Әдістемелік кабинет туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Әдістемелік кабинет оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда әдістемелік
жабдықтармен қамтамассыз етумен қатар, колледж оқытушыларының
әдістемелік және педагогикалық жұмыстарын ұйымдастырады және
жетілдіреді.
2. Әдістемелік кабинет өз қызметі барысында сүйенеді:
-Кәсіби және орта білім беру мекемелерінің бекіткен типтік ережелеріне;
-Колледж жарғысына;
-Колледждің дамыту бағдарламаларына;
-Әдістемелік кабинет туралы негізгі ережелерге.
3. Әдістемелік кабинет жұмысын ұйымдастыру директордың бұйрығымен
тағайындалған әдіскер арқылы жүзеге асырылады.
4. Әдістемелік кабинеттің жұмыс жоспарын әр оқу жылында әдіскер жасап,
директорға бекіттіреді.
5. Әдістемелік кабинеттің жұмыс жоспарында оқу-әдістемелік жұмыстардың
негізгі бағыттары көрсетіліп, даму бағдарламасына сәйкес колледждің
дамуына қатысты сұрақтар қарастырылуы қажет.
2. Әдістемелік кабинеттің қызметтік бағыттары мен міндеттері
1. Пәндік-циклдік тексеруді жүйелендіру мақсатында оқытушының
әдістемелік жұмыстарын жариялау және қызметтік нәтижелерін жүзеге
асыру.
2. Педагогикалық қызмет тәжірибесінде жаңа педагогикалық және қазіргі
ақпараттық технологияларды қолдану мен зерттеу.
3. Жаңа әдістемелік, яғни педагогикалық және ақпараттық оқытуды енгізуге
қатысты педагогикалық эксперименттің жүзеге асуын қадағалау.
4. Оқытушыларға пәннің оқу-әдістемелік комплексін жасау барысында
ақпараттық көмек көрсету.
5. Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттық-әдістемесі жағынан қамтамассыз ету.
6. Педагогикалық қызметтің белсендендірілуі мен колледждің даму
бағдарламасын жүзеге асыруға негіз болатын педагогикалық кеңес,
әдістемелік кеңес, жас педагог мектебі, педагогикалық шеберлік мектебі,
конференциялар, дөңгелек үстел, семинарларды өткізу мен ұйымдастыруда
әдістемелік көмек көрсету.
7. Педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда жас оқытушыларға әдістемелік
көмек көрсету.
8. Ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралардың әдістемелік бағытын
анықтауда әдістемелік көмек көрсету.
3. Педагогикалық кабинеттің жұмысын жоспарлау және басқару.
1. Әдістемелік кабинеттің қызметтік мазмұнына мыналар жатады:
-оқытушылардың әдіскерлік квалификациясын жоғарылату мақсатында іс-
шаралар ұйымдастыру;
- педагогикалық тәжірибемен алмасу үшін семинарлар өткізуге дайындық
және ұйымдастыру;
- оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға байланысты сұрақтар негізінде
педагогикалық тәжірибе мен семинар-тәжірибелерді тұрақты түрде
ұйымдастыру жұмыстары;
- педагогикалық және ғылыми тақырыптарда колледж оқытушыларына дәріс
ұйымдастыру;
- жас оқытушыларға педагогикалық ұстаздық курстарын ұйымдастыру;
- жаңа педагогикалық әдебиеттер мен кезеңдік педагогикалық материалдар
бойынша
оқырман
конференциялары
мен
педагогикалық
оқулар
ұйымдастыру;
- колледж оқытушыларының тәжірибесін көрсететін тұрақты және уақтылы
әдістемелік көрмелерді ұйымдастыру.
4. Әдістемелік кабинеттің жабдықталуы
1. Әдістемелік кабинеттің жабдықталуы және безендірілуі педагогикалық
өзіндік даму мен жеке әдістемелік жұмыстарды құруға қажетті жағдайлар
жасауы тиіс.
2. Мамандық бойынша ғылыми және педагогикалық әдебиеттерді өз бетінше
зерттеу үшін, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға қажетті нормативтік және
құрылымдық мтериалдарды жедел қолдану үшін, сонымен қатар,
педагогикалық ұжыммен бірге әдістемелік жұмыстарды жүргізу мен колледж
басшылығына комек көрсету үшін әдістемелік кабинетті жүйелеп,
шоғырландыруда.
3. Әдістемелік кабинетті жабдықтауда нормативтік оқу-бағдарламалық,
ғылыми-әдістемелік құжаттар, қазіргі ақпараттық деректер мен құралдар,
нормативтік құжаттар, сондай-ақ колледждің білім беру құзыреттілігіне
қатысты актілер қосылды.
4. Әдістемелік кабинетте оқытушылардың өзіндік даму тәжірибесіне қатысты
жұмыстарының материалдары, пәндік-циклдік комиссия, оқытушылардың
шығармашылық портфолиолары, өзіндік даму жоспарлары, оқытушыларға
қажетті пособиялар мен әдебиеттер сақталған.
5. «Әдістемелік кабинет» копьютерлік базасының негізінде жасалған
оқытушылардың әдістемелік жұмыстарының каталогтары.
6. Педагогика, психология, оқыту әдістемесі бойынша кепілдік және іріктеліп
алынған әдебиеттер.
7. Ең үздік сабақтар мен тәрбиелік іс-шаралардың видеожазбалары.
8. Оқытушылардың әдістемелік және тәрбие жұмыстарының көрмесі.
9. Колледждің тәрбие және әдістеме бағытындағы материалдардың
іріктемелері.
10. Жас оқытушылармен жұмыс үшін іріктеліп алынған материалдар.
11.
Әдістемелік
кабинет
оның
қызмет
жасауына
жиһаздармен,
коммуникативтік техникалық құралдармен, оргтехника, компютерлік
техника, презентациялық және т.б. құралдармен толықтай жабдықталған.