______ 2016 ж/г «____» _______ 2016 ж/г

«АСТАНА ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» ЖШС-нің

ІШКІ ТӘРТІБІНІҢ ЕРЕЖЕСІ

Астана 2016

«Астана техника - экономикалық колледжі» ЖШС

Ішкі тәртібінің ЕРЕЖЕСІ


  1. «Астана техника - экономикалық колледжі» мекемесінің (бұдан әрі – АТЭК) ішкі тәртіп ережесінің еңбекті және оқу тәртібін бекітуде, жұмыс және оқу уақытын тиімді пайдалануда, еңбекті және ғылыми негізде оқытуды ұйымдастыруда, оқу және тәрбие үдерістерінің сапасын жақсартуда өз мақсаттары бар.

  2. Осы ішкі тәртіп ережесі АТЭК құрылымдық бөлімшелердің барлығына таратылады.

  3. Осы ішкі тәртіп ережесін қолдануға байланысты барлық мәселелер ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес колледж әкімшілігімен, колледждің Жарғысымен және осы Ережемен шешіледі.

«АТЭК» ЖШС қызметкерлерін

жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату Ережесі


  1. «Еңбек туралы» ҚР Заңына сәйкес, колледж директоры еңбек шартын жасайды:

- штаттық кесте бойынша әкімшілік-оқытушылар құрамын;

- қосымша жұмыс істеу бойынша әкімшілік-оқытушылар құрамын;

- басқа қызметкерлер.

Еңбек шарты жасалғаннан кейін колледжге жұмысқа қабылдануы туралы бұйрық шығарылады.

  1. Колледж әкімшілігі жұмысқа қабылдау кезінде мыналарды талап етуге

міндетті:

- еңбек кітапшасы (оның бар болуы кезінде) немесе еңбек өтілін растайтын құжатты;

- жеке куәлікті;



- зейнеткер куәлігін;

- қызметкерден дипломын, алған білімі немесе кәсіби біліктілігі туралы құжатты, сонымен қатар оның біліктілігін растайтын құжаттарды

- сотталмағандығы туралы анықтаманы талап етуге міндетті.

4. Жұмысқа қабылдау немесе қызметкерді белгіленген тәртіппен басқа жұмысқа ауыстыру кезінде әкімшілік міндетті:

- қызметкерді лауазымдық міндеттерімен, еңбек талаптарымен қол қойғызып таныстыруға және оның құқығы мен міндеттерін түсіндіруге;



- қауіпсіздік техникасына, өндірістік санитария, өртке қарсы қорғау және еңбекті қорғаудың басқа да ережелеріне қол қойғызып, нұсқаулық өткізуге.

5. Жеке еңбек шартын тоқтату және бұзу қолданыстағы заңнамаға сәйкес немесе жеке еңбек шартының талаптары бойынша жүзеге асырылады.



6. Жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты әкімшілік-оқытушылар құрамы есебінен штаттық жұмыскерлерді және басқа қызметкерлерді жұмыстан босату қолданыстағы заңнаманы сақтаумен, тек оқу семестрінің аяқталуынан кейін шығарылады.

7. Еңбек шартын тоқтату және бұзу дәлелді себептерден кейін бөлімше басшысымен жүзеге асырылады, колледж директорының бұйрығы әзірленеді.

8. Жұмыстан босаған күні әкімшілік оның еңбек кітапшасына жұмыстан шығуы туралы жазба енгізіп, қызметкерге береді және онымен соңғы төлемді жүргізеді. Еңбек кітапшасында жұмыстан босату себебі туралы жазба қолданыстағы заңнамаға сәйкес және тиісті заң бабының сілтемесімен жүргізіледі. Жұмыстан босату күні жұмыстың соңғы күнімен (бұйрықта көрсетілген күнімен) есептеледі.
ІІ. Колледж қызметкерлерінің негізгі міндеттері


  1. Колледждің барлық қызметкерлері міндетті:

- жүктелген лауазымдық міндеттеріне сәйкес өз жұмыстарын адал және

мұқият орындауға;

- еңбек тәртібін сақтауға: жұмысқа уақытында келуге, жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығын сақтауға, барлық жұмыс уақытын өз лауазымдық міндеттерін орындау үшін жұмсауға, сонымен қатар жоғары тұрған органдардың және лауазымдық тұлғалардың тапсырмаларын орындауға;

- еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы бойынша талаптарды қарастырылған тиісті ережелер мен нұсқаулықтарға сәйкес толығымен сақтауға;

- өз жұмыс орнының тазалығы мен тәртібін ұстауға;

- колледж өмір тіршілігін қалыптастыру жөніндегі колледж әкімшілігінің және оның құрылымдық бөлімшелерінің өткізген арнайы іс-шараларына қатысуға;

- жабдықтарды, аппаратураларды, жиһаз, кітап қоры, мүліктерді және т.б. сақтауға және тиімді қолдануға, сонымен қатар олардың жұмыс уақытында сақталуын қамтамасыз етуге;

- өзін ұстамды ұстауға, қоғамдық тәртіп ережелерін сақтауға, басқа қызметкердің міндеттерін орындау кезінде бөгет жасамауға;

- өзінің кәсіби біліктілігін тұрақты түрде көтеруге;



2. Әкімшілік-оқытушылар құрамының міндеттері «Білім жөніндегі» Қазақстан Республикасының Заңымен, білім саласындағы орталық атқарушы органдарының нормативтік актілерімен, колледждің Жарғысымен және жеке еңбек шартының талаптарымен белгіленеді.

3. Оқу-көмекші құрам міндетті:

- сабаққа жабдықтарды, құралдарды, оқу көрнекілігін, зертхананы және аудиторияны уақытылы дайындауға; іс жүргізу және оқу-тәрбие үдерістері жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес барлық құжаттарды жүргізуге;

- зертханада, шеберханада, оқу және өндірістік бөлмелерде және колледж аумағында тазалық пен тәртіпті сақтауға, өз жұмыс орнының тазалығын, жабдықтар мен құралдардың қалыпты жағдайларын сақтауға;

- белгіленген тәртіппен материалдық құндылық пен құжаттарды сақтауға және есепке алуға.

4. Өз мамандықтары, біліктілігі немесе лауазымы бойынша әр қызметкердің орындайтын міндеттері (жұмыстары) белгіленген тәртіпте бекітілген еңбек шарттарының, лауазымдық нұсқаулықтары және ережелерінің талаптарымен белгіленеді.

ІІІ. Колледж әкімшілігінің негізгі міндеттері




  1. Колледж әкімшілігі міндетті:

- әкімшілік-оқытушылар құрамының және басқа колледж қызметкерлерінің еңбегін, олардың әрқайсысы өз мамандығы және біліктілігі бойынша жұмыс істеуін дұрыс ұйымдастыруға, бекітілген өз жұмыс орнының болуын, өздеріне тапсырылған жұмысты бастар алдында белгіленген тапсырмалармен уақтылы таныстырылуына және барлық жұмыс уақыты (аусым) ішінде жұмыспен қамтамасыз етуге;

- денсаулығын, еңбектің қауіпсіздік жағдайымен, жабдықтардың қалыпты жағдайымен қамтамасыз етуге;

- оқытушыларға олардың оқу сабақтарының кестесін уақтылы хабарлауға және алдағы жылдың оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарының жеке жоспарларын бекітуге;

- өндіріс, ғылым, техника талаптарын, олардың даму және еңбекті ғылыми ұйымдастыру келешегін есепке ала дайындық сапасын жақсарту және мамандарды тәрбиелеу үшін қажетті жағдайды құруға; оқытудың еңбек әдістерін үйретуді және енгізуді ұйымдастыруға; оқу-өндірістік орталықта және колледждің шеберханасында ауыр және көп еңбекті жұмыстарды механикаландыруға;

- колледж жұмыстарын жақсартуға бағытталған оқытушылардың және басқа қызметкерлердің ұсыныстарын, педагогикалық кеңестің шешімдерін уақтылы қарастыруға және енгізуге, жақсы қызметкерлерді қолдауға және мадақтауға;

- еңбек және оқу тәртібін барынша нығайтуға;

- еңбек және еңбекті қорғау ережелері туралы заңнамасын сақтауға, еңбек жағдайын жақсартуға, жұмыс орындарын бар техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуге және еңбекті қорғау жөніндегі ережелерге сәйкес, оларда жұмыс жағдайын жасауға;

- бөлмелердің, жылудың, жарықтың, желдетудің, жабдықтардың, қалыпты жағдайымен қамтамасыз етуге, қызметкерлер мен студенттердің сыртқы киімдерін сақтау үшін жағдай жасауға;

- жұмыскерлердің, қызметкерлердің және студенттердің қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және еңбек гигиенасы, өртке қарсы қорғау жөніндегі барлық нұсқаулық талаптарын сақтауларын үнемі бақылауға;



- колледж қызметкерлеріне уақытында еңбек демалысын беруді қамтамасыз етуге, оқу жылының аяқталу кезінде оқытушыларға (демалысқа шығуға дейін) олардың жаңа оқу жылындағы жылдық жүктемесін хабарлауға;

- қолданыстағы төлем жағдайларының және мөлшерленген еңбектің дұрыс қолдануын қамтамасыз етуге; белгіленген мерзімде еңбекақыны және стипендияны беруге;

- өндірістік еңбектің артуы, жұмыс сапасының жақсаруы үшін жағдай туғызуға; жылдық жұмыс қорытындысын уақтылы жасауға, еңбектің материалдық және моралдық жағдайын жасаудың рөлін арттыруға; колледждің және оның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің мадақтау мәселелерін шешуге;

- оқытушылардың және басқа қызметкерлердің кәсіби біліктілігін үнемі арттыруды қамтамасыз етуге.


ІV. Жұмыс уақыты және оны пайдалану


  1. Оқытушылар құрамы үшін алты сағаттық жұмыс күні және алты күндік

жұмыс аптасы белгіленген.

  1. Оқытушылар алты сағаттық жұмыс күні шегінде айналысатын лауазымына қарай оқу-әдістемелік, ғылыми-зертеу, тәрбие және басқа жұмыстардың барлық түрін, оқытушының оқу жоспарлары мен ғылыми-зертеу жұмыстарының және жеке жоспарларын жүргізуге тиісті. Әкімшілік-оқытушылық құрамы, жұмыскерлер және қызметкерлер заңнамаға сәйкес рұқсат етілген қоса атқару жұмыстарын негізгі жұмыс уақытынан кейінгі бос уақыттарында орындаулары керек.

  2. Оқу сабақтарының кестесін сақтауды және оқытушылардың жеке жоспарларының орындалуын бақылауды атқарушы директор жүзеге асырады.

  3. Оқу-көмекші және әкімшілік-шаруашылық қызметкерлері үшін жұмыс

уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағатты құрайды.

  1. Жұмысқа ішімдік ішіп келген немесе есірткі заттарын пайдаланған қызметкерлер сол күнгі жұмысқа жіберілмейді, және бұл күн белгіленген тәртіппен, тиісті шараны қабылдай отырып, жұмыстан қалу түрінде рәсімделеді.

  2. Оқытушының немесе басқа қызметкерлердің сабаққа (жұмысқа) келмеуі кезінде тезарада оны басқа оқытушымен (қызметкермен) алмастыру шараларын қабылдайды. Егер келмеу себебін алдын ала басшыға хабардар етпесе, онда оқытушы немесе өзге қызметкер келмеу себебі туралы жазбаша түсіндірмені беруі керек.

  3. Жұмыс уақытында тыйым салынады:

- жұмысшылар мен қызметкерлерді тікелей жұмыстарынан алаңдатуға және қоғамдық міндетемелерді орындау үшін олардың келісімінсіз шақыртуға және жұмыстан босатуға;

- жиналысқа, отырыстарға және қоғамдық ісі бойынша басқа да кеңестерге шақыртуға.
V. Жұмыстағы табыстары үшін мадақтау
1. Лауазымдық міндеттерін үлгілі, ұзақ және мінсіз жұмыс орындағаны, еңбекте жаңашылдық және басқа да жұмыстағы жетістіктері үшін келесі мадақтаулар қарастырылады:

а) алғыс айту;

б) ақшалай сыйақымен марапаттау;

в) бағалы сыйлықтармен марапаттау;



Мадақтаулар колледждің бұйрықтарымен жарияланады, барлық ұжымға хабарланады және қызметкерлердің еңбек кітапшасына енгізіледі.

2. Колледж қызметкерлері ерекше еңбегі үшін жоғары тұрған органдарға ордендермен, медалдармен, алғыс хаттармен, алқа белгісімен және құрметті атағын берумен, осы мамандық бойынша үздік қызметкер атағына марапаттауға ұсынылады.
VІ. Еңбек тәртібін бұзғанына жаза қолдану
1. Еңбек тәртібінің бұзушылығы, яғни, өзіне жүктелген міндеттерді орындамауға немесе орындауға жатпайтынына тәртіптік жазалау, сонымен қатар қолданыстағы заңдармен қарастырылған өзге де әрекеттерді қолдану.

2. Еңбек тәртібін бұзған үшін колледж әкімшілігі тәртіптік жазалаудың келесі түрлерін қолданады:

- сөгіс;


- қатаң сөгіс;

- «Еңбек туралы» ҚР Заңының 52 бабына сәйкес, жеке еңбек шартын бұзу.

Тәртіптік жазаға тартылғанға дейін қызметкерден алдын ала жазбаша түсініктеме талап етілуі қажет.

Тәртіпсіздік анықталған күннен бір айдан кешіктірмей тәртіптік жазаға тартылады және тәртіпсіздік анықталған күннен алты ай өткеннен кейін тәртіптік жаза қолданылмайды.

Әрбір бұзушылыққа тек қана бір ғана тәртіптік жаза қолданылады.

Колледж директоры құрылымдық бөлімше басшыларының ұсынысымен тәртіптік жаза қолданады. Тәртіптік жазаға тартылған қызметкерге тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрығы, қол қойылып жарияланады.

3. Тәртіптік жазалау күшінің мерзімі оның қабылданған күнінен бастап алты айдан аспауға тиіс. Егер осы аралықта қызметкердің жаңа тәртіпсіздік жазасы болмаса, онда ол тәртіпсіздік жазасы жоқ болып есептеледі.

VІІ. Оқу үдерісінің тәртібі


1. Колледжде оқу сабақтары белгіленген тәртіп бойынша бекітілген сабақ кестесіне, оқу жоспарына және бағдарламасына сәйкес өткізіледі.

2. Оқу сабақтарының кестесі әр семестрге құрастырылады және әр семестрдің басталуына 10 күн қалғанда жарияланады.

3. Сабақ уақытының ұзақтығы 80 мин. (екі академиялық сағат). Оқу сабақтарының арасында үзіліс уақыты 10 минут. Оқу сабағының басталуын және аяқталуын оқытушылар және студенттер қоңыраумен хабарланады.



4. Студенттерге қоңыраудан кейін аудиторияға кіруге тыйым салынады. Сабақ басталғаннан кейін барлық оқу және оған іргелес бөлмелерде оқу сабақтарының дұрыс өтуі үшін тыныштық және тәртіптік қамтамасыз етілуі керек. Оқу сабақтарын үзуге болмайды, олардың өткізілуі кезінде аудиторияға кіріп және шығуына жол берілмейді.

5. Аудиторияда, зертханада, оқу шеберханасы мен кабинеттерде оқу сабақтарының басталуына дейін (сабақ арасындағы үзілістерде) зертханашылар қажетті оқу көрнекілігі мен аппаратураны дайындайды.

6. Аудиторияда, зертханада, оқу шеберханада, аудиторияларда, практикалық, семинарлық, зертханалық сабақтарды өткізу үшін әр курс топқа бөлінеді. Студенттік, тындаушылардың сандық құрамы, топтар оқу сабақтарның сипатына байланысты директордың бұйрығымен белгіленеді.

7. Әр топта директордың тәрбие жұмысы жөнінде орынбасарының ұсынуы бойынша оқу үлгерімі жақсы және тәртіпті студенттер қатарынан старостасы тағайындалады.

Староста тікелей куратордың басшылығына бағынады, ол топта оқу және тәрбие мәселелеріне байланысты оның барлық өкімі мен нұсқауларын орындайды. Топ старостасының міндетіне кіретіндер:

- оқу сабақтарының барлық түрлеріне студенттердің қатысуын жекелей есеп жүргізеді;

- кураторға күнделікті сабаққа келмеулері туралы немесе студенттердің (тыңдаушылардың) сабаққа кешігулерін себебін көрсетумен күнделікті рапорт ұсынады;

- топтың оқу сабақтарындағы оқу пәндерінің жағдайын, сонымен қатар оқу жабдықтарының және мүліктерінің сақталуын бақылау;

- топ студенттерінің арасында оқулықтарды, оқу көрнекілігі мен басқа әдістемелік көрсеткіштерді алу мен бөлуді уақтылы ұйымдастыру;

- оқу сабақтарындағы кестеге енгізілген өзгерістер жөнінде студенттерді хабардар ету;

- топ бойынша күн сайын кезекшіні тағайындау.

Жоғарыда көрсетілген қызметтер шегінде старостаның өкімі топтың барлық студенттері (тыңдаушылары) үшін міндетті.



8. Әр топта белгіленген нысанмен журнал жүргізіледі, ол колледж әкімшілігінде сақталады және күнделікті сабақ басталар алдында студенттердің сабаққа келулері мен қатыспауларын белгіленеді.
VІІІ. Студенттердің міндеттері
1. Студенттерді колледжге қабылдау қабылдау Ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

2. Студенттерді колледжге алу белгіленген тәртіппен ақылы негізде, орта-арнайы біліммен маманды дайындау шартына сәйкес өткізіледі.

Заңды тараптардың құқығы мен міндеті көрсетілген білім алуға келгендердің шарттары колледж директорының бұйрығымен рәсімделеді (шарттың түрі мен мазмұны берілген).

3. Колледждің студенттері міндетті:

- таңдалған мамандық бойынша теориялық білімді және тәжірибелік

дағдыны үнемі және терең меңгеруге;



- оқу жоспарлары мен бағдарламаларында қарастырылған оқу

сабақтарының барлық түріне қатысады және тапсырмалардың барлық түрлерін орындауға;

- қоғамдық-пайдалы еңбекке белсенді қатысуға, оқу корпустарының тәртібін сақтауға және студенттердің жатақханасын күтіп ұстауға;

4. Белгілі себептермен сабаққа қатыспаған кезде студент (тыңдаушы)

келесі күннен кешктірмей ол жөнінде топ старостаға немесе кураторға ескертуге міндетті. Студент ауырған жағдайында сабаққа шығуының бірінші күнінде топ кураторына колледжбен студенттерге медициналық қызмет көрсетуге шарт жасасқан медициналық мекеменің дәрігерімен расталған белгілі үлгідегі медицина анықтамасын ұсынады.



5. Коллдеж әкімшілігінің және оқытушылардың кіруі кезінде студенттер орындарынан тұруға міндетті.

6. Мүлікке, оқу және ғылыми жабдықтарға, кітаптармен т.б. ұқыпты

қарайды.

7. Колледж меншігіне зиян келтірген студенттер материалдық жауапкершілікте болады.

8. Колледж студенттері колледжге кірген кезде күзет қызметі өкілдеріне студенттік билеттерін көрсетеді, колледж қабырғаларында тәртіпті және ұқыпты болумен қатар, қоғамдық орындарда сондай болуы керек.



9. Колледж директорының бұйрығына сәйкес, барлық оқу және оқу өндірістік бөлмелердің тазалығы мен тәртібін техника қызметкері және студенттер (тыңдаушылар) өзіндік қызмет көрсетуді басынан қамтамасыз етеді.

10. Өндірістік жұмыстағы оқу үлгеріміне, жоғары көрсеткіштеріне, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен колледждің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін студенттерді (тыңдаушыларды) марапаттаудың келесі түрлері белгіленеді:

- алғыс хат жариялау;

- грамоталармен, дипломдармен марапаттау;

- бағалы сыйлықтармен немесе ақшалай сыйақымен марапаттау;

11. Ішкі тәртіпті, оқу пәндерімен студент жатақханасында тұру тәртібін

бұзушылығына студенттерге (тыңдаушыларға) келесі тәртіптік жазаның біреуі қолданылуы мүмкін:

- ескерту;

- сөгіс;


- колледжден шығару.

IX. Колледж бөлмелеріндегі

жауапкершілік және тәртіпті қамтамасыз ету
1. Оқу және қызметтік бөлмелердегі жабдықтаушылыққа (жиһаздың, оқу жабдықтарының сынбауы, температураны, жарықты және басқаны қалыпты ұстау) жауапкершілік директордың шаруашылық жөніндегі орынбасарына жүктеледі.

2. Зертханадағы, кабинеттердегі оқу жабдықтары мен мүліктерінің дұрыс жағдайда ұсталуына және оқу көрнекілігінің, аудиториялардың сабаққа дайындығына жауап беру зертхана меңгерушісіне немесе аға зертханашыға жүктеледі.

3. Колледж бөлмелерінде тыйым салынады: сыртқы киіммен және бас киіммен жүру; сабақ уақытында қатты әңгімелесу, айқайлау, дәлізбен жүру; темекі шегуге арналған жерлерден тыс орында темекі шегу; ішімдікті ішу, есірткі заттарды қолдану мен басқа қоғамға қарсы қылмыстық әрекеттерді жасау.

4. Колледж әкімшілігі колледж аумағын күзетпен, жабдықтардың, мүліктердің және басқа да құрал-жабдықтардың сақталуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар оқу және тұрмыстық ғимараттарда қажетті тәртіпті ұстау.

5. Колледж студенттерін, қызметкерлерін және басқа да азаматтарды қабылдау бекітілген график бойынша қабылдаудың белгіленген күндерінде колледж басшылығымен жүзеге асырылады.



6. Оқу корпустарының (аудитория, зертахана және кабинеттер) барлық бөлмелеріндегі кілттер вахтерде болады және әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі проректормен бекітілген тізім бойынша беріледі.

Колледждің Педагогикалық кеңесінде қарастырылды - 26.08.2016ж. № 1 хаттамасы
жүктеу 156,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау