Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы



жүктеу 169,5 Kb.
Дата19.11.2018
өлшемі169,5 Kb.
#21599

Астана қаласы әкімдігінің

2012 жылғы «__»_________


__________ қаулысымен

бекітілген




1-қосымша


Астана қаласы Білім басқармасы

«Гуманитарлық колледж»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының

ЖАРҒЫСЫ





  1. Жалпы ережелер

1. Осы Жарғы Астана қаласы Білім басқармасы «Гуманитарлық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның (бұдан әрі – Кәсіпорын) құқықтық мәртебесін анықтайды және құрылтайшылық құжаты болып табылады.

2. Кәсіпорын өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Азаматтық кодексін, «Білім туралы», «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін және Жарғыны басшылыққа алады.

3. Кәсіпорынның құрылтайшысы және оған қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің функциясын жүзеге асыратын орган Астана қаласының әкімдігі болып табылады.

«Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы болып табылады.

4. Кәсіпорынның толық атауы: Астана қаласы Білім басқармасының «Гуманитарлық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Кәсіпорынның қысқартылған атауы: Астана қаласы Білім басқармасының «Гуманитарлық колледжі» МКҚК.

5. Кәсіпорынның заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010009, Астана қаласы, «Алматы» ауданы, Ілияс Жансүгірұлы көшесі, 4.




2. Кәсіпорынның заңды мәртебесі

6. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлға болып табылады, күнделікті басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие, өзінің дербес балансы, есеп айырысу және басқа да есеп-шоттары, мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы көрсетілген елтаңбалы мөрі, мөртаңбасы, бланктері белгіленген үлгідегі жарнамасы бар.

7. Кәсіпорын мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге ие болады, сотқа талапкер және жауапкер бола алады.

8. Кәсіпорынның бекітілген қаржыландыру жоспарынан (қаржы жылына сәйкес) артық шарттық міндеттемелер қабылдауына жол берілмейді.

9. Кәсіпорын жасасқан азаматтық–құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте тіркелуі тиіс.

Кәсіпорынның шарттық міндеттемелер бойынша жауапкершілігі заңнамаға сәйкес бекітілген қаржыландыру шеңберінде атқарылады.


3. Кәсіпорын қызметінің мақсаттары, міндеттері және түрлері

10. Кәсіпорынның оқу-педагогикалық қызметі Жарғыда көрсетілген мақсаттар мен міндеттермен, сол сияқты мемлекеттік басқару органы арқылы Кәсіпорынға жеткізілетін мемлекеттік тапсырыстармен анықталады.

11. Кәсіпорын қызметінің мақсаттары:

1) техникалық және кәсіптік, орта білім беруден кейінгі оқу бағдарламаларын игеруге жағдайлар тудыру;

2) жан-жақты жетілген, қауымның өзгермелі жағдайларына бейімделуге қабілетті жеке адамның жетілуі;

3) үздіксіз білім алуды қамтамасыз ету;

4) қоғамның техникалық және кәсіптік, орта білім беруден кейінгі оқу білімі бар білікті мамандардың әлеуметті–экономикалық қажеттілігін қанағаттандыру;

5) қоғам, отбасы алдындағы борышын сезінуді, сол сияқты Қазақстан Республикасының қоғамдық, мәдени, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттілігін тәрбиелеу;

6) қазақ халқының және Қазақстанда тұратын басқа халықтардың мәдениетін, әдет-ғұрпын және дәстүрін зерделеуге жағдайлар тудыру.

12. Кәсіпорын қызметінің негізгі міндеттері:

1) еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті жоғары білікті орта буын мамандарын даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін жоғарылатуды қамтамасыз ету;

2) Кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдар мен жұмыс берушілерге босатылған қызметкерлерді және жұмыспен қамтылмағандарды қайта оқытуда, қайта даярлауда, біліктіліктерін жоғарылатуда шартты негізде қызмет көрсету;



3) Кәсіпорын қызметін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологияларын ендіру;

4) қаланың мектептері мен мектепке дейінгі мекемелерінің білікті мамандар бойынша қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

13. Кәсіпорын белгіленген мақсаттарына, өз қызметінің мәніне сай міндеттерін іске асыру үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы:

1) студенттерді оқыту, тәрбиелеу және жетілдіру;

2) студенттердің қабілеттерін айқындау және дамыту;

3) жастардың бос уақытын пайдалануды ұйымдастыру, мәдени-бұқаралық шараларды өткізу;

4) ғылыми–практикалық конференциялар мен семинарлар, кәсіби шеберлік конкурстарын өткізу;

5) олимпиадаларға, конференцияларға және басқа да түрдегі серіктестіктерге қатысу;

6) Қазақстан Республикасы Үкіметі анықтаған тәртібінде ақылы білім беру қызметтерін істеу.

14. Жарғымен бекітілмеген өз қызметінің мән-мақсаттарына сай келмейтін мәмілеге келуге, қызмет көрсетуге Кәсіпорынға жол берілмейді.

Кәсіпорынның өз қызметінің мақсаттарына қайшы жасасқан мәмілелері мемлекеттік басқару органының заңнамасында тағайындалған тәртібіндегі шағымы арқылы заңсыз деп таныла алады.

15. Кәсіпорын үшін мемлекеттік тапсырысты орындау міндетті болып саналады. Кәсіпорынның тауар (жұмыс, қызмет) сатушы немесе сатып алушы болып мемлекеттік тапсырыста қарастырылған шарттарды жасасудан бас тартуға құқығы жоқ.

Мемлекет тапсырысы Кәсіпорынға мемлекеттік басқару органы арқылы жеткізіледі. Мемлекеттік тапсырыспен қамтылмаған өнімді (жұмыс, қызмет) Кәсіпорын мемлекеттік басқару органының келісімімен өз бетімен іске асырады.

16. Кәсіпорынды құру мақсаттарына сай емес қызметпен айналасуға Кәсіпорынның құқығы жоқ.

17. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Кәсіпорын қызметкерлердің денсаулығын жақсартуға және сақтап қалуын қамтамасыз етуге, жағдай жасау үшін жауапты.

18. Қызметкерлердің кезеңдік және міндетті медициналық тексерістен өтуін ұйымдастыру үшін Кәсіпорын жауап береді.


4. Кәсіпорынды топтастыру тәртібі

19. Кәсіпорынға білім алушыларды қабылдау техникалық және кәсіптік, орта білім беруден кейінгі оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесіне сәйкес білім беру қызметін жүргізуге құқығы берілген мемлекеттік лицензия бойынша жүзеге асырылады.

Кәсіпорынға Қазақстан Республикасы азаматтары, сол сияқты Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында, халықаралық шарттарда, келісімдерде белгіленген тәртіппен, сол сияқты Кәсіпорынмен жасасқан келісім-шарт бойынша қабылданады.


20. Студенттері қабылдау тәртібі:

1) Кәсіпорынға түсушілерден құжаттар қабылдау, қабылдау емтихандарын өткізу және студенттер құрамына алу конкурсын өткізу үшін қабылдау комиссиясы ұйымдастырылып, ол Кәсіпорын басшысының бұйрығымен бекітіледі;

2) қабылдау комиссиясының шешімі негізінде Кәсіпорын басшысы студенттер қатарына қабылдау туралы бұйрық шығарады.

21. Оқуға қабылдау кезінде:

1) бірінші және екінші топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, соғыс және бала–мүгедектер; педагогикалық мамандықтарға қарама-қайшы келмейтін мүгедектік деңгейі тізіміне сәйкес;

2) соғысқа қатысушылар мен мүгедектерге кепілдік және жеңілдік бойынша теңестірілген адамдарға;

3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын анықтайтын мамандықтарға ауыл жастары қатарынан тұратын азаматтарға;

4) Қазақстан Республикасының азаматтығына ие емес қазақ ұлтының өкілдеріне;

5) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тиесілі үлес қарастырылады.

22. Арнайы және шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға оқытуға қабылдау арнайы және шығармашылық емтихандарының қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.

23. Кәсіпорын оқуға түсушілерді Жарғымен және Кәсіпорында білім беру процесін ұйымдастыру қызметін регламенттеуші басқа да құжаттармен таныстырады.

24. Кәсіпорынның құрамында төмендегі бөлімдер мынандай жағдайда құрылады:

1) күндізгі оқу нысаны бойынша бөлім бір немесе бірнеше мамандықтар бойынша 150 студенттен кем емес жағдайда;

2) сырттай оқу бөлімі бойынша 50 студенттен кем емес жағдайда құрылады.

Кәсіпорын өзінің құрамында мынадай бөлімдер құрады:

1) мектеп бөлімі (қазақша, орысша);

2) мектепке дейінгі шығармашылық бөлімі (қазақша, орысша);

3) филология-дене тәрбиесі бөлімі (қазақша, орысша);

4) сырттай оқу бөлімі (қазақша, орысша);

25. Мамандықтар бойынша жасақталған оқу тобындағы студенттер саны күндізгі бөлімде 25 – 30 адамды, сырттай бөлімде 15 - 20 адамды құрайды.

26. Кәсіпорынның оқу тобы кейбір пәндерден теориялық және лабораториялық-практикалық сабақтарда, оның ішінде дене тәрбиесі сабағында, тілдерді зерделегенде, өндірістік оқу сабақтарында оқу шағын топтарға бөліне алады. Оқу тобы бөлінуге тиісті пәндердің тізбегі оқу жоспарлары мен бағдарламаларымен анықталады.

Теориялық, практикалық сабақтардың кезектесуі оқу жоспарлары мен оқу процесі графигімен анықталады.

27. Педагогикалық кеңестің шешімімен оқу жылы бағдарламасын игеріп, қорытынды емтихандарды тапсырған студенттер келесі оқу курсына көшіріледі. Оқу жылы жоспарындағы пәндер бойынша аттестаттаудан өтпеген студенттер келесі курсқа көшірілмейді.

28. Кәсіпорын басшысының бұйрығымен студенттер мына негіздерде:

1) ата-ананың қалауы бойынша студенттің басқа оқу орнында немесе басқа оқу нысанында білім алуын жалғастыруы үшін;

2) студенттің өз еркімен;

3) денсаулық жағдайына байланысты дәрігерлік-консультациялық комиссияның тұжырымы негізінде;

4) Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған басқа да жағдайларда оқудан шығарылады.

29. Жетім-балалар мен ата-ана қорғаушысыз қалған балаларды оқудан шығару қамқоршылық және қорғаншылық органдары келісімімен шешіледі.
5. Кәсіпорында білім беру процесін ұйымдастыру

30. Тәрбие–білім беру процесінің негізгі қатысушылары болып студенттер, ата-аналар немесе олардың заңды өкілдері және Кәсіпорынның қызметкерлері табылады.

31. Оқу-педагогикалық құжаттама мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Педагогтар бағдарламаларды таңдап алуға және оларды шығармашылық қолдануға құқылы.

32. Оқу сабақтарының кестесі педагогикалық кеңесте қаралып бекітіледі, оқу сабақтарының уақыты жыл мерзіміне сәйкес өзгеруі мүмкін.

33. Кәсіпорында оқу мен тәрбие мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізіледі.

34. Кәсіпорында білім беру процесін ұйымдастыру Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік, орта білім беруден кейінгі оқу білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес әр мамандық бойынша бекіткен жұмыс, оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары негізінде жасалған, Кәсіпорын басшысы бекіткен жұмыс жоспарларымен жүзеге асырылады.

35. Кәсіпорын өз қызметін мемлекеттік тапсырыс негізінде, сол сияқты әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындармен, жұмыспен қамту орындарымен, жұмыс берушілермен жасасқан шарттар негізінде күндізгі, сырттай (ауысымды) оқу нысандары бойынша жүзеге асырады. Жаңа мамандықтарды енгізу белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

36. Жаңа кәсіпті (мамандықтарды) игеру мақсатында Кәсіпорын мамандықтарды даярлау және қайта даярлау курстарын ұйымдастырады.

37. Кәсіпорында мамандарды даярлау техникалық және кәсіптік, орта білім беруден кейінгі негізгі орта білім берумен ұштастырылады, оқу мерзімі – 3 жыл 10 ай, сырттай оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай.

38. Кәсіпорын жеке мамандықтар бойынша жалпы орта білім базасында 2 жыл 10 ай мерзімінде мамандар даярлай алады.

39. Денсаулық жағдайына, өз қаблетіне, олардың қалауына сәйкес, кәсіп, мамандық пен біліктілік алуға, Кәсіпорын Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына бірдей мүмкіншіліктер туғызады.

40. Оқу-әдістемелік процесін, тәрбие жұмысын, ғылыми-педагогикалық процесін, Кәсіпорын өздігінен ұйымдастырады. Мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұны, оларды игерудің нормативтік мерзімдері мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарымен анықталып, Кәсіпорын әзірлеген оқу бағдарламалары мен жұмыс жоспарларына сәйкес іске асырылады.

41. Кәсіпорынның әдістемелік кабинеті - өзін-өзі кәсіби дамыту және олардың педагогикалық мамандардың шығармашылық өсуіне ықпал етеді, инновациялық педагогикалық тәжірбиені тарату және жинақтау білім беру процесінде нәтижені бағалау және сараптама жасау, әдістемелік ұйымдастыруды жанамалауды қамтамасыз етеді.

42. Жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік, орта білім беруден кейінгі кәсіптік оқу стандарттарын игеру, Кәсіпорын түлектерін міндетті қорытынды аттестаттауы, кәсіптік дайындық деңгейін бағалауы және біліктілікті алуы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі бекіткен нормативтік құқық актілеріне сәйкес жүргізіледі.

Оқу жоспары пәндерінің 75% «өте жақсы», ал басқа пәндерден «жақсы» баға алып, қорытынды аттестаттау қорытындысы бойынша «өте жақсы» баға алған түлектерге үздік диплом беріледі.

43. Үлгерімнің күнделікті ағымдық бақылауын, аралық және қорытынды аттестаттауды Кәсіпорын өздігінен жүзеге асырады. Білім алушылардың білімі, ебі (икемі) және дағдысы (машығы) білім туралы құжаттарда былай анықталады: 5 - «өте жақсы», 4 - «жақсы», 3 - «қанағаттанарлық», 2 - «қанағаттанарлықсыз», «сынақ».

44. Арнайы пәндерден қорытынды біліктілік емтихандарынан нәтижелі өткен немесе дипломдық жобаларды ойдағыдай қорғаған Кәсіпорын түлектеріне белгіленген үлгідегі, Кәсіпорын мөрімен куәландырылған диплом беріледі, ал бұл сынақтардан өте алмағандарға білім курсын оқығандығы туралы белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.

45. Кәсіби дайындық жөніндегі құжаттарды беру Біліктілікті айқындау комиссиясының хаттама шешімі негізінде жүргізіледі. Емтихандалушыға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен, кәсіп (мамандық) бойынша біліктілік деңгейі көрсетілген сертификат беріледі.

46. Кәсіпорында оқу жылы 1 қыркүйектен басталады, әр мамандық бойынша нақты оқу жоспарына сай аяқталады, оқу екі семестрден тұрады.

Кейбір санаттағы студенттер үшін оқу процесі оқу топтарының жасақталуына қарай, тапсырушы – кәсіпорындарымен шарттасқан мерзімде басталады.

Кәсіпорын оқытуды белгілеуде аралық аттестацияны өткізудің түрін оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес арнайы пәндер тізіміне енгізеді. 47. Студенттерді оқытудың күндізгі нысандарына басқа оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау, жазғы және қысқы демалыс аралығында, сырттай оқу бойынша кезекті емтихан сессиясы басталғанға дейін жіберіледі. Кәсіпорынға басқа оқу орыннан келген студенттерді қабылдау және студент қатарына қайта қабылдау академанықтама негізінде жүргізіледі. Кәсіпорын ішінде студенттерді бір мамандықтан басқа мамандыққа ауыстыру ерекше жағдайда жүргізіледі.

Бірінші курста оқитын студенттерді ауыстыру бірінші семестрдің аяқталуы бойынша жіберіледі.

48. Ақылы негізде оқитын студенттерге оқу жылын «өте жақсы» деген бағамен аяқтағанда, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға рұқсат етіледі.

49. Күндізгі оқыту нысанындағы студенттерге оқу жылында 2 реттен кем емес барлық ұзақтығы 8-11 апта шамасында демалыс беріледі, оқу аптасының ұзақтығы 36 сағаттан артық емес.

50. Колледждің, онда білім алушылардың және олардың ата-аналарының қарым-қатынасы колледждің ішкі тәртібі ережелерімен, бөлімдердің жалпы жиналыстарының, ата-аналар жиналыстарының шешімдерімен анықталады.

51. Кәсіпорындағы теориялық және өндірістік оқуды ұйымдастырудың негізгі нысаны – сабақ. Оқу сабақтары лекция, семинар, практикалық сабақ, оқу практикасы, әңгіме, лабораториялық, бақылау және өзіндік жұмыс, консультация, факультатив сабақтары, курстық, дипломдық жұмыстар және дипломдық жобалау түрінде өткізіледі.

Теориялық және өндірістік оқу сабақтарының ұзақтығы – 90 минут. Сабақтар арасындағы үзіліс – 10 минут. Алты күндік жұмыс аптасында екі ауысымдық оқу сабақтарын өткізу тағайындалған.

Шетел тілі, қазақ тілі, информатика, дене тәрбиесі, мәнерлеп оқу, каллиграфия, ритмика, қосымша мамандық сабақтарынан лабораториялық жұмыс, практикалық және семинарлық сабақтарда студенттер саны 12 адамнан кем болмауы керек.

Оқу сабақтары кей жағдайда студентпен жеке жүргізілуі мүмкін (жеке оқу, ақылы негіздегі жеке шығармашылық оқу).

Өндірістік оқу сабақтары топқа және 6 адамнан кем емес шағын топтарға бөлінеді.

52. Кәсіпорын студенттерінің өндірістік оқуы оқу-өндірістік шеберханаларда, зертханаларында, тапсырушы-кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни жұмыс берушілердің оқыту орындарында өткізіледі.

Өндірістік оқу процесінде халық тұтынатын тауарлар, өнімдер шығарылу ұйымдастырылады.

53. Мамандықтар бойынша кәсіптік практика тапсырыс беруші кәсіпорында олармен келісім шарт жасау негізінде:

1) кәсіпорынның технологиялық базасын қолдану арқылы студенттердің кәсіптік практикасын ұйымдастыру;

2) мамандарды даярлау және оларды жұмысқа орналастыру сұрақтары бойынша жақтардың өзара әрекеттесуін дамыту қарастырылады.

54. Кәсіптік білім берудегі серіктестердің өзара әрекеттесуінің негізгі бағыттары:

1) жұмыс берушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, типтік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;

2) әлеуметтік серіктестердің түлектерді кәсіптік дайындығын бағалау және кәсіптік білім беру сапасын бақылауды ұйымдастыруға қатысу;

3) жұмыс берушілердің түлектерді жұмысқа орналастыруға қатысу болып табылады.

55. Студенттердің білім беру мен тәрбиелеудің сапасын арттыру, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің педагогикалық шеберлігін жоғарылату мақсаттарында Кәсіпорында педагогикалық және оқу-әдістемелік кеңестер құрылады.



6. Ақылы қызмет көрсету тәртібі

56. Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте Кәсіпорын ақылы білім беру қызметіне құқылы.

57. Ақылы білім беру қызметіне жататындар: бюджеттік қаржыландырумен қамтылмаған барлық мамандықтар бойынша жеке немесе заңды тұлғалармен шарт жасасып, оқу ақысын төлеу негізінде мамандар даярлау, ақылы қызмет көрсету (арнайы курстар, арнайы семинарлар, біліктілікті жоғарлату курстары, қосымша мамандандыру, қызығушылықтары бойынша үйірмелер).

58. Ақылы білім беру қызметі Қазақстан Республикасының білім саласындағы орталық атқару органы анықтайтын, мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары негізінде әзірленген және мемлекеттік басқару органдарымен келісілген оқу жұмыс жоспарлары (бағдарламалары) бойынша жасалынады.

59. Ақылы білім беру қызметі кәсіпорын мен студентке ата-анасы немесе студенттің басқа заңды өкілі арасында жасасқан шарт негізінде олардың қалауымен бөлек оқу кестесі бойынша көрсетіледі.

60. Кәсіпорын басқа да ақылы қызмет түрлерін көрсетуге құқылы:

1) колледждің типографиясы арқылы оқытушылардың ұсыныстарын, құралдарын, әдістемелік әзірлемелерін тарату және баспаға шығаруын ұйымдастыруға;

2) «Технология» және «Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтары студенттерінің қолдан жасалған, шығармашылық жұмыстарының таратылуын жүзеге асыруға;

3) студенттерге ыстық тамақ ұйымдастыруға, басқа да адамдардың асханада іс-шаралар өткізуіне.

61. Кәсіпорын мен студенттердің ата-аналары арасындағы қарым-қатынас шарттық негізде жүзеге асырылады.

Оқу–тәрбие қызметін көрсетуге келісімшарт (бұдан әрі – келісімшарт) жасасатындар болып табылатындар – оқу-тәрбие процесінің қатысушылары: кәсіпорын әкімшілігінің басшысы, ата-аналар немесе олардың заңды өкілдері (қамқоршылар, қорғаншылар).

Қазақстан Республикасы азаматтық Заңнамасына және Кәсіпорын жұмысының ерекшелігіне сәйкес барлық айтарлықтай жағдайлар қамтылып, Келісімшарт жазбаша түрде жасалады.

Қосымша ақылы білім беру қызметінен түскен қаржы оқу процесіне, оның ішінде оқу құрал-жабдықтарын алуға, Кәсіпорын қызметкерлеріне әлеуметтік және материалдық көмек көрсетуге жұмсалады.
7. Кәсіпорын мүлкі мен қаражаттары

62. Кәсіпорын жедел басқару құқығында мемлекеттік мүлікті иемденеді.

63. Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіп бойынша Кәсіпорын коммуналдық меншіктен республикалық меншікке бе-рілгенде немесе бір мемлекеттік басқару органынан екіншісінің басқаруына ауысқанда өзіне тиесілі мүлікті жедел басқару құқығын сақтайды.

Кәсіпорын мүлкін негізгі және айналым қаражаттары, сол сияқты кәсіпорынның өзіндік балансында құны көрсетілген басқа да материалдық құндылықтарды құрайды.

64. Кәсіпорын жедел басқару құқығында жарғылық қызметін қамтамасыз етуге қажетті мүлікті ғана иелене алады.

65. Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органының жазбаша келісімінсіз негізгі қаражаттарға жататын мүлікті сату – сатып алу шарттары негізінде немесе айырбастау, сыйға тарту және басқа да ымыраға келу бойынша мүлік алуға құқығы жоқ.

66. Кәсіпорын қызметкерлері арасында, оның ішінде, салымдар (үлес, пай) бойынша үлестірілмейді және кәсіпорын мүлкі бөлінбейтін болып табылады.

67. Кәсіпорын мүлкі:

1) оған құрылтайшы тапсырған мүліктер;

2) өзінің жеке қызметі нәтижесінде (ақшалай табыстарды қосқанда) алынған мүліктер;

3) Қазақстан Республикасы заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен қалыптасады.

68. Кәсіпорынның мүліктік құрамына кешен ретінде қажетті мүліктің барлық түрлері, оның ішінде, ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар, мүлік, шикізат, жер теліміне құқы, алашақтары, өз қызметін (фирмалық атауы, тауарлық белгісі) ерекшелейтін белгілер және басқа да ерекше құқықтары кіреді.

69. Мемлекеттік басқару органы Кәсіпорынға тапсырылған мүліктің пайдаланылуы мен сақталуына бақылауды жүзеге асырады.

70. Қазақстан Республикасының Заңнамалық актілерінде мүлік бекітілмеген жағдайда, құрылтайшы Кәсіпорынға бекітілген мүлікті қайтарып алуға, өзінің қарауы бойынша оның құрған басқа заңды тұлғалар арасында қайта үлестіруге құқығы бар.

71. Кәсіпорын өзіне бекітілген мүлікті және өзінің шаруашылық қызметі нәтижесінде тапқан қаржысына алған мүлікті иеліктен шығаруға немесе басқа тәсілмен жұмсауға тек мемлекеттік басқару органының жазба түріндегі келісімі бойынша құқылы.

Кәсіпорын филиалдарын құру мемлекеттік басқару органының келісімімен жүзеге асырылады.


8. Кәсіпорынды басқару

72. Кәсіпорынды басқаруды мемлекеттік басқару органы болып табылатын Астана қаласы Білім басқармасы жүзеге асырады.



73. Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органының өкілеттіліктері мынадай:

1) Кәсіпорын қызметінің басым бағыттарын анықтау;

2) Кәсіпорын қызметінің нысаналы және ағымдағы жоспарларын, оның ішінде жоспарланған шаруашылық көрсеткіштерін қарау және бекіту;

3) Жетекшіні тағайындау және оның аттестациядан өтуі белгіленген заңнама тәртібінде жүргізу;

4) Кәсіпорынға мемлекеттік тапсырысты жеткізу және оның орындалуын бақылау;

5) Кәсіпорын мүлкінің өз орнына пайдаланылуы мен сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

6) Кәсіпорынның таза табысын үлестіру нормативін бекіту;

7) Кәсіпорынды қамсыздандыруда қаржыландыру жоспарын бекіту;



8) Кәсіпорынның құрылымын және штаттық бірліктер санын бекіту. Мемлекеттік басқару органы келісімі бойынша Кәсіпорын бюдежеттен тыс қаржы есебінен штаттық кестені бекіте алады және қызмет көрсету аумағының артуына байланысты қосымша еңбекақы тағайындай алады;

9) жылдық қаржылық есеп беруді бекіту;

10) Қазақстан Республикасы заңнамасымен өзінің құзыретіне қатысты басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдау болып табылады.

74. Кәсіпорынның басшылық етуші органы оның жетекшісі болып табылады, ол лауазымды орынға мемлекеттік басқару органымен тағайындалады, лауазымды орыннан босатылады және оған есеп береді.

75. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жеке еңбек шартын жасасу арқылы мемлекеттік басқару органы өзінің Кәсіпорын жетекшісімен қарым-қатынасын ресімдейді.

76. Кәсіпорын жетекшісі Кәсіпорын қызметінің жағдайына меншік иесі мен мемлекеттік басқару органы алдында дербес жауап береді.

77. Кәсіпорын жетекшісі өзінің осы Жарғымен анықталатын құзіретіне сәйкес Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін өздігінен шешеді және дара басшылық принципінде әрекет етеді.

78. Төмендегі функцияларды жүзеге асыру Кәсіпорын жетекшісінің құзіретінде:

1) Кәсіпорын атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды;

2) Кәсіпорынның мүдделерін барлық органдарда қорғайды;

3) заңнамамен белгіленген өлшемдер мен жағдайларда Кәсіпорын мүлкіне иелік етеді;

4) шарттар жасасады;

5) сенімхаттар береді;

6) банктерде есепшоттар ашады және басқа да мәмілелер жасайды;

7) Кәсіпорынның іссапарлар, машықтанулар, қызметкерлерді Қазақстан, шетел оқу орталықтарында оқыту және басқа да түрде біліктіліктерін жоғарылату бойынша жоспарларын және тәртібін бекітеді;

8) Кәсіпорын қызметкерлерінің барлығы үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар, өкімдер береді;

9) Мемлекеттік басқару органымен келісіп өзінің орынбасарын (орынбасарларын) лауазымды орынға тағайындайды және лауазымды орыннан босатады;

10) Кәсіпорын жетекшісі өзінің орынбасарларының және басқа да басқарушы қызметкерлерінің құзыретін жетекші Заңнамаға сәйкес белгілейді;

11) Заңнамамен, осы Жарғымен және мемлекеттік басқару органымен өзіне жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

79. Педагогикалық кеңес Кәсіпорынның жоғары органы болып табылады.

80. Кәсіпорынның әдістемелік басшылық қызметі педагогикалық кеңеспен жүзеге асырылады, оның құрамына басшылық құрамы, барлық оқытушылар және оқу-көмекші қызметкерлері, базалық кәсіпорын өкілдері, ата-аналар қоғамы және студенттік өзін-өзі басқару кіреді.

81. Педагогикалық кеңестің құзырына:

1) оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту;

2) педагогикалық қызметтің негізгі бағыттарын анықтау;

3) студенттерді келесі курсқа көшіру;

4) оқу үлгерімі, мінез-құлқы және олардың аттестация мәселелерін талқылау;

5) Кәсіпорынның педагогикалық құрамының біліктілігін жоғарылату жұмыстарын ұйымдастыру;

6) олардың шығармашылық ынтасын дамыту;

7) озық тәжірибені тарату;

8) педагогикалық және басқа қызметкерлерді әртүрлі ынталандыру түрлеріне ұсыну жатады.

82. Жыл сайын Кәсіпорын жетекшісінің бұйрығымен құрылған аттестаттау комиссиясы педагогикалық қызметкерлерді олардың кәсіптік қызметін есептей отырып аттестация жүргізеді.

83. Кәсіпорын жетекшісі өз құзіретінің шегінде және Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, ынталандыру шараларын қолданады және жазаға тартады.

Кәсіпорын жетекшісінің ұсынуы бойынша мемлекеттік басқару органы лауазымдық орынға қабылдайтын немесе лауазымдық орыннан босататын Кәсіпорын қызметкерлерінің номенклатурасы Кәсіпорын Жарғысында белгіленеді.

84. Кәсіпорынның аккредитациялауы өз еркі негізінде жүзеге асады. Аккредитацияны өту үшін Кәсіпорын аккредитациялық органды өзі таңдайды. Аккредитациядан өту немесе оны өткізуден бас тарту шешімі аккредитациялық органмен өтініш және анықталған құжаттар тізімі бойынша берілген құжаттарды қарастыру нәтижесінде қабылданады. Кәсіпорын халықаралық аккредитацияны өтуге құқылы, халықаралық деңгейде танылған шетелдік аккредитациялық органмен жүзеге асады.


9. Еңбек ұжымының мүшелері олардың құқықтары мен міндеттері

85. Кәсіпорын негізгі жұмыс орны болып саналатын адамдар еңбек ұжымының мүшелері болып табылады (жетекші және оның қызметкерлері).

86. Біліктілік талаптарына сай келетін әр азамат Кәсіпорынның қызметкері бола алады.

87. Кәсіпорын жетекшісі мен қызметкерлерінің өзара қарым-қатынасы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес жеке еңбек шарты негізінде жүзеге асырылады.

88. Кәсіпорын қызметкерлерінің құқығы:

1) кәсіптік қызмет ету үшін жағдайлар жасалуына;

2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты сақталған жағдайда педагогикалық қызметтің нысандары мен тәсілдерін өз еркімен таңдап алуға;

3) біліктілігін жоғарылату, қызметтік өсу мақсатында мерзімінен бұрын аттестаттаудан өтуге;

4) өзінің лауазымдық орны мен мамандығына сәйкес Кәсіпорын қызметіне қатысуға;


5) Кәсіпорын қызметіне қатысты кез-келген мәселені еңбек ұжымының талқылауына қоюға;

6) біліктілік санатына және штаттық кестеге сай кепілді еңбекақы алуға;

7) өзінің кәсіптік ар-намысын және абыройын қорғауға;

8) педагогикалық қызметтегі жетістіктері үшін материалдық және моральдық ынталандыруға, құрмет атақтарымен, белгілерімен, грамоталарымен марапатталуға;

9) Қазақстан Республикасының Еңбек туралы кодексімен, сол сияқты басқа нормативтік құқықтық актілермен регламенттелінген басқа да құқықтарға иелі.

89. Кәсіпорын қызметкерлерінің міндеті:

1) Осы Жарғыны, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, лауазымдық нұсқауды, қауіпсіздік техникасы ережелерін, Кәсіпорынның локальдік актілерін сақтау, жетекшінің нұсқауларын орындау, егер олар Қазақстан Республикасы заңнамасына қарсы келмесе;

2) өзінің функцияларын Қазақстан Республикасы заңнамасымен анықталған тәртіпте орындауға дербес жауап беруге;

3) бес жылда бір рет біліктілік санатына сәйкес және аттестаттаудан сәтті өтуіне байланысты біліктілік санатын алуға, әр бес жылдан кейін біліктілік санатын растауға;

4) мемлекет тағайындаған және атаулы құжаттар негізінде (ваучерлік) анықталған, қаржымен қамтамасыз етілген, мазмұны мен оқыту мерзімін, жан басына негізделген нормативтік қаржыландыру, білім беру қызметкеріне ұйымды таңдау мүмкіндігін бере отырып, қызметкерлер міндетті түрде біліктілігін арттырып және Ваучерлік-модульдік біліктілігін көтеру жүйесін қолдануға;

5) оқу сабақтарын қазіргі заман талаптарына сай өткізуға, инновациялық технологияларды қолданып, интерактивті және компьютерлік жабдықтарды қолдануға;

6) өзінің кәсіптік деңгейін жоғарылату, оқу сабақтарына мұқият дайындалуға;

7) оқу құжаттамасын жүргізуге, мезгілінде есеп беруге, бақылау жұмыстарының талдауын тапсырып отыруға т.б.;

8) студенттердің дербес және шығармашылық қаблеттерін көре білуге және дамуына ықпал етуге;

9) заңнамаға сәйкес медициналық бақылаудан және алдын ала егілуден өтуге;

10) салауатты өмір салтын ұстау және оны студенттер арасында насихаттауға.

90. Кәсіпорын қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Заңнамасымен Конституциясына қайшы келетін оқу процесінің саяси үгіт- насихат мақсатында діни үгіттеу және студенттерді басқа да іс-әрекеттерге ниеттеуді қолдануға рұқсат етілмейді.

91. Кәсіпорынға білім беру процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңымен, білім беру мекемелерінің типтік ережелерімен анықталады.

92. Студенттердің құқықтары мен міндеттері Жарғымен және студенттердің мінез-құлық ережелерімен белгіленеді.

93. Кәсіпорын студенттері мыналарға құқылы:

1) мемлекеттік білім стандартына сәйкес тегін техникалық және кәсіптік, орта білім беруден кейінгі білім алуға;

2) мемлекеттің мекеменің кітапхана қорын тегін пайдалануға;

3) мемлекеттік мекемені басқаруға қатысуға;

4) кісілік ар-намысын, сөз бостандығын құрметтеуге, өз көзқарасын және мүддесін еркін айта білуге;

5) ар-намысын, еркіндігін, өзінің денсаулығын қорғауға;


6) оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін ынталандырылуға, марапатталуға.

94. Студенттерді саяси акцияларға және үгіт-насихат компанияларына зорлап қатыстыруға жол берілмейді.

95. Білім алушылар:

1) Кәсіпорын Жарғысы және Кәсіпорынның ішкі тәртібінің ережелерін орындауға;

2) оқуды адал еңбек етіп оқу, себепсіз оқу сабақтарын жібермеуге;

3) білім алушылар Кәсіпорынмен белгіленген киім үлгісін сақтауға;

4) Кәсіпорын мүлкін және техникалық оқу құралдарын бүлдірмеуге, оқу жайларының жиһаздарын қажетті жағдайларда ұсақ жөндеуге қатысуға, мүлікті бүлдірген жағдайда ата-анасымен бірге орнын толтыруға;

5) басқа студенттердің және Кәсіпорын қызметкерлерінің ар-намысын қадірлеуге, оларға дөрекілік пен жәбірлеуге жол бермеуге;

6) Кәсіпорындағы қызметкерлерінің Жарғы мен ішкі тәртіп ережелері бөлігінде құзыретіндегі талаптарын орындауға міндетті.

96. Кәсіпорында тәртіп студенттер мен педагогтардың бір-бірінің ар-намысын құрметтеуі негізінде сақталады. Студенттерге психологиялық және физикалық жәбірлеу әдістерін қолдануға жол берілмейді.

97. Оқушылардың ата-аналары (заңды өкілдері) мен Кәсіпорын арасындағы қарым-қатынас Жарғы қағидаларымен реттеледі.

98. Ата-аналар (заңды өкілдер) құқылы:

1) балаларының заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға;

2) ата-аналар комитеттері арқылы Кәсіпорынды басқару органдарының жұмысына қатысуға;

3) өз балаларының оқу жағдайлары, үлгерімі және мінез-құлқына қатысты ақпарат алуға;

4) оқушылармен жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуге;

5) балаларды тәрбиелеу және оқыту проблемалары бойынша Кәсіпорынның педагог және психолог қызметкерлерінен кеңес алуға.

99. Ата-аналар (заңды өкілдер):

1) осы Жарғы мен ішкі тәртіп ережелерін өздерінің құқықтары мен міндеттеріне қатысты бөліктерін орындауға;

2) балаларының тәрбиесіне, оқуына және білім алуға қажетті жағдайлар жауапкершілік тудыруға;

3) ата-аналар жиналысына қатысуға, қажет болған жағдайда әкімшіліктің немесе оқытушылардың шақыруымен Кәсіпорынға келіп, оқу-тәрбие процесі бойынша жеке әңгімелесу және нақтылы педагогикалық көмек көрсетуге;

4) студенттердің оқу сабақтарына қатысуын қамтамасыз етуге;

5) балаларының Кәсіпорынға келтірген материалдық залалдарының, заңнамамен анықталған тәртіпте, орнын толтыруға міндетті.

10. Кәсіпорынның қаржы қызметі

100. Кәсіпорын өндіретін және өткізетін (ұсынатын) тауарларының (жұмысының, қызметінің) бағасын мемлекеттік басқару органы белгілейді.

101. Кәсіпорынның қызметі мемлекеттік басқару органы бекіткен мем-лекеттік тапсырыс бойынша бөлінген смета өз кірістері есебінен қар-жыландырылады және басқа да кіріс көздерінен жүзеге асырылады. Мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру бюджеттік заңнамаларға сәйкес бюджеттік бағдарламаның басқарушысы арқылы бюджеттік қаржы есебінен жүзеге асырылады. Кәсіпорынның шығыстарын жабу үшін өздерінің табыстары жеткіліксіз болған жағдайда жетпеген қаражаттар тиісті бюджеттен бөлінеді.

102. Кәсіпорынның қаржылық қызметі:

1) Жарғылық қызметінің нәтижесінде алынған, сонымен бірге мемлекеттік тапсырыс бойынша, қаржылар есебінен;

2) заңды тұлғалар мен азаматтардың өздері аударған жарналары мен құрбандық қаражаттарынан;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған, басқа да (оқу-өндірістік шеберханалардың шаруашылық қызметтері және халыққа көрсетілетін ақылы қызметтен) табыстар есебінен қарастырылады.

103. Сметаның үстінен алынған табыс жергілікті бюджетке аударылуға жатады.

104. Жұмыспен қамтылмаған халық және жұмыстан босаған қызметкерлерді даярлауды, қайта даярлауды және біліктіліктерін жоғарылатуды қаржыландыру мемлекеттік жұмыспен қамту қызметі қорларының қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.

105. Мемлекеттік мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін бақылау, қайта тексеру заңнамалар белгілеген тәртіппен жүргізіледі.


11. Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, жұмыс тәртібі

106. Кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақыларын төлеу қоры Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қарастырылған лауазымдық айлықақылардан (ставкалардан), еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы, үстеме ақылардан, төлемақылардан құралады.

107. Кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақы жүйесі Заңнамаға сәйкес белгіленеді.

108. Кәсіпорынның жұмыс тәртібін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Кәсіпорын жетекшісі анықтайды.


12. Кәсіпорынның жауапкершілігі

109. Кәсіпорын өзінің қарауындағы қаражатымен өз міндеттемелеріне жауап береді.

Кәсіпорын таратылғаннан басқа жағдайларды оның басқа мүліктеріне өндіріп алу таратылмайды.

110. Кәсіпорын мүлік иесінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.



13. Халықаралық қызметтестік

111. Кәсіпорынның халықаралық қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамаларына және Қазақстан Республикасының халықаралық келісім шарттарына сәйкес жүргізіледі.

112. Кәсіпорын білім беру саласындағы өкілетті органмен келісім бойынша өз жұмысының ерекшеліктеріне сәйкес шетелдік білім беру, ғылым және мәдениет ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен тікелей байланыстар орнатуға, ынтымақтастық туралы екі жақтан және көп жақты шарттар жасасуға, студенттермен, педагог және ғылыми қызметкерлер тәжірбие алмасудың халықаралық бағдарламаларына қатысуға, білім беру саласындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) кіруге құқығы бар.

14. Кәсіпорын Жарғысын өзгерту тәртібі

113. Осы Жарғыға өзгерістер және толықтыруларды Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Астана қаласы Әкімдігі енгізеді.



15. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі

114. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.



________________________

жүктеу 169,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау