|
Астана қаласы Білім басқармасы
|
бет | 15/29 | Дата | 18.12.2023 | өлшемі | 1,76 Mb. | | #44798 |
| phpgYF8eN org-DSTENELK-RAL-kaz-yaz---psihologtara-arnalan-13. Лауазымдық міндеттері
3.1.Білім алушылардың тұлғалық дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтайды және әр түрлі психологиялық көмектер (психотүзету, оқшаулау және кеңестік) көрсету бойынша шара қолданады
3.2. Білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтауға бағытталған кәсіби қызметін жүзеге асырады;
3.3.Білім алушылардың оқу-мотивациялық деңгейі, тұлғалық,эмоционалдық
-еріктік сферасындағы ерекшеліктерін анықтау мақсатында психологиялық диагностика жүргізеді;
3.4. Психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың мәселелерін шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асырады;
3.5.Өзінің құзыреттілік деңгейінде ата-аналарға (олардың орынын алмастыратын тұлғаларға) және білім беру мекемелеріндегі педагогикалық қызметкерлер мен білім алушыларға кеңестік көмек көрсетеді;
3.6.Білім алушылардың болашақ кәсібіне бейінділігін анықтауға бағытталған психологиялық сүйемелдеу жұмыстарын жүргізеді;
3.7. Белгіленген түрде құжаттарды жүргізеді және орынды пайдаланды;
3.8. Білім беру әрекетінде білім алушылардың жас және тұлғалық
Ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктері ескерілген дамыту- түзету бағдарламаларын жасауға және жоспарлауға қатысады;
3.9. Дарынды және үлгермейтін білім алушыларға психологиялық қолдау көрсетеді, олардың дамуына, ізденуіне ықпал етеді;
3.10. Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша ықтимал топтағылар,суицидке бетбұрысы бар профилактикалық есепте тұрған балаларды алдын алу жұмыстарымен қамтамасыз етеді;
3.11.Білім беру үдерісі субъектілерінің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін көтеру үшін психологиялық ағарту жұмыстарын жүзеге асырады;
3.12. 1-5-10-сынып оқушыларының психологиялық бейімделуін қамтамасыз етеді және психологиялық-педагогикалық консилиум өткізіп талдау жасайды;
3.13.11-сынып оқушыларын мемлекеттік емтиханға дайындауда психологиялық сүйемелдеу жасайды;
3.14.Психологиялық-педагогикалық диагностика негізінде бейіндік сыныптарды жинақтауға қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|