9
қабылдай алады. Алдағы уақытта оған жарнаны анағұрлым жылдам
төлеп, сақтандыру жүйесіне кіру қажет.
МӘМС ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ
Тегін медициналық көмектің кепілдікті көлемін ұсыну (ТМККК) және
Қордың трансферттерін (төлеуден боасатылған МӘМС жүйесіне
жарналар төлеу) белсенді емес халық үшін республикалық бюджеттен
мемлекет төлейді. Ақшалай қаражаттар ҚР Денсаулық сақтау
министрлігінің бюджеттік бағдарламасы арқылы қаржыландыру жоспары
бойынша Қорға ай сайын аударылады.
Өз кезегінде, белсенді халықтың (жұмыс берушілер, жеке
кәсіпкерлер, жеке нотариустар, қорғаушылар, медиаторлар және т.б.)
жарналары Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы (МЗТО) арқылы
Қорға келіп түсетін болады. Бұл түсімдерді қолданыстағы зейнетақы
жүйесі мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының аналогиясы
бойынша есепке алуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ жарналарды аудару
үшін қаражаттарды үнемдейді.
МЗТО-на қатысушылардың жеке сәйкестендіру нөмірлерін
тексеру, қате төлемдерді қайтару, салық салық төлеушілермен жұмыс
істеу үшін және дербес есепке алу үшін ақпаратты Салық комитетіне
табыстау жүктелетінін атап өткен жөн.
Қор ақшалай қаражаттарды келесі тәртіпте бөледі:
бір бөліні денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтерін төлеу
үшін медициналық ұйымдарға жіберілетін болады;
бір бөлігі Ұлттық банкке жіберіледі, ал ол ақшалай қаражаттарды
инвестициялайтын болады және активтерді толықтай басқаратын
болады.
Қор инвестициялық қызметтен алаған табыстар МӘМС жүйесіндегі
медициналық қызметтерді төлеуге және кеңейтуге бағытталатын
болады.
МӘМС
ЖҮЙЕСІНЕ
АУДАРЫЛАТЫН
АУДАРЫМДАР
МЕН
ЖАРНАЛАРДЫ ЕСЕПТЕУ
Жұмыс беруші жұмыскерлер үшін жарналарды жұмыскерлерге
табыс түрінде төленетін шығындардар, яғни корпоративтік табыс
салығын (КТС) есептегенге дейін еңбекақы төлеу қорынан аударады.
Жұмыскерлердің аударымдарын/жарналарын жұмыс беруші ай сайын
есептейді және аударады.
Жұмыскерлер жарналарды жұмыс беруші есептеген табыстан,
яғни жеке табыс салығы (ЖТС) есептелгенге дейін еңбекақыдан
аударады. Жеке тұлғалардың жарналарын есептеу мен аударуды тиісті
шарттар жасалған салық агенттері ай сайын жүргізеді. Жұмыскерлерге
төленетін еңбекақыға қатысты салық агенті болып жұмыс беруші
табылады.
10
2018 жылдан бастап төлемдердің өлшемдері – бұл жүйе
толыққанды қызмет етуді бастау үшін, ал барлық азаматтар
сақтандырылу үшін МӘМС жүйесінің әр қатысушысы төлеуі тиіс сома.
2018 жылы бір айлық сома мемлекет үшін
5029 теңгені, жұмыс
беруші үшін 2281 теңгені, жеке кәсіпкер үшін 2828 теңгені құрайды.
Жұмыскерлер үшін 2019 жылдың мөлшерлемесі келтірілді, себебі оның
еңбекақысынан 1597 теңге мөлшеріндегі жарналар биылдан бастап
шегерілетін болады.
Мысалы, ауылдық жерлерде тұратын және айырып тануға болатын
табыстары жоқ белсенді емес халық үшін жарналардың мөлшері 2018
жылы айына 1414 теңгені құрайтын болады.
Заңға сәйкес, жеке кәсіпкерлер жарналарын кәсіпкерлік қызметті
жүзеге асыру нәтижесінде алған табыстарынан, жеке табыс салығын
(ЖТС) есептегенге дейін аударады. Олар жарналарды есептеу мен
төлеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕАҚ арқылы қаражатты Қордың шотына өз бетінше тікелей аудару
арқылы жүзеге асырады. Арнайы салық тәртібін қолданатын жеке
кәсіпкер үшін табыс болып бір минималды еңбекақысы табылады.
Заң жобасына сәйкес, жеке кәсіпкерлер, жекеше нотариустар,
жеке сот атқарушылар, қорғаушылар, кәсіби медиаторлар, шаруа
қожалықтардың немесе фермерлік шаруашылықтардың басшылары
және (немесе) мүшелері жарналарды «Республикалық бюджет туралы»
Заңмен тиісті қаржылық жылға белгіленген минималды еңбекақының
екі мөлшерінен аударады.
Барлық санаттар үшін аударымдар мен жарналар төленбейін
табыстар анықталған:
қызметтік іссапарлар кезіндегі және жүріп-тұратын сипаттағы
жұмыс істеген кездегі өтемақылар;
жұмыскерлердің далалық азық-түлігі;
жұмыскерлерге жағдай жасаумен байланысты шығындар (апару,
оқуының ақысын төлеу, бюджет қаражатынан жәрдемақылар мен
өтемақылар төлеу);
еңбек демалысы кезінде денсаулығын жақсарту үшін төленетін
жәрдемақы, медициналық қызметтерді төлеуге арналған, бала туған
кезде төленетін, жерлеу үшін төленетін төлемдер 8 минималды
еңбекақы мөлшерінде, шәкіртқалар, сақтандыру сыйлықақылар.
Бұл ретте төлемнің/жарнаның минималды өлшемі еңбекақының
минималды мөлшерінен төмен болмауы тиіс.
Аударымдарды/жарналарды есептеу үшін қабылданатын ай
сайынғы табыс минималды еңбекақының 15-еселік мөлшерінен аспауы
тиіс.
Барлық жарналар табыстар төленетін есептік айдан кейінгі айдың
25-
ші күнінен кешіктірілмей төленуі тиіс.