ҚАШЫҚТАН БІЛІМ БЕРУДІҢ ЛОГИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫН МОДЕЛЬДЕУ
Жоранова Н.Ж.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз
Қазақстан информациялық және телекоммуникациялық технологиялардың дамуы білім беру процесіне өз әсерін тигізуде. Қазіргі кезде жоғары оқу орындарында білім беру мемлекеттік стандарттарға сәйкес жүргізілуде, онда оқу пәндерінің тізімі мен сәйкес жүктелген сағат көлемі анықталған. Сондай-ақ жоғары оқу орындарында әрбір пән бойынша оқу бағдарламасын өңдегенде білімгерлердің алып жүрген жүйелі білім деңгейі есептеледі. Қашықтан білім берудің логикалық желілік моделін құрған кезде келесі қамтамасыз ету комплексі құрылуы тиіс:
Оқу-әдістемелік;
Информациялы-коммуникациялық;
Программалық;
Математикалық;
Техникалық;
Мамандар бөлімі;
Ұйымдастырушылық;
Технологиялық;
Құқықтық;
Лингвистикалық.
Мұнда негізгі рольді оқу жоспары бойынша жасалған оқу әдістемелік комплексі алады. Оқу жоспарлары жасалынған кезде дара пәндердің өзара логикалық байланыстары білімгерлердің нақты білім алуына жеткізуі тиіс. Қашықтықтан оқыту кезінде ыңғайлы орында, қолайлы қарқында және қолайлы уақытта орындалатын өзіндік жеке жұмыс білім алу процесінің негізін құрайды. Дегенмен, оқыту моделіне байланысты тыңдаушыға оқытушымен және де басқа тыңдаушылармен етене араласуға мүмкіндік береді.
Қашықтықтың оқыту кезінде оқытушы қызметінің әртүрлі, көп жоспарлы және әртүрлі кейіпте болуына байланысты шетелдің қашықтан оқыту жүйесінің іс тәжірибесінде оқытушылардың өте көп жіктелуі қабылданған.
Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырып, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті және аймактық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет[1].
Оқу жоспарлары бойынша пәндердің өзара логикалық байланысын келесі суретте көрсетуге болады.
Гуманитарлық және әлеуметтік
пәндер
Жалпы мамандық
пәндер
Факультатив
тер
Жалпы математикалық және ғылыми пәндер
Арнайы пәндер
Дайындықтың
қосымша
түрлері
Сурет1.Пәндердің өзара байланысы.
Суретте көрсетілгендей әрбір пәннің өз орыны болуы тиіс, яғни мұндай жағдайда оқу жоспарын білім беру тракториясын сипаттайтын оқушы қызметінің алгоритмі ретінде қарауға және оның негізіне желілік моделді алуға болады..
Әрбір мамандықтар бойынша оқу жоспарын электронды интерактивті кесте түрінде келтіріп, оның логикалық құрылымының схемасын жасауға болады.
Пәндердің электронды оқу-әдістемелік комплексіне келесі элементтер енуі шарт:
Пәннің қысқаша мазмұны;
Жұмыс бағдарламасы;
Пәннің оқылатын мерзімі;
Дәріс конспектілері;
Ұсынылған білім беру бағдарламалары;
Электронды оқу құралдары;
Бақылау және курстық жұмыс жазуға арналған әдістемелік нұсқаулар;
Бақылау тапсырмалары;
Әдістемелік нұсқаулары берілген зертханалық комплекс;
Сынақ және емтихан сұрақтары;
Аралық бақылаудың тест сұрақтарының комплексі;
Сұрақтардың мәліметтер қоры;
Телекоммуникация құралдарын қолданып жүргізілген ағымдағы консультациялар түрлері;
Әдебиеттер тізімі мен Интернеттегі информациялық қорларға сілтемелер;
Қосымша материалдарды пайдалану.
Мұндағы әрбір элементке ауысуға арнайы гиперсілтемелер орналастырылады. Оқу процесін оперативті басқару үшін «Негізгі курстар туралы мәліметтер» базасын жасаймыз, оның әрбір бөліміне өткізетін программалар тізімі жазылады. Бұл функция өздігінен оқу процесін әрбір пәннің ішкі бекітілген бағдарламасы бойынша игеруді қамтамасыз етеді. Бақылау тест сұрақтарының комплексі бақылаудың келесі түрлерін қамтамасыз етеді:
Дайындықтың алғашқы деңгейін анықтау;
өзін-өзі бақылау;
өзге тақырыптарқа өту дайындығын тексеру;
аралық және қорытынды бақылау;
Тест бағдарламалары екі режимде жұмыс істейді: өзін-өзі бақылау және оқытушының бақылауы. Оқытушы жүргізген тестік бақылаудың қорытындысы білімгердің жалпы мәліметтер қорына жүргізіледі. Оларды тек оқытушы көре алады.
Оқу-әдістемелік комплекстің негізгі элементі электронды оқу құралы болып табылады.
Жақсы электрондық оқулық - информациялық технологиялар аймағындағы білікті мамандар мен педагогтар жұмысының нәтижесі, мұндай жұмысты техникалық жағынан жүзеге асыру біраз қаржы жұмсауды керек етеді.
Электронды оқулықта оқу әдістемелік комплекстің барлық элементін қосатын және гиперсілтемелердің иерхариялық және горизонталь жүйелеріне біріктірілген интерфейс болады. Теориялық материалдар мен лабораториялық комплекс мультидеиа элементтерімен толықтырылады[2].
Оқу құралында мемлекеттік білім стандартына сәйкес бағдарламамен қатар, тереңдетіп оқу үшіін қосымша материалдар беріледі. Пәнді оқу алдында білімгер «оқытушының бақылауы» режимінде тест жүргізіледі.Әрбір бөлімді біткенде «өзін-өзі бақылау», ал пәнді аяқтағанда қорытынды бақылауды жүргізеді.
Электронды оқу құралы университет сайтына орнатылып, білімгерлерге жергілікті желі немесе CD-дискілермен беріледі.
Арнайы программалық орталар арқылы жұмысшы терезесіне бірнеше электронды оқу құралы қосылуы мүмкін. Ол кезде білімгерге оқу материалдары мен оқытушыларды таңдау мүмкіндігі туады, болашақта ол оқу орны үшін де тиімді.
Электронды оқу құралдары жетекші оқытушылардың сценарилері бойынша, ҚР оқу министрлігінің талаптарына сәйкес жазылады.Оқу құралдарын дайындау процесіне білімгерлер де қатыстырылады. Жиі кездесетін сұрақтармен жауаптар интерактивті режимде құрылады және оқытушы мен білімгерді байланыстырады.Ондай қорлар университеттегі оқу -әдістемелік комплексті жетілдіреді.
Осы шараларды жүзеге асыру үшін компьютерлік кластарда білімгерлерге уақыт беріледі немесе компакт дискілерге жазып береді .Өз үйлерінде компьютері бар білімгерлер, Интернет жүйесі арқылы тіркеліп, барлық мәліметтерді алуына болады.
Қашықтан оқыту жүйесінің бірігуі ашық жүйе ретінде құрылуда. Қашықтан білім берудің ерекшеліктерін қарастырсақ, білім беру үрдісінде қазіргі заманғы желілік жүйе Интернетті барынша пайдаланған қолайлы. Ол жоғарғы білімнің жаңа сапалық мүмкіндігін ұлғайта түседі, педагог пен білімгер арасындағы қашықтыққа қарамастан тығыз байланыс орнатуға жағдай туғызады[3].
Қорыта келе айтарымыз, қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдеріміз бен окушыларымыз әлемдік ақпараттармен байланысуға, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шыңдауға зор мүмкіндік алады.
Қашықтықтан оқыту ақпараттық мәдениет деңгейі дидактикалык бағдарламалар білім саласында оқытуды басқару мен бақьлауды автоматтандыру, білімгерге өз бетінше қайталанбайтын көпнұсқалы, көпдеңгейлі дидактикалық шарттар негізінде тапсырмалар беру, білім мен дағдыны объективті бағалау, ерекше ақпараттық материалдарды мультимедиалық формада беру, виртуалды өмірге енгізу т.с.с. жаңа мүмкіндіктер ұсынылады. Сонымен қатар, мұндай бағдарламалар қашықтықтан оқытудын материалды өз бетінше игеру жетілдірілген психологиялық педагогикалык әдістерді пайдалану, қашықтықтан оқытуды студенттің жеке психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдауға мүмкіндік береді.
Әдебиет
Мұса Қ. Қашықтықтан оқыту технологиясы. «Қазақстан Жоғары мектебі», №2.- Алматы, 2008, б.41-44.
Есқараев Е, Ж.Сартаев. «Интерактивті оқыту әдістері» «Қазақстан Жоғары мектебі журналы, №3 2008,б.41-44.
Борисова С.Г. «Дистанционное обучение: условия и проблемы развития». /Под. Науч.ред.Кусаинова А.А., Алматы, 2001. С.14-18
Достарыңызбен бөлісу: |