Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



жүктеу 5,08 Kb.
Pdf просмотр
бет9/92
Дата25.05.2018
өлшемі5,08 Kb.
#17303
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   92

 
23
аясын  нақтылайтын  ұлттық  Заң  əзірлеу  қажеттігі  туды.  1998  жылы 
Парламент  мемлекетіміз  тарихындағы  тұңғыш  « лтты   м+рағат 
оры жəне м+рағаттар туралы» Заңды қабылдап, оған 1998 жылы 22 
желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев 
қол қойды. 
 
Еліміз тарихындағы өзіндік тұжырымдамасы бар бұл тұңғыш Заң 
алыс  жəне  жақын  шет  мемлекеттердің  құжаттамалық қамтамасыз  ету 
саласы мен мұрағат ісін дамыту тəжірибесіне сүйеніп жасалды. Ол үш 
бірдей  міндетті  атқарады.  Атап  айтқанда:  Қазақстан  Республикасы 
Ұлттық  мұрағат  қорының  құжаттарын  мемлекеттік  сақтауға  қабылдау; 
олардың сақталуын қамтамасыз ету; мемлекет, қоғам жəне азаматтар 
мүддесіне сай қолдану.  
 
Ұйымдастыру  тұрғысынан  «Қазақстан  Республикасы  мұрағаттар 
мен құжаттаманы басқару жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган» (қазір - 
өкілетті  орган)  жəне  «Мұрағаттар  мен  құжаттаманы  басқару  жөніндегі 
жергілікті  өкілетті  орган»  (қазір  –  жергілікті  атқарушы  орган) 
ұғымдарының 
заң 
жүзінде 
бекуі, 
сондай-ақ, 
Қазақстан 
Республикасында мұрағат ісін басқарушы жəне жүргізуші органдардың 
құрылымдық жүйесін айқындау маңызды бір кезең болды. Жоғарылы-
төменді  барлық  буындар  бойынша  басқару  жүйесі  мен  мұрағат 
саласының  біртұтас  құрылымы  жасалды.  Ол  барлық  облыстардың, 
Астана  мен  Алматы  қалаларының  республикалық  жəне  жергілікті 
басқару  органдары  мен  облыстық,  қалалық,  аудандық  дəрежедегі 
мемлекеттік мұрағаттардың оңтайлы жүйесін қамтыды.  
Елімізде  деңгейі  əртүрлі  мемлекеттік  мұрағаттар  Қазақстан 
Республикасы  Ұлттық  мұрағат  қорын  құжаттармен  толықтырып, 
сақталуын  қамтамасыз  ету  жəне  құжаттардың  мемлекеттік  есебін 
жүргізу,  мемлекеттік  органдарды,  ұйымдар  мен  азаматтарды 
ақпараттық  қамтамасыз  ету,  құжаттарды  пайдалану  жəне  жариялау, 
мұрағат  құжаттары  бойынша  ақпараттық-іздестіру  жүйелерін  құру, 
мұрағаттану  мен  құжаттану  саласы  бойынша  əдістемелік  жұмыстар 
жүргізу,  сондай-ақ,  ішкі  пайдалану  үшін  де,  толықтыру  көзі  – 
ұйымдарда қолдану үшін де əдістемелік құралдар əзірлеу міндеттерін 
жүзеге асырады. 
Құжаттама  саласындағы  негізгі  Заң  қабылданғаннан  кейін 
еліміздегі  басқаруды  құжаттамалық  қамтамасыз  ету  мен  мұрағат  ісі 
саласының  қызметін  құқықтық  реттеу  процесі  оң  сипат  ала  бастады. 
Заңды  жетілдіру  барысында  « аза стан  Республикасы 
лтты  
м+рағат  оры  туралы  ереже»  əзірленіп,  ол  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің 1999 жылғы 7 қазандағы № 1538 қаулысымен бекітілді. Бұл 
ереже арқылы құжаттарды Ұлттық мұрағат қоры құрамына ендіру жəне 
шығару, құжаттарды есепке алу мен сақталуын қамтамасыз ету тəртібі 
нақтыланды.  
Уақыт  өте  келе  аталмыш  Заңды  кейінірек  қабылданған  бірқатар 
заң  нормаларымен  үйлестіру  қажеттігі  туындады.  Осыған  орай  2001 


 
24
жылы 10 қарашада қабылданған «Қазақстан Республикасының Ұлттық 
мұрағат  қоры  жəне  мұрағаттар  туралы  Заңына  өзгерістер  мен 
толықтырулар  енгізу  туралы»  №  256-II  Қазақстан  Республикасының 
Заңы  құжаттарды  мемлекеттік  сақтауға  тапсыру,  құжаттардың 
сақталуына  қолданушылардың  жауапкершілігі,  мұрағат  құжаттарын 
қолдану арқылы алынған ақпаратты орнымен пайдалану мəселелеріне 
қатысты  бірқатар  ережелерді  нақтылауға  мүмкіндік  берді.  Мұрағат 
құжаттары  ғылыми,  ғылыми-көпшілік  зерттеу  жұмыстарына  жəне 
практикалық  мақсаттарға  қолданылуымен  қатар,  азаматтардың  еңбек 
жолын,  атқарған  қызметтерін,  жалақысының  мөлшері  мен  басқа  да 
құқықтық,  заңдық  мүдделеріне  байланысты  фактілерін  куəландыру 
үшін негіз болады. 
Заңға  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  кезінде  мемлекеттік 
мұрағаттардың  осындай  маңызды  əлеуметтік  функциялары  ескеріліп, 
оның  түсініктемелік  аппараты  «жеке  құрам  бойынша  құжаттар»  деген 
терминмен  толықтырылды.  Жеке  құрам  бойынша  құжаттар  – 
қызметкердің  еңбек  жолын  куəландыратын  жəне  зейнеткерлік 
қамтамасыз  ету  үшін  ақша  аударылуы  жөніндегі  мəлімет  беретін 
құжаттар жиынтығы. Мұнан соң Заңға арнаулы мемлекеттік мұрағаттар 
қатарын  толықтыру,  мұрағаттар  мен  құжаттаманы  басқару  жөніндегі 
республикалық жəне жергілікті органдар арасында міндеттерді бөлісу, 
мемлекеттік бақылау формаларын айқындау т.б. мəселелерге қатысты 
өзгертулер  мен  қосымшалар  енгізілді.  Белгіленген  заң  ережелері 
аясында  Қазақстан  Республикасының  «Іс  ағаздарын  ж3ргізу  жəне 
м+рағат  ісі.  Терминдер  мен  аны тамалар»,  « йымдастыру-бас ару 
+жаттары. 
+жаттарды  ресімдеуге 
ойылатын  талаптар», 
« ағаз  негіздегі  +жаттар.  М+рағатты   са тау  ісіне  ойылатын 
жалпы  техникалы   талаптар»  мемлекеттік  стандарттары  бекітілді. 
Қазақстан 
Республикасы 
Əділет 
министрлігінде 
« аза стан 
Республикасы 
мемлекеттік 
+йымдарында 
+жаттау 
мен 
+жаттаманы  бас аруды   т+рпатты  ережелері»,  «Ведомстволы  
м+рағаттар  ж+мысыны   негізгі  ережелері»  тіркелді.  Құжаттама 
саласындағы  уəкілетті  мемлекеттік  орган  басшысының  мемлекеттік 
заңды  тұлғалар  ведомстволық  мұрағаттарында  құжаттарды  уақытша 
ведомстволық  мұрағатқа  сақтауға  тапсырудың  тəртібі  мен  мерзімі 
туралы  нұсқаулықты  бекіту  жөнінде  жəне  Ұлттық  мұрағат  қоры 
құжаттарының  орталықтандырылған  мемлекеттік  есебі  туралы 
бұйрықтары  белгіленген  тəртіп  бойынша  мемлекеттік  тіркеуден 
өткізілді. 
 
Қазақстан  Республикасының  жоғарыда  аталған  мемлекеттік 
стандарттары  құжаттама  жүйесін  дамыту  саласындағы  мемлекеттік 
саясатты жүзеге асыру бағытында мынадай артықшылықтар береді: 
 
1)  іс  қағаздарын  жүргізу  мен  мұрағат  ісі  саласындағы  бірыңғай 
терминологияны,  соның  ішінде  қазақ  тіліндегі  терминдер  жүйесін 


жүктеу 5,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау